Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет48/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Өндірісті сертификаттау тәртібі.
Өндірісті сертификаттауды мынандай тәртіппен жүргізеді:

  • сертификаттауды өткізуге сұраным беру;

  • алдын ала бағалау;

  • сертификаттаудың тәсілін құрастыру;

  • тексеру жүргізу;

  • сертификат беру;

  • сертификатталған өндірісті инспекциялық бақылау.

Сұраным /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша А/ мүдделі кәсіпорын сертификаттау органына береді. Сұраныммен бірге негізгі мәлімет. /ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымша А/, толтырылған сұрақ - анкета / ҚР БҚ 50 3,4-94 қосымша В/, өндірісті алдын-ала бағалау үшін төлем қағазы беріледі.
Алдын-ала бағалау сұранымды алған күннен бастап бір ай ішінде аттестатталған эксперт-аудиторлар тобы жүргізеді. Топ құрамына технологияның сапасын бақылау және сынақ жүргізуде жеткілікті тәжірибесі бар, сертификаттау органының аттестацияланған эксперт-аудиторлар кіреді, қажет болған жағдайда, басқа ұйымдардың мамандары да шақырылуы мүмкін. Топ кұрамына кәсіпорынның адамын кіргізуге болмайды.
Алдын-ала бағалауға кәсіпорын берген материалдарды сараптау және бағалауға, кәсіпорынның сертификаттау өткізуге дайындығы туралы тұжырымы кіреді. Сараптау және бағалау, негізгі материал­дарды, сертификаттайтын өндірісінің өндіретін өнімге нормалық құжаттар талабын, сертификаттау тәсілінің талаптарын талдау және өнім сапасы жөнінде тәуелсіз жерден мәліметтер алу арқылы жүргізеді.
Алдын-ала бағалау тұжырымы кәсіпорынға жіберіледі, онда бағалауды әрі қарай жалғастыру немесе байқалған кемшілектер көрсетіледі.
Өндірісті сертификаттау тәсілі / ҚР БҚ 50 3.4-94 қосымшасы В/ келтірілген тәртіптер мен талаптардың бірдейлі, тәсілдер мен талаптардың дәлелдігі, алынған нәтиженің жаңғырғыштығы, тексеру тәсілінің анықтығы, жасалынатын жұмыстар мен тексеру ережелерінің мазсұнының толықтығын қамтиды.
Электрлендіру басқармасы т.т.с./, міндетті сертификаттау үкімет ұйымдарының үкімет қаржысына сатып алынатын өнімдерге.
Үшінші дәрежедегі бағдарлама негізінен өз еркімен сертификатталатын тауарлар /жұмыртқа, темекі т.б./. Тағамдық өнімдер сертификатталу денгейне байланысты «Таңдап алынған» және «А тобы» болып бөлінеді.
Сертификаттаудьың нормалық базасы болып:

  • сынақ материалдарының Америкалық қоғамы - аз тұтынатын тауарлар үшін;

  • ұлттық электр жабдықтарын дайындайтын ассоциация;

  • кең тұтынатын тауарлардың қауіпсіздігінің комиссиясы;

  • қоршаған ортаны қорғаудың федералдық агентствосы;

  • стандарттаудың үкіметтік органы.

Алманиядағы сертификаттау базасы болып халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау, қоршаған ортаны корғау, еңбек қауіпсіздігі, ресурстарды үнемдеу, тұтынушыларды қорғау болып табылады.
Алмания хабар агентствосының орталығы ГАТТ /ВТО жалпы ұлттық сертификация жүйесі бірнеше сертификаттау жүйесінен тұрады.
А – регламентке сәйкестік сертификат жүйесі;
А1 - DІN стандартына сәйкес сертификаттау жүйесі;
А2 – VDE сертификаттау жүйесі;
А3 - сертификаттау жүйесі;
В - Алмания сапа кепілі институтының сертификаттау жүйесі және RAZ белгілеуі;
С - өндірістік технология GS белгісі сертификаттау жүйесі;
Д - құрылыс конструкциясының федералдық нормасының қадағалау жүйесіне сәйкестігі;
Е - өлшем және эталон сертификациялау жүйесі;
Ғ - Алмания өнеркәсіп заңдылығының 24 бөліміне сәйкесті сертификаттау жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет