Дипломдық ЖҰмыс 6B02203 «Теология»


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет4/8
Дата11.06.2022
өлшемі2,85 Mb.
#36692
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Т.Куспанов

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдағы халқымыздың қилыда қиын тағдырын діни ахуалын бейнелеуге зор ықпал жасаған «Зар-заман» ағымының аса ірі өкілдері Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Мұрат Мөңкеұлының Әбубәкір Кердерінің шығармашылық мұралары тарихи шындықтан алшақ, теріс бұрмаланып түсіндіріліп, қоғамдық ойымызда, тарихымызда өзінің тиісті бағасын алған жоқ. Әсіресе дін туралы айтқан толғаулары кең ауқымда зерттеуді талап ететін сүбелі мәселелері баршылық. Отарлық езгідегі халқымыздың рухани өміріне қиын соққы жасаған Ресейден келген келімсектер ислам дінін жоққа шығарып халықтың арасында алауыздық әрекеттері елді тірідей қорлаумен тең болды. Әлеметтік ахуал ғана емес діни рухани қысым көрген халық тығырыққа тіреліп қиын ахуалды бастан кешірді. Сол өмір сүрген дәуірді «зар-заман» деп бейнелеген Зар-заман ақындары Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Мұрат Мөңкеұлының Әбубәкір Кердерінің шерлі шығармашылық мұраларымен жастарды таныстырып, объективті бағалау, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жастарын ақын жыраулардың толғау, арнау, өсиет жыр айтыс түріндегі шығармаларымен мазмұны терең, тәлім-тәрбиесі мол, өзіндік діни рухани бағытта тәрбиелеу үшін аса қажеттілік танытып отыр. Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде Дулат шығармашылығы мен өмірі туралы мол мәліметтер келтіріліп, тұшымды талдаулар жасалды. Қ.Раевтың «Дулат тағылымы мен сын-зерттеулер» атты кітабында Дулат шығармашылығы ғылыми жағынан зерделенді. Т. Шапай «Абай мен Дулат. Шын жүрек – бір жүрек»- атты еңбегінде Абай мен Дулаттың өлеңдері арасындағы үндестікке тоқталады. Т.Қожакеев «Дулат – сатирик»,- атты кітабында Дулат Бабатайұлының сатиралық шығармаларын қарастырады. Дулат пен Абай шығармаларын салыстыра отырып талдаған еңбек З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» еңбегі. Дулат шығармаларының тәлімдік жақтарына назар аударған еңбек М.Жармұхамедұлының Дулат Бабатайұлы. Шығармалары мен тағылымы атты кітабы, отаршылдықтың салқыны көрші жатқан қырғыз елін де айналып өтпеді, қазақ ақындарымен қатар қырғыз ақындары да осы тақырыпты қозғады. Екі елдің сол дәуірдегі шығармаларын салыстыра қараған Б.Омарұлының «Екі елге ортақ зар заман отаршылдыққа қарсы бас көтерген қырғыз, қазақ ақындарының жырлары талданады. «Зар заман поэзиясы»Алматы: Білім, 2002, Қ.Өмірәлиев. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілін қарастырады. Қ.Раевтың «Ұлағат». Деген атпен мақалалары, зерттеулері, эсселері берілген. Э.Пертаева Дулат Бабатайұлының ақындығы. өзінің ғылыми еңбегінің нысаны етіп алған М.Н.Бекбосыновтың «Д.Бабатайұлы және Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы әдеби сарын. фил. ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 2004. –150 б. сияқты бірқатар ғалымдардың еңбектерін ауыз толтырып айтуға болады. Шортанбай шығармашылығының ғылыми зерттелуі. Қ.Жұмалиевтың құрастыруымен «Қазақ әдебиеті» С.Мұқанов. «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» 1-бөлім. Ы.Дүйсенбаев. «Шортанбай Қанайұлы. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, 1-кітап М.Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 15-том Мәдібаева Қ. Зар заман ағымы және Шортанбай мұрасы Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы Шортанбай Қанайұлы. Қайран халқым. Сонымен қатар Әбубәкірдің әдеби мұрасы» Әбубәкір мұрасын жан-жақты зерттеп зерделеді. Мұрат шығармалары ғалымдар тарапынан көптеп зерттелді. Ақын шығармалары туралы құнды пікірлер айтылып жүр. Әдеби орта оң бағасын берген төмендегі зерттеулерді беріп отырмыз. Атап айтқанда:М.Әуезов.Әдебиет тарихы. (Алматы: Ана тілі, 1991), Х. Досмұхамедұлы. Аламан. Алматы: Ана тілі, 1991, Ы.Дүйсенбаев. ғасырлар сыры. Алматы: Жазушы, 1970, Қ.Жұмағалиев.Қазақ әдебиеті. Алматы: ҚМББ,1943, Қ.Мәдібай. зар заман ағымы. Алматы:Қазақ университеті, 1995, С.Мұқанов. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 1-бөлім. Алматы: ҚМББ, 1942, Х.Сүйіншәлиев. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы: Ана тілі,1992, Б.Омарұлы. Мұрат Мөңкеұлы Алматы: Крамдс-Пресс, 1993, Б.Омарұлы. Бұғауға бағынбаған жырлар. Алматы: Ана тілі, 1998, Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы. Алматы: Білім, 2000ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет