АРҚАЛАҒАНЫМЫЗ – АЛТЫН, ЖЕГЕНІМІЗ
ЖАНТАҚ БОЛСА ДА.....
ӘЛЕМДІК АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ
Бүгінде "ақпараттық қоғам", "ақпараттық технология", "өркениеттің
үшінші толқыны" деп аталатын концепциялар ғылыми айналымға еніп,
қоғамдық дамудың эволюциясын айқындайтын түсініктерге айналды. Мұның
мазмұны немен өлшенеді, оның пайда-зиянының арасалмағы калай
сарапталып келеді?
Бұл мәселелер хақында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық
ортадағы жалпы өркениеттегі алар орнын зерттеп жүрген ғалам ғалымдары
ой толғап, пікір білдіріп келе жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде
Д.Беллдің, М.Кастельстің, Э.Тоффлердің, Г.Шиллердің, М.С.Вершининнің,
В.Л.Иноземцевтің, Е.Вартанованың, И.С.Мелюхиннін ой-тұжырымдары
назар аудартарлық. Бұлардың еңбектері XX ғасырдың екінші жартысы мен
XXI ғасырда төрткүл дүниені өзінің бар болмысымен әсемдеп, өрлеп отырған
ақпараттық қоғамның мәні мен мазмұнын ашып талдауға арналған. Оның
ғьлыми негіздемесін саралауға бағытталған.
Жаһандану мен әлемдік ақпарат және оның болашағы перспективасы
хақында казақстандық ғалымдар да өзіндік ой толғап, мәселеге атсалысып
жүр. Саясаттанушы ғалымдар Ә.Нысанбаевтың, Р.Әбсаттаровтың, Ғ.Есімнің,
М.Әшімбаевтың, Е.Кдеиннің, Д.Сәтбаевтың теориялық, талдамалы
мақалалары мен осы мәселені бұқаралык ақпарат құралдары арақатынасымен
байланыстыра зерттеп жүрген журналистика теоретиктері Н.Омашевтің,
Б.Жақыптың, Ғ.Ибраеваның, С.Қозыбаевтың ой тұжырымдары да
тақырыптың жай-жапсарына қанығуға арналған. Осы ретте әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Н.Омашевтің
ұйымдастыруымен халықаралық беделді ұйым ЮНЕСКО ауқымында
бірнеше рет ғылыми тәжірибелік конференциялар өткізіліп, ол өзінің негізгі
нысанасына жеткенін айту керек.
Бүгінгі таңда осынау өзекжарды мәселені тереңірек қарау мақсатында
нақты шаралар қолға алына бастады. Түрлі деңгейде семинарлар,
мәслихаттар, пікіралысулар ұйымдастырылып, зерттеу нәтижелері
жарияланып келеді.
Бізге қазір бір нәрсе айкын: бүгінде екі күннің бірінде айтылып
жүрген жаһанданудың жай-жапсарын "ақпараттық технологиядан",
"ақпараттық қоғамның" сыр-сипатынан бөліп алып қарастыруға мүлде
келмейтіндігі. Олай болса, ақпараттық қоғамның даму эволюциясын
пайымдап алып, содан кейін әлемдік ақпараттың қазақ баспасөзіне қатысы,
осы проблеманы шешу жолындағы талпыныстар төңірегінде ой қозғаған
орынды деп білеміз.
Осы тұрғыдан келгенде, ең алдымен, ақпараттық төңкерістер дәуірінің
сипатын жүйелеген жөн. Бұл ретте ғылыми талдамалар жасап жүрген
ресейлік ғалым М.С.Вершининнің пікірі назар аудартарлық. Ол ақпараттық
төңкерістердің бірінші кезеңі таңбалаудың, жазу-сызудың пайда болуымен
тікелей байланысты екендігіне назар аударады. Соның негізінде ұрпақтан-
ұрпаққа белгі табыстаудың, білімді, көрген-білгенді мұраға қалдырудын
мүмкіндігі жасалған. Мұның өзі ақпараттық төңкерістер шоғырының сандық
та, сапалық та белгісін айқындайтын еді. Демек, өркениет дамуындағы
ақпараттық төңкерістердің бірінші кезеңі ұланғайыр ақпараттық секірістерге
түрткі болды.
Ғаламдық ақпараттық төңкерістер дәуірінің екінші кезеңі XVI
ғасырдың орта тұсынан бастау алады деп білуіміз керек. Бұл кездегі кітап
басу ісінің қолға алынуы мәдениет пен руханият саласында, өндірісте
экономикада түбегейлі өзгерістердің болуына алып келді.
Акпараттық төңкерістің үшінші кезеңі XIX ғасырдың аяғындағы
электр қуатының, радио мен телеграфтың пайда болуымен тікелей
байланысты еді. Осы кезеңде тарихта тұңғыш рет ақпарат алмасудың
жеделдетілген түрі пайдалануға енді.
Ал ақпараттық төңкерістің төртінші кезеңі XX ғасырдың 70-
жылдарындағы компьютердің, басқа да микропроцессорлық технологияның
тұрмысқа батыл енуімен сипатталады.
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы ақпараттық
технологияның жан-жақты, қарқынды дамуы, оның бесінші кезеңінің
мазмұнына айналып отыр. Оның сипаты бүгінде өзіміз ат қойып, айдар тағып
отырған "Ақпараттық қоғам" деген түсінікке маңдай тірейді.
Осы жүйелеудің рухани үрдісі ғаламдық өркениеттің ажырамас бір
бөлігі болып саналатын Қазақ елі қоғамындағы көрінісі қалай болып отыр?
Ендігі мәселе осы хақында. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері туралы,
оның ежелгі жазу-сызу мәдениетінде алатын орны жөнінде Ғ.Айдаров,
А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, С.Кляшторный секілді ғалымдар зерттеулер
жүргізгені белгілі. Бұлардың ғылыми айналымға түскен туындыларын негізге
ала отырып, Жамбыл облысындағы Талас өзенінің бойынан табылған көне
түркі жазу ескерткіштері дәуірін (VІ-VІІІ ғасырларда жазылған) қазақ
топырағындағы ақпараттық төңкерістің алғашқы кезеңі деп айтуымыз қажет.
Бұл жазба ескерткішінің құндылығы сол, одан "...қазақ тіліне ұқсас көптеген
фонетикалық ерекшеліктермен қатар толып жатқан лексикалық,
морфологиялық және синтаксистік тарихи деректерді кездестіруге болады".
(ҚСЭ, 8-том, 584-бет.)
Ал ақпараттық төңкерістің екінші кезеңі туралы айтқанда оны
алғашқы қазақ кітаптарының дүниеге келу үрдістерімен тікелей
байланыстырамыз. Бұл ыңғайда XIX ғасырдың алғашқы жиырма
жылдығында кітап өндірісінің қолға алына бастауы осы пікірімізге негіз
болмақ. 1807 жылы "Сейфіл-мүлік" қиссасының басылып шығуы акпараттық
кеңістіктегі олжалы оқиға болғаны сөзсіз.
Үшінші кезең қазақ ақпарат кеңістігінде газеттердің шыға бастауымен
тікелей байланысты. XIX ғасырдың соңына қарай "Түркістан уалаятының
газеті" (1870-1882), "Дала уалаятының газеті" (1888-1902), "Торғай газеті"
(1895-
1910) секілді басылымдар оқырмандар қолына тиді. Бұл жағдаяттар
ақпараттық төңкерістер эволюциясын жылдамдатты. Ал "Айқап" журналы
мен "Қазақ" газетінің қоғамдық ой-сананың ілгерілеуіне қаншама қызмет
еткені тарихтан белгілі.
Қазақ еліндегі ақпараттық төңкерістің төртінші кезеңі XX ғасырдың
20-30-
жылдарында газеттер мен журналдардың көптеп шығуын былай
қойғанда радио мен теледидардың мүмкіншілігі бар қырымен ашылған
сәттермен тұспа-тұс келеді. Еліміздегі алғашқы радиостанциялардың хабар
бере бастау шежіресі 1923 жылдан басталса, 1959 жылдың 8 наурызынан
бастап Қазақ теледидарының алғашқы бағдарламалары көрермендерге
ұсынылды.
XX ғасырдың 80-90-жылдарындағы бүкіл ел көлемінде компьютерлік
сауаттылыққа деген ұмтылыс ақпараттық төңкерістің бесінші кезеңінің
сипатын ашады. Айталық, әлемдік ақпараттық кеңістікте Місгозой
компаниясының меншігі болып табылатын \ҮіпсіолҐ8 95 операциялық
жүйесі жер жүзінде жаппай қолданыла бастаса, Қазақстан да бұл үрдістен
тыс қалған жоқ. Интернеттік технология, электронды хабарлар алу секілді
ақпараттық кеңістіктің жана артықшылықтары хабар алмасу үрдісін тың
сапалық деңгейге шығарды. Сөйтіп, ол қоғамдық өмірдің барлық саласына
енді. Үйде отырып-ақ енді айшылық алыс жерлерден әп-сәтте хабар алатын
жағдайға жетті.
Осы жүйелеуден қандай қорытынды туады? Бүгінде өзіміз ауасымен
тыныстап, оның болмысымен біте қайнасып жатқан мына зымыран заман —
ақпараттық қоғам кеше-бүгін ғана пайда бола қалмаған, тарихи кезеңі өрлеу,
дәуірлеу, даму жолы бар қоғам екен. Ал оның басты болмысы — әлемдік
ақпарат алмасуда. Бұл түсінікті тереңдете қарайтын болсақ, білімділік пен
біліктіліктің өлшемі мен мұндалайтыны анық. Демек, ақпараттық коғамның
айқындаушы факторы — білім, білімділік, білуге кұштарлық болмақ.
Ал енді осы мәселе біздің қазақ қоғамында, біздің елімізде қалай
жүзеге асып жатыр? Бұл өзі бізге не үшін керек? Жаһандану үрдісі
құпиясының, оның мың сан кұбылыстарының бір қитұрқысы ма екен әлде?
Мәселені таразы басына тартқанда ақпараттық қоғам Қазақстан үшін елдің
тұрақты дамуы мен ғаламдық экономикалық қауымдастыққа кірудің
алғышарттары болып отыр деген ойдың басымдық көрсететіні байқалады.
Осы мақсатта еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде қазақ
газеттері қандай қадамдарға барып жатыр.
Газет-журнал өндірісінде ақпарат алмасудың озық үлгілерінің
қатарында компьютердің, интернеттің өмірімізге енуіне тікелей байланысты
болса, бұл жаңалық қазақ басылымдарында редакциялардың өз ішінде алғаш
рет XX ғасырдың 90-жылдарынын бірінші жартысында пайдаланыла
бастады. Нақтырақ айтсақ, республикалық "Халық кеңесі" газетінде
компьютермен теру, беттеу, оны дискетпен өндіріске жіберу, факспен хабар
алмасу тәжірибесі алғаш рет қолданысып, редакция бұдан қыруар
экономикалық тиімділік алды. Сөз арасында айта кетейік төрт түрлі бояумен
тұрақты түрде газет шығару да қазақ газеттерінің ішінде тұңғыш рет "Халық
кеңесінің" мысалында жүзеге асқан еді.
Ал 90-жылдардың екінші жартысынан бермен компьютерді
қолданудың артықшылығы басқа да республикалық, облыстық газеттердің
осы төсілмен жұмыс істеуін жеделдетті. Бүгінде компьютермен, ақпарат
алмасудың басқа да қазіргі заман талабына сай жетілдірілген түрін
пайдаланбайтын бірде-бір редакция, газет-журнал жоқ десе де болады. Бірақ
мәселені осымен түгесілді деп жылы жауып қоюымыз қисынсыздау болар
еді.
Осы тұста казақ басылымдарының ғаламдық ақпараттық кеңістікті
пайдалану коэффициенті қандай деген сұрақ туады. Бірден айтуымыз керек,
қазақ газеттерінің бұл ыңғайда ширата түсетін мәселелері бары анық
байқалады. Соның енді басты-басты проблемаларына тоқталайық. Мәселен,
"Қазақ газеттері" жабык акционерлік қоғамына енетін "Қазақ әдебиеті", "Ана
тілі", "Уйгур авази" газеттері мен "Жұлдыз", "Простор", "Ақиқат", "Мысль"
журналдарының оқырмандары тек республикамызда ғана емес, елімізден
тысқары жерлерде де тұрады. Іргелес жатқан Өзбекстандағы,
Қырғызстандағы,
Ресейдің
бізбен
шекаралас
облыстарындағы
қандастарымыздың жай-күйін, олардың рухани-мәдени сұранысына
байланысты материалдарды тек интернеттен ғана іздеп отыру аздық етеді.
Қолында қаламы, койнында дәптері бар адам атқаратын жұмыс бар да,
техника "тіліне" кезек беретін кез де өз алдына бір үрдіс екенін естен
шығармаған абзал. Қазақ менталитеті тақыл-тұқыл материалдардан гөрі,
адам жанының иірімдеріне әсер ететін мақалаларды қалайтынын естен
шығармаған абзал. Сондықтан біздін қандастарымыз тұратын елдерде
тілшілер, өкілдер ұстау мәселесін шешкен дұрыс. Бұл мәселенің практикалық
жағы. Өкінішке карай ірілі-ұсақғы жиындарда каншама рет айтылғанымен
осы бір өзекті шаруа шешімін таппай келеді. Меніңше, бұл ведомстволық
тұрғыда ғана емес, үкіметтік шешімдер негізінде қолға алынуы тиіс мәселе.
Өйткені, оның саяси-теориялық астары тіпті тереңірек екенін және айтқымыз
келеді.
Жаһанданудың озық тұстарымен қоса алаңдатарлық мәселелері де бар
екеніне көз жетіп отыр. Олай болса, тіл мен рухтың беріктігі жолындағы
күрестің бір мысқалы Қазақстан жене Орта Азия республикаларының
руханият саласындағы интеграциясы жетекші рөлге ие болуы шарт.
Әлемдік ақпараттык кеңістікті пайдалану дегеніміз мұхиттың арғы
жағына тұра жүгіру емес, ең алдымен өзіміздің талап-талғамымызды
қанағаттандыру, іргелес, айлас-мұңдас елдердегі іліп алар ілкімді тұстарды
ұтқырлықпен өзімізде пайдалану.
Біздіңше, әлемдік ақпарат алмасудың ендігі бір әдіс-төсілдері
халықаралық жиындар, өндірістік лездемелер, журналистік шеберлікті
ұстарту мектептерінің жұмыстарынан байқалуы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде
оңтүстік астанамыз Алматыда өткізіліп жүрген Еуразиялық медиа-форумның
тәжірибелері құптарлық.
Бірден басын ашып айту керек, Еуразиялық медиа-форум саяси
тұрақтылықты, ғаламдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы көптеген
мәселелермен бетпе-бет келіп отырған бұқаралық ақпарат құралдарының
жұмысын барынша дамытуға, оған серпін беруге, оның проблемаларын
талдауға арналған ұйым. Бұл ретте ондағы пікірталастарда ақпараттық қоғам
жағдайындағы мерзімді басылымдардың, электронды құралдардың саяси,
мәдени және әлеуметтік рөлі туралы жиі айтылады. Сондықтан да ол әлдебір
саяси, экономикалық, идеологиялық қышаққан ада, олардың ықпал етуінен
теуелсіз ұйым болып табылады. Ал енді мұның мақсаттары қандай? Ол
былайша сараланған:
—
Еуразия елдерінің акдараттық кеңістігін кеңейту;
—
Кәсіби және шығармашылық байланыстарды нығайту;
—
Осы заманғы журналистиканың дамуындағы негізгі үрдістерге
талдау;
—
Медиа жобалар мен бастамаларға қолдау көрсету және талдап-
жасау;
—
Білім мен тәжірибе алмасу, Еуразия елдеріндегі жетекші БАК,-
тарда оқыту және тәжірибеден өткізу мумкіндігін туғызу;
—
БАҚ саласында реформаларды жүзеге асыру;
—
Билік пен БАҚ арасындағы өзара қатынасты талдау;
—
БАҚ саласындағы ең жаңа технологияларды дамытуға
жәрдемдесу/ "Егемен Қазақстан". 21 сәуір, 2004/.
Өзі құрылған 2002 жылдан бері бұл форум Алматыда үш мәрте
мәслихатын өткізіп үлгерді. Ғалам саясаткерлері мен ірі медиа
қауымдастықтардың өкілдері қатысатын осынау халыкаралық жиынның
көптеген өзекжарды мәселелер төңірегінде көзқарастардың орнығуына,
БАҚ-тардың саяси процестерге ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашып
келе жатқаны сөзсіз.
Мұның, біздер, қазақ журналистері үшін екі жақты пайдасы бар. Ең
алдымен ғаламға аты белгілі аузын айға білеген небір азулы әріптестермен
бетпе-бет дидарласудың сәті түседі. Көптеген түйінді мәселелер
теңірегіндегі: кәсіптік шеберлікке, еларалық, этносаралық, тіпті адами
мәселелерге байланысты пікірлесу үшін ең бір таптырмас кез осы. Мұның
сыртында әріптестеріміз қаламгерлердің ғана емес ғаламның түкпір-
түкпірінен, 40 шақты елінен жиналған 300-ден аса саясаткерлердің
көзқарастар шарпысуына куә болады. Сол қызу пікір сайыстарды сырттай
бағдарлаушы болып қана қоймай, оған тікелей араласады. Ақиқат айтыста
айтылады дейтін болсақ, бұл елеулі фактор екендігі сезсіз. Журналистік
шеберлікті ұстартудың бір мектебі дегеніңіз, міне, осы болады.
Екіншіден, осы медиа-форум жиналғандардың Қазақстанды өз
көзімен көріп, танып білуіне, сөйтіп әлемдік қауымдастықка батыл еніп келе
жатқан жас мемлекет туралы пікір түюіне жағдай жасайтындығы мәлім.
Мұның езі қазақстандық қаламгерлердің әлемдік ақпарат кеңістігінде еркін
ақпарат алмасуына кепілдік болары сөзсіз.
Ал енді осыншама мадақ етіп отырған медиа-форумның жұмысында
тілек етіп айтар мәселелер де жоқ емес. Елімізде тіл үшін, рухани
құндылықгар үшін күрес соңғы онжылдықта бір сәтке де толастаған емес.
Сондықтан да осы медиа-форумның мінбелерінен қазақ журналистерінің сөз
алып, өз тіліміздің бары мен байлығын өзгелерге естіртсе деген пікір де бар.
Сез ыңғайы келгенде атап айтар келесі бір мәселе республика
көлемінде журналистердің шеберлікті шындау мектептерін қайта жаңғырту
жағдайы. Мұны бекер айтып отырғанымыз жоқ. Әңгіме әлемдік ақпарат және
қазақ баспасөзі төңірегінде өрбісе, осындай мектептерде біздің
жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз талданып жатса, біз тек қана пайдаға
шығар едік. Қазір, қараңыздар, демократиялык еркіндік желеуімен баспасөз
тілі деген ауызекі сөйлеу тіліне айналып барады. Тіпті былапыт сөздердің
басылып кетіп жаткан жағдайлары да жоқ емес. Газет-журнал оқырман
тәрбиешісі болса, мәдениет мәйегін беретін шаңырақ болса, оның тілі де
миллиондарды мәдениеттілікке, ізгілікке үндейтін құрал болуы тиіс қой.
Осы ыңғайда ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін өзінің өзекті
тақырыбына айналдыратын аймақтық, республикалық, еңірлік өндірістік
лездемелерді жиі өткізу қажеттігі байқалады. Жаһанданудың жалпылама
мәселелерімен қоса рухани құндылықтарымызға оның тигізер пайда-зияны
хақында әр журналист біліп отыруы қажет.
Мұның бәрі айналып келгенде әр қаламгердін наным-сеніміне,
мемлекетшілдігіне, отаншылдығына, патриотизміне тікелей байланысты. Ал
осынау касиеттер әріптестерімізге бойтұмар болуы үшін оның әлеуметтік-
экономикалық мұқтаждығы ұдайы ескеріліп отыруы тиіс. "Жаһандану деген
жалмауыз келе жатыр!" деп аттандағанмен түк шықпайды. Дүниені
түрлендіретін де, түбегейлі өзгертетін де бұқаралық ақпарат құралдары
екендігін соңғы ширек ғасыр мөлшеріндегі уақиғалар үрдісі дәлелдеп отыр.
Ғаламдық өркениет көшіне ілесемін деген ел әлемдік қауымдастық
дамуының озық үлгілерін өзіне сіңіріп, оның басқыншылық миссиясына
түбейгейлі қарсы тұра алатындай күш дайындап алуы тиіс. Ал ондай күш
журналистер, БАҚ өкіддері екендігін есте шығармағанымыз дұрыс. Бұл
біздің өз бағамызды асырайық деп тұрғандығымыздан емес. Бұл — ақиқат
шындық. Ал ақиқаттан айналып өте алмайтыныныз тағы рас. Тоқсан ауыз
сөздін тобықтай түйіні осы болуға тиіс қой деп ойлаймын.
2005 жыл
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСІ – ҚАЙРАТКЕР
Осы мақаланы жазуға түрткі болған бір себеп белгілі көсемсөзші,
журналист-жазушы Камал Смайыловтың қазақ қаламгерлеріне қатысты ой
орамдары еді. Ол «Қазақ журналисі» деп аталатын шағын мақаласында қазақ
журналистикасының тарихына барлау жасайды, оның өсу, өрлеу, қалыптасу
кезеңдерін жадымызда жаңғыртуға тырысады. Мақалада аға буын
өкілдерінің есімі құрметпен еске алынып, орта буын қаламгерлер еңбегіне
лайықты баға беріледі. Ал кейінгі толқын жас талаптардың кәсіби ізденісіне,
шығармашылық табыстарына барлау жасайды. Дәл осы үрдіс
Т.Қожакеевтың, Н.Омашұлының, А.Сәрсенбаевтың, Ж.Нұсқабайұлының,
Қ.Аллабергеннің еңбектерінен де көрініс тапқан еді.
Бұл, әрине, кеше-бүгін пайда бола қалған жаңалық емес. Өзінің жүріп
өткен жолын талдап-таразылау, өнегелі тәжірибені ортақ игілікке
айналдырсақ деген құлшыныс қазақ баспасөзі тарихын зерттеушілер
мектебінің бұрыннан келе жатқан дәстүрі. Осы игілікті істің бастауында
Қ.Бекхожин, Б.Кенжебаев секілді ғалымдар тұрғаны мәлім. Қуаныштысы
сол, осы дәстүр қазір өзінің лайықты жалғасын тауып отыр. Сөз басында біз
тілге тиек еткен К.Смайыловтың мақаласы осы үрдістегі талпыныстың
нышаны.
Ал бірақ соңғы он жылда, еліміз тәуелсіздік алғалы бергі мерзімде
қазақ журналистикасының болмыс-бітімі қалай өзгерді деген сауал кім-
кімнің де көкейінде. Әріптестеріміз қандай сапалық ерекшеліктерге ие
болды? Тәуелсіз мемлекетіміздің тамыр жаюы жолындағы күресте қазақ
журналистері ақпарат кеңістігінен өзіне лайық орын ала алды ма? Бүгінгі
қазақ журналисі деп кімдерді атаймыз? Қоғамдық пікір оның тыныс-
тіршілігіне қандай өлшем қойып отыр?
Баршаға мәлім, тоқсаныншы жылдардағы елдің қоғамдық-саяси
өміріндегі зор сілкініс, жариялылық пен демократия принциптерінің құлаш
жаюы қазақ баспасөзіндегі жылдар бойы сіресіп қалған сеңді бұзды.
Қоғамдық болмысты жаңаша ой елегінен өткізу, санадағы зор сілкініс ең
әуелі журналистер қауымына ой салды. Сөйтіп олар – баспасөз атаулының
отымен кіріп, күліп шығып жүрген қаламгерлер әулеті бұрынғы таптаурын
тәсілден, ескі сүрлеуден бас тартты. Ендігі жерде «сірескен», «сықиған» газет
шығарудың қажетсіздігін түсінді. Себебі қоғамдық өмірдегі алмағайып,
аласапыран өзгеріс оқырманның талабын да, талғамын да күрт өсіріп
жіберген еді.
Ал журналистер өмірдің өзі ұсынып отырған келелі тақырыптарды,
өзекжарды мәселелерді көтеру керектігін сезінді. Сөйтіп, Арал теңізінің
тағдыры, Семей полигонының зардаптары, жерге меншік мәселесі,
мемлекеттік тіл мәртебесі секілді күрделі мәселелер қазақ баспасөзінің күн
құрғатпай жазар тақырыптарының өзегіне айналды. Жазғанда да оны
біліктілікпен, білімділікпен жазу қажеттігі байқалды. Бұл ретте олар XX
ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералин салған дәстүрге
адалдықты танытуы тиіс болды. Бүгін, міне, сол өткен он жыл шежіресіне
қарап отырсақ қазақ журналистикасындағы дәстүр сабақтастығының
сақталғандығына айқын көз жеткізуге болады.
Ал дәстүр сабақтастығын сақтаудың алтын діңгегі неден көрініс
тапты? Бұл, ең алдымен, мен деп қолына қалам алған қазақ журналисінің
отаншылдық сезімінен, елжандылық рухынан арна тартты. Екіншіден,
қаламгердің белсенді өмірлік позициясы, азаматтық көзқарасы қай мәселені
көтеруде болсын шешуші рол атқарды. Үшіншіден, журналистің Қазақстан
Тәуелсіздігі идеалына адалдығы, сол жолда «арымнан жаным садаға,
жанымнан малым садаға» дей білетін қасиеті оның тұлғасын мүсіндей
түсетін сапалық ерекшеліктер еді.
Міне, осы қасиеттер, осы өлшемдер қуанышқа орай ел тәуелсіздігін
нығайту жолында саяси сайыста журналистеріміздің қалам қайратын
шыңдады, оларды елге мәшһүр етті, абыройын асқақтатты. Сондықтан болуы
керек өмірден ерте кеткен Басқарбек Битановтың, Марат Қабанбаевтың,
Армиял Тасымбековтің тіл, діл, «ақтаңдақ жылдар» тарихы меселелері
жөніндегі өткір мақалаларын оқырман қауым ұмытпайды. Марат Тоқашбаев
пен Аманхан Әлімнің, Жанболат Аупбаев пен Самат Ибраимовтың,
Мейрамбек Төлепбергеновтің, Жұматай Сабыржанұлының, Бейбіт
Қойшыбаевтың, Бауыржан Омаровтың, Жолдасбек Дуанабаевтың, Рақымжан
Отарбаевтың, Әмірхан Меңдекенің, Коммунар Тәбеевтің тарихи тұлғалар
мен мемлекеттігімізді парламентаризмді қалыптастырудың өзекжарды
мәселелері тақырыбындағы ой толғаныстары рухани кеңістігімізді саралап,
сараптауға зор үлес қосқан дүниелер деп атап айтуымыз керек. Журналистер
қоғамдық саяси өмірдегі белгілі бір мәселелер төңірегінде жұртшылық
пікірін қалыптауға, сол қоғамдық қозғалыстардың өн ортасында болуға
тырысты. Қай түйінді шаруаға да болса мемлекеттік көзқарас тұрғысынан
келді. Өйткені, олардың жүрек түкпірінде ата-бабаларымыз ғасырлар бойы
армандаған Тәуелсіздік пен Еркіндікті баянды ете алсақ деген ой жататын.
Ал мемлекетшіл қаламгердің мақсат-мұраты қашан да биік екендігін
уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Осы арада енді қазақ журналисінің қайраткер дәрежесіне көтерілуіне
не әсер етті деген сауал туындайды. Оның мәнісі мынада. Ілгеріде, еліміз
тәуелсіздік алғанға дейін журналистер партияпық моноидеология қалыбынан
шыға алмады. Мемлекеттік құпия сақталуы керек деген себеппен
журналистердің көкейде жүрген көп мәселені иін қандыра жазуына
мүмкіндік
берілмеді.
Қиялдың
қанаты
қырқылып,
құлшыныс
тұмшықтырылды. Қаламгердің қоғамдық-саяси оқиғаларға өзіндік
көзқарасын білдіруі, қоғамдық пікір қалыптастыруға деген ұмтылысы артық
мәселе деп есептелді. Ақиқат шындықтан гөрі болған жағдаятты боямалап
көрсету басымырақ болды.
Осының бәрі айналып келгенде журналистің шығармашылық
ізденісіне кері әсер етпей қойған жоқ. Елімізде қаншама жерден жариялылық
желкен көтеріп, демократиялық принциптердің бұлақ көзі ашыла бастады
дегенмен жоғарыда аталған керенау құбылысты сылып тастау үшін
құқықтық-заңдық іргетас қалау керек еді. Сондықтанда, міне, 1995 жылы 6
қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының,
1997 жылы шілде айында қабылданған «Қазақстан Республикасында
Ұлтаралық қатынастарды жазып көрсетудегі журналистік этика кодексінің»,
1991 жылы 28 маусымда қабылданған «Баспасөз және басқа бұқаралық
ақпарат құралдары туралы» заңның және 1999 жылы 23 шілдеде қабылданған
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының мәні ерекше болды.
Бұл құжаттарда қаламгердің жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік
беретін оның құқын белгілейтін баптар айқындалды. Айталық, Қазақстан
Респубпикасы Конституциясының 20 бабында азаматтардың «Сөз бен
шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынды»
деп атап көрсетілсе, ал «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 5-
тарауының 20-бабы бойынша журналиске: «ақпаратты іздестіруді жүзеге
асыруға., сұрауға, алуға және таратуға; мемлекеттік органдарға, барлық
меншік нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзінің қызмет бабындағы
міндеттерді жүзеге асыруға баайланысты олардың лауазымды адамдарының
қабылдануында болуға, жабық шара өткізу туралы шешім қабылданғаннан
басқа жағдайда өзін тіркеген орган өткізетін барлық шараларға қатысуға»
құқық берілді.
Мұның сыртында осы заңда журналистің мемлекеттік құпиялық
сыпаты бар үзінділерінен тыс өзі қажет деп тапқан құжаттармен,
материалдармен танысуына; олардың дұрыстығын тексеруге, редакциялық
түзетуден соң өзі күмән келтірген материалға қол қоюдан бас тартуына
болатыны да атап керсетілді.
Осының бәрі сайып келгенде қаламгердің уақыт рухына сай, дәуір
үнімен үндес материалдар дайындауына, өзінің шығармашылық мүмкіндігін
бар қырымен ашып көрсетуіне жол ашты. Сондықтанда онжылдық сарғайған
газет тігінділерін қарап отырып жоғарыда атап өткен әріптестеріміздің
қаламынан туған, ой толғамдарды, мақалаларды оқырман жадына салуды
парыз көреміз.
Басқарбек Битанов қаламының желі бар, саяси оқиғалардың сыпатын
дөп басатын ақмылтық журналист еді. Себебі ол тамаша дәстүрі бар, қазақ
баспасөзін қалыптастырушылар ордасы саналатын «Егемен Қазақстан»,
«Жетісу» секілді үлкен басылымдарда жұмыс істеп, сынақтан өтті. Тәжірибе
жинақтады. Ал республикалық «Халық кеңесі» газеті ашылғанда оның
жауапты хатшылығына шақырылды. Осы басылымда Басқарбектің талантты
сатирик, қарымды көсемсөзші ретіндегі мүмкіндігі жарқырап көріне бастап
еді. Амал не, сұм тағдыр оны арамыздан ерте алып кетті. Бірақ оның артында
мұралары қалды.
Еліміз егемендік алып, мемлекеттік құрылыстың барлық саласында
кезек күттірмес мәселелер қолға алынды. Соның бірі әскер жасақтау,
еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту болатын. Міне, осынау өзекжарды
мәселені біліктілікпен жазып, мамандардың назарын аудартқандардың бірі де
Б.Битанов еді. Оның «Халық кеңесі» газетінде жарияланған «Қазақстанның
қорғаныс қабілеті қандай?» деген мақаласы кім-кімге де ой салған-ды. Ол
әскеріміздің материалдық техникалық мүмкіндігін арттырумен бірге, ең
алдымен, жас сарбаздар бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиет
қалыптастыруға айырықша назар аудару керектігіне тоқталған.
Шымбайға батса да шындықты айту, кемшілігімізді өзіміз қолға алмай
өзгеге иек артудың қажетсіздігін ол қай мақаласында да ескерте білді.
Сондықтанда, міне, нарықтық қатынастармен қоса келген жағымсыз
құбылысты қайтсек жоямыз деген мәселені жиі көтеріп отырды. «Қазақтан
қайыршы шықты» деген мақаласында ел арасында жайлай бастаған осы бір
кеселмен қайтсек күресеміз деген сауалға жауап іздеді.
Дәуір талабына, демократиялық жаңғырулар рухына сай үн қосқан
қаламгерлердің бірі Марат Қабанбай болатын. 0 баста оқырман қауымға
жазушы ретінде танылған ол замана ағымын дөп басып, журналистиканың
жауынгер жанрларына білек сыбана кірісті. Оның қаламынан туған ойлы
мақалалар, көсемсөздік желілер өз оқырманын баурап отырды. Журналист,
әсіресе тіл тағдырының келешегі, бүгінгі қазақ оқырмандарының қоғамдағы
орны, рушылдық пен жікшілдіктің залалы төңірегінде ой толғады Онысы
қарапайым оқырман тарапынан үнемі үндестік тудырып отырды. Айталық,
«Ханнан да, қарадан да жоғары ана тіліміздің күні не болады?». «Бұл зиялы –
қай зиялы. Қазақ интеллигенциясы бар ма, өзі?», «Талант тас жарады... бас
жаруы да ықтимал», «Маймылдың бізге керексіз қоңыраулы құйрығы» деп
аталатын мақалалары айтар ойының өткірлігімен ерекшеленеді.
Армиял Тасымбеков пен Бейбіт Қойшыбаев еліміз тарихындағы
«ақтаңдақ жылдар», соның құрбандары туралы мақалалар жазды. Әсіресе
А.Тасымбековтің «Өркен» және «Қазақ әдебиеті» газеттеріндегі АЛЖИР
тұтқындары туралы, олардың кейінгі тағдырлары жөніндегі ой-толғамдары
оқырмандардың әлі есінде.
Тақырыбымызға өзек болып отырған жылдары қалам қайратымен
көпшілікті баурап алған журналистердің алдыңғы сапынан Марат
Тоқашбаевтың, Самат Ибраимовтың, Мейрамбек Төлепбергеновтердің есімін
айтуға болар еді. М.Тоқашбаевтың «Өктемдікті заңдастыру емес пе?»,
«Ушықтыру», С.Ибраимовтың «Алмағайып кезеңде абдырамасақ болғаны»,
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», М.Төлепбергеновтің «Қырсық шалған
шешімнің ақыры», «Ақпарат ашаршылығынан кім құтқарады?», «Желімше
ұйысқан жалғандық» деп аталатын мақалалары мемлекеттік мүдде
тұрғысынан ой өрбітуімен құнды. Марат Тоқашбаевтың тілге тиек болып
отырған мақалаларының алғашқысында бұрынғы КСРО көлемінде өтетін
референдумға байланысты өз пікірін білдіріп, мұның өзі жамалған орталық
болып шығатынына оқырман көзін жеткізуге тырысады. Ал мұндай кесімді
пікір айту, тоталитарлық жүйенің сырқатын дөп басу, сол уақыт өлшемімен
қарағанда, үлкен ерлік еді, азаматтық позициясы айқындалған қаламгердің
ірілігі болатын. М.Тоқашбаев екінші мақаласында Орал қаласынан шыға
бастаған «Казачьи вестник» деп аталатын жолбике газеттің түпкі пиғылын
жария етті. Ел бірлігіне сызат түсіретін мұндай басылымдардан әлеуметті
сақтандырды. С.Ибраимов пен М.Төлепбергенов Қазақстан кәсіби
парламентаризмінің құрылу, қалыптасу кезеңдерінің проблемаларын саралап,
салмақтауға тырысты. Біле білген кісіге егемендіктің елең-алаңында болды.
Қат-қабат оқиғаларға байланысты алмағайып түскен қоғамдық пікірдің ұлт
мүддесі арнасында өрбуіне ықпал етті.
Ал осының бәрі қаламгерлік әдеп, мәдениет сақталғанда ғана
өзжемісін беретінін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Себебі, ұстаз
ғалымдарымыздың өзі: «... кезінде журналистерге шынайы этика, эстетика
сабақтарын да өте алғанымыз жоқ, оның өзін қасаңдау маркстік-лениндік
этика-эстетикамен алмастырдық» деп мойындауы көп нәрсені аңғартса керек.
Кейбір әріптестеріміздің бойында қаламгерлік ұстамдылықтың жетіспей
жататыны, мұның өзі тұрмыстық кикілжіңнен бастап ұлтаралық
қатынастарды ушықтыруға негіз болатыны тәжірибеде кездесіп қалып жүр.
Сондықтан да республикамыздың бірнеше басылымының бас редакторлары
қол қойған «Қазақстан Республикасында Ұлтаралық қатынастарды жазып
көрсетудегі журналистік этика кодексі» қабылданып, онда қаламгер міндеті
былай деп атап көрсетілді: «Нәсілдік және ұлттық араздықты өршітетін
саяси, идеологиялық және насихаттық шараларға тиым салу; азаматтық
жауапкершілік, мемлекеттік үйлестілік және қазақстандық патриотизм
сезімінің қалыптасуына жағдай жасау».
Қазақ журналисі, міне, осы талап тұрғысынан көрінуге тырысты,
өйткені, ол мемлекетшілдік рухты бойына сіңіре білді.
Сөйте тұра, қазақ журналисінің «арқалағаны алтын, жегені тікен»
(Ш.Мұртаза) еді. Ұлт рухын ұлығылайтын қаламгердің сырттағы сәні
салтанатты болғанымен, іштегі мәні мәз емес-ті. Өзіне тиесілі қаламақыдан
қағылып, айлап жалақы ала алмай, табан ақы, маңдай терінің қайтарымын
көре алмай жүрген кездері де аз болмаған. Қысқасы, бұл кезеңде журналист
тұрмысының әлеуметтік мұқтажы шегіне жеткен еді. Бірақ соған қарамастан
қазақ журналисі аш құрсақ жүрсе де ешкімге алақан жайып бармады. Өз
биігінен аласармады. Жолбике газетсымақтардың ықпалына еріп, өз еліне
топырақ шашпады. Екі оттың ортасында жүрді. Жанкешті ғұмыр кешті. Ал
мұның бәріне әйтеуір бір тоқтам болмай қоймайтыны анық сезілген. Сөйтіп
оқырмандарын Тәуелсіздік идеалына сендіре беруден танбаған бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерін бетпе-бет келген қиыншылықтан құтқарудың
жолы қарастырылды. Баспасезді құрылымдық жағынан реформалау керек
болды. Нәтижесінде, міне, уақыт рухына сай Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тікелей
қолдауымен «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Үйғұр авази» газеттерінің,
«Ақиқат», «Жұлдыз», «Жалын», «Простор», «Мысль» журналдарының басын
біріктіріп, есеп-шоты мен қаржысы бір орталыққа бағындырылған «Қазақ
газеттері» жабық акционерлік қоғамы құрылды. Еліміздің егемендігі
жолындағы саяси күреске сүбелі үлес қосып, талай жылдар рухани
құндылығымыздың алтын діңгегіне айналған осы газет-журналдарды
нарықты экономиканың жойдасыз тәлкегінен сақтап қалу, жабық
акционерлік қоғамы арқылы оларға екінші тыныс ашудың осылайша нық
қадамы жасалды. Бұл шешім өзінің өміршеңдігін танытып үлгірді. Жабық
акционерлік қоғамының құрамына кіргеннен кейін газет-журналдар ұжымы
қаржы тауқыметінен құтылды. Еңсе көтере бастады. Ең бастысы, олар
шаруашылық-қаржы мәселелеріне бас ауыртпай, бірыңғай таза
шығармашылық жұмыспен айналысуға зор мүмкіндік алды.
Қоғам құрамына кіргеннен бастап газет-журналдар тақырыптық
жағынан бірін-бірі қайталаудан арылды. Бұрын бұл басылымдардың қай-
қайсысы да бір тақырыпты шиырлап, бірін-бірі қайталап жаза беретін. Қазір
«Қазақ әдебиеті» газеті мәдениет, әдебиет мәселесін, «Ана тілі» газеті
мемлекеттік тіл, қоғамдық саяси мәселелерді, «Ақиқат» журналы теориялық
ғылыми тұжырымдамалық мәселелерді, «Жұлдыз», «Простор» журналдары
әдеби, мәдени шығармашылық, руханият мәселелерін жазумен айналысады.
Олар осы тақырып аясынан ауытқымауы үшін жабық акционерлік
қоғамының басқармасында газет-журналдардың жылдық жоспары
талқыланғанында бұл қағида қатаң басшылыққа алынады.
Газет-журналдарды келесі жылға қаржыландыру алдында олар
министрлікте арнайы тендерден өтетіні белгілі. Бұл – мемлекеттік саясатты
ақпараттық құралдарда насихаттауға бөлінген қаржыға ие болу жолындағы
байқау – сын деген сөз. Негізінен, оны жеңіп алу үшін қоғамға қарасты 7
редакция ұжымы жыл сайын мемлекеттік саясатты насихаттауға арналған
өздерінің арнайы бағдарламасын жасайды. Ол әуелі редакцияларда
талқыланып, содан кейін «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының
директорлар Кеңесінде, министрліктің тиісті департаментінде сарапқа
салынады. Газет-журналдардың өз бағдарламасының қай тұсы әлсіз, оған
қандай ой-идея, тақырыптарды қосу қажет, соның бәрін ашып көрсетіп,
бағыт-бағдар беріледі. Осылайша, акционерлік қоғамға қарасты газет-
журналдардың шығармашылық қызметін жандандыру қолға алынды. Ал бұл
басылымдардың басты нысанасы мемлекетшілдік мұратқа адалдық. Қазақ
журналисі осы жолда өзінің шын шығармашылық шеберлігін көрсете
бастады деп ой түюге болады.
Республика Президенті Н.Назарбаев журналистермен, бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, олармен ой белісіп тұруды дәстүрге
айналдырған. Сондай кездесулердің бірінде билік басында жүрген кісілердің
назарын аударып: «Газеттер мен журналдарға арқа сүйеместен өз саясатыңды
қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін.
Егер ең бұқарашыл саяси мінберден айырылсақ жұртты өз іс-әрекетіміз
туралы, аймақтардың даму перспективасы туралы, мәселені шешудегі
көзқарастар туралы қалайша хабардар етпекпіз,
... Сіздердің аймақтардың тыныс-тіршілігі республикалық баспасөздің
бетінде толыққанды көрінуін қалайтын болсаңыздар, олардың өздеріндегі
тілшілер қосындарына көбірек көңіл бөліп, редакциялармен тығыз
байланыста болыңыздар» деген еді.
Осы сөз, осы пікір іс басында отырған азаматтардың ұдайы есте ұстар,
қатеріне түйер мәселе болуға тиіс. Есесіне Қазақстан журналисін
қанаттандыратын да, қабырғалы істерге жетектейтін де осындай орамды ой,
орнықты әңгіме!
2001
Достарыңызбен бөлісу: |