Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы


ЖСТД дифференциалды диагностикасы



бет4/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ЖСТД дифференциалды диагностикасы.

ЖСТД бар балалардың құрамы бір қалпы емес. Клиникалық тұрғыдан қарастырса, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының салдарынан пайда болған ЖСТД орны ерекше.

ЖСТД бар балалардың құрамы бір қалпы еместігін ескере отырып, ЖСТД диагностикалау мәселесіне мұқият көңіл бөлу керек. Бұндай балаларың қалпы сөйлеу тілі дамуы уақытша тежелген балалармен ұқсас болады. ЖСТД бар балаларды ажырату үшін, олардың анамнезімен және сөйлеу дағдыларының қалпымен мұқият танысу керек.

ЖСТД зияты бұзылған балалардан ажырата білу керек. Зиыты бұзылған балаларға қарағанда, ЖСТД бар балалар тапсырма орындау кезінде ересектердің көмегін жақсы қабылдайды. ЖСТД бар балалардың сөйлеу тіл дамуына қарағанда психикалық дамуы жоғары болады.

Кейбір жағдайда ЖСТД бар балаларды есту қабілеті төмен балалармен шатастырады. ЖСТД бар балалар қатты шыққан дыбысқа реакция беретінін ескерген жөн. Бұл маңызды көрсеткіш деп саналады. ЖСТД бар балалар ересектермен қарым-қатынасқа оңай түседі. Осыны ескере отырып, оларды ерте балалар аутизмінен ажыратуға болады.

Уақытында дұрыс жасалған диагностика сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету әдістері мен тәсілдерін таңдап, қолдануға көмектеседі.



5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет