Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Дәріс 8. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем



бет29/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
Дәріс 8. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдердiң санына байланысты екi құрамды және көп құрамды құрмалас сөйлемдер болып бөлiнедi. Көп құрамды құрмалас сөйлемдерге құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлемдерi бар көп компоненттi салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлемдер жатады. Ендi осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейiк.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем .Сабақтас құрмалас сөйлемдердiң барлығы бiрдей әрдайым екi жай саөйлемнен ғана құралып отырмайды. Олардың iшiнде үш және одан да көп жай сөйлемдерден құралатыны болады. Мысалы: 1. Саяхатшылар тақалған сайын, Көкшенiң сұлулығы айқындалып, Оқжетпей көзге еркiн шалына түстуi. Олар өрге көтерiлген сайын, көкке шаншылған шың аймағы тарылып, тiкшеленiп, жүру қиындай бердi. Қолы демеу алғандықтан, аяғы басқан жерiне шегедей қадалып, жарқын iлгерiлеп келедi. (М.Иманжанов “Алғашқы айлар”).
2. Қыстың қысқа күнi түс шағына жеткенде түсiрiлiп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды (М.Әуезов).
3. Қараман бұл сөздi айтқан соң,
Қобыландыдай батырдың
Терi тамып иектен,
Түгi шығып бiлектен,
Жаны бiр тулап жүректен,
Неше құрдас болса да,
Қараманның бұл сөзi
Өтiп бiр кеттi сүйектен.
(“Қобыланды батыры”)
Бұл мысалдардың бiрiншiсiндегi сабақтас құрмаластар үш жай сөйлемнен, екiншi мысалдағы төрт жай сөйлемнен, үшiншi мысалдағы алты жай сөйлемнен құралған. Құрамындағы жай сөйлем сандарының әр түрлiлiктерiне қарамастан, бәрiнде де тиянақты, басыңқы жай сөйлем бiреу де, тиянақсыз, бағыныңқы жай сөйлемдер бiрнешеу болып келген.
Осылар тәрiздес, құрамында бiр басыңқы екi немесе одан да көп бағыныңқы жай сөйлемдердi бас сабақтас құрмаластар көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.1 Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем кем дегенде үш жай сөйлемнен құралады. Көп бағыныңқылының тiлiмiзде ең көп кездесетiн түрi де – осы үш жай сөйлемнен құралатын түрi. Оның төрт жай сөйлемнен құралатын түрi сирек кездеседi, ал төрттен артық жай сөйлемдерi бар түрлерi тек поэзияда ғана болмаса, қара сөзде тiптi кездеспейдi деуге болады.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрамындағы бағыныңқы компоненттердiң бiр-бiрi түрлi мағыналық қатынасты бiлдiредi. Сондықтан көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердi компоненттерiнiң бiр-бiрiмен мағыналық қатынасына қарай жiктеу мүмкiн емес. Оны мына мысалдардан да көруге болады.
Сөйтiп, бұлардың есебi бiрiккен кезде, көп момынның көптен жүрген арызы, мұңы тағы да бүктелмеге түсiп, елеусiз, ескерусiз қалатын жайы бар. Ендi оның әдiлет таразысы құрылып, ел арызы тыңдалатын болса, дәл осы сере түскен мырза, жуанның өздерiнiң көбi жауапкер, айыпкер болар едi. Бұлардың аузы бiрiгiп алса, ұлық кәрi қадалса да, қағазына iлiндiре алмайды. Бiрақ дәл осы жолы Тәкежан, Әзiмтай қаншалық арам, есепкер болса да, сол есебi шегiнен асып кетiп, кесiрге өздерi әдейiлеп килiккендей болды. (М.Әуезов).
Мысалдың бiрiншi сөйлемiндегi алдыңғы компонент өзi тiркесiп тұрған компонентпен мезгiлдiк қатынаста айтылса, екiншi компонент үшiншi компонентпен амалдық қатынаста тұрса, екiншi компонент үшiншi компонентпен шарттылық қатынаста тұр. Кейiнгi екi сөйлем компоненттерiнiң бiр-бiрiмен мағыналық қатынастары да осылар сияқты әр түрлi болып келген.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнiң бағыныңқы компоненттерiнiң басыңқы компонентпен байлынысы түрлi-түрлi болады. Олардың кейбiреуiнде алдыңғы бағыныңқы компонент өзiнен кейiнгi бағыныңқыға тiркесiп, сол арқылы сатылап барып басыңқымен байланысса, екiншi бiреуiнде әр бағыңқы жай сөйлем өз беттерiнше тiкелей барып басыңқыға тiркеседi.
Бiрнеше бағыныңқы сөйлемдер өзiнiң басыңқыларымен тiкелей не сатылай байланысады. Осы ерекшелiгiне орай, көп бағыныңқылы сабақтастар жарыспалы және сатылы болып екi топқа бөлiнедi.
Сабақтас құрмаластың бұл түрiнде әрбiр бағыныңқының сабақтас сөйлем ортақ басыңқымен тiкелей, жеке-жеке өз бетiмен жарыса байланысады. Мысалы: түсi сұрланып, екi танауы желбiрей түсiп, тентек көздерi жиренiш атын шашып отыр. Бұл сөйлемдегi бағыныңқы сабақтастың әрқайсысын басыңқы сөйлемнен тiкелей байланыстыруға болады. 1. Түсi сұрланып тентек көздерi жиренiш отын шашып тұр. 2. Танауы желбiрей, тентек көздерi жиренiш отын шашып тұр. Мысалдағы сабақтас сөйлемдегi бағыныңқының әрқайсысы басыңқымен тiкелей байланысып, бiр мағыналық әрi тұлғалық қатынаста қайтып деген ортақ бiр сұраққа жауап бередi.
Бағыныңқы сөйлемдердiң әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тiкелей байланысқан сабақтас жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады.2
Бағыныңқылы сөйлемдердiң басыңқы сөйлеммен мағыналық қарым-қатынасына қарай жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас бiрыңғай жарыспалы және әрыңғай (әр алуан) жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас болып екiге бөлiнедi.
Егер көп бағыныңқылы сабақтастың - сөйлемдерi басыңқымен тек бiрыңғай мәндес, бiр сипаттағы қатынаста болып, (не шарт, не мезгiл т.б.) ортақ бiр сұраққа жауап беретiн болса, ол бiрыңғай жарыспалы сабақтас деп аталады.
Мысалы: Көрiк өзi қызып, балға өзi соғылып, жалғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр. (Ғ.Мүсiрепов).
Егер бағыныңқы сөйлемдерi әр түрлi мағыналық қарым-қатынаста байланысып, әр түрлi сұрақтарға жауап берсе, әрыңғай алуан сабақтас деп аталады. Мысалы: Ән тыңдағым келiп тұрса да, математиктi елеңдетпейiн деп, радионы тұншықтыра қойдым (Н.Ғаб.) Алғашқы бағыныңқы қайтсе де? Деген сұрауға жауап берiп, не мақсатпен? Деген секiлдi жауап берiп, басыңқы сабақтас пен мақсат мәндi қарым-қатынасқа түсiп тұр.
Басыңқы сөйлеммен мағыналық байланыстың болуы үшiн алдыңғы көп бағыныңқылы сабақтастар бiр-бiрiмен өзара сатылай жалғасуы (бiрiншiсi екiншiсiемн, екiншi үшiншiсiмен), ең соңғысы яғни басыңқының алдындағы
болып көрiнiп, оны қарт адамда көп болатын көңiлшек сезiм билеп, көзiне жас iркiлiп қалып тұрады. (М.ИМАНЖАНОВ)
Бұл мысалдардың алдыңғы сөилемнiң бағыныңқы компоненттерiнiң әрқаисысы басыңқы компонентпен тiкелей байланыса алады. Жандаралдың Абайды қандай мiнезбен ерiткенiн әлi аңғарған кiсi жоқ болса да, кейiнгi болыстар мен билер шетiнен оған да құрмет көрсете бастады десек, одан сөйлемнiң байланысына, мағына тұтастығына нұқсан келмейдi. Ал ендi кейiнгi екi сөйлемнiң бiрiншi бағыңқылары басыңқы жай сөйлеммен тiкелей байланыса алмайды.
Осы минутта Күдерi Жақыпбеков көзiне мейiрiмдi әке сияқты болып көрiнсе, көзiне жас iркiлiп қалып тұрды деп
Мысалы: Көрiк өзi қызып, балға өзi соғылып, жалғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр.(Ғ.Муст)
Егер бағыныңқы сөйлемдерi әр түрлi мағыналық қарым қатынаста байланысып, әр түрлi сұрақтарға жауап берсе, әрыңғай алуан сабақтас деп аталады. Мысалы: Ән тыңдағым келiп тұрса да, математиктi елеңдетпейiн деп, радионы тұншықтыра қойдым.(Н.Ғаб). Алғашқы бағыныңқы қайтсе де? Деген сұрауға жауап берiп, басыңқымен қарама-қарсы айтылса, екiншi бағыныңқы қайтпейiн деп? не мақсатпен? деген секiлдi жауап берiп, басыңқы сабақтас пен мақсат мәндi қарым -қатынасқа түсiп тұр.
Басыңқы сөйлеммен мағыналық байланыстың болуы үшiн алдыңғы көп бағыныңқылы сабақтастар бiр-бiрiмен өзара сатылай жалғасуы (бiрiншiсi екiншiсiмен, екiншiсi үшiншiсiмен), ең соңғысы яғни басыңқының алдындағы сөйлем өзiнен бұрынғыларды жетектейдi, бiр шоғыр жасайды да, оларды өзi арқылы басыңқы сөйлеммен тығыз қарым-қатынасқа түседi. Сондықтан да сатылай байланыс түрiнде еңсоңғы сөйлем бiрден-бiр шешушi роль атқарады.
Бағыныңқы сөйлемдер басыңқымен тiкелей байланыспай, өзара бiр-бiрiне тiзбектеле, өзiмен тетелес тұрған басыңқылы сөйлемдермен құрмаласатын сабақтастың түрiн сатылы көп бағыныңқылы сабақтас деймiз.
Мысалы: Тамшылар жиi тарсылдап, нөсердiң салқын екпiнi төне бергенде, бiз де үйге жеттiк. Бұл сөйлемдегi алғашқы бағыныңқы сөйлем тiкелей басыңқымен емес, өзiнен кейiнгi, қатарындағы басыңқымен байланысады. Тамшылар жиi тырсылдап, бiз де үйге жеттiк- деп айтуға болмайды, өйткенi ешбiр мағыналық байланысы жоқ.
Осылар тәрiздес, құрамында бiр басыңқы, екi немесе оданда көп басыңқы жай сөйлемдерi бар сабақтас құрмаластар көп бағыныңқылысабақтас сөйлем деп аталады.
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем кем дегенде үш жай сөйлемнен құралады. Көп бағыныңқылының тiлiмiзде кң көп кездесетiн түрi де-осы үш жай сөйленен құралатын түрi. Оның төрт жай сөйлемнен құралатын түрi сирек кездеседi де, ал төрттен артық жай сөйлемдерi бар түрлерi тек поэзия ғана болмаса, қара сөзде тiптi кездеспейдi деуге болады.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрамындағы бағыныңқы компоненттердiң бiрi-бiр түрлi мағыналық қатынасты бiлдiрсе, екiншiсi- екiншi түрлi мағыналық қатынасты бiлдiредi. Сондвқтан көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердi крмпоненттерiнiң бiр бiрiмен мағыналық қатынасына қарай жiктеу мүмкiн емес. Оны мына мысалдардан да көруге болады:
Сөйтiп, бұлардың есебi бiрiккен кезде, көп момынның көпте жүрген арызы, мұңы тағыда бүктемеге түсiп, елеусiз, ескерусiз қалатын жайы бар. Ендi оның әдiлет таразысы құрылып, ел арызы тыңдалатын болса, дәл осы сере түскен мырза, жуанның өздерiнiң көбi жауапкер, айыпкер болар едi. Бұлардың аузы бiрiгiп алса, ұлық кәрi қадалса да, қағазына iлiндiре алмайды. Бiрақ дәл осы жолы Тәкежан; Әзiмбай қаншалық, арам есепкер болсада, сол есебi шегiнен асып кетiп, кесiрге өздерi әдейлеп килiккендей болады.(М.Әуезов).
Мысалдың бiрiншi сөйлемiндегi алдыңғы компонент өзi тiркесiп тұрған компонентпен мезгiлдiк қатынаста айтылса, екiншi компонент үшiншi компонентпен амалдық қатынаста айтылған. Екiншi сөйлемнiң бiрiншi компонентi екiншi космпонентпен амалдық қатынаста тұрса, екiншi компонент үшiншi компонентпен шарттылық қатынаста тұр. Кейiнгi екi сөйлем компоненттерiнiң бiр –бiрiмен мағыналық қатынастары да осылар сияқты әртүрлi болып келген.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнiң бағыныңқы компоненттерiнiң басыңқы компонентпен байланысы түр-түрлi болады. Олардың кейбiреуiнде алдыңғы бағыныңқы компонент өзiнен кейiнгi бағыныңқыға тiркесiп, сол арқылы сатылап барып басыңқымен байланысса, екiншi бiреуiнде әр басыңқы жай сөйлем өз беттерiнше тiкелей барып басыңқыға тiркеседi. Мысалы:
Жандаралдың Абайды қандай мiнезбен ерiткенiн әлi аңғарған кiсi жоқ болса да, кейiнгi болыстар мен билер, қастарынан Абай өте бергенде , шетiнен оған да құрмет көрсете бастады.(М.Ә). Осы минутта Күдерi Жақыпбек көзiнен мейрiмдi әке сияқты болып көрiнсе, Жақыпбек Күдерi көзiне туған баладай болып көрiнiп, оны қарт адамда көп болатын көзiнен сезiм билеп, көзiне жас iркiлiп қалып тұрды.(Н. Иманжанов).
Бұл мысалдардың алдыңғы сөйлемнiң бағыныңқылы компоненттерiнiң әрқайсысы басыңқы компонентпен тiкелей байланыса алады. Жандаралдың Абайды қандай мiнезбен ерiткенiн әлi аңғарған кiсi жоқ болса да, кейiнгi болыстар мен билер шетiнен оған да құрмет көрсете бастады десек, одан сөйлемнiң байланысына, мағына тұтастығына нұқсан келмейдi. Ал ендi, кейiнгi екi сөйлемнiң бiрiншi бағыныңқылары басыңқы жай сөйлеммен тiкелей байланыса алады.
Осы минутта Күдерi Жақыпбек көзiне мейрiмдi әке сияқты болып көрiнсе, көзiне жас iркiлiп қалып тұрды деп айтуға болмайды. Мұнда компоненттердiң тұлғалаық байланысы да, мағыналық байланысы да бұзылады.
Басыныңқы компоненттерiнiң басыңқы компонентпен байланысу жолдарындағы осы айтылған өзгешелiктерiне қарай көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдi екi түрге бөлiп қарастырады. Олар: 1. Жарыспалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем; 2. Сатылы бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
Жарыспалы бағыныққылы сабақтас дегенiмiз көп бағыныққылы сабақтас сөйлемнiң әр бағыныңқылы жай сөйлемi өз беттерiнше, тiкелей барып басыңқы жай сөйлеммен байланыса алатын сөйлемнiң түрi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет