Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері



бет12/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Динамикалық қатарларды бір негізге келтіру. Егер қатарлардың көрсеткіштері әртектес қоғамдық құбылыстар мен процестерден түратын болса, яғни бір-бірімен салыстыруға келмейтін, әр түрлі өлшем бірліктерімен берілген болса, онда оларды салыстырмалы түрде келтіріп, белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға байланысты қорытынды жасау үшін, нақты (абсолюттік) шамаларды қайта өңдеу арқылы қатардың көрсеткіштерін бір негізге келтіру керек. Мұнда базалық салыстырмалы кезең үшін бір жылдық көрсеткіш 100 процент есебімен алынады, ал қалған жылдар көрсеткіштері осы жылғы өсу қарқыны арқылы есептеледі және оны мына кестеден көруге болады:
8 Кесте – Республика бойынша астық өнімдері мен егістік жер көлемі

Жылдар

Егістік жердің көлемі, млн. га

Жалпы түсім, млн. ц

1990-жылға процентпен

Егістік жердің көлемі, млн.га

Жалпы түсім, млн.ц

1990

23,4

285,0

100,0

100,0

1991

23,1

238,6

98,7

83,7

1992

22,7

221,7

97,0

77,8

1993

22,3

216,0

95,3

75,8

1994

20,7

165,5

88,5

58,1

1995

18,9

96,5

80,8

33,9

Кестедегі берілген көрсеткіштерге талдау жасай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Кейінгі жылдар республика бойынша егістік жер көлемімен бірге жалпы түсімнің көлемі де біртіндеп азаюда. Бірақ, жалпы түсімнің кему дәрежесі егістік жер көлеміне қарағанда өте жоғары. Мысалы, 1995-жылғы егістік жер көлемі 1990-жылмен салыстырғанда 19,2%, ал жалпы түсім 66,1% азайғандығын көруге болады.


Сол сияқты халық шаруашылығы салаларын немесе облыстардың әр түрлі көрсеткіштерін бір негізге келтіру арқылы олардың экономикалық дамуын немесе кемуін анықтауга болады. Сонымен, статистикалық талдауда қатарларды бір негізге келтіру әдісі әртектес құбылыстарды салыстыруға арналған жалғыз ғана тәсіл болып саналады және іс жүзінде кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет