Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау



бет13/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131
2.2 Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау


Тақырыптың өзектілігі - зерттеу жұмысына қойылатын

негізгі талаптардың бірі.


Өзектілікті талап ету зерттеу жұмысының (ғылыми мақала, ғылыми жоба, диплом жұмысы, диссертация) заманауи үрдістерге сәйкес келіп, қазіргі заманғы өзекті мәселені шешуге бағытталуына саяды.


Зерттеу тақырыбының өзектілігі жұмыста зерттелетін мәселелерді шешудіңғылыми және қолданбалы маңызы туралы ережелерден тұрады. Өзектілік зерттеу жұмысының ғылыми, сонымен қатар қолданбалы мәселесін шешумен тығыз байланысты болады. Мысалы, диссертациялық жұмыстың өзектілігін көрсету үшін ғылымның осы саласында зерттеуді қажет ететін ол қылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өту керек.




Зерттеудің өзектілігін негіздеу - автордың жеке зерттеу еңбегінде көтеріліп отырған мәселені жан-жақгы терең түсінуі мен орындалған жұмыстың сапасы туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін элемент.

Зерттеудің өзектілігін негіздеу кезінде мынадай кезеңдерге тоқталып өтуге болады:








  • аталған мәселенің ресми құжаттарда берілуі;







  • зерттеу мәселесімен байланысты ғылыми мәселелер;




  • мәселенің басқа да ғылымдардың даму ұстанымдарымен байланысын негіздеу;

    • мәселенің қазіргі уақытта өзекті болуының себептері;




    • көтерілген мәселенің ғалымдардың, мамандардың назарын аударатын себептері және бұл мәселенің шешімі тәжірибенің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін;




    • талдауды, қорытуды қажет ететін қолда бар жетістіктер.

Зерттеу мәселесінің өзектілігін негіздеу әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілуі мүмкін. Ең маңыздысы өзектіліктің көпаспектілігін, ізденушінің таңдалған мәселенің өзектілігін түрлі қырынан қарастыратынын ескеру керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет