Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Дәріс 7. Құрмалас сөйлемнің типтері мен мағыналық түрлері



бет27/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Дәріс 7. Құрмалас сөйлемнің типтері мен мағыналық түрлері
Сөйлем синтаксисi өз iшiнде 2 үлкен салаға: жай сөйлем синтаксисi және құрмалас сөйлем синтаксисi болып бөлiнсе, оның әрқайсысының зерттеу объектiсi бар. Жай сөйлем синтаксисiнiң негiзi зерттеу объектiсi жай сөйлемдер мен олардың түрлерi, сөздердiң бiр-бiрiмен грамматикалық байланысқа түсiп сөйлем мүшесi болуы, сөйлем құрау жолдары болса, құрмалас сөйлем синтаксисiнiң негiзгi объектiсi жеке ойды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өз ара тiркесiп, бiр бүтiнге айналуы, сол арқылы күрделi ойды бiлдiруi болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисi жеке ұғымдарды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өзара тiркесiп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнiң түрлерiн, жасалу жолдарын тексередi.
Функциясы жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем ойды жарыққа шығарудың құралы болғанымен, құрамы мен құрылымы, мағыналық қатынасы жағынан бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлемдер жеке мүшелерден құралатын болса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады. Жай сөйлемдерде бір ғана предикативтi орталық болса, құрмалас сөйлемдер кемiнде екі предикативтiк орталыққа негiзделедi. Құрмалас сөйлем компоненттерi арасында жай сөйлемдердегiдей тиянақталған интанация болмайды. Жай сөйлем жалаң ойды бiлдiрсе, құрмалас сөйлем күрделi ойды бiлдiредi. Құрмалас сөйлемге анықтама беруде жоғарыда аталған структуралық және сематикалық белгiлерi ескерiледi.
Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiр-бiрiне байланысты екi немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдi айтамыз.
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдердiң тiркесе салуы емес, бiр-бiрiмен мағыналық, әрi құрылымдық тығыз байланыстағы бiрiне-бiрi бағынышты күрделi мағыналық бiр бүтiн болып саналады. Бұл жөнiнде Т.Қордабаев: “Егер әдеттегi жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгiлi шамада болса да, аяқталған ойды бiлдiретiн, өз алдарына бiр бүтiн болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компонеттерi интонациялық жағынана тиянақсыз, аяқталған ойды бiлдiре алмайтын, бүтiннiң бiр бөлшегi болып табылады. Ол бөлшек өзi сияқты басқа бiр бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бiр бүтiн бола алады. Егер бұл бiрлiктерi бұзылса-ақ, олар өздерiнiң алғашқы мәндерiн жояды, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бiр бүтiн бола алады деп түсiндiредi. Расында да Ұлжан аулына келiп жеткенше, барлық үйлер тiгiлiп болды (М.Әуезов). Осы сөйлемдегi екi компонентiң бiрлiгi бұзылатын болса, ойдың ретi негiзгi мағына мен әр компоненттiң интонациялық ерекшелiктерi де өзгередi. Кезiнде құрмалас сөйлем құрамындағы компонеттердiң бiрлiгiн ғалымдар әр түрлi түсiндiрiп келдi. Орыс тiл бiлiмiнде А.М.Пешковский, А.А.Шахматов сынды ғалымдар мұны бiрнеше жай сөйлемдердiң тiркесi десе, В.А.Богородицкий, В.А.Белошапова сынды ғалымдар мұны органикалық тұтастықтағы синтаксистiк құрылым деп түсiндiредi. Соңғы пiкiр тiлшi ғалымдар арасында кең қолдау тапты.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу тәсілі ретінде баяндауыш формасы, шылаулар, интонация мен орын тәртібі тәсілдері көрсетіледі. Бірақ қазіргі кездегі зерттеулерде оның саны мұнымен шектелмейтіндігі айтылып жүр. Осығагн орай, ғылыми әдебиеттерде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыру тәсілдерін төмендегіше топтастырады:
а) семантика-грамматикалық тәсілдер немесе аналитикалық тәсілдер. Оған мағыналық тұтастық, есімдік, үстеулер, лексикалық қайталау, ықшамдау, ассоциативті синонимдік байланыстар, ассоциативті антонимдік байланыстар, сөйлем мүшелерінің алмасуы;
ә) аналитикалық-синтетикалық тәсілдерге құрмалас сөйлем компоненттерінің шылаулар, орын тәртібі мен интонация тәсілдері арқылы байланысы;
б) грамматикалық (синтетикалық) тәсілдерге құрмалас компоненттерінің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы жатады.
Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырудағы семантика-грамматикалық тәсілдердің ролі ғалымдар назарынан тыс қалып келгендігі жасырын емес. Әдетте зерттеулер мен оқулықтарда байланыстырушы тәсіл ретінде компоненттердің баяндауыш формасына ерекше назар аударылады да, қалған тәсілдер жол-жөнекей айтылғаны болмаса, арнайы сөз болған емес.
Құрмалас деп аталатын бірлікті құраушы ең басты мәнбір –мағыналық тұтастық. Аталған тәсілге назар аударған ғалымдардың бірі – С. М. Исаев. “Жай сөйлемдердiң жалғаулықсыз салаласуындағы сөйлем мүшелерiнiң атқаратын қызметi туралы”, “ Некоторые особенности употребления послелога “үшiн” в языке казахской периодической печати” т.б. мақалаларында құрмаластарды таптастыруда компонент баяндауыштарының атқаратын ролi туралы айта келiп: “Бiздiң байқауымызша, компоненттердiң мағыналық жағынан үндесiп келуi екi түрлi болады: бiрiншiсi - компонентердiң барлығында ортақ ойдың, мағынаның болуы да, екiншiсi - компонентердiң өзара бiр-бiрiмен мағыналық қарым-қатынасы”,- дей келiп, құрмалас сөйлем компоненттерiндегi ортақ мағынаға сай сөйлем мүшелерiнiң алмасу мәнбірлерiне назар аударса, ендi бiр еңбектерiнде кеңес дәуiрiндегi мерзiмдi баспасөз тiлiндегi құрмалас сөйлемдерге, төңкерiстен бұрынғы және ауыз әдебиетi үлгiлерiндегi осындай құрылымды сөйлемдермен салыстырылып, қазақ тiлi синтаксис жүйесiне орыс тiлiнiң тигiзген ықпалы сараланады [Қараңыз: С.Исаев.Қазақ тілі жайында ойлар. А.,1997].
Ассоциативті антоним, ассоциативті синоним тіркестерінің мәнін төмендегідей негізде ұғынуымыз керек. Контекстен, сөйлемнен тыс алғанда бір-бірімен антоним, синоним болмайтын жекеленген сөздер сөйлем компоненттерінде өзге сөздермен тіркесіп, сөйлем құрайды да, тұтас бір компонент екінші компонентпен логикалық тұрғыда антонимдік, не синонимдік қатар түзейді. Мысалы жоғарыдағы сөйлемдегі тою, тоңу етістіктері – контекстен, сөйлемнен тыс алғанда бір-бірімен антоним бола алмайды. Мұндай сөздердің контекст құрамында антонимдік не синонимдік қатар түзуі - жалпы сөйлем семантикасына тәуелді құбылыс.
Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес (М. Жұмабаев).
...әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді (Абай).
Қарауыз бөлтіріктің аңшылық құмары қозып, бүкіл денесі серіппедей ширықты (И. Ермекбаев).
Жоғарыда берілген құрмаластарды байланыстыруда ассоциативті синонимдердің мәні зор. Құрмаластардың құрамында синоним сөздер де қолданылады. Қазақ тіл білімінде сөйлем синонимиясы, синтаксистік синонимдер туралы мәселелер аз көтеріліп жүрген жоқ [57,58]. Бірақ сөйлем синонимиясы мәселесі жай сөйлеммен немесе құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас түрлерінің арасында синонимдік қатар түзуі тұрғысынан қарастырылады. Осы жерде құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы синонимия мәселесінің зерттеушілер назарынан тыс қалғандығы жасырын емес. Стильдік мақсат басым тұрғанымен, мұндай сөйлемдердің семантикалық ерекшелігі айқын байқалады. Әдетте компоненттер құрамында етістік синонимдер (нану-сену, қуану –шаттану, білу-анықтау), персондық зат есім синонимдер (дос,-жолдас- құрбы- бауыр) т. т. сияқты жекеленген синонимдермен бірге, семантикасы жағынан үндес, мазмұндас сөйлемдер қолданылады. Мысалы:
Сүйемін туған жерімнің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет