Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2021



бет21/36
Дата07.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#19331
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Килыбай

ҚОСЫМША Д

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Әдебиеттік оқу

Ортақ тақырып: Жанды табиғат

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні: Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Күн шыққанда» І.Жансүгіров.

Оқу мақсаты

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет (сценарий)

түрінде ұсыну


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлең мазмұнын түсінеді;

Көптеген оқушылар: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді түсініп оқи алады;

Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде көрсетеді.

Бағалау критерийлері

  • өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды;

  • өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

  • өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Өлең мазмұны туралы өз ойын айта алады. Өлең бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Мақал-мәтелдерді түсінеді, өлең жолдарына сәйкес сурет салады.



Пәнге тән лексика мен терминология:

Шырт ұйқы, масайрап, қарағым, ашасың көзді сабақтан.



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Білімді кітаптан аламыз, себебі...

  • Білімді адам мыңды жығады, өйткені ол:

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыттау, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау

көрсету арқылы жүзеге асырамын.



Пән аралық байланыс

дүниетану, көркем еңбек, жаратылыстау, қазақ тілі. Берілген өлең мазмұнына сәйкес сурет салуы көркем еңбек пәнімен байланыс пайда болады. Қорытынды ой айтылған өлең жолын тауып жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс

пайда болады.



АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнетаспа...............................

Бастапқы білім

Оқушылар білім туралы мәліметтер біледі, өлең жанрының ерекшелігін, ұйқасқа құрылатынын біледі.

Өлеңді дауыстап оқи алады.



Сабақ барысы

Сабақтың Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


4 мин

Психологиялық ахуал

«Ашық күн»

Нұсқау: Ортаға шығып шеңбер жасап тұрыңыздар. Түн деген кезде бір-бірлеріңіздің иықтарыңызға басыңызды түйістіріп ұйықтаңыздар. Әтештің дауысы естілгенде ұйқыдан оянасыздар. Сағаттың шырылы естілгенде терезеге қарайсыздар. Шыққан күнге қарап күлесіздер, қолдарыңызды үш рет шапалақтайсыздар, орындарыңыздан үш рет секіресіздер.

Күн Түн Таң

Кеш деп

жазылған қима қағаздар





«Жарқырап төбеден нұрын төгіп тұрамын» демекші, алдарыңыздағы таңғы табиғаттың күйі жазылған қима қағаздарды алу арқылы 4 топқа бөлінеміз. (сөздер жазылған қима қағаздар төңкеріліп тұрады)

1 топ – Күн 2 топ – Түн 3 топ – Таң 4 топ – Кеш

Оқушылар таңдап алған сөздері туралы өз ойларын көркем сөздермен суреттеп айтады.

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет