Диплом жұмыс Тақырыбы: Бүтін сандар жиынында теңдеулерді шешу. Орындаған: Нысанова Эльмира



бет24/34
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#13377
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Көжектер

Қалың ала боталы даламен келе жатқан аңшы бала екі інге тап болады. Топыраққа түскен ізге қарап жас аңшы екеуі де қоян іні екенін бірден біледі. Еңкейіп ін аузына кезек-кезек құлақ тосады.

Әр нәрсені білуге құмар бала әуелі бірінші інге, одан соң екіншісіне құлаштап қол сұғып, көжектерді санап шығады. Екі іннің оң жақтағысының көжектері көбірек, ал сол жақтағысынікі азырақ екен. «Енелері білер ме екен, әлде білмес пе екен?»-деп, ол көжек сандарын өзгерткісі келді.
«Көбін көбейтіңкіреп қояйын»- деп, бала сол жақтағы індегі бір көжекті оң жақтағы інге салады. Енді оң жақтағы көжектер саны сол жақтағысынан үш есе көбейіп кетеді. «Қой, мұнымды біліп қояр, одан да екі іннің көжектерін теңестіріп кетейін»-деп бала оң жақтағы інге салған көжекке тағы бір көжек қосып, сол жақтағы інге салады.

Бала үйіне келген соң, мұны шешесіне айтады.



- Бәрі қанша көжек?-деп сұрайды шешесі. -Әуелі әр інде қанша көжектен жатты екен?

Шешуі: Оң жақтағы көжектер санын деп, сол жақтағы көжектер санын арқылы белгілейік. Сонда келесі теңдеулер жүйесін аламыз:



Бұл теңдеулер жүйесін шешсек, , екендігі шығады.

Жауабы: Оң жақтағы інде бес көжек, сол жақтағы інде үш көжек болған. Барлық көжектер саны сегіз.



Тазы мен түлкі

Жапан далада бір жігіт аң аулап жүреді. Ойда жоқ жерде бір шеңгел түбінен қызғылт түлкі ытқи жөнеледі. Аңшының алғыр тазысы оны бірнеше арқан бойы жерден қуып береді.

Зымырап қашқан түлкі арқан бойы жерге жеткенде, тазы оның қашқан орнына келеді. Жан сауғалап түлкі тағы сонша жерге ұзағанда тазы оны қуып жетіп, бас салады.

Аңшы ауылға келіп, достарына түлкіні қалай ұстағанын қыздырмалатып әңгімелейді. Тазысын мақтайды.

- Түлкі шеңгел түбінен бастап, ұсталғанға дейін қанша арқан бойы жерге қашты екен?-деп сұрайды достарының біреуі.

- Түлкіні қойшы, тазы қанша арқан бойы қуғанын айтсайшы,-дейді екіншісі.

- Тазы түлкіден неше есе жүйрік болды екен?-деп үшінші адам саусақтарын санайды. –Арқан бойы жердің төтелігі бар ғой, төтесін айтсайшы.

Тазы түлкіден неше есе жүйрік? Ол түлкіні неше арқан бойы жерден қуып жеткен?



Шешуі: Барлығы жиырма төрт арқан бойы жер бар. Түлкінің қашқан жолын деп, тазының қуған жолын деп алайық. Сонда



теңдеулер жүйесін шешсек, , шығады.

Жауабы: Тазы түлкіден екі есе жүйрік. Ал түлкі барлығы он екі арқан бойы жерге дейін қашып барған. Олай болса, тазы түлкіні жиырма төрт арқан бойы жерге дейін қуған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет