Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


-8 дәріс. Қазақ мемлекетінің құрылуы



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
Дәрістер курсы

7-8 дәріс. Қазақ мемлекетінің құрылуы.
Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның 
ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Қазақстан рулары мен тайпаларының 
едәуір бөлігі сонау XV ғ. 40-50-жылдарының өзінде Қазақстанның 
оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі 
ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің 
төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолындағы 
күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың 
бағынбаған басшыларының қарсыласын басумен әлек болып жүргенде, Ақ 
Орда хандарының мұрагерлері бұл аумақта тұрақты билігін қамтамасыз етіп 
алды. 
Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан және Жәнібек пен 
Керей де Орда Еженнің (Жошының үлкен ұлы деп айтылады) ұрпақтары деп 
саналатын болған, дегенмен бұл туралы деректемелерде нақты мәліметтер 
жоқ 
Авторы белгісіз "Таварих-и гузида-йи нусрат наме" мен Махмуд бен 
Әмір Уәлидің "Бахр-әл асрар фи манакиб әл-ахийары" қазақ хандарының 
генеалогиясын Жошының 13-ұлы Тоқа-Темірге апарып тірейді: Жошы-Тоқа-
Темір - Үз-Темір – Қожа - Бәдік - Ұрұс хан - Қаруджақ (Құйыршық) – Барақ -
Жәнібек хан, оны Бу Са"ид деп атаған. Қадырғали Жалаири де Ұрұс ханды 
Жошының 13-ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы деп атайды ("Жамиғ-ат тауарих"). 
Ұрус хан мен оның ұрпақтарының Жошы тармағындағы Тоқа-Темірден 
тарайтындығының немесе олардың тегі Орда-Еженмен байланысты 
болуының принципті маңызы жоқ. Олардың екеуі де дәстүр бойынша Ақ 
Орданың дәрежесі тең билеушілері деп саналған. Тоқа Темірдің ұрпақтары 
XIII ғасырдың өзінде-ақ Орда-Ежен ұлысына жатады деп саналған. Бірақ 
ХІҮ-ХV ғасырлар шебінде Алтын Орданың ыңырауы кезеңінде олардың көбі 
оның Сарайдағы тағына үміткер болды. 
"Таварих-и ғузида-йи нұсрат намеде" берілген шежіреге сәйкес, Қазақ 
хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей немере ағайын болған, 
яғни өте жақын туыс болмаған. Керей ханның шежіресі: Ұрұс хан – Тоқтақия 
– Полад - Керей хан. Жәнібек ханның шежіресі: Ұрұс хан – Кұйыршық –
Барақ хан - Жәнібек хан. Осы қосарласып билік еткен қазақ хандарының XV 
ғасырдың 
60-70-жылдарындағы 
іс-қимылдары 
туралы 
баяндайтын 
деректемелерде екі ханның қайсысы басты хан болғаны дәл түсіндірілмейді, 
олардың есімдері қатар жазылады және бірақ қатаң ретпен жазылмайды. 
Жәнібек хан өз әкесі Барақ ханның тура мұрагері және мирасқоры болатын, 
оның атасы Құйыршық та хан болған. Керей ханның Жәнібектен жасы үлкен 
болған және ол Ұрұс ханның үлкен ұлы және мирасқоры Тоқтақияның 
немересі еді, ал Жәнібек Ұрұс ханның төртінші ұлы Құйыршықтың немересі 
болатын. Демек Жәнібек сұлтан сияқты хан атағына Керей сұлтан да үміт ете 
алатын. 


50-жылдардың 
аяғында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан) 
жеңілгеннен кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолданып 
тәртіп орнатуға кіріскен кезде, Керей мен Жәнібекке бағынған көшпелі рулар 
мен тайпалардың жағдайы бұрынғыдан да қысымшылыққа ұшырады, 
Әбілғазы Шыңғыс ұрпақтарының арасында "ханның қысымына ұшырамаған 
не оның садағының оғы дарымаған бірде-бір адам қалмады" деп жазады. 
Әбілқайырдың көрші елдердің ішкі істеріне үнемі дерлік араласып отыруы, 
үздіксіз жүргізген соғыстары мен шапқыпшылықтары мемлекетті құлдырауға 
жеткізді. Осының бәрі өзбек және қазақ тайпаларының ара жігінің 
ажырауына және соңғыларының ұлыстың оңтүстік-шығыс аумағына көшіп 
кетуіне алып келді. Моғолстан ханының Жетісу халқын ойраттардың 
шапқыншылығынан корғай алмауы сияқты, Әбілқайырдың іс-әрекеттері де 
бүкіл аймақтың соғыстар мен талас-тартыстар күйзелткен халық 
бұқарасының бұрынғыдан да зор наразылығын туғызды. Халық өзінің ауыр 
жағдайы үшін орта ғасырлардағы көшпелі қоғамға тән қарсылық түрі - 
Шығыс Дешті Қыпшақта да, Жетісуда да билеушілерінің қол астынан көшіп 
кетумен жауап қайырды. 50-жылдардың аяғында осындай көшіп кетуді 
Жәнібек пен Керей басқарды. XV ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап, 
70-жылдардың басына дейін Шығыс Дешті Қыпшақтан, Сырдария 
бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға екі мыңға 
дейінгі адам, негізінен қыпшақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен. Тұрғын 
халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. 1458-1459 жылдары 
Әбілқайыр хандығынан тысқары, Моғолстанға, Батыс Жетісу жерлеріне 
ертіп кетті. Көшіп кету әсіресе 1468 ж. Әбілқайыр өлген соң, мемлекет 
ыдыраған кезде тым күшейіп кетеді. Жәнібек пен Керей хандар бастаған 
қазақтардың қалың бұқарасының Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан 
Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай ойысуы тегін емес. Бұған Ақ Орданың 
Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік бөлігінің иелерімен 
ертеден бергі достық қатынастары; Жәнібек пен Керейге қарасты өлкенің 
басым бөлігін мекендейтін тұрғындарының этникалық жақындығы; ең 
соңында, феодалдық-бытыраңқы Моғолстанның, оның билеушісінің 
Жетісудағы үкімет билігін өз қолында ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп 
болды. 
Жәнібек хан мен Керей ханның көшіп келуін Моғолстан ханы Есен-Бұға 
құрметтпен және ықыласпен қарсы алған. Моғолстан ханы көшіп келген 
Қазақ басшыларының көмегімен өзінің ішкі және сыртқы дұшпандарын 
әлсіретіп алмақ болған. Ол уақытша болса да інісі Жүніс ханның бақталастық 
бәсекесін тойтара алды. Есен-Бұға хан қазақтарды ойраттарға тойтарыс беру 
үшін де нақты әскери күш ретінде пайдалануға тырысқан. Ал өз кезегінде 
Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның толық 
құлдырау сәтін тиімді пайдаланып, өздерінің саяси дербестігін нығайтты. 
Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалпына 
келтіру жолында Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, олар халық 
бұқарасының наразылығын пайдалана білді. 


Зерттеуші-тарихшылар Қазақ хандығы тарихын есептеу үшін 
қабылдаған бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар. Хандықтың құрылуы мен 
Шығыс Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің таралу уақытын Мырза 
Мұхамед Хайдар Дұғлаттың "Та'рих-и Рашидидегі" мағлұматтарына сүйеніп, 
В.В. Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870 жылы, XV ғасырдың 
60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған. 
Осы мағлұматты толық келтірейік. "Сол уақытта Дешті Қыпшақты 
Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп 
мазалады. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып кетті. Есен-
Бұға хан оларды шын ықыласымен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін 
құрайтын Шу және Қозыбасы округын берді. Олар бұл жақта жақсы 
жайғасып алған кезде, Әбілқайыр өлген соң, өзбек ұлысы бұзылып сала 
берді: онда үлкен-үлкен шатақтар басталды. Оның қол астындағылардың 
үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың 
төңірегіне жиналғандардың саны екі жүз мың адамға жетті. Олар енді 
өзбектер-қазақтар (өзбек-қазақ) деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының 
билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан басталады, бәрін де бір Алла біледі." 
Осы уақыт хижраның 870 жылы - біздің жыл санауымыздың 1465-1466 
жылдар бес томдық "Қазақ ССР-ның көне заманнан бүгінге дейінгі 
тарихында" Қазақ хандығының құрылған уақыты ретінде алынған. Бұл оқиға 
Жетісудың батыс беллігіндегі аумағымен байланысты деп көрсетілген. Қазақ 
тайпалары мен руларының бір бөлігі Шығыс Дешті Қыпшақтан ондаған 
жылдар бойы тап осында ауысып келген. Моғолстанның жоғарыда аталған 
ханы Есен-Бұға 1462 ж. өлгеннен кейін Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы 
тура алатын нақты күш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан ол кезде Ташкентте 
жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым - Қазақ 
хандығының дербес шығуы толық жүзеге асатын құбылыс еді. Оның пайда 
болуы және Қазақ басшыларынын дербес шығуы үшін 1468 жылғы 
Әбілқайыр өліміне байланысты Дештідегі оқиғалардың барысын күтудің 
қажеті жоқ болатын. XV ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-
жылдарының басында және одан кейінгі жылдары Қазақ хандарының билігі 
Қазақ хандығының құрамына енгізілген басқа жерлері мен оны мекендеген 
халықтары, Түркістан және Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлан-ғайыр жазық 
далаларда бірте-бірте кең тарай бастады. "Та'рих-и Рашидиден" жоғарыда 
келтірілген үзіндіде Әбілқайыр өлгеннен кейін "оның кол астындағылардың 
үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті" делінген. Хандарға 
дейді. Олар бұл уақытта хан болған. Бұл сөздер Әбілқайырдың өлімінен 
(хижраның 874 жылы-1468/69 жылдар немесе тышқан жылы - 1468 жылдың 
күзі) бұрын іске асқан оқиғаны білдіреді. 
XVI ғасырлардың 40-жылдарында Жетісуда Қазақ хандығының 
құрылуы туралы еңбегін жазған Мұхамед Хайдар мағлұматы жалғыз және ең 
ертедегі дерек деуге болмайды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістандағы 
өкімет билігі жолындағы күресте қазақ хандарының қарсыласы 
Әбілқайырдың немересі Мұхамед Шайбани ханның құзырымен жазылып, 
тікелей бақылауынан өткен Шайбани әулеті ортасының деректемелері деп 


аталатын топтама Қазақ хандығының алғашқы кезеңі тарихына байланысты 
жағдайларды бағалау үшін қажетті көптеген материалдар береді. XVI 
ғасырлардың басындағы бұл деректемелерде де (Камал ад-дин Әли-
Бинаидың "Таварих-и гузида-йи нусрат-наме", "Шайбани-наме", Шадидің 
"Фатх-наме", Рузбихан Исфаханидің "Михман-наме-йи Бухара", Мас'уд бен 
Усман Кухистанидің " Та'рихи Абу-л-Хаир-хани" және басқалары) Жәнібек 
пен Керей хандар аталады. 
ХV-ХVІ ғасырлар деректемелеріндегі меліметтер "Та'рих-и Рашидиде" 
кслтірілген Қазақ хандығының Шығыс Дешті Қыпшақта емес, Батыс 
Жетісуда (Шу мен Талас алқаптарында) іргесі қаланғаны туралы мағлұматты 
тікелей немесе жанама түрде растайды. Зайн ад-дин Васифи (XVI ғ) "Бадаи 
ал-вакай" атты шығармасында тап осы аймақты "Қазақстан" деп атауы көңіл 
аудартады. 
Қазақ билеушілерінің алдында олар мемлекет болып бөлініп шыққан 
бойдан-ақ жаңадан пайда болған мемлекетті нығайту, мемлекет құрамына 
қазақтар мекендейтін аумақтарды қосып алу мақсатымен оның шекарасын 
кеңейту міндеттері, сондай-ақ хандықты көрші мемлекеттердің жер 
жөніндегі талаптарынан қорғау міндеттері тұрды. XV ғасырдың соңғы үштен 
бірінде қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен және Моғолстан 
билеушілерімен өзара қатынастарын сол міндеттер анықтады. 
60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында Әбілқайыр хан 
өлгеннен кейін Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қашып келген 
көшпелілер есебінен Жәнібек пен Керей едәуір күшейді. Жергілікті халық 
қолдаған Жәнібек хан мен Керей хан Шығыс Дешті Қыпшақ халқына билік 
ету үшін Жошыдан тарайтын көптеген сұлтандарға қарсы күреске шығуды 
кешіктірмеді. Олардың басты қарсыластары Әбілқайырдың мұрагерлері - 
оның ұлы Шаих-Хайдар хан және немерелері шайбандық сұлтандар - 
Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болатын. Оларға қарсы күресте Қазақ 
билеушілері Жошыдан тарайтын Тоқа-Темірдің ұрпағы, Кіші-Мұхамед 
ханның ұлы Ахмет ханмен, Шайбани ұрпақтары Ибақ ханмен, Бұрыж 
оғланмен, Маңғыт әмірлерімен тізе коса отырып қимылдады. Бірнеше 
шайқас болып, Қамал ад-дин Әли Бинаидің айтуынша, "екі жақтан да көп 
адамдар қаза тапты". Шайқастардың бірінде Шайх-Хайдар ханды Үлкен орда 
ханы Ахметтің әскерімен келген Ибақ хан өлтірді. Мұхамед Шайбани 
інісімен бірге Қажы-Тарханның (Астраханның) билеушісі, Темір-Құтлық 
ханның (Тоқа-Темірдің) ұрпағы Қасым ханға барып паналады. Қаланы Ахмет 
хан, Ибақ хан және Ноғай ұлысының билеушісі Аббас бек қоршап алып, 
Мұхамед Шайбани інісімен бірге Түркістан уалаятына қашты, сөйтіп онда 
Темір ұрпактарының әкімі Мұхамед-Мазид тарханнан қолдау тауып, 
Әбілқайыр ханның бұрынғы әскербасылары арасынан өзін жақтаушыларды 
жинауға үміттенді. 
1470 жылдың қысына қарай Қазақ әміршілері Түркістанда едәуір ілгері 
басты. Жәнібек ханның Үлкен ұлы Махмұд сұлтан Қаратау етегінде Созақты 
алды. Басқа бір ұлы Еренші сұлтан Сауранды иеленді, енді Керей ханның өзі 
Түркістанға жақындап келді. Қазақстанның оңтүстігінде қазақтардың іс-


қимылының жандануы Мұхамед Шайбанидің Мауереннахрға Темір 
ұрпақтарының қол астына шұғыл түрде кетуге мәжбүр етті. Шайбанилік 
сұлтандарға Түркістаннан кетуге кеңес беріп, Мұхамед өз иеліктеріне 
қазақтардың шабуыл жасау қатерінің бетін бұрмақ болды. Екі жылдан кейін 
Темір ұрпақтарынан әскери көмек алған Мұхамед Шайбани Түркістанға 
келіп, бірқатар бекіністерді басып алды. Сырдарияның сол жағалауындағы 
Аркөкті, соған сүйене отырып Шығыс Дешті Қыпшақ шекарасына беттеп, 
Сығанақты басып алды. Сол кезге қарай Ноғай ұлысының басшысы Мұса 
мырза Түркістанға жақындап келіп, Мұхамед Шайбанимен одақтасуға 
ұмтылды. Бұған Бұрындық басқарған қазақ әскерлерінің Батыс Жетісудан 
Түркістан 
шекарасына 
асығыс 
келіп 
жетуі 
кедергі 
жасады. 
Әскербасыларының бірі қазақтың болашақтағы ханы Қасым сұлтан болатын. 
Осы оқиғалар туралы хабарлаған деректемелерде Бұрындық хан мен 
Мұхамед Шайбани арасындағы шайқас Қаратау тауының Соғұнлұқ асуында 
өтті. Шайқаста Жәнібек ханның ұлы, Созақ әміршісі Мұхамед Сұлтан қаза 
тапса да, Мұхамед Шайбани жеңіліске ұшыраған. Мұхамед Шайбани 
Түркістаннан Маңғыстауға кетуге мәжбүр болды. Бұрындық хан Сығанақты 
алды. 
Сонымен, Жәнібек пен Керей хандар, содан соң, соңғысының ұлы 
Бұрындық хан басқарған Қазақ хандығы XV ғасырдың 70-жылдарында 
Орталық Қазақстан даласында нақты саяси күшке айналды. 
80-жылдарда 
және 90-жылдардың басында Мұхамед Шайбани 
тарапынан да, қазақтар тарапынан да жасалған соғыс қимылдары барынша 
табандылығымен және қаталдығымен ерекшеленді, олардың қатынастарына 
Темір ұрпақтарына қоса, моғол хандары да араласты. 
Қазақтар мен олардың одақтастарына қарсы толассыз жүргізілді деуге 
болатын үш жылдық күрестегі жеңістер Мұхамед Шайбаниді 1486 жылдары 
Түркістанды тастап шығып, Хорезмде соғыс сәттілігін іздестіруге мәжбур 
етті. 
80-жылдардың аяғы - 90-жылдардың басында Ташкент пен Сауранда 
билік құрған моғол ханы Сұлтан Махмұдтың (онын әкесі Жүніс хан 1487 ж. 
Ташкентте өлген еді) қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Сыр 
бойындағы қалалар үшін күресіне араласып, бірде бір жағын, бірде екінші 
жағын қолдай отырып, өзінің Түркістандағы ықпалын кеңейтуге тырысуы 
сәтсіз болған жоқ. 1488 жылы ол Темір ұрпағының әкімі Мұхамед-Мазидті 
Отырардан қуып шықты. Сыр өңірінде қазақтарға қарсы өзге одақтас ету 
үшін Отырарға Мұхамед Шайбаниді шақырды. Моғол ханынан қолдау тауып 
және Отырарға сүйене отырып, Мұхамед Шайбани тағы да екі үлкен бекініс-
қала Сауран мен Ясыны (Түркістанды) басып алды. 
Қазақ хандары мен Мұхамед Шайбани арасындағы соғыс қимылдары 
XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында толассыз жүріп жатты және ғасыр 
аяғына қарай уақытша бітіммен аяқталды. Бұрындық хан өзінің екі қызын 
шайбанилік сұлтандарға ұзатты. Шайбани ұрпақтары Отырар, Ясы 
(Түркістан), Аркөк, Үзкент қалаларында өз жағдайларын табанды күреспен 
нығайтып, олардан Темір ұрпақтарының әкімдерін ығыстырып шығарды. 


Ташкент пен Сайранда моғол ханы Сұлтан Махмұд отырды. Түркістан 
аумағының орталығы Сығанақта, Сауранда, Қаратаудың Созақпен қоса 
алғандағы жапсарлас ауданы және онын теріскейі мен күнгейіндегі, 
Сырдарияның төменгі ағысындағы басқа да қоныстар, Арал өңірі Қазақ 
хандарының қолында қалды. 
XV ғасырдың аяғына қарай қазақ хандарының мемлекеті едәуір 
нығайды, оның алғашқы шекарасы кеңейе түсті. Оның құрамына Жетісудан 
басқа Оңтүстік Қазақстанның жоғарыда аталған қалалары мен алқаптар, 
төңірегіндегі далалық аумақтармен бірге, Қаратау өңірі, Сырдарияның 
төменгі ағыстары мен Солтүстік Арал жағалауы, Орталық Қазақстанның 
үлкен бөлігі енді, Жетісудағы иеліктері де кеңейді. Шайбани әулетіне қарсы 
ұзаққа созылған күресте олардың үкіметіне қайта қалпына келуіне кедергі 
жасады. Мұхамед Шайбани 1500 ж. қол астындағы көшпелі өзбектердің бір 
бөлігін ертіп, Мауереннахрға кетті де, Түркістанның Оңтүстік бөлігінде өзі 
басып алған қалалардың көмегіне сүйеніп, басқыншылық мақсатпен Темір 
әулеті мемлекетіне ұмтылды. 
XV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанда қалыптасқан ішкі 
жағдай, сондай-ақ аймақтағы әскери-саяси оқиғалар моғол хандарының 
Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ықпалының біртіндеп әлсіреуіне, ал сонан 
соң, XVI ғасырдың басында толық жойылуына және бұл өлкенің қазақ 
тайпаларының олардың билігінен шығуына негіз жасады. Оңтүстік-Шығыс 
Қазақстанның қазақтары біртіндеп Моғолстан хандарының билігінен шығып, 
басқа аудандардың қазақтарымен бір мемлекетке - Қазақ хандығына бірікті. 
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан халқының кейіннен бір әулет хандарының 
(Моғолстандағы Шағатай ұрпактарының) билігінен шығып, басқа әулет 
хандарының (Жошы ұрпақтарының - Ақ Орда хандары ұрпақтарының) 
билігіне көшуі неліктен көп шиеленіс туғызбағанын этникалық тегінің, 
тарихи 
тағдырларының 
ортақтығымен, 
достық 
қатынастарының 
дәстүрлігімен түсіндіруге болады.
XVI және XVII ғасырлар қазақ халқының тарихында айырықша орын 
алады. Осы ғасырларда қазақ хандары бұрын әр мемлекеттің құрамында 
болып келген қазақ руларын біріктіре отырып, бүгінгі теуелсіз Қазақстан 
Республикасының территориясын қалыптастырды және қорғады.
Бұрындық хан басқарған жылдары (1480-1511) стратегиялық және 
экономикалық маңызы бар, Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Созақ, 
Түркістан қалалары үшін Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани 
басқарған өзбектер мен қазақтар арасында 30 жылға жуық күрес жүрді. 
Қазақтардан ығысқан Мұхаммед Шайбани 1500 жылы Мауереннахр жеріне 
басып кіріп, ондағы билікті Әмір Темір әулетінен тартып алады. Аз уақыттың 
ішінде күшейіп алғаннан кейін ол Сыр бойындағы қалаларды басып алу үшін 
бірнеше жорықтар жасады. 1510 жылы Көк Кесене шайқасында Қасым 
сұлтан басқарған қазақтар Мұхаммед Шайбани әскеріне қарсы ұрыста ірі 
жеңіске жетіп Сыр бойындағы қалаларға берік орнықты. 


XVI ғасырдың басында Моғолстан ханы Жүністің ұрпақтары 
арасындағы үкімет билігі не таласқан алауыздықтың салдарынан Моғолстан 
мемлекеті ыдырады. 
Моғолстанның орталық өңірі - Жетісу жерінің көбі және оны мекендеген 
қазақ тайпалары Қазақ хандығына қосылды. 
Қасым хан басқарқан жылдары (1511-1518) қазақ халқының саны 1 
миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды. 
Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға әйгілі болды. Қасым 
хан Мәскеу князі III Василиймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 
Әмір Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін 
салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты "Бабырнама" кітабында: "Қазақ 
халқының бұрынғы-соңғы хан-сұлтандарының ішінде Қасым хандай 
құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді" деп жазған. 
Сонымен бірге тарихшы Мұхамед Хайдар Дұғлат "Тарихи Рашиди" деген 
еңбегінде: "Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта 
Қасымнан асқан кұдіретті хан болған жоқ" деп жазды. 
Қасым хан алғашқы қазақ заңы "Қасқа жолды" жарыққа шығарды. Бұл 
заң қазақтар арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде 
жасалды. 
Бұл заңның сол кездегі мұсылман елдердегі жаппай қолданылып, жүрген 
ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді етіп жасалды. 
Халық арасында бұл заң "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталды. 
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының территориясы қазіргі 
территориямыздың негізгі аймақтарын біріктірді. 
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, Оңтүстік-батыста Сырдың оң 
жағалауы, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты, солтүстікте 
Ұлытауға дейігі жерлер, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігі қарады. 
Қасым ханнан кейінгі Қазақ хандығын басқарған Мамаш (1518-1523), 
Тахир (1523-1533), Буйдаш (1533-151557), Тоғым (1533/34-1537/38)
хандардың кезінде өзара ішкі таластың салдарынан біршама әлсіреп, 
өзбектермен және моғолдармен күресте, Қасым ханның кезінде ие болған 
жерлердің біразынан айырылып қалды. 
Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар ханның басқарған 
жылдары бұрынғы күш-қуатына ие болды. 
Хақназар Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Ол дарынды 
қолбасшы, қажырлы қайраткер, сонымен бірге сыртқы саясатта дипломат 
екенін керсетті. 
Хақназар хан басқарған жылдары Қазақ хандығының батыстағы 
шекарасында ірі өзгерістер болды. 
Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай 
жылжып 1552 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып 
алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындағы ұлан-байтақ 
территорияны мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай 
ордасындағы қазақ тайпалары Қазақ хандығына келіп қосылды. 


Ноғай ордасының әлсірегенін пайдаланып Хақназар Ноғай ордасының 
көп бөлігін өзіне қосып алды. Соған байланысты Хакназарды "қазақтар мен 
ноғайлардың ханы" деп атаған. Ноғай Ордасы 1569 жылы өзінің мемлекет 
ретінде өмір сүруін тоқтатты. 
Сонымен бірге Хақназар Моғолстан мемлекетінің Жетісуға жасаған 
бірнеше жорықтарына тойтарыс берді. Орта Азиядағы күшейіп келе жатқан 
Бұқар ханы II Абдаллахпен өзара көмектесу жөнінде шарт жасасты. 
XVI ғ. 60-70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. 
Қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, 
экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Хақназар II Абдаллахпен 
бірлесіп, Ташкент билеушісі Баба Сұлтанға қарсы күресті, сөйтіп, бұрын 
өзбектер басып алған Түркістан аймағындағы бірнеше қалаларды қайтарып 
алды. 
1580-1582 жж. Шығай ханнан кейін Қазақ хандығын басқарған Тәуекел 
ханның тұсында (1582-1598) Қазақ хандығының территориясы одан әрі 
кеңейе түсті. Теуекел ханның тұсында қалмақтардыц біраз бөліп қазақтарға 
қарады. Соған байланысты Тәуекелді "Қазақ пен қалмақтың ханы" деп атады. 
Қазақ хандығы күшейіп алғаннан кейін 1598 жылы Тәуекелдің 
басшылығына Орта Азияға басып кіріп, Ташкент, Әндіжан, Самарқант 
қалаларын басып алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет