апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың
87% -і апатқа ұшырады.
Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық
аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды
етпен қамтамасыз ету
мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға
дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5
миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан
айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты
қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады.
Коллективтендіру
жылдары
жіберілген
өрескел
қателіктердің
салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ
халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.
Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер
тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық
коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді.
Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен
Қазақстанда ойына келгенін
істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің
жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын
жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов,
Сәдуақасов, Төрегожин
сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап
отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов
Сталинге бірнеше рет хат жазды.
Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің
мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына
тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932
жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар
көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның
оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.
Сондай-ақ көтеріліс Қостанай
округінің Бетпаққара ауданында,
Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда,
Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес
үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң
жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
Достарыңызбен бөлісу: