Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Ситуациялық сұрақтардың мазмұны



бет38/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Ситуациялық сұрақтардың мазмұны:

  1. Сізге тәрбиешілерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады?» деген бірінші шағым айтылды. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай «Сен сала алмайсың, істей алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  3. Балаңыз балабақшадағы бір баламен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Тренинг «Аяқталмаған мақал –мәтел»

1.Ата ‑ асқар тау

Ана –( бауырындағы бұлақ)

Бала – ( жағасындағы құрақ)

2.Ұлың өссе,

Ұлы (үлгілімен ауылдас бол. Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол).

3.Бала жас шыбық сияқты, (қалай исең солай иіледі)

4.Бала жақсы болса – ( қуаныш, жаман болса – қиналыс)

5.Ерлі – зайыптылар тату болса – ( үйге береке, араз болса – елге келеке)

6. Анасы қандай болса – (баласы сондай)

7.Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер).

Қорытынды

Мектепке дейінгі ұйым, отбасы және жұртшылық одағы Отанымыздың игілігі үшін әрқашанда еңбек етіп, қоғам дамуының талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде егемендік идеяларын жүзеге асыру үшін мүмкін нәрсенің бәрін пайдалануы қажет

Отбасы әлемі әрқилы, әрқырлы. Ол ата-анаға адам өмірінің күллі қызықтары мен рахаттарын сезінуге мүмкіндік береді, оны санасынан өткізіп, өз баласы арқылы жалғастырады.

Бала – жәй тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ұғынатын, сезіне-тін, өмірлік тәжірибесін өзінше жалпылайтын, өзін қалай ұстауын, болуын таңдайтын адам. Сондықтан оның қандай екенін, неге олай емес былай істеді дегенді түсіну үшін оның өз отбасын қалай қабылдағанын, айналадағы құбылыстарды талдағанын білу керек.



Оның жақсы не жаман тәртібі мадақтап не жазалап отыратын дағды емес оның тұлғалық қатынасы. Ол оның ішкі белсенділігінен туған.

Бала әлемі өте қызықты үлкендердікінен өзге, бірақ одан нашар, жұпыны да емес. Ол үшін отбасын құрған ата-ана өз істеріне жауапкершілікті сезінуі керек. Алайда отбасылық өмір-қызықты серуен емес, қиындықсыз отбасы болмайды. Бір жағынан бұл да жақсы: адам онымен күресе келе өз тұлғасын жетілдіре түседі, өз жақын адамдарымен қатынасы жақсарады.

Өмірге жаңа келген сәби отбасында жеке тұлға бола бастайды. Осы жерде оның өмірге қызығушылығы, қажеттіліктері, мінезі сияқты тұлғалық сапалары қалыптаса бастайды. Отбасында сәбидің бір затқа деген құмарлығы, эстетикалық талғамы пайда болады. Ал, бұл аталған тұлғалық сапалар – оның айналасындағы адамдармен жүргізген қарым-қатынасының нәтижесі. Бала айналасындағылардың қарым-қатынасынсыз тіршілік ете алмайды, оның психикасы отбасы көңіл-күйіне тәуелді.

Отбасы мүшелері бір-бірімен әдепті араласып, түсінісіп, сыйластықта болса, бала тәртібінде сенімділік, мейірімділік, өзге адамдарға деген оптимистік қатынас пайда болады. Ал, керісінше тұйық, бірін-бірі түсінісуге тырыспайтын берекесіз отбасында өскен бала психологиясында мүлде басқа мизантропты жеке белгілері қалыптасады.

Біз, зерттеу жұмысымызда қазақ отбасын, ата-аналар мен мектеп жасына дейінгі бес-жеті жастағы балалардың өзара қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін қарастыруға тырыстық.

Туғаннан мектепке дейінгі аралықта баланың үш түрлі дағдарысты басынан өткізетіні белгілі, ал баланы тәрбиелеуде осы жағдайларды ата-аналар біліп отыруы керек. Әр ата-ана отбасындағы қарым-қатынаста, осы ерекшеліктерді қатаң ескеріп, балаға жеке тұлға ретінде қараса, біздің зерттеулеріміздің ата-аналарға, тәрбиешілерге арналған бағдарламалар жүйесі барынша нәтижелі болмақ.

Ұсыныстар:

- Отбасын әлеуметтену мектебі ретінде қарастыра отырып, ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мақсатында тренингтер, практикалық көрсетулер, оқу практикумдарын жүргізу;

- отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу;

- « Таным » ата – аналар мектебі жұмысының үлгісі жасалды;



- зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептің шағын орталықтарында және балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде, ата-аналарға пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет