батыста, Торғайда,
Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді
құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті.
Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де
құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер
полкі құрылды. Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне
көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі
жеткізу жөніндегі экспедиция болды. Бұл экспедиция далалық өлкенің
төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.
1919 ж. жазында Шығыс майдандағы
Колчак армиясының негізгі
күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен
Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның
негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.
1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі
Жетісу
жері
ақгвардияшылардан
тазартылды.
Ақгвардияшылардың
қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.
1919 жылы наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алаш
ордаға кешірім жариялағаннан кейін, алаштықтардың
шығыс бөлігі Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920
жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.
Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды.
Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат
баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге
келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып,
атқан. Семей қаласынан 50 шақырымдай
жерде орналасқан Знаменка
селосында жендеттер жергілікті тұрғындардың бірін қалдырмай бауыздап
кеткен. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия
жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: