Дыбыстар тіркесі


ДАУЫСТЫ – ДАУЫСТЫ ТІРКЕСІ



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.01.2023
өлшемі234,11 Kb.
#61347
1   2   3   4   5   6   7
ДАУЫСТЫ – ДАУЫСТЫ ТІРКЕСІ 
Дыбыстың өмір с‰ру ортасы – буын. Яғни дыбыстың тыныс-тіршілігі‚ бар болмысымен 
көрінетін‚ танылатын жері – буын және буындар аралығы (жігі). Дыбыстар тіркесінің бастауы да‚ 
тірегі де буын. Сондықтан дыбыстар тіркесін буынды танудан‚ буынның дыбыстық құрамын 
айқындаудан бастамай болмайды. 
Қазақ тіліндегі байырғы буындарда дыбыстардың (дауысты – А‚ дауыссыз – Қ) тіркесу реті 
мынадай болып келеді: 1. А 2. АҚ 3. АҚҚ 4. ҚА 5. ҚАҚ 6. ҚАҚҚ. 
Жалаң дауысты өз алдына дыбыс тіркесін құрай алмайды. Алайда олардың әрқайсысы буын 
бола алады. Ал буын сөйлеудің ең кішкене элементі ретінде зор қызмет атқарады. Буында мағына 
болса‚ сөзге сәйкес келеді. Дұрысы‚ буында мағына болуы міндетті емес. Қазақ т‰бірлері негізінен 
бір буынды болып келеді де‚ мағыналы сөз ретінде қабылданады. 
Дауысты 9 дыбыс та мәнсіз емес: біріншіден‚ олар дыбыстың атын‚ екіншіден, сол дыбыстың 
таңбасын білдіріп зат есім болса‚ ‰шіншіден‚ а‚ ә‚ е‚ о одағай сөздер т‰рінде танылады. Олай 
болса тіліміздегі дауыстылар 9 буын – 9 сөз т‰рінде танылуға тиіс. Яғни А = 9. 
“Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың қатарынан бір сөздің ішінде келуі тіпті болмайды.”
1
Бұл 
– заңдылық. Осыны ескермей мектеп табалдырығынан енді аттаған балаға аюы‚ оюы сияқты 
сөздер таза дауыстардан тұрады деп ‰йрететініміз бар. 
“Дауысты дыбыстардың… қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып‚ сөздің әуезділігін 
кемітеді…” Айтқанда “сары ‰й” демей‚ “сар‰й” дейді. “Торы айғыр” демей‚ “торайғыр” дейді. 
“Құса игі еді” деген сөздерді “Құсегеді” етіп айтады. “Баласы екен” яки “бала екен” деп 
дыбыстарын т‰гелдемей-ақ “баласекен”‚ “балекен” дейді (Cонда). 
Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тілінде дауыстылар араға дауыссыз дыбыстар салмай‚ 
өзара тікелей тіркесе алмайды. Рас‚ кейде өлеңнің буын саны ‰шін сөз бен сөздің арасында қатар 
келген дауыстыларды т‰сірмей‚ сақтап айту керек болады. Абайды аңдап көрейік: 
Өлсе өлер /табиғат/ адам өлмес. (Абай) 
Жаман тату/қазады/өзіңе ор. 
К‰ндіз к‰лкің/ бұзылды/ т‰нде ұйқың 
Иек қағып/еліріп/ ж‰рсе әсем. 
Қазақтың/өзге жұрттан/сөзі ұзын. 
Осында бір бунақта қатар айтылатын: өлсе өлер‚ өзіңе ор‚ т‰нде ұйқың‚ ж‰рсе әсем‚ сөзі 
ұзын сияқты сөздердің арасындағы дауыстылар сақталып айтылмасқа лажы жоқ. Бірақ олар 
дауыстылар тіркесі бола алмайды. 
Олай болса‚ дауыстылардың тіркесі буындардың тізбегі (тіркесі) болып шығады да‚ буындар 
‰ндесі (тіл‚ ерін қызметіне қатысты) өз алдына қарастырылады. Дегенмен көрші буындардағы 
дауыстылардың сап т‰зеуінде қалыптасқан тәртіп‚ ж‰йе болады. 
Қазақ сөзіне тән ондай ж‰йе‚ заңдылықты екі буынның қатар келуі тұрғысында қараса да 
жеткілікті. Сонда: 
1. Бас (бірінші) буында а дыбысы келсе‚ келесі буында: 
а) негізінен а‚ ы жеке-жеке не аралас-құралас қолданылады: ала‚ бала‚ айтқан‚ ақын‚ ақыл‚ 
балаларымыз; 
ә) ұ дыбысы дауыссыз у-мен қосақтасып‚ ұу‚ уұ т‰рде ұшырайды: алұу‚ қарұу‚ арұу‚ ауұл‚ 
ауұз‚ бауұр‚ дауұл‚ қауұн‚ жауұ‚ жауұ‚ тауұ‚ бауұ‚ ауұ‚ сауұқ; 
б) ұ (кірме сөздерде): мақұл‚ бақұл‚ мазмұн‚ мақрұм‚ мақлұқ‚ нақұрыс‚ абұрой (абырой). 
2. ә дыбысынан соң: а) негізінен е‚ і: әбден‚ әдеп‚ әкім‚ әлек‚ әні‚ әбігер‚ бәле‚ бәлі‚ шәкірт‚ 
әріп; 
ә) әәзәзіл‚ мәрмәр‚ мәмпәси‚ нәмәрт‚ зәмзәм‚ тәбәрік‚ тәнәпіс (кіт.); 
б) у‰: сәу‰р‚ тәу‰р‚ әу‰т‚ әу‰р б) (кірме сөздерде): мәжб‰р‚ мәңг‰рт‚ әңг‰дік‚ мәул‰т‚ 
әул‰к‚ сәк‰н‚ кәу‰р г) ‰у: Әб‰у. 
3. е-ден соң: а) негізінен е‚ і: бекер‚ екі‚келсе‚ егер‚ ене‚ ерік‚ серік‚ берік‚ шеке; 
ә) ‰у‚ у‰: ер‰у‚ бер‰у‚ жер‰у‚ кес‰у‚ тес‰у‚ теу‰п‚ сеу‰п‚ де󉂠же󉂠кеу‰л (өс). 
1
Áàéò½ðñûíîâ À. Øû¹àðìàëàðû. Àëìàòû “Æàçóøû”‚ 1989‚ 178-á. 


7
4. о-дан соң ұ‚ а: оқұ‚ осұ‚ ойұн‚ отұр‚ отан‚ обұр‚ соқұр‚ шотұр‚ ора‚ орақ‚ қора‚ қосақ‚ 
қонақ‚ қойан‚ торұ‚ оран‚ ошақ‚ обал. 
5. ө-ден соң ө‚ ‰: өлөң‚ өзөн‚ өкпө‚ бөкөн‚ бөлөк‚ жөкөн‚ сөрө‚ төрө‚ ө牂 мөлд‰р‚ кө牂 бөл‰к‚ 
көл‰к‚ көр‰к‚ төз‰м‚ өр‰к. 
6. ұ-дан соң ұ және абұрұн‚ мұрұн‚ құлұн‚ ‰зұн‚ ұғұм‚ құйұн‚ құлақ‚ құрақ‚ сұрақ‚ ұзақ‚ тұзақ‚ 
шұжұқ‚ шұрай. 
7.-ден соң а) ‰ ө: б‰к‰л‚ б‰л‰к‚ ж‰рөк‚ ж‰з‰к‚ к‰лꉂ к‰лшө‚ м‰л‰к‚ м‰лдө‚ с‰йөк‚ с‰л‰к‚ 
т‰лꉂ т‰йө‚ т‰р‰к.‚ т‰т‰к‚ ш‰йкө. 
ә) ә (кірме сөзде) к‰уә‚ к‰нә‚ іңкәр‚ ж‰бә‚ ‰уәде‚ ‰уәлі‚ м‰сәпір‚ д‰дәмал‚ к‰мән. 
8. ы – дан соң: а) ы және а: к‰мән‚ быйыл‚ былық‚ жыбыр‚ жыра‚ жырақ‚ зыйан‚ қыран‚ 
қылық‚ қызық‚ қылау‚ қызар‚ сызық‚ сызат; 
ә) ұу: сызұу‚ қызұу‚ қырұу‚ жыр‰у‚ тыйұу‚ сыйұу‚ сығұу‚ шығұу‚ сынұу‚ қырұу‚ ызұу. 
9. і-ден соң: а) і‚ е: ішік‚ білім‚ бійік‚ жійі‚ жібек‚ білек‚ кілем‚ кісен‚ кійім‚ міндет‚ міне‚ 
сіңір‚ сімір‚ тілек‚ тірек‚ іре‚ ійе‚ ішік; 
ә) ‰у: іл‰у‚ біл‰у‚ біт‰у‚ кір‰у‚ сің‰у‚ шір‰у‚ ір‰у‚ іс‰у‚ іш‰у. 
б) ә: сірә‚ тіпә‚ іңгә‚ ірә‚ ілдә‚ пірәдар‚ мінәйі‚ кісәпір‚ ійә (ия)‚ ійәкій (яки). 
Дауыстылардың өзара тіркесі мынадай қорытынды жасауға м‰мкіндік береді. 
1) Жуан дауыстылар жуан дауыстылармен‚ жіңішке дауыстылар тек жіңішке дауыстылармен 
ғана тіркеседі. Жуан-жіңішке жіңішке-жуан тіркестер – жазудың жемісі; 
2) езулік дауыстылардан соң дауыссыз у-дың көмегінсіз еріндіктер жеке-дара тұрмайды. Тек 
кірме сөздерде ғана кездесуі м‰мкін; 
3) жіңішке еріндіктерден соң жіңішке‚ қысаң езуліктер әсте тіркеспейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет