Дәріс тезистері №апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс №1 дәріс (дәріс тақырыбы) Кіріспе. Су. Судың химиялық, физикалық қасиеттері. Су молекуласы



бет5/13
Дата06.03.2023
өлшемі135,76 Kb.
#72122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Суды жұмсарту деп кальций, магний тұздарын бөлу үшін жүргізілетін арнайы өңдеуді айтады. Ол үшін мынадай тәсілдер қолданылады:

  1. Химиялық немесе тұндыру әдісі

  2. Ион алмасу немесе катиондау

  3. Термилық әдіс

Химиялық жұмсарту суға кальций, магний иондарымен қосылып ерімейтін, тұнба түзетін реагенттерді қосуға негізделген. Осындай реагенттер қолданылады.
Суды толығырақ жұмсарту иониттер арқылы өткізеді. Иониттер деп суда ісініп, құрамцндағы иондарды эквивалентті мөлшерде судағы иондарға алмастыратын заттарды айтады. Егер ионит катиондарды алмастырса олар катиониттер, егер аниондарды алмастырса аниониттер деп аталады. Суды жұмсарту үшін ккатиониттерді Н немесе Na түрінде пайдаланады. Суды катионит арқылы өткізген кезде (HR) төмендегі алмасу реакциясы жүреді:


Магний тұздары да осылай алмасады. Катиондау кезінде су қышқылданады ( иондары суға өтеді), сондықтан параллель катиондау қолданылады: ол үшін кермек судың бір бөлігі Na – формадағы катионит арқылы өткізіледі:

Н – катионит арқылы өткен судан түзілген қышқылды натрий гидроксидімен бейтараптайды. Кейде иониттерді басқаша пайдаланады: алдымен кермек суды Н-катионит арқылы, содан соң анионит арқылы өткізеді.
Қажет болғанда иониттерді жаңартып (регенерациялап) тұрады, ол үшін оларды тұз қышқылы, натрий хлориді немесе натрий гидроксиді ерітінділері арқылы өткізеді.
Суды термиялық жұмсарту кезінде қайнатады, сол кезде гидрокарбонаттарыдырайды да, су уақытша кермектік шамасына дейін жұмсартады.
Қата айдау және мұздату кезінде су барлық қосалқы заттардан тазарады. Кейінгі кезде «магнитті су» деп аталатын су ешбір қақа түзбейтіні байқалған. Ол су магнит өрісі арқылы өткізілген.
Бақылау сұрақтары :

  • «Кермек су» деген термин не?

  • Қандай тұздар карбонатты және карбонатты емес кермектік тудырады?

  • Суды жұмсарту деп қандай процесті айтады және ол үшін қандай әдістер қолданылады?

  • Суды термиялық жұмсарту кезінде не жүреді? Бұл кезде судың қандай кермектігін жоюға болады?

  • Қақ құрамына кіретін қосылыстардың формуласын жазыңдар?

  • Химиялық жұмсарту әдісінің мәні неде? Бұл үшін қандай рагенттер пайдаланылады? Кермек суда олармен қандай реакциялар жүреді?

  • Карбонатты және карбонатты емес кермектікті қандай химиялық реагент жоя алады?

  • Катионит деп қандай заттарды айтады? Катионит әдісімен суды жұмсартқанда не жүреді?




1

№ 5
дәріс

5 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет