1
2
кітапшадағы белгілер
ﷺ
саллаллаһу алейһи уә сәлләм
Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын
радиаллаху анху
Алла одан разы болсын
3
ي�حرلا نحمرلا لهلا سمب
КІРІСПЕ
Құранда:
«Адам әлсіз болып жаратылған
1
»,
– дейді. Бұл
жердегі әлсіздікті тәпсіршілердің бірі «дене бітімі
тұрғысынан»,
«ерік-қалау
тұрғысынан»,
«нәпсі
құмарлықтарына төтеп беру тұрғысынан» деп түсіндірсе,
енді бірі
«шешім шығару, таңдау жасау тұрғысынан»
деп
тәпсірлейді.
Өйткені,
адам
баласы
ғайыпты
білмегендіктен (шын мәнінде) ненің жақсы, ненің жаман,
ненің пайдалы, ненің зиянды екенін де біле бермейді.
Кейбір нәрселер көзіне жақсы болып көрінгенмен,
болмысы жаман болып шығады, ал енді бірі сырттай
пайдалы сияқты болғанмен, тұла бойы тұнып тұрған
зиян болып шығып жатады.
Сол үшін де Құранда:
«Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің
түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ
ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды
болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер
білмейсіңдер», – деп айтады
2
.
1
«Ниса» сүресі, 28-аят
2
«Бақара» сүресі, 216-аят
4
Бұған бірден-бір мысал Құрандағы Мұса пайғамбар мен
Қыдырдың қиссасы: қайықты тесіп тастады, сол арқылы
қайықты аман сақтап қалды. Баланы өлтіріп тастады,
сол арқылы баланың ата-анасын кәпір болып тозаққа
түсіп кетуден аман алып қалды
3
.
Сол сияқты кейде адам өмірде өзі мүлде жек көретін
істерді басынан өткізіп жатады. Бірақ оған Алла Тағала
оны көптеген жамандықтардан құтқару үшін жіберген
болуы мүмкін немесе көзіне жаман болып көрінгенмен
шындығында қайырлы істер болуы ықтимал. Сондықтан
да сахаба Омар ибн әл-Хаттаб
:
«Басыма жақсы көретін нәрсе келе ме, жек
көретін нәрсе келе ме маған бәрібір. Себебі
мен жақсылықтың жақсы көретін нәрсемде
де ме, жоқ әлде жек көретін нәрсемде ме
екенін білмеймін
4
», – деп айтады екен.
Сондай-ақ табиғин ғұлама Хасан әл-Басри де
(Алла оны
рахымына алсын)
бір сөзінде былай деген екен:
«Бастарыңа келген бәлекеттерді жек
көрмеңдер. Кейде сендер ұнатпайтын
істерде есендіктерің болуы мүмкін, сол
сияқты сендер жақсы көретін істерде
құрыдымдарың болуы мүмкін
5
».
3
Қиссаны толығырақ Құран Кәрімнің қазақша
мағыналарынан оқуға болады. (Мысалы, А.Әкімханов, Н.
Анарбаев аудармасынан)
4
Ибн Мубарак. Зухд
5
Әл-Қуртуби. Әл-Жамиғу ли ахкамил Қуран
5
Міне, осы бір жаратылысында бар әлсіздіктің себебінен
адамдар
Достарыңызбен бөлісу: |