Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2021



бет17/36
Дата07.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#19331
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Килыбай

Төменгі деңгей. Жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар ақылы бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыс материалдарына жататын ұғымдарды танып, анықтай алмайды, ықылассыз қарастырады, көріп-білгендерін ажыратып айтып бере алмайды, жеке оқулықтардағы бөлімдер мен ортақ тақырыптар ақылы пәнаралық байланыс материалдарының маңыздылығын жете түсінбейді. Берілген жаттығу мен тапсырмаларды орындауға құлшыныс білдірсе де, жауапкершілік танытпайды, оны мұғалімнің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды.

Зерттеу жұмысы барысында бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мектеп пен өмірді, оқыту мен өмірлік тәжірибені байланыстыруды, жан-жақты дамыту мен толық тәрбие беруде пәнаралық байланыс материалдарының маңыздылығына еліміздегі мектептердің жаңартылған білім мазмұнына көшуде үлкен мән беру бағытымен анықталуда. Жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар арқылы бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыстардың жүргізілу жұмыстары зерттелуі, оның нәтижесінде мектептерде пәнаралық байланыс жұмыстарын ұйымдастырудың кейбір қайшылықтары анықталды: пәнаралық байланыстың оқу-тәрбие үдерісіндегі маңыздылығына қарамастан, пәнаралық байланыс жұмыстарына өз деңгейіне мән берілмейді.


Бірінші кезеңде бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде пәнаралық байланыс материалдарын пайдаланудың деңгейі анықталды. Оқушылардың пәнаралық байланыс негізіндегі білімдері мен түсінік, ұғымдары, оларды қажетті жерде қолдана, пайдалана білу дағдылары бақыланды. Оқушылардың жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар арқылы бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыс жөнінде, яғни қоршаған әлем мен дүниені танудағы ғылыми білімдер негізінде біртұтастық бейне туралы танымдық деңгейі, білімі, түсініктері тексерілді. Мектеп оқушыларының 1,2,3,4-сынып бойынша пәнаралық байланыс ұғымдары туралы жалпы түсініктері бар екендігін айқындадық. Бұл оқушылардың пәнаралық байланыс материалдарын көбірек пайдаланғанын, сынып мұғалімінің оларға оқытуды әртүрлі пән материалдары бойынша жүргізетінін білдіреді. Әсіресе, оқушылардың ортақ бөлімдер мен тақырыптарға негізделген орта және қысқа мерзімді оқу жоспарларының негізінде дұрыс ұйымдастырылған пәнаралық байланыс сабақтарында ғылыми танымдық бағыттағы әрекеттерінің көрсеткіш деңгейінің жақсы екендігін байқадық. Бастауыш білім беру кезеңі оқушыларының сыныптық сатылық деңгейіне қарай мұндай сауаттылық танытулары олардың әрбір сабақ барысындағы мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылған пәнаралық байланыс материалдарын жиі қолданғандығының ықпалы екендігін толық көрсетті. Жоғарыдағы анықтау кезеңіндегі дәйектерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасадық: оқушылар пәнаралық байланыс материалдарын аз біледі, оқушылардың қоршаған ортасындағы өзгерістер мен жаңалықтарға деген ықыласы аз; оқушылармен бақылау, тәжірибе жұмыстары да аз жүргізіледі.

Бұл кесте бойынша пәнаралық байланыс материалдарының пәрменділігі мен ықпалын арттыруда ғылыми негізделген әдістеменің қажеттілігін байқауға болады.

Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мақсатында жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар арқылы бастауыш сынып оқулықтарының оқу материалдары арқылы пәнаралық байланыстың жолдары қарастырылып, құрылымдық-мазмұндық жүйесін педагогикалық тәжірибеде жүзеге асырылды. Осының негізінде, жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар ақылы бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын анықтау мәселесі біздің зерттеулерімізде өзінің өзектілігін негіздеп берді.

Кесте 5. Жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланыс арқылы оқушы тұлғасын дамыту мен ғылыми дүниетанымының қалыптасуындағы анықтау экспериментінің сандық көрсеткіштері



Сурет 9. Жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланыс арқылы оқушы тұлғасын дамыту мен ғылыми дүниетанымының қалыптасуын анықтаудағы экспериментік топ көрсеткіштері ( Кесте 5- бойынша).



Сурет 10. Жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланыс арқылы оқушы тұлғасын дамыту мен ғылыми дүниетанымының қалыптасуын анықтаудағы бақылау тобы топ көрсеткіштері (Кесте 5- бойынша).




Жүргізілген тәжірибелік-экспериметтік жұмыстарда мынадай мәселелер қамтылған: Жаңартылған білім мазмұнындағы бөлімдер мен ортақ тақырыптар арқылы бастауыш сыныптағы сабақтарда пәнаралық байланыс материалдарын пайдалану әдістері мен түрлерінің жүйесі; пәнаралық байланыс материалдары туралы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми түсініктерінің негізін қалау; оқушыларлың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін қолданылатын тиімді әдістер мен жаңашыл тәсілдерді оңтайлы пайдалану.

Жаңартылған білім мазмұнындағы бөлімдер мен ортақ тақырыптар арқылы жүргізілген тәжіриберік-экспериметтік жұмыстарда жасалған қосымшаның міндеттері былай айқындалады: жаңартылған білім мазмұнындағы бөлімдер мен ортақ тақырыптар ақылы сабақтарында пәнаралық байланыс материалдарын пайдалану оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызды факторының бірі болуы қажет; табиғатты, қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын көркем, эмоционалды - көңіл-күй сарайының көтеріңкі сезімімен қабылдап, терең сезінуге, қабылдауға үйрету; оқушыларлың эстетикалық талғамын, көркем шығармашылығын күшейту; әртүрлі пәндер жүйесінен алынған білімдерін өмірде, өмірлік тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру; пәнаралық байланыс материалдарын жан-жақты түсіну және оларды сабақтарда пайдалануға үйрету; оқушылардың қызығушылықтарын, шығармашылығын, танымдық әдістерін дамыту; оқушылардың ақыл-ойы, қарым-қатынас, пәнаралық іскерліктерінің артуын, қоршаған ортамен көркем қатынас жасауын қамтамасыз ету.

Зерттеу барысында жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар жүйесінде, мәселен, 1.«Тіл және әдебиет», 2.«Математика және АКТ», 3.«Жаратылыстану», 4.«Адам және қоғам», 5.«Өнер», 6. Дене шынықтыру – циклдерінің топтамалық пәндерінен алынған пәнаралық материалдар мен оларды қолдану формалары көрсетіледі. Сонымен бірге, пәнаралық байланыс материалдарын оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері сараланып, анықталады. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар негізінде пәнаралық байланыста оқушылардың ғылыми түсініктерінің қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет