Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы


Жалпы мектепте ЖСТД бар баламен түзету жұмысын ұйымдастыру



бет10/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жалпы мектепте ЖСТД бар баламен түзету жұмысын ұйымдастыру

Мектеп жасындағы ЖСТД бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысы жөнінде Р.Е. Левина, Л.Ф.Спирова, Н.С.Жукова, Т.Б.Филичева, А.В.Ястребова және басқа да авторлардың еңбектерінде кездестіруге болады.

Жұмыс барысында сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық, лексикалық және грамматикалық компоненттерінің, сөз және сөзсіз прцестерінің бір бірімен байланысты қалыптасуы маңызды роль атқарады.

Мектеп жасындағы ЖСТД бар балалар күрделі тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектепте, немесе жалпы білім беру мектебінде оқыйды.

ЖСТД кезінде түзету – педагогикалық жұмыс мазмұны баланың сөйлеу тілінің даму денгейіне байланысты болады.

Бірінші денгейдегі балаларды оқыту барысында келесі міндеттер шешіледі: сөйлеу тілін түсіну, сөзге еліктеу әрекеті арқылы өзбетімен сөйлеуін дамыту, қарапайым екі сөзден тұратын сөйлем құрастыруын қалыптастыру.

Екінші денгейдегі балалармен түзету жұмысы кезінде шешілетін міндеттер күрделене түседі: сөйлеу тілін түсіну, сөз қорын анықтау және молайту арқылы ауызша сөйлеу тілінің жай түрлерін дамыту, жай грамматикалық категорияларын игеру, дыбыстарды дұрыс айтуын және ажыратуын үйрену.

Үшінші денгейдегі балалармен түзету жұмысы кезінде сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық құралдары менгеріледі, сөйлеу тілінің дыбыс айту қабілеті толық қалыптасады, сауат ашуға дайындық жүреді, ары қарай байланыстырып сөйлеуі дамыйды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет