Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері



бет18/21
Дата29.03.2023
өлшемі388,5 Kb.
#77103
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Сабақтың тақырыбы. Ауызекі сөйлеу стилі (оның ауызша, жазбаша формаларының өзіндік ерекшеліктерін таныту).
Сабақтың мақсаты. Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру, сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндерді ажырата білу, талдай білу. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып, соған байланысты мысалдарды келтіре алу. Сабақтың көрнекілігі. Сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылу түрлеріне жасалған кесте; М.Балакаев, Е.Жанпейісов т.б. "Қазақ тілінің стилистикасы" (қосымша әдебиет); магнитофон үнтаспасына жазылған, радиодан сөйленген сөз үлгісі.
Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа материалды меңгертуге бағытталған жұмыс түрлері. Сөйлеу тілі - адамдардың күнделікті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін құралы. Сөйлеу стилі белгілі бір тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол ауызекі сөйлеуге байланысты жүзеге асады. Ауызекі сөйлеудің өзіндік ерекшелігі - адамдар ойын еркін жеткізеді. Онда күнделікті өмірге байланысты мәселелер айтылады. Сондықтан күнделікті тұрмыста өздерің естіп, қолданып жүрген үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Ауызекі тілдесу кісілердің бетпе-бет қатысуы негізінде жүреді. Мына кестедегі сөйлеу тілі екі түрлі. Мысалдарға назар аударыңдар.
- Денсаулығың қалай?
- Жаман емес.
- Не жаңалықтарың бар? Ауылға барып тұрасың ба?
- Жақында өздері келген. (Сөйлеу тілінен)
- Мылжыңдап барасың, антұрған.
- Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сүрап әкетті. (Ғ. Мұстафин)
Сөйлеу стилінің өзіндік ерекшелігін жасайтын белгілі бір жағдайға байланысты сөйлеу мәнері бар екендігін байқап отырсыздар. Сөйлеу тілінің әртүрлілігімен қоса, олардың лексикалық құрамына назар аударыңдар. Жоғарғы диалогте лексикалық құрам қарапайым сөздерден тұрса, төменгі диалогте тұрпайы сөздерден тұрады. Сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән сөздерге қарапайым сөздер, тұрпайы сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер жататындығын айта келіп, оқушылардың назарын келесі кестеге аудару керек. Мысалдарды оқытып, диалекті және кәсіби сөздерді табу қажет.
- Ояққа сондай жақсы атың барып жатса, бұяқта досың артып жатсын!...
(М. Әуезов).
- Мен бүгін сүген ұстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп түр екен. (Ә. Нүрпейісов)
Күнделікті өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен қолданылатындықтан, ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз (әңгімелесуі, сұхбаттасу);
2) полемикалық (пікірталас) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Ауызекі сөйлеу тілінің түрлеріне жеке-жеке түсініктеме берілген соң жаттығулар орындатылады.
Сабақтың соңында радио мен теледидардан магнитофон үнтаспасынан жазылған ауызекі сөйлеу тілі үлгілерін оқушыларға тыңдата отырып, күнделікті тіршіліктегі ауызекі сөйлеу тілінен гөрі әдеби норманың сақталатындығы, тақырыбы әр түрлі болып келетіндігі талқыланады. Сабақ қорытындыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет