Дінтану негіздері



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата27.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#129883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Ежелгі Мысыр құдайлары 
Мысырлықтардың 
құдайы 
бізге 
табыттар 
мен 
храмдардың 
қабырғасындағы жазбалар және жартылай жануар - жартылай адам түріндегі 
мүсіндер арқылы белгілі. Көптеген құдайлар табиғаттың алапат күштерін 
бейнеледі. Аспанда биік ұшқан сұңқарлар аспан мен айдың символын берсе, ал 
Себек құдай – қолтырайын (крокодил) су және нилдық жануарлар құдайы 
болды.
Негізгі құдайлармен қоса маңызы төменірек құдайлар да мысырлықтарда 
көп болды. Түрлі қасиеттерімен ерекшеленген мемлекет қайраткерлері де құдай 
сияқты құрметтелді.Фараонға да «Ұлы құдай» ретінде табынды. 
Ежелгі мысырлықтарда қасиетті діни мәтін болған жоқ. Олар өздерінің 
діни көзқарастарын әр түрлі мифтер арқылы жеткізген. Әсіресе әлемнің пайда 
болуы туралы мифтер өте көп. Мысырлықтардың ойынша ең бастапқыда Нун 
мұқиты болған, одан биік төбе пайда болып, сол жерде тіршілік пайда болған. 
Мифтармен қоса Құдайларға арналған дұғалар мен гимндер, «Пирамидалар 
мәтіндері», «Саркофагтар мәтіні», «Өлілер кітабы», «О дүниеде бар нәрсе 
туралы кітап», магиялық мәтіндер» болған. 


14 
Мысырлықтардың о дүниедегі өмірге сенгендіктерін табыттарда 
салынған суреттерден көруге болады. О дүниелік өмір осы дүниедегі өмірден 
айырмасы болмаған. Алғашында патша Ра құдайының қолдауымен о дүниеде 
өмір сүреді деп есептелді, кейіннен патшаның өмірі Осирис құдайымен 
баланыстырылды. Осирис өзінің қызғаншақ бауыры шөл құдайы Сеттің 
қолынан өлген. Әйелі Исида мен ұлы Гордың арқасында о дүниелік өмірдің 
патшасы болып, өлімнен кейінгі өмірдің символына айналған.
Мысырлықтар үшін адам денесі осы өмірде қалады да жан (Ба) ұшып 
кетеді, ал рух (Ка) дененің формасында болады.
Ежелгі Мысырдың негізгі құдайларының бірі Амон – құдайлардың 
патшасы, фараондардың қорғаушысы, кейінен күн құдайы Рамен теңестірілген. 
Анибус – өлгендердің қорғаушысы, Гор – Құдай – сұңқар аспан мен 
күнмен байланысты, патшалық биліктің қорғаушысы, Исида – су, жел құдайы, 
жұбайлардың сенімдігінің символы, Тот – ай құдайы, ғылымдардың 
қорғаушысы, жазуды ойлап табушы, Хатор – аспан, махаббат, және би құдайы, 
жұлдыздардың ғашығы, Хнум – құдайларды, адамдарды және суды жасаушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет