Лекция. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
. Батыс түрік қағанаты
Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.
Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет – Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі – оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.
Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған.
Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.