Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері



бет11/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Орташа өсім қарқыны. Бұл көрсеткішті есептеу үшін орташа өсу қарқынының көрсеткішінен 1 (бірді) немесе 100 (жүзді) шегерсе жеткілікті:
Δк = Кө - 1 немесе Δв - Өқ - 100,
Δө - немесе Δк - орташа өсім қарқыны немесе коэффициент есебімен.
Демек, 1990-1995 жылдар ішінде республика бойынша көмір өндіру жылына орташа есеппен 0,013 есе немесе 1,3% өсіп отырған.
Сонымен, қатардың бұл көрсеткіштері қоғамдық қүбылыстардың орташа даму немесе кему процестерін толық түрінде сипаттауға, талдауға мүмкіндік береді және олар болашаққа бағдарлама жасау үшін қолданылады.
ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫ ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштері даму немесе кему дәрежесіне қарай әрқашанда белгілі бір уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Бірақ, олардың дұрыс өзгеру зандылықтарын уақыт бойынша зерттеу, өзара байланыстылықтарын анықтау үшін және сол көрсеткіштерге өндеу, талдау жүмыстарын жүргізу үшін түрлі статистикалық есептеу тәсілдері қолданылады. Енді солардың ішіндегі ең негізгілерін қарастырайық:
Біртектес қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдау. Бүл тәсілді қолдану кезінде біртектес қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштерінің өзгергендігі көрсетіледі. Мұндағы көрсетілген көрсеткіштер өзінің мағынасы жағынан және уақыт мерзімдері бойынша өр түрлі экономикалық-әкімшілік аумақтарда, облыстарда, аудандарда болған құбылыстардың қалай, қаншалықты өзгергендігін салыстыру арқылы сипаттайды және қысқаша қорытынды жасауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштер нақты және қатысты шамамен көрсетіледі. Бұған мысал ретінде 7-кестенің көрсеткіштерін келтірейік:
7-кесте Ақтөбе және Ақмола облыстары бойынша халық шаруашылық салаларындағы жұмысбасты мамандардың саны, мың адам

Жылдар



Ақтөбе



Ақмола



Ақмоланы
Ақтөбе облысымен салыстырғанда, %

Нақты өсім

Өсу қарқыны, %

Ақтөбе

Ақмола

Ақтөбе

Ақмола

1980

54,4

79,6

146,3













1985

69,3

97,4

140,5

14,9

17,5

127,4

122,4

1990

78,7

106,3

135,1

9,4

8,9

113,6

109,1

1995

87,8

112,6

128,2

9,0

6,3

111,6

105,9

Кестедегі берілген көрсеткіштерді салыстыра отырып, мынадай қорытынды жасауга болады: Ақмола облысындағы жұмысбасты мамандардың саны Ақтөбе обльтсымен салыстырранда өте жоғары. Бірақ, Ақтөбе облысында жұмысбасты мамандардың сандық көрсеткіштерінің аз болуына қарамастан, өсу қарқынының жоғарылауына байланысты кейінгі жылдары бұл айырмашылық бірте-бірте кеміп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет