Дипломдық ЖҰмыс 6B02203 «Теология»


ЗАР-ЗАМАН ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ-ТОЛҒАНЫСТАРЫНДАҒЫ ТЕОЛОГИЗМ



бет7/8
Дата11.06.2022
өлшемі2,85 Mb.
#36692
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
2 ЗАР-ЗАМАН ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ-ТОЛҒАНЫСТАРЫНДАҒЫ ТЕОЛОГИЗМ
2.1. Шортанбай ақынның діни философиясы мен онтологиясы.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Ол діни қайраткер ақын. Ол жастық шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. Қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданында дүние салған.


4-сурет. Зар Шортанбай Қанайұлы.

Жалпы қазақ әдебиетінің тарихында «Зар заман ақындары» деп аталуын Мұхтар Әуезов өзінің еңбегінде былайша түсіндірген: «Зар заман деген – ХІХ ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық [21,192б.].





Ақын

Туған Жері

Шығармалары

Шығармаларының мағыналары

Шортанбай Қанайұлы

Оңтүстік Қазақстан

Зар-Заман,
Билер, пара жемеңдер,
Қисса Шортанбай,
Бала зары

Ақын шығармаларында елінің мемлекеттік жүйенің тәуелсіздіктін ағып кетіп бара жатқаның зарлаған, отарлық саясаттын зардабын жырлаған.

1-кесте
ХІХ ғасырдың аяқ шенінен бастап Шортанбайдың әдебиет тарихындағы орны айғақтала бастады. Қазақ әдебиетінің ғылыми сипаттамасын жасаушы В.В. Радлов Шортанбай толғауларын тұңғыш жинаушы, әрі бастырушы. Ол Шортанбайдың «Зар заман» мен «Заман ақыр» тәрізді ғибрат өлеңдер Ертістің шығысында дала қазақтарының моллалары шығарған қолтума туындылар [31,19б.],»-деп баға берген. Радлов әдебиет туралы тоқтамдарында ел жағдайын, ислам дінінің мәселесін қамти отырады. Кейінде Шортанбайға діншіл, діни деген атақтың ажырамастай болып жабысуының бір ұшы Радлов мәліметтерін ұшқарылау қабылдап, соған сүйене сөйлеуде жатқан сияқты [30,4б.]. Өкінішке орай кеңестік дәуірде тарихшы ғалым профессорлар Шортанбай ақынның дінді насихаттаған жырларына толық талдау жүргізіліп әділ бағасы берілмеді. Соның бірі Сәйділ Талжанов Шортанбай Қ. Шығармалары атты кітапта ақынның ескіліктің армандайтын, сондай-ақ ақынның біраз шығармаларын сынға алып, оның қоғам әлеуметтік теңсіздік мәселесі емес, діннің көктеушісі ретінде қарастырады. Ол:«Шортанбайдың қара басынан ғана туған нәрсе емес, ол әр заманда, әр елде болған діншілдік пессимизм, мистикаға берілу, «ақыр заман жақындап келеді» деген түсініктен туған кертартпа ағым. Жалғыз қазақ емес Россия империясындағы мұсылман атаулыны қанаушы діншіл, үстем ортасынан орын тепкен, арғы түбі Қожахмет Ясауидің белгілі «Диуани Хикмәтіне» апарып соғатын ағым. Бір қазақ емес, сол кездегі көршілес елдердің әдебиеттерінен де осындай сарынды біз жиі кездестіреміз. Осылардың түпкі тамыры бір екендігінде және бұлардың қай халықтың болсын даму жолында кедергі ағым, халыққа жат сана екендігінде сөз жоқ. Осындай ақыр заман заршысы болып ел азды, заман тозды деп бейбалам салған ақындарға данышпан Абай қарсы шығады, ол өзінің «Ғақлият-Тасдиқат» деген қара сөзінде және бір топ өлеңдерінде жаңағыдай ақындардың елдікке жат құнарсыз сана, кенеусіз сөз үгіттерін қатты шенейді. Ясауи, Шортанбайдың түп сарыны дүниеден безушілік, соқыр фанатизмге апарып соғады [30,216-217б.]. Алайда біз Шортанбайдың «Зар-заман», «Келер заман», «Бір насихат айтайын» атты толғауларында-азаттықты, бостандықты сүйген өр мінезді халқымыздың отаршылдық бұғауына шырматылып жатқан кездегі ауыр ахуалының бейнесі суреттелгенін көреміз. Сонымен қоса жоғарыдағы ескіліктің сүрлеуімен діни фанатизм өкілдерінде сынағанын жырларынан байқаймыз.
Қожа-молда көбейіп,
Отырғаны шөмейіп.
Жамандығы ішінде
Жан-жағына қарасып.
Оларды да келемеждеп жек көрсетеді. Байын да, чиновнигін де, қожа-молдасын да аямай сынағанын көруге болады. бұл жырларынан Шортанбайдың ескіліктің сарқыты діни фанатизм өкілдерінде сынаушы өресі биік, ұлт руханиятының жоқтаушысы біз ойлағаннан да терең пайымдарға тұлға екендігін көрсетеді. Рухани келбетінен айырыла бастаған қазақ халқының тап сол ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдағы шынайы қалпын Шортанбай сол кезде-ақ былайша дәл суреттеген:
Мынау азған заманда
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты
Қайыры жоқ бай шықты.! [30,344б.].
Жоғарыда жыр сарындардың бірі ақырзамандық сарын деген деген болатынбыз. Жалпы қасиетті мәтіндерде ақырзаманның нақты орнар уақыты ғайып болған соң оның заманның азғандығын да ақырзаман деп атайды. Шортанбай өзі өмір сүрген қоғамдағы сорақы құбылыстардың себебін дінге селкеу түсе бастағанынан, құдайды ұмытқандықтан деп ұқты. Мұның бәрі ақырзаманның белгісі, Алланың жіберген зауалы деп топшылады. Ендеше, «Қилы-қилы заман болар, кәпірмен аралас ауыл қонар»,-деген сарынмен жырлаған зар заман ақындарының отаршылдықтың. әсерінен қауіптеніп, қазақтың өнегелі ұлы мен қызының өз қалпынан ажырап қалуынан - шошынғаны, осы жөнсіздіктердің барлығын ақырзамандық үреймен байланыстыруы бекерден бекер емес. Шортанбай осылай торыққанымен, үлкен мен кішінің, әке мен баланың арасындағы дәстүрлі сыйластықты жоққа шығарғысы келмейді. замананың алуан түрлі зауалдарын санамалай отырып, үлкенге уәжін, кішіге ақылын айтады [32,245б.].
Шортанбай ақынның ақырзаман туралы негізгі ой-пікірлерінің арыдан бастау алатындығы әдебиет тарихынан белгілі. Ахмет Иүгнеки XІІ ғасырда «ақырзаман» болатынына өзінше пайымдау жасап, бұзылған заман емес адам, адамды тәрбиелесе заман орнына келеді, сондықтан адам өзгеруі керек деген болатын:
Діндар кісі қойды дінді, амалды,
Ғалым билеп, көңілді әнге сап алды.
Таза жүрген жол таба алмай торығып,
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер [35,50б.].
-сурет Архив Шортанбай Қанайұлы фотосы отбасымен 1818-1881 жылдар.
Бұл дәстүр Дулат пен Шортанбайдың замандастары Мұрат Мөңкеұлы. Әбубәкір Кердері, Албан Асан сияқты зар заман әдебиетінің негізгі өкілдерінің шығармашылығында да занды жалғасын тапты. Олар да Ресей отаршылығымен бірге келе жатқан зобалаңды ақыр заманның бастауы деп қабылдады. Мұраттың «Адыра қалғыр заманның, мен жаратпаймын сүреңін», Әбубәкірдің «Алланың өзі сақтасын, Бұл секілді керімнен», Албан Асанның «Ақырзаман болғаны, Мінекей енді шын болды», -деп күйзелуінің себебі де еркіндігінен айырылған ұлттың дінсізденуінен шошынған елінің ертеңін ойлап «ұйқы беріп, қайғы алған» ақындардың жанайқайы еді. Ақырзаман белгілерін хадистерде заманның азғандығы десе, бұлда Шортанбай ақынның жырларында ғибадатты тәрк етіп күнәлі істерге барғандығын көрсетеді:
Шошқаның етін қақтаған,
Құбылаға бақпаған.
Атасының жанындай,
Арақты ас қып сақтаған [30,345б.].
Жалпы құран кәрімде етін жеуге болмайтын түр ретінде тыйым салынған жануар тек осы доңыз ғана. Ол туралы: «Алла сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың етін харам қылды. Ал кімде-кім (басына аштан өлу қауіпі төнгендіктен) осы аталғандарды жеуге мәжбүр болса, онда өзгенің ақысын жемеу және зәрулік (яғни жүрек жалғарлық) мөлшерден асырмау шартымен жесе, күнә арқаламайды. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді) [8,26б.]. Демек ислам дініндегі ашық тиым салынып харам саналған доңыз етінің ел арасында пайдалып жеу бастауы діннің үкімдерінен безіп халықтың адаса бастағаны ақынның назарын қалыс қалдыра алмады.
Өлеңнің екінші жолында құбылаға бақпаған деп келтіреді. Намаздың сыртқы және ішкі парыздары бар соның бірі «Құбылаға бет бұру». Намазды құбылаға қарап оқу намаздың шарты болып есептеледі. Мұсылмандардың құбыласы – Меккедегі қасиетті саналған Қағба шәриф [33,134б.]. Ислам дініндегі тиым салынған нәрселер(харам) жалпы құран кәрімдегі мына аятымен:«Ендеше, уа, адамдар! (Алла сендер үшін жер бетін тіршілікке жайлы тұрақ етті, олай болса) жердегі барлық нығметтердің адал, тазасынан (әрі денсаулыққа пайдалысынан) жеп-ішіңдер. (Кәпір көсемдер мен оларға ергендерді тынбай азғырушы) әзәзіл шайтанның басқан ізімен жүрмеңдер. Шүбәсіз, ол – сендерге анық дұшпан» [8,25б.].аятында «Уа адамдар!»-деп басталатын аятты ғалымдар жалпы адамзатқа меңзегендігін айтады. Соның ішінде егер жер бетінде таза халал өнімдерден жемесе адам ағзасына зияндылығын, тиым салынған заттардың ішімдіктің зиянды заттар екендігін, адамның табиғатына зиян болғандықтан харам етілгендігін байқауға болады. Демек Орыс отаршылдығы келуімен бірге доңыз етін жеу, арақ ішу сынды харам істер халық арасына дендей бастағанын көруге болады.
«Шортанбайдың зар замандарының үлгі көп сарыны Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметіне» ұқсайды. Сондағы сияқты Шортанбай да өз тұсындағы өзгеріс, жаңалықтардың - барлығын «ақырзаман нышаны» -деп көрсетеді [34,55б.]. Расында да Иассауидің:
Ақыр заман келер кезде ақыл кетер,
Адамзат азуласар малдан бетер,
Дүние үшін иман жанын сатып кетер,
Даналарға осы сөзді айтқым келеді [26, 138б.], – осы мәндегі хикмет жолдарының мазмұны зар заман ақындарының өлеңдерінің негізі болды деп айта аламыз. Халық ауызындағы «Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады» деген қанатты сөзді бекер айтылмаса керек. Орыс отаршылығымен бірге келе жатқан дінсіздікті, елдің рухының азғындауын алдын-ала сезген сол замандағы көреген ақындардың ашы зарының дәл бүгінгі қоғамда да осылай көрініс табуы жаратылыстың табиғи заңдылығының нәтижесі деп қабылдауымыз керек. Дінде қайырсыз, зекетсіз жиылған көп мал о дүниеде адамды жылан мен шаян болып шағады деген түсінік бар. Шортанбай:
Артқы қалған заманға,
Қиямет қайым таянды.
Қайырсыздың көп малы
Жылан менен шаян-ды [30,85б.],- деп ескертеді. Сол кездегі қазақ жұртының аузы дуалысы саналған, елдің сорпа бетіне атығарлары Тобықты Құнанбай, Шорманұлы Мұса, Қуандық Қоңыр, т.б. сияқтыларға өсиет сәлем жолдайды. Оларды дәулеті суалмай тұрғанда кем-кетікке көмектесіп, зекет беруге, малының барында ақыретін ұмытпай Меккеге қажылыққа баруға үндейді. Мәселен, Шорманұлы Мұсаға:
Дұғай сәлем айтыңыз,
Шорман ұлы Мұсаға!
Дәулеттің барында –
Қорқынышты жер алдында,
Тәубесіз өтіп кетпесін
Бес күндік жалған қызыққа.
Дұғай сәлем айтайын
Қуандықта Қоңырға! [30,148б.].
Жалпы Ислам дегенде оның бес парызы еске түседі. Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі с.ғ.с.: «Ислам діні бес нәрсеге негізделген. Олар: Алладан басқа тәңірдің жоқтығына куәлік келтіру, Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айының оразасын ұстау»,– деп айтты» – делінген [18,439]. Жалпы ислам ғибадат құлшылықтар денемен мал мүлікпен орындайтын дене және мал-мүлікпен орныдайтын құлшылықтар болып бөлінеді. Намаз орза секілді ғибадат денемен, ал зекет беру мал-мүлкінен, ал қажылық дене және мал-мүлкінен бөліп беріп орындайды. Шортанбай жырларында осы ғибадаттарды қамтып өткен.
-сурет Архив фотосы колонизация, жиналу аланы
Зар заман ақындары тек іріп-шіріген феодалдық қоғамды еткір сынымен түйреп немесе қаралайым халықтың әлеуметтік жағдайын тілге тиек етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар жалпы жамағатты бірлікке, имандылыққа шақыра білді. Олардың таудан аққан тасқындай жырлары кестелі образбен теңеулер, басқа да айшықты көркемдік тәсілдерге байлығымен қатар терең идеясымен де ерекшеленді. Тапқыр теңіздей сондықтан зар заман ақындарының қалдырған жәдігерлері ешқашан құнын жоймақ емес.

2.2. Мұрат Мөңкеұлы мен Әбубәкір Кердерінің діни танымдық ұстанымдары



Әр дәуір өзінің қайталанбас тұлғаларын өмірге әкеледі. Сол тұлғаларға қоғамдағы тарихи орнына, атқарған еңбегіне орай әрқилы баға беріледі. Кейінгі ұрпақ оларды тарихтағы орны, жұртшылықтың көзқарасы арқылы танып біледі. «Адамның өз тәжірбиесі жүріп өткен жолы. Ол жолдың жаман-жақсы жағы көз алдында сайрап тұр. Істегеннен көрген артық. Бірақ, бұл әркімнің өз тәжірибесі қанша қымбат болғанымен, қатесіз жол деуге болмайды» – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, жеке адамның өмірдегі жолы өзіне тайға таңба басқандай анық болғанымен, оның орнын замандастарының, кейінгі ұрпақтың бағалауының жөні бөлек. Ал егер ол жұртшылыққа белгілі тұлға болса, оның біржақты бағаланбай, тарихтағы шынайы бейнесін табуы күрделірек мәселе.
Қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры зар заман кезеңінде ғұмыры таңдырлас болды. Оның белгілі өкілдері Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, тағы басқалар. XIX ғасырдағы қазақ өміріне тəн барлық құбылыстарды зар-заман ақындары аяусыз сынады. Империялық пиғылдардың жүзеге асуына қарсылық қозғалысы зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясы қазақ халқының шұрайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты әрекеттеріне қарсы болды. 1870 жж. жаңа низам заңы қолданылып, əрі ел аштыққа ұрынып, оязной, болыс, ауылнайлар билей бастағанда Шортанбай: «Зар, зар заман, зар заман, Зарлап өткен бір заман» деп күңіренген сияқты жырларында үндестік бар.
Мөңкеұлы Мұрат 1843 ж. Қазақстанның Батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған Беріш елінде дүниеге келген. Пайғамбар жасына келгенде (1906 ж.) Индер ауданының Өрлік ауылының Қараағаш деген жерінде өмірден озып, Жарсуат ауылы маңына жерленгені белгілі болып отыр. Мұраттың əкесі Мөңкенің атақты би болғаны айтылады. Ол Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі болған [37,125б.].
7-сурет Зар заман ақыны Мұрат мөңкеұлы

2-кесте. Зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлы



Ақын

Туған Жері

Шығармалары

Шығармаларының мағыналары

Мұрат Мөңкеұлы

Қазақстан Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы

Қазтуған,
Үш қиян,
Сарыарқа,
Әттең қапы дүние-ай

Халықтың басына келген ауыртпалықты жырлады, отарлау саясатының зардабын айтты,
Кедей адамдардың хандарға көңілдері болмауынын айқын көрсетті

Кеңес билігі Мұрат тақырыбына жа­қындап кеткен талап­керлердің соңы­нан шам алып түсіп, қудалап, аяусыз жа­залады. Ақын мұрасына ықылас та­ныт­­қандардың бірі Әлішер Тоқ­мағам­бетовтің ізденісіне тұсау салынды. Басқа мұраттанушылардың да жағдайы мүшкіл болды. Бауыржан Омарұлы бас­пасөзде жарық көрген бір мақаласында Абай атындағы Алматы мемлекеттік уни­вер­ситетінің профессоры, жазушы Нығмет Ғабдуллиннің аузынан естіген мынандай бір жантүршігерлік оқиғаны тілге тиек етіпті. «Елуінші жылдарда әй­гілі әдебиетші Қажым Жұмалиевті бір күнде ұстап әкетті. Бізді, филология фа­культетінің студенттерін сабақтан босатып, топырлатып, сотқа алып барды. Тер­геуші Қажекеңнен бәріміздің көзімізше жауап алды. Сол кездегі баршаға танымал қаламгерлердің біразы сот залына куәгер болып келді. «Қажым Жұмалиевтың Мұрат Мөңкеұлының қоғам үшін зиянды өлеңдерін елдің көзінше оқығаны рас па?» деген сұраққа олардың бірі: «Оқыды» деп жауап берді. Екіншісі: «Мен мас бо­лып ұйықтап қалыппын, білмедім», деп тайқып кетті. Тек партизан жазушы Жұ­мағали Саин ғана: «Ол оқыған жоқ», деп қасарысып тұрып алды. Көп ұзамай Қа­жым аға 25 жылды арқалап кете барды. Біз соны көрдік, қарағым…».


Әрине, мұндай сұмдық жазалаулардан соң Мұрат шығармаларының жоқ­тау­шысы болып, ер-тұрманын түген­деуге кімдердің дәті шыдап, батылы ж­ете қояр дейсің. Бірақ қызыл импе­рия­ның қабағынан қар жауған қаһарынан қай­мықпай ұлы ақынымыздың «әр сөзінің тасасында асылы» (Жұмекен) жат­қан мұрасын зерттеуге тәуекел етіп, жабық тақырыптың сандығын ашып, ұл­тымыздың қалғып кеткен рухын оятудан қорықпағандардың әдебиет тарихында болғаны шындық. Мұратбек Бөжеев филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін жазған диссертациясының бүтін бір тарауын Мұрат Мөңкеұлына арнапты. Ысқақ Дүйсенбаев «Ғасырлар сыры» атты монографиясына «Мұрат Мөң­кеұлы» деген бөлім енгізді. Ал Мұхтар Ма­ғауиннің 1978 жылы Мұраттың «Үш қиян» толғауының аудармасын Ленинград қаласынан шыққан «Поэты Казахстана» атты антологияға енгізіп жібергені үлкен ерлік болды.
Жылымықтың жылы лебі ескен алпысыншы жылдарға дейін де Мұраттың ерлік пен елдікті жырлаған туындылары мүйізі қарағайдай ғалымдарымыздың назарынан тыс қалған жоқ. Жыр сүлейінің алғашқы зерттеушісі – Алаштың ардақты перзенті Халел Досмұхамедұлы болды. Аяулы ағамыздың 1924 жылы Ташкент қа­ласынан «Мұрат ақынның сөздері» атты кітапты бас­тырып шығарғанын көп жұрт біле бермеуі де мүмкін. Кітапты шы­ғарып қана қоймай, алғысөзін де жазып, ақиық ақынымыздың туынды­ларында ұшырасатын кісі есімдері мен жер-су аттарына түсініктеме беріп, мұрат­танудың іргетасын қалап кеткен де – Халел Досмұхамедұлы екенін ұмытуға болмайды. Қауіпті тақырыпқа көзін салған басқа ғалымдар да бар. Бұл туралы мағлұматтар мен деректердің бәрі Бауыржан Омарұлы докторлық диссертациясында егжей-тегжейлі баяндалған.

Өз шығармашылығында Мұрат Мөңкеұлы [36,148-149б.]:


Замана қайтіп түзелсін:
Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды,
Көрген жұртқа таң болды.
Азамат ердің баласы,
Айдарына малы жоқ,
Топ көрерге зар болды.
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша
Қатарға шығып, нар болды-деп жырлаған зар заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі — Мұрат Мөңкеұлы болды.


-сурет
Архив фотосы орыс шаруалары жер өндеуде
Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылыққа толы күрделі тұлға саналған ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. «Ескі ақындардың өмірбаянын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай бола-мыз. Әрбір дәуірдің сондайлық бір-бір белгісі болса, «темір аяқ тебендей» болатын көмескі, күңгірт, ертегі заманның ұзақ сапарында қадам басып, жылжи беруге болады» [44, 40б.].
– деген Мұхтар Әуезовтің пікіріне сүйенсек, Мұрат ақынның шығармаларын өзі өмір сүрген қоғамнан бөліп қараудың жөні жоқ. Ол өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі ел ішіндегі ахуалды, халықтың басына түскен ауыртпалықты жырға қосты, жұртының жағдайын ойлап, қабырғасы қайысты. Ахмет Байтұрсыновтың: «Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне са-лып толғай алуында» [45,213 б.], – деп тұжырымдағаны сияқты Мұрат та қара басын күйттеген ақын емес, халықтың үні мен елдің мұңын жеткізуші болды.
«Зар заман деген – XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман ақындары» деген ат қойдық» [45,213 б.], – деп М.Әуезов сипаттама жасаған кезеңнің белді өкілдерінің бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасіретті торығу сарынымен жырлады. Әсіресе, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы өмір сүрген кезең – Ресейдің отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағы еді. Бұл кезде патша өкіметі жаңаша реформалар жасап, қазақ жеріне орыс шаруалары көптеп қоныс аударып жатты. Ел билеудің жүйесіне өзгеріс енгізіліп, халықтық салт-дәстүрлердің жолы кесілді. 1868 жылы шыққан «Жаңа низам» заңының жүзеге асырыла бастауы дала қазақтарын зорлық пен зомбылыққа ұшыратты. Бұл кезең туралы С.Мұқанов бы-лай деп жазды: «Жер отарлаудың мәнісі: қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып, жиілетіп, орыс шаруа поселкаларын орнату, қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп, жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айрылған соң мал өсе ме?), қазақты кедейлендіру, содан кейін, аздырып-тоздырып, ұлттығын, елдігін жою» [45,214 б]. Міне, нақ осы саясат отарлаушылардың қазақ жерінің бар байлығын алып, түгін тартса май шығатын өлкені армансыз пайдалануына себепкер болды. Күні кеше ғана ұланғайыр территорияға үстемдік еткен орталықтың ұстанған бағыты да осыған орайлас еді. Мұраттың 11-12 жастағы кезі болса керек. Шаруасы келіскен жақын ағайынның бірі оны ауа жайылып кеткен бір үйір қысырағын айдап ке-луге жұмсайды. «Тауып келсең, бір тай мінгіземін» деп үміттендіреді. Бірнеше күннен кейін Мұрат «Жылқыны таба алмадым» деп қайтып келеді. Бұрыннан да шаруаға қыры шамалы балаға ағасы: «Әй, сен сорлы, бұл қырсығыңмен кедейліктен көз ашпассың-ау. Мен енді сен баладан күдер үздім» деп зекиді. Сонда бала Мұрат:
Аға-еке, бұл баладан күдер үзбе,
Одан да мінгізетін тайыңды ізде.
Иншалла, ырыздықтан кенде болман,
Келіппін дүниеге қоңыр күзде.
Кесірін қысырықтың айғырдан көр,
Үйірін қайырмаған сылбырдан көр.
Баланы қуантқаннан кемімессің,
Құдайым, қабыл етсін, ақымды бер, –

депті. Міне, осындай деректер Мұрат өмірбаянының көмескілеген тұстарын мейлінше айқындай түседі.


Мұраттай сөз зергерінің ақындық қабілеті, тек-тағайы қайдан бастау алған деген ой оның әкесі туралы мәліметтерге көбірек ден қоюымызға жетеледі. Ақын өмірін біршама зерттеген ғалымдардың бірі Ханғали Сүйіншәлиев «XIX ғасыр әдебиеті» атты кітабында: «Әкесі Мөңке – өз еліне аты мәлім дәулетті адам. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі» [45,223б.].


-сурет Мұрат Мөңкеұлының кесенесі

Замана туралы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жайында көкейкесті ойларын, өкініші мен күдігін, арманы мен үмітін Мұрат жырау өз дастанында былайша тебірене толғап, төгіле жырлаған:


Заманнан заман оралған,
Дүние шіркін соны алған.
Адыра қалғыр бұл қоныс,
Қайырсыз екен озалдан.
Қайырсыз неге десеңіз,
Асан қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс —
Қалған екен солардан.
Біз де бір сондай болармыз,
Артық па едік олардан?!

Көшпелілер жерді кие тұтқан. Көшпелі ұғымында жер жансыз табиғи құбылыс жай ғана аумақ емес. Ол — жанды бейне. Жанды болғанда қасиетті бейне — «Жер-Ана» келбетінде көрініс табады. Мұраттың толғауында туған жер ұғымы үштағандық тұтастық арқылы аңғартылады:


Еділдің бойы — қанды қиян,


Жайықтың бойы – майлы қиян,
Маңғыстау бойы — шаңды қиян,
Адыра қалғыр үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт кетіп, жол салған.
Жеті жұрттың кеткен жер,
Қайырсыз болған неткен жер?
Адыра қалғыр көк Жайық,
Көпір салып өткен жер,
Асан қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс,
Шораның шұбап кеткен жер.

Сырт елден қауіп-қатер төнбесе, ел дəулеті өркендейді. Жер-Ана бар байлығын жайып салып, жайлаған ел барлық қызығын көреді. Сондай құнарлы, жайлы қоныс Еділ мен Жайық, Маңғыстау өлкесі болғанды:


Тұлпар мініп, ту алған,


Дұспанын көріп қуанған,
Алмасын қанға суарған,
Аруақты ерлердің
Абыройын төккен жер,
Керегесін кескен жер,
Кесіп, бұршақ еткен жер.
Ердің соңы Исатай
Бармағын тістеп өткен жер.
Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Қонып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дəулеті қалың біткен жер.
Аузы түкті кəуірдің,
Басы шоқты қалмақтың
Қанын судай төккен жер.
Алма мойын аруын
Ерлерім олжа еткен жер...

Жер құнарлығына қызыққан қазақ елі бейқам жатып, тез байып, дəулеті асып кетіп еді. Жертқұнарлығы ел байлығы болып, ырысын молайтқан сайын, оның бейқамдығы да арта түсті. Сырт жауын қызықтырды:

Адыра қалғыр көк Жайық!
Садағын сала байланып,
Астана жұртын айналып,
Ерлерім енсеп желген жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Ақтылы қойдың өрген жер.
Шалқыған дəулет мол бітіп,
Қызығын жұртым көрген жер.
Емендей белін бүгілтіп,
Жібектей жалын төгілтіп,
Еріні төмен салынған, -деп жырлайды.
Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығында «үш» санымен өрнектелген тіркестер жеткілікті. Ақын айтар ойын үштіктің бірлігіне орайластыруға бейім тұрады. Ол отарлаушылардың алдында кесе-көлденең жатқан үш өзенді жайлаған үш мекенді жауды жақындатпайтын қалқан көреді. Бұл үштіктің іргесі сөгілсе, елдің күйі қашқаны деп санайды:

Еділді тартып алғаны —


Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны —
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны —
Ойдағысы болғаны.
Маңқыстаудың үш түбек
Оны дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қонысың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны —
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Замананы тағы да
Бір қырсықтың шалғаны!
«Үш қиян»ды осылай тұжырымдайды.

Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығының бүгінгі жəне келер ұрпақ үшін қажеттілігі өте зор. Ең алдымен, ақынның өлең-жырларын зейін қойып оқи отырып, ел мен жер тарихынан мол мағлұмат алуға болатындығында. Мұрат шығармашылығының біз үшін тағы бір құндылығы ақынның көркем тілі, оның тілі əдебиетімізге негіз болған ел əдебиетінің тілі. Өткен тарихтан білетініміз, «Тіл, əдебиет институтының қызметіндегі өрескел қателіктер туралы» дейтін 1947 ж. атышулы Қаулыдан кейін бір шоғыр саңлақтар қатарында Мұрат ақынның шығармаларын да ауызға алу қылмыс саналғаны белгілі. Өмір шындығын бұлтартпай айтып, отаршылдық озбырлығына ашық қарсы шығып, бұрынғы «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» қазақы бейбіт, аңғал да албырт өмірді көбірек дəріптегені үшін Кеңес кезеңі оған «зар заманның кертартпа ақыны» деп айдар тағып, атын тұмшалап келді. Бірақ та түн-түнектің артынан жарқыраған күн шықпайтын ба еді?! Тарих қойнауында көміліп жатқан «таза, мінсіз, асыл сөздерді» егемендік лебі «толқытып шығарды». Қ. Сыдиықов, Б. Қорқытов, Ғ. Əнес, А. Мектеп, Ш. Керім, М. Құлкенов сынды еңбектерінің нəтижесінде Мұрат ақынның жыр жинағы бірнеше дүркін баспа бетін көрді. Халық дəн риза боп, сусаған рухын суарды. Əйтсе де, бабалар аманаттаған асыл дүниелерді іздеп тауып, туған халқына табыстау дейтін абыройлы міндет-борыш қазақ барда алдағы уақытта да тоқтамақ емес. Және де Мұрат өлеңінен ел бірлігінің берекесі қашқанын, бітімгерлік бəтуаның бұзылғанын көреміз. Екіге жарылуды ақын екі адамның ұстасуы түрінде бейнелейді:


Адамның азған белгісі:


Екі кісі дауласса,
Тату бол деп айтпайды.
Екі айырып арасын,
Арасынан пара алған.
Мұсылманның баласы
Қашуды қойды арамнан.
Заманның бұзылуына байланысты ендігі адамдарда қайыр, шапағат, салауат деген қалмай
барады. Ар, ұят, иман, адамгершілік жоғалып, жабайыланып барамыз деген пікірлерін жырлайды
ақын:
Шапағат, қайыр қалмады
Жақын-жуық, жараннан.
Атқа мінген жігітте
Қалмады нəрсе қарардан,
Қайыр кетіп қазаннан,
Қуат кетіп азаннан.
Ақынның тұжырымы бойынша, адамның азуы заманға емес, керісінше, заманның азуы адамға байланысты. Адамның азған белгісін сипаттаған жырау «заман азды» ұғымына басқаша көзқарас танытады:
Бəйіт еттім бұ сөзді
Қайғы шегіп заманнан.
Заман азып не қылсын —
Ай орнынан туады,
Күн орнынан шығады,
Мұның бəрі адамнан.
Кемеңгер жырау дастанның соңында сұмпайы заманның бейнесін өте дəл береді. Ақын өзге жұрттың əдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды жəне болашақтан түңіледі:

Мен хауіп еткеннен айтамын:


Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!
«Үш қиян» дастаны — Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол жырау тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды [46].

Әбубәкір Кердері (1861-1905) жылы Қазіргі Батыс Қазақстан Облысы Теректі ауданы Жайық маңы Теректі деген жерде дүниеге келді. Мұсылманшылық-имандылық жол деп насихаттаған адам құлқының бұзылуына қарсы болған ақындардың бірі және көрнекті тұлға Әбубәкір, Кердері еді. Ол Кете Жүсіп сияқты руына қарап Кердері атанып кеткен Кіші жүздегі Жетіру тайпасының Кердері руынан тарайды. Ауыл молдасынан сауаттанғаннан кейін Орынбор, Тройцкідегі мектеп, медреселерді бітірген. Одан кейін Орал, Ақтөбе, Орск, Орынбор, маңында бала оқытады.


-сурет Зар заман ақыны Әбубәкір Кердері. [45; 1]
Әбубәкір шығармалары «Әдебиет қазақия» деген атпен екі рет 1902 ж., 1905 ж. Қазан каласында Кәрімовтер баспаханасында басылған. Өлең-толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, имандылык, Әдет-ғұрып, мінез туралы жырлаған. Халықтың тұрмысы, хал-жағдайы ақынды көп ойландырған. Патша үкіметінің тepic пиғылын «Қазағым», «Заманнын, халіне айтқан сөздерім, «Заманның; опасыз халіне айтқаны» атты өлеңдерінде әшкерелеген. Ақын жырларында адалдыққа, отансүйгіштікке, ғылым, еңбекке, имандылыққа шақырады.
Заманның опасыз xәліне айтқаны

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет