Дипломдық ЖҰмыс 6B02203 «Теология»


Зерттеудің нысаны мен пәні



бет5/8
Дата11.06.2022
өлшемі2,85 Mb.
#36692
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Т.Куспанов

Зерттеудің нысаны мен пәні. Қазақ діни дүниетанымындағы ақын жыраулардың толғамдары діни дүниетанымы қазақ қоғамына қосқан рухани үлесі. Зар-заман ақындарының шығармашылыған діни мәтіндермен салыстыра отырып саралау.
Жұмыстың мақсаты: Зар-заман ақындарының шығармашылығымен еңбектерін қоғамдағы діни ахуалмен байланыстыра отырып, ғылыми-теологиялық тұрғыда кешенді түрде зерттеу және ғылыми талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру.


Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы дәстүрлі ислам бағытындағы Зар-заман ақындарының шығармашылығымен еңбектерін қоғамдағы діни ахуалын мәнін жан-жақты айқындап, оның идеялық негіздерін ашып және саяси практиканың мазмұнына шолу. Сонымен қатар келесі отандық ғалымдардың еңбектері құрайды: Ы.Дүйсенбаев. Қ.Жұмағалиев. Қ.Мәдібай. Х.Сүйіншәлиев. Б.Омарұлы. т.б. Зерттеу процесі барысында гуманитарлық білімдерде кеңінен қолданылып жүрген тарихилық және логикалық, диахронды және синхронды зерттеу, герменевтикалық, компаративистикалық тәсілдер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының жалпы көлемі – 57 бет.

1. ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ





    1. Ұлттық ділдегі діни сенімдер және оның қазақ даналығындағы көріністері

Қазақ даласындағы халықтың ғасырлар бойы дүниетанымымен рухани мұралы ішінде ақын жыраулар шығармаларының мәні зор. Діни рухани тәлім тәрбиелік мәні бар имандылық мәселелеріне үлкен мән берген ақын жыраулар имандылық, тәрбиелілік сабырлылық, рақымшылдық қанағатшылдық сынды ұғымдар олардың шығармаларында көптеп кездеседі. Жалпы әдебиет қай кезде болмасын қоғамдық санамен байланысты дамып отырады ол әрбір тарихи кезең философиялық, саяси-әлеуметтік, құқықтық, діни және басқа да наным-сенімдеріне, адамдар мен топтардың дүниетаным қабілеттеріне сай, олармен тығыз байланысты болады. Белгілі түркітанушы Лев Гумилев «Өзіңнің тарихыңды жете білмей оған деген көзқарасыңды әбден анықтап алмай тұрып, мәдениетіңді де ешқашан дамыта алмайсың деген [1,340б.]. Руханияттың дүниеміздің тағы бір қазынасы халық ауыз əдебиеті, аңыз-əпсаналар, тарихи жырлар, ғашықтық жырлары, батырлар жырлары, тұрмыс салт жырлары жəне мақал-мəтелдер. Діни тәрбиелік мәні зор халық ауыз əдебиетінің ең мəнді де маңызды нəрі, рухани құндылықтың мəйегі ақындардың айтқан жырлары өлең шумақтар. Ежелден сөздің жəне шешендіктің дүниетанымдық жəне рухани мəніне ерекше назар аударған қазақ халқының тəлім-тəрбиелік, даналық жəне рухани имандылық сияқты қасиеттерге ие болған. Бір ғана мақал-мəтелдерді алып қарасақ иман, ислам парыздары мен шарттары, ғибадат, тақуалық, тəубе, дұға, халал мен харам ұғымдары, мұсылманшылық əдептері сынды діни мәндерді байқауға болады. Атап айтсақ, халқымыздың «Аллаһдан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады», «Аллаһқа сиынған құстай ұшады,адамға сиынған мұрттай ұшады», «Алла деген ар болмас, Алла деген пенделер, еш нəрсеге зар болмас», «Алла деп барсаң, аман келерсің» деген мақалдарында исламның негізгі ұстанымы кездеседі. Профессор М.Жолдасбеков былай дейді: «Бұл дінді (ислам) біз VIII ғасырдан бері ұстанып келеміз. Оны ата-бабаларымыз өз салтымен, өз дəстүрімен, өз өрнегімен, өз мазмұн-мағынасымен ұстаған. Біз де осыдан ауытқымауымыз керек» [2].


Жалпы қазақ өркениетінің түп тамыры ежелгі Арилер Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы  өте ерте кезеңнен бастау алады. Даланың көшпелі тайпалары өз балаларын ерте жастан әскери іске баулып отырған. Дәстүрлеріне адал болу, рухында тәрбиелеу түркі тілді тайпаларға ежелден тән болғаны белгілі. Жас түріктер үшін ержүректіктілік, қайсарлылық өмірлік бұлжытпас қағида. Тайпалық қатынастардың ерте таптық қатынасқа өту дәуірінде қалыптасқан осы жауынгерлік рух, жаулаушылық соғыстар мал шаруашылығымен айналысушы тайпалардың баюының маңызды көзіне айналуына алып келді. Малшы тайпалардың салтатты жауынгерлері шынайы түрде еркіндікті сезініп, олар Құдайдан басқа ешкімнің алдында тәуелді болу дегенді білмеді, өздерін әлеуеттік экономикалық түрғыда да, ерікті азат сезінді. Жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір жас жауынгерді шынайы Арий ретінде тәрбиелеуге болды. Бұл дегеніміз, арийлер малшы тайпалар өміріндегі көшпелі кезеңмен байланысты қалыптасқан әлеуметтік құбылыс бола тұрып, қоғамның ең белсенді, «зиялы» бөлігі, енді қалыптасып келе жатқан ерте таптық қоғамның ақсүйек тобын құрағанын көрсетеді [3,193б.]. Ерте дәуірдегі наным сенімдердің нәтижесін Арилердің жерлеу ерекшеліктерінен байқауға болады. Археологтар Арийлердің археологиялық белгілерін қайтыс болған арийліктің моласына, оның қоғамдағы орнына қарай биік қорған орнатылғанынан, және қорғанның орталық бөлігінде жерлеу заттарымен және тиісті жауынгерлік сауыт-саймандарымен бірге орналасқанынан, және моласына оның өлтірілген жылқылары бірге көмілгенінен Арийліктерге тән дәл осы белгілерді олардың андронов мәдениетін ұстанушыларға жатқызатындығын көрсетеді [4,186б.]. Қайтыс болған адамды ат сауыт сайманымен бірге жерлеу рәсімдері белгілі бір сенім нанымның әсері екендігін тапқан. Ал Сақ тайпаларына келсек діни түсініктері туралы мәселе аз. Жерлеу материалдарына қарағанда, Сақтарда ата-баба аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайықты мүлік көмілген. Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен [5]. Осы мәліметтерге нақталай қарасақ әр кезеңнің белгілі бір наным сенімде болғандығын сол бойынша жерлеу рәсімдерінің болғандығын аңғарамыз. Н.С. Бакинаның пікірінше: «б.з.д. V–ІІІ ғғ. түркілерде құлшылық ету объектісі ретінде Көк Тәңірі болғандығын зерттеушілер ойының бір арнада тоғысқандығы мәлім. Дүниежүзілік тарихта ол (монотеистік) бірқұдайшылық діндердің алғашқысы ретінде белгілі. Тәңіршілдік идеясында бір Құдайға табыну идеясы орын алған» [6,39б.]. Белгілі профессор А.Сейдімбек қазақтың ауызша тарихы атты еңбегінде: «Дегенмен, көшпелі өмір-салттағы қазақ ру-тайпаларының арасында исламдық ыкпалдың мeйлiншe баяу тарағанын атап өткен жөн. Қазақ даласында ислам діні белең алғанға дейін көшпелі ру-тайпалардың мыңдаған жылдық өмір-салтымен бірге қайнасып кеткен, сөйтіп, оларды қоршаған ортамен үйлeciмдi өмір сүруін айналған және салт-дәстүр түрінде орныққан өзіндік діни философиялық берік ұстанымдары болатын [10,63б.]. Көне ескерткіштер пайда болған кезеңдерде басты назар ескі жазбаларды ондағы рухани мәні бар жырлар өлең шумақтар, осымен зерттеу ісімен айналысып шұғылдану ғалымдар үшін таптырмайтын тарихи деректер болатын. Жазба ескерткіштерді оқу, аудару, жариялау, зерттеу ісімен шұғылданған В.Томсон, В.В.Радлов, П.М.Мелиоран С.Е.Малов сияқты ғалымдар түркі тектес халықтардың мәдениеті тарихында жазбалардың маңызы ерекше екенін оскерткен-ді. Әсіресе, «Күлтегін», «Оғыз нама» «Қорқыт ата «Құтадғу білік», «Кодекс Қуманикус», «Дуани луғат ат-түрік» кітаптырының маңызын атап өту орынды. Бұлар қазіргі көп халықтарға (өзбек, қазақ, ұйғыр, түркімен, т.б.) ортақ әлемдік маңызы бар ескерткіштер [7,25-26б.]. Қазақ халық ауыз әдебиетінің Бабалар сөзі жинағы жүз томға толып көптеген мұраларды қамтыған. Алтыншы ғасырға тиесілі жазба ескерткіштердің айтылған мәнді сөздерінде діни пайымдарда кездеседі. Соның арасында дастан деп атап кеткен мәнді жазбалардан көп нәрсе аңғаруға болады. Атап айтсақ «Күлтегін мен Білген қаған және Тоныкөк жазбалары. Бұл жазбаларды қазір ғалымдар тарихи дастан ретінде бағалап жүр. Мәселен, Т.Стеблева өзінің 1965 жылы шыққан «поэзия тюрков» (VI-VIII) деген кітабында осындай ой айтады. Шынында да аталған ескерткіштерде қазақ ұғымына жақын жыр жолдары толып жатыр.

Тағдырды тәңірім жазар,


Адам баласы бәрі де өлгелі(өлетін болып) туған [7,26б.].

Ислам дінінде тағдырға сену иман шарттарының бірі болып табылады. Ол туралы құран кәрімде «Ендеше, оларға: «Алла маңдайымызға не жазса, соны ғана көреміз», – деп айт [8]. Басқа мұсылман жұрттары сияқты қазақ халқы да иман шарттарының бірі жақсылы-жаманды тағдырдың бір Тәңірден болатындығына шүбәсіз сенеді. Сондықтан осынау нанымның белгісі тілде көрініс тауып, кейінгі ұрпаққа ұлағат болып қалыптасты. Мысалы, қазақ мәтелінде «Құдайсыз қурай сынбас» делінеді«Тағдыр– Тәңір ісі»-делінеді [9,51б.]. Ислам діні қазақ даласына келместен бұрын да тәңірлік сенім халықтың арасында орныққан болатын. Қазақ салт-санасымен біте қайнасып кеткен тәңірлік нанымдардың исламмен астасқан тұстарын атап өткен жөн. Өйткені пайғамбар келмеген тұстарды араб тілінде «Әһлі фытрат» деп атайды. Ол дәуір тұсындағылар пайғамбар келмей үзіліп қалған бейтарап кезеңдер болатын. Атап айтсақ Иса мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) арасында 610 жыл бейтарап уақыт өтті. Бұған қоса, пайғамбар жіберілмеген халықтар да өмір сүрді. Олардың бәрі бір жаратушының бар екенін мойындап, арабтар «Илаһ», еврейлер «Яхуда», парсылар «Худа», түркілер «Тәңір» деп жалбарынып, мінәжат жасаған. Қазақ халқы Жаратушыны танып, Оған Тәңірі деп жүзденген. Бір құдайдың бар екендігін мойындаған. екенін мойындаған. Демек, тәңіршілдіктің түбінде бір Құдайға табыну жатыр. Бұл кейін ислам дініндегі ең жоғарғы құндылық болып саналатын Алланы тану, Одан басқа тәңір жоқ екенін мойындауменен ұштасып жатыр деп ойлаймын [11,79-80б.]. Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің әсер еткен кезең орта ғасырдан басталған-ды. Араб Халифатына қараған түркі елдері оның тілін ғана емес жазуында қабылдап жатқан кезең болатын. Сол кезеңдерде орта азия түркілері ішінен ғалымдар философтар, математиктер әдебиетшілер пайда болды. Бұлардың шыққан тегі түрк болсада жазған еңбектері араб, парсы тілін меңгеріп сол тілде білім алып еңбектерін сол тілде жазған. Мысалы Әлфараби еңбектерін араб тілінде жазған. Ұлттың ділімізге сіңген араб-парсы мәдениеті тіліміздің арабтану парсылану үдерісінде түркі халықтарына ислам түркі тілімен жеткізген Қожа Ахмед Яссауий болатын. Қазақ халқының рухани тағдырына айрықша жағымды әcepi болған осынау тарихи үдеріс басында Кожа Ахмет Иассауи тұр. Кожа Ахмет Иассауи тариқатының өзегінен қазақтың дәстүрлі мәдениетімен исламдық ұстанымдардың жарасымын тауып отыратынын аңғару тіптен қиын емес. Бұл ретте Қожа Ахмед Яссауий ең алдымен қазақ халқынын төлтума болмысын сақтай отырып ислам дінінің орнығуына айырықша ықпал еткен ұлы реформашы ретінде мойындалуға тиіс [10.64б.]. Белгілі профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің зерттеулерінде:«Ислам орта ғасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, камалдар мен кенттердің іргетасын нығайтып қана қоймай, өзге де шаһарлардың бірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді» [12,8б.].


Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» бізге дейін жеткен еңбектрі бар. Ахмед Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатын халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Қожа Ахмет Ясауий Исламдағы сопылық бағыттың ажырамас бөлігі болып табылған, түркі даласындағы сопылық тариқат жолын қалыптастырды. Одан кейінгі кезеңдерде Алаш этимологиясының қолдану халық арасында қолданыла бастауы, ерекше маңызы бар идеологиялық сипат алды. Қазақ тіліндегі «Алты алаш», «Алаштың азаматы», «Алаш баласы», «Aлаш жұрты»,«Алаш мыңы», «Алаша атқа мінгелі», «Үш Алаш», «Алашорда» фразиологизмдерде, сондай-ақ «Алтау ала болса — ауыздары кетеді, төртеу түгел болса — тебедегі келеді» деп айтылатын мәтел сөз де халык жадында байырғы заманнан бepi сақталып келе жаткан этногенеалогиялык клише болып табылады. Tүpкi тілдес халықтар арасында «Алаш» атауының тек қазақтарда ғана (Кырым татарларының кұрамында алаш руы бар) ұлттық-этнонимдік мәнде қолданылатыны да, яғни, «қазақ» атауына синоним екені де, сондай-ақ, «Алаш» cөзінің иісі қазаққа ортақ ұран болуы да ойдың жосығын орнықтыра түседі «Барлық дүбірлі жиындар жиындарда «Алаш» деген ұранды естігенде, тек таза қанды кара халық қана көтерілетін болған» [13,119б.]. «Жүз» деген атты руға, «Алаш» деген атты ұранға койып, жауға шапқанда «Алаш! Алаш!» — деп шабыңдар,«Алаш! Алаш!» — демегенді әкеңде де болса ұрып жық деп бата қылысыпты. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген» [14,63б.].
Бұл ойды М. Дулатов өлең жолдарына түсірген:
«Алыстан «Алаш!» — десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын!»
Жалпы Алаш атауының діни астары бар екендігін елімізге белгілі дінтанушы Зікірия Жандарбек Досай Кенжетай сынды, профессорлар айтып жүр. «Алаш» терминін Халлаж Мансұрдың атымен ұштастырып, мәселеге генеологиялық емес, аксиологиялық тұрғыда талдап, өзіндік жеке ой-пікірлерін қарастырады. Француз шығыстанушысы Массиньон Луис Оның “Халлаж әл-Мансұр” атты еңбегінде Халлаждың түркі мұсылмандығында алатын орны кеңінен сөз болады. Иасауи Халлажды ислам әулиелерінің пірі деп таныған. Исбатийиа сопылық ағымының өкілі Мансұр Ал-Халлаж ілімінің негізгі ерекшеліктерін сопылық дүниетаным категориялары (“фана фи Аллах” (Аллаға еру), “мухаббатуллах” (Аллаға ғашықтық), “тарк-и дүния” (Алладан басқаны тәрк ету), “хикмет” (даналық), “ғашықтық (ашқ)”, “мурақаба” (өзіне сын көзбен қарау), “тасфийиа-и қалб” (жүректі арылту) деп айқындайды. Кейбір ерекшеліктері болмаса, Иасауи ілімінің мазмұны Халлаж іліміне сай келеді [15]. Жалпы жоғарыдағы зерттеушілер қазақ дүниетанымы сопылық ілімнің құндылықтарынан тұратынып алға тартып, Халлаж есімінен «Алаш» есімі пайда болғанын, бұл діни түсініктің Қазақтың аталар культіне сай екенін жеткізеді. Қалыптасу мен дамудың белгілі бір сатыларында аталған мыңжылдық кезеңдер аралығы Орхон-Енисеи ескерткіштерінен белгілі түркілік дәстүрлі дүниетанымды, түркі халықтарының ортақ абызына айналған Қорқыт ата дүниетанымы «Оғызнаме» мен «Кодекс куманикус» ескерткіштерін, ислам ренессансы тұсындағы түркі философиясы мен әдебиетін, әл-Фараби философиясын, Махмұд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн мұрасын, түркілік ислам философиясы мен теологиясын, оның ішінде Халлаж Мансұр мен Әбу Мансұр әл-Матуриди, Ахмед Йүгінеки мен Қожа Ахмед Ясауи, Сүлеймен Бақырғани мен Хусамеддин Сығнақи шығармаларын, Насреддин Рабғузи мен Хорезмидің, Хусам Кәтиб пен Сәйф Сараидің, Құтыптың еңбектеріндегі даналық тағлымдарын қамтылды. Исламмен астасып кеткен дәстүрлі түркілік дүниетанымның өміршеңдігін төл мәдениетіміздің бастан өткізген тарихынан да, бүгінгі қоғамымыздың тіршілік арналарынан да аңғаруға болады. Сондай-ақ, дәстүрлі түркілік дүниетаным – қазақ мұсылмандығының қалыптасуындағы негізгі құндылықтық әрі құбылыстық бастаулардың тұғыры мен ұстындық негізі. Бұлай деуіміздің негізгі себебін қазақ мұсылмандық түсінігінің қалыптасуындағы Ясауидің әдістемесінен көруге болады. Ясауитанушы ғалым Досай Кенжетай былай дейді: «Ясауи ілімінің ислам өркениеті мен дәстүрлі түркілік дүниетаным арасындағы еркін сұхбат (аксиологиялық-социофеноменологиялық диалог) негізінде қалыптасқаны белгілі. Ясауи дәстүрлі түркілік дүниетанымдық ұстындарды исламдық ұстындармен үйлестіре отырып дәстүрлі түркілік дүниетаным мен ислам мәдениеті арасында «еркін сұхбат» құра білді. Ясауидің еркін сұхбат ұстанымы – кешегі маркстық диалектика сүйенген «дамудың қажеттілігі» ұстанымынан мүлде басқаша. Мысалы, оның методологиясында және ислам философиясында ойлау процестері жалпы адамзаттық даму сатылары ретінде аңыз, дін, философия, ғылым деп қарастырылмайды. Бұлар – бірін-бірі толықтырып тұратын, белгілі қызметтік (функциялық) кеңістіктері бар, өзара тең дәрежедегі ақиқатты түсіндіру формалары. Бұлардың арасында тепе-теңдік пен үйлесімділік болғанда ғана адам еркін ойлай алады. Ясауи ілімі өзіндік әдістемелер жүйесі арқылы осы тарихи, табиғи сұхбаттың жүзеге асырылуындағы басты себеп, әрі бүгінгі қазақ философиясының ислам және түрік өркениеттерінің біртұтас болмыстық ерекшеліктерге ие болуына ықпал еткен арналы өзек» [16, 123б.].
Ж. Баласағұни сияқты М. Қашқари танымал ойшылдар еңбегінде имандылық мұраттарын қарастырады. Олардың түсінуі бойынша, кез келген қоғамдық-саяси қызмет моральдық-адамгершілік қағидаға: даналыққа, әділеттілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, қонақжайлыққа т.б. негізделуге тиіс. М. Қашқаридың әлеуметтік-имандылық көзқарастары – халқы туралы, оның әділеттілік пен бақытқа лайық өмірі туралы ойларынан туындайтын жалпы дүниеге көзқарасының құрамдас бір бөлігі. Адам баласының бәріне бейбіт өмір, тыныштық пен бақыт тілейтіндіктен қонақжайлық ұғымын дәріптейді.

Қонақ келсе, құт келер.


Құт-береке қонақпенен бірге келеді:
Қонақ жақсылықтың белгісі, нышаны.
Қонақты қарсы алғын, асыңды күттірме,
Қуана жар салғын, бір затын зыттырма.
Қонақты құт деп білген ерлер кетті өмірден,
Қалыпты жаны жаман, пейілі қара көмірден [17.38б.74, 82 б.].
Ал ислам негіздерінде қонақ күту туралы мына бір тамаша хадистің орны ерекше. Әбу Шурәйх әл-Хузаиден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім Аллаһқа және ақыретке сенсе, көршісіне жақсылық жасасын. Кімде-кім Аллаға және ақыретке сенсе, қонағын сыйлап, күтсін. Сондай-ақ, кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иланатын болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – деп айтты»[18,148б.] Ахмед Иүгінекидің философиялық пайымдауларынан, этномәдени әлеуметтікпсихологиялық зерделеулерінен байқаймыз. Енді діни бағыттағы түркілік ойшылдың өзінің жырларында сөзге деген құрметті қалай қалыптастыру қажеттігі туралы айтқанына назар аударалық:

Ақымақтың тілі – бастың дұшпаны,


Қан төгіліп, талай бастың ұшқаны.
Көп сөйлеген өкінеді түбінде –
Безей бермей ақылға сап ұста оны.
Не келсе де тілден келер бір басқа,
Содан – жақсы, жаман атақ бір басқа.
Тыңдашы: адам ерте тұрып күн сайын
Осы тілге табынбайды құр босқа [19, 74 б.].

Тіл туралы да қазақ халқында көптеген мақал мәтелдер кездеседі.Бұның арғы жағында дін негіздерінде бастау алған хадистерді көптеп кездестіруге болады. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынайы мұсылман – тілімен және қолымен өзге мұсылман бауырларына зиянын тигізбеген адам– деп айтты» – делінген [18,114б.].


Халқымыз дәстүрінің санасында мұсылмандық дүниетаным арқылы келген «қанағат», «сабыр», «тәуба» сияқты терең мағыналы ұғымдар халқымыздың әлемді түсіну көкжиегіне үйлесімді сіңісіп кеткені көрінеді. «қанағат қарын тойғызар» деген халқымыз әрбір нәрсенің, әрбір құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін өлшемі болады деп түсінген. Олар халықтың дүниетанымында диалектикалық, логикалық, экзистенциалдық түсініктердің қалыптасқандығын білдіретін әлемге қатынастардың болғанының дәлелі.
Ардақты елші Пайғамбарымыздың с.а.у. хадисінде: «Мүміннің жағдайы қандай ғажап! Шын мәнінде, оның әрбір жай-күйі өзі үшін қайырлы болмақ, бұл – одан өзгеге бұйырмаған бақыт. Ол қандай да бір қуанышты жағдайға тап болса, шүкір етеді. Мұнысы өзі үшін қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабырлылық танытады. Бұл да өзі үшін қайырлы болады», – деп айтты», – делінген [18,25б.]. Қазақ халқына тән төзімділіктің көрінісін “таспен ұрғанды аспен ұр” деген мақал береді. Халық даналығының мағынасы төзімділік танытып, мәселелерді зорлық-зомбылықсыз шешуге шақыруда. Осы ған ұқсас мағынаны “сабыр түбі – сары алтын” деген мақал береді. Бұл жерде де қиын істің бәрін сабырлылықтың, төзім діліктің негізінде асығыстық жасамай, күйгелектікке, ашуға берілмей шешу қажеттілігі көрсетіледі. Атап өткен және басқа да қазақтың мақал-мәтелдері қазақтың халық философиясы негізінде төзімділік пен зорлық-зомбылықты болдырмау идеяларының жатқанын жарқын көрсетеді [11,66б.]. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінде туған жер, отбасы үлкенге іззет кішілерге құрмет сынды, қоғамға т. б. көптеп кездеседі. Сыйластықты орнату мақсатында қағидалар нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпалы бар. Мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, сол секілді. Мораль, адамгершілік, деген ұғымдарды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасынан «ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі»деген сынды мақал мәтелдерден аңғаратынымыз отбасында тәрбие негіздері қалыптасады. Сыйластықта Ананың орнына ерекше мән беріледі«Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық нақылы таралған. Сондай-ақ әкенің де орны отбасында құнды болып есептеледі. Аналардың әкең біледі, әкеңме ақылдас, әкеңнен бұрын асқа отырма, деп тәрибиелеген. Қазақта бала ата-анасына қол жұмсамайды. Егер қол жұмсаса құдай атып, жер жұтады деп жориды.Қазақ баласы ата-анасына тіл тигізбеуі керек. Бұлай істесе қара тас жалап, тілің тасқа тисін деп қан шығарады [20,86б.].

1.2 Зар-заман ақындарының сарындары және өмір келбеті


Қазақ халқының ертеден келе жатқан түпкі мәдениетінде ақын жыраулардың орны ерекше маңызға ие. Ақын жыраулар ел-жұртымен олардың басына түскен ауыртпашылықтарға ортақтасып, қайғы-қасіреттерін мұңды-сазды әуендерімен зарлана-шерлене толғаған. Халықтың жай күйі көңілді, нұрлы кезеңдері болса шалқытып, шабыттанып толғаған. Ән жыр термелермен тыңдаушы жұртты қызыққа бөлеп, қуантатын болған. Жырлардың арасында тамаша нақыл сөздер термелеп, үлгі өнегелі сипатта жырлайтын.Заманның өзгеруімен жауласқан жаулар үшін қарсы халық алмастай өткір тілді ерлік жырларын ерлік бірлік туралы адамгершілік қасиеттерді келешек айтып жас ұрпақтарға өнеге бола білді. Жыраулар поэзиясы замана салған салмаққа қайыспай өр рухпен, көкейкесті мәселелерін таң қаларлық суреттеген. Сөз өнерінің іркілмес авторлары жыраулардың нағыз мұрагерлері төкпе ақындар. Халық үшін және жеке тұлғаларға, заман, табиғат құбылыстарына жалынды жыр арнайтын болған. "Жақсылыққа, береке ынтымақ бірлікке үндеген, адамгершілік ақылдарын бере білді. Ақын жыраулар, асыл сөз шеберлері, ойлыда сырлы толғау, арнау, жыр термелер мен эпостық жырлар олардың жырларында бастау алады. Соның ішінде зар-заман ақындарының орны ерекше сипатта көрініс тапқан.


Зар заман кезеңі Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде басталды. ХХ ғасырдың басында Патша саясаты отарлаудың шегіне жеткені мәлім.

1-сурет. Қазақстан жерінің патшалық Ресейдің бөлуі.

Алаш арыстарының отаршылдыққа қарсы шығуымен тарих сахнасынан ысырылуының сыры осында жатыр. Қазақ еліне, жеріне патша саясатының жүргізіліп отырылуына исі қазақ қарсы болды. Қазақ елінің патшалық Ресейдің отар еліне айналып, осындай саяси-әлеуметтік жағдайында өмір сүрген Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір, Шернияз, Базар, Албан Асан, Нарманбет сияқты ақындар, ел-жұртына қамқор болуды мақсат тұтты, елдің шынайы жанашырлары болды. Өз заманының шындығын ақтара ашып көрсетіп, өткір сын айта білген жыраулар со өлшемімен алғанда бұл үлкен ерен ерлікке пара-пар еді. Сол заманның отаршылдықтың көптің көзі, құлағы бола білген ақындар шығармаларынан кең орын алуының да басты себебі осы болатын.


«Зар заман» атауын ең алғаш әдеби термин ретінде Мұхтар Әуезов қолданысқа енгізген. Ол өзінің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде зар заман ақындары туралы олардың күрделі кезең поэзиясына талдау жасап зар заманның өкілдерін атап өткен. Бұл дәуірдің басы мен соңына дейінгі аралықты белгіледі, сондай-ақ, тарихи және теориялық негіздемелерін ұсынды. Ол өз еңбегінде былай деп баяндайды: «Бірақ біз сол заманның жалпы тарихтағы нобай суретін тарихи әңгімелердің тұсында айтқандықтан, бұл бөлімде тарихи мағлұматтың дәл өзіне тоқтамаймыз. Оның орнына сол дәуірдегі; өлең, жырға. тарих суреті қандайлық, зар-заман деген бағыт неден басталып, немен-бітті?, Ақындары кім? Бұрынғы өлеңдердеп басқалық жаңалығы бар ма? Кейінгі заманға қандай сарқыт қалдырды? Олар сол Әдебиетте бұл дәуірден қандай орын алады? Мінеки, бұл бөлімде әрбір ақынның өлең, мысалдарын көбірек көрсетіп отырып, айықтамақ болған түйінді мәселелер осылар [21, 193б.],»-деп Зар-заман ақындары туралы тоқталып өтеді. Сонымен қоса зар заман әдебиетінің ауызша әдебиетімен жазба әдебиетінің арасында осы зар-заман әдебиеті деп жазба әдебиетінің бастапқы кезеңі деп көрсетеді. Зар заман дәуірі қазақ әдебиетінің тарихында кезең асқан дәуір болғандықтан, қазақтың жазба әдебиеті осылардан бастап әлеумет халін ұғып, ел қамын жоқтауға кіріседі. Өлең бұрынғыша қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси пікірі мен тілек, мақсат мұң, зар сияқты сезімдерінің басын қосып, жаңадан ой негізін, салт санасын құрай бастайды. Бұл уақытқа шейін болмаған әлеуметшілдік сарыны, азаматтық нысанасы шығады [21,195б.].
2-сурет
Халықтың әл-әуқатының төмендігі көрініс суреті.
Басқыншы Ресей империясы 1822-1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелерінде дәстүрлі хандық басқару жүйесі жойылды. XIX ғасырдың II жартысында отарлап озбыр саясатының нәтижесінде, қазақ жері бөлініп, дәстүлі рулық жүйе жойылып, күшпен айламен дінге шоқындыру арқылы халықтың діні, тілі, ұлттық әдет-ғұрпының негіздері бұзылып, кіріптарлық қиын халге түсті. Хандық жойылған аға сұлтандық ел билеу жүйесі енген кезеңде, қазақ жерін “бөліп алда билей бер”, дейтін принцип негізінде әкімшілік территорияларға бөлінді. Орыс тілін білгендерді болыс болып, аралас мектеп түрлерін ашып, түркі шағатай тіліндегі араб әріпін, орыс кирилица жазуына алмастыру әрекеті де осы тұста қолға алынған. 1867-1868 жылы әкімшілік реформа қазақ қоғамына тән болымсыз дербес еркіндіктің ізін де қалдырмай жойған. Темір құрсаудай қазақ даласы әскери феодалдық басқару жүйесі орнаған евразия империясының ның шет аймағына айналды. 1868, 1886 Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар, қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі деп жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашылды. Ақын-жыраулар қоныстандыру саясатына қарсы болды. Өткені қазақ тағлымында “Жер тағдыры – ел тағдыры” жер дауы жердің киесі, жерді сату елін сату ұғымдары халықтың санасына бек орналасқан. Отарлаудың зардаптары, нәтижелері тек халықты күйзеліс пен кедейшілікке жерінің тозып, халықтың діни рухани тірегі болған тілі мен діні, әдет-ғұрып салт-санасы, тапталып жойылатындығын олар өз шығармаларында дер уақытында көтерді. Отаршылдық қақпанға түскен халық, экономикалық және рухани қанауға ұшырап, екі жақтыда салық төледі. Отаршыл саяси әлеуметтік билікке XIX ғасырдың басындағы ақын-жыраулар поэзиясының басты да өзекті сарыны – халықтың отаршылдық құрығынан шығуға талпынған бұлқынысы еді. Сол тұстағы ақындар туындыларда ұлт мүддесі тұрғысынан шындықпен жырлаған жалпы қанауға қарсы бағытталған сарынды күшейген еді.
-сурет. Қазақ өмірінен көрнекілік сурет


Зар заманның ақындары Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. жатады. Оның кезеңі Абылай хан кезеңінен Абайға дейінгі жүз жылдан Нарманбетпен аяқтайды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістер құндылықтар ауысуы, ел басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдық өршуі, халықтың діни-саяси ахуалдан қатты күйзелуі, зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарды. Зар-заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Әсіресе Ресей отарлаушыларының озбырлығымен мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында баяндалып суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін басып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдардың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді деуге болады.
Дүниедегі барлық нәрселерді шеше алатындай адам құдіреті жетпес. Адамның шешетіні– адам болып қалу не қалмау, шын мәнді мағынаны іздеу немесе ауытқу, құндылықтарды қастерлеу, қорғау немесе айрылу. Әрбір адам өз өмірінде еркіндікке талпыныс жасауы керек. Мәндердің мәні- еркіндік. Адам өмірінің ақырғы мәні – еркін өмір сүру. Еркіндік қана адамды адам етеді. Еркіндіктен бас тарту, одан ауытқу адам үшін адамшылығын, түпкі табиғатын, болмысын жоғалту деген сөз. Қазақ халқының рухани дамуындағы жетістігі тарихи кезеңдегі өзіндік санасы мен мәдениетінің өсуі, халықтың әлеуметтік өсуі мен еркіндік үшін күресінің нәтижесі [22,97б.]. Еркіндікті аңсаған ақын жыраулардың заманның діни саяси ахуалын алаңдаусыз қалдырмаған болатын. Заманның құбылуына орай халықтың еркіндігінен айырылған тұста көптеген ақын жыраулар өз толғауларында еркіндікке жету үшін заманның қиындығын ағысқа қарсы жүзу арқылы баяндап суреттеген. «Түркі халықтарының рухани құндылықтары және маңғыстау жыраулық дәстүрі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары атты жиында 2019 жылы зар-заман ақыны Сарышолақ ақынды атап өтеді. Бір кезде «зар заман ақындары» атанған Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері секілді азат ойлы ақындардың шығармалары Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шығып, елге тарап, соңынан зымиян қызыл саясаттың кесірінен оқуға тыйым салынса, патша өкіметінің қырына іліккен Сарышолақтың жырларына о бастан тұсау салынған-ды. Сөйтіп, батыс өңірінен шыққан Сарышолақ ақынымыздың есімі, оның адуынды шығармалары дәріптелусіз жатыр [23,206б.]. Бұл бір ғана ақын емес, зар-заман ақындарының қатары қосыла беретіндігі, сол дәуірде еліміздің әр тарапынан азаматтар өздерінің пікірлерін айтып алға шыққаны көрсетіледі. Ақынның басына түскен қилы тағдырды былай суреттейді. Орыс отаршылдарының әбден күшке емін-еркін қазақ өлкесін билей бастаған. Ресей 1822 жылғы Уставымен хандық өкіметті жойса, 1868 жылғы «Уақытша ережесімен» сұлтандарға тағы да үлкен соққы беріп, енді оңалмастай етіп тұралатты. Неше ғасыр бойы қазақ халқының абыройын қорғаған, іргелі ел болуын қамтамасыз еткен сұлтандар «Ережемен» «село тұрғындары» қатарына қосылды. Ресей хандық өкімет жойылғаннан кейін сұлтандардың отарлау саясатына бұрынғыдан да өшпенді болғанын, хандық өкіметті қалпына келтіруге, Қазақстанды Ресейден бөліп алуға ұмтылғандарын ескерген еді. Аға сұлтандық жойылды, би, батырлар біртіндеп өкімет билігінен ығыстырылды. Әрбір облысты әсери адам генерал басқарды, облыстар уездерге бөлініп, оларды орыс офицерінен қойылған уездің бастықтары басқарды. Жер мемлекет меншігі деп жарияланды. Салық көбейтілді. Елдің берекесі қашты. Осы жағдаяттың бәрі жасөспірім Сарышолақтың қоғамға деген көзқарасын қалыптастырды. Ақын 14-15-ке келіп, ат жалын тартып, азамат қатарына кірген тұста Ереженің 119-тармағына сай қазақтардың ата қоныстары тартып алына бастаған-ды. Казак-орыс әскерлеріне ең шұрайлы жерлер бекітіліп берілді, көшіп келген орыс мұжықтарына қалаған жерінен үй салуға, саудамен және қолөнермен шұғылдануға құқық берілді. Орыстар дінге де ауыз салды, олардың «Уақытша ережесі» мұсылман дін қызметкерлерінің құқықтарын шектеді, бір болысқа молладан артық сайланбайтын кепке түсті, молдалық атақты бекітетін және оны молдалық атақтан шығаратын облыстық басқарма болды. Тіпті, сұраусыз мешіт салуға, жаңа мұсылман медреселерін ашуға тыйым салынады. Керісінше, 1868 жылдың «Ережесінде» Қазақстанда христиан дінін таратуға бағытталған бірсыпыра параграфтар бар-ды. Мысалы, христиан дініне кіріп, қандай да болса бір селолық қоғамға жазылған қазақтарға жеңілдіктер берілді. Христиан дініне кіргендігі үшін қазақ өлтірілген болса, оның ісі әскери сотта қаралатын еді.
Міне, Сарышолақ осы «зар заманды» басынан өткерді. Сондықтан сөз саптауы мен айту шеберлігі, табан астында суырып салып қарсыласын тізе бүктіруі сол кездегі небір атышулы ақындардан кем болмаса да, біраз уақыт тарихтың ақтарылмаған парақтарының арасында қалып қоюы оны жалпақ қазақ даласына танытуға кедергі жасады. «Ұлтшыл ақын» деген айып тағылып, өлеңдерін жарыққа шығаруға тыйым салынды [23,209б.]. Зар-заман ақындарының өз заманындағы жағдайларды суреттеп халықтың мұң мұқтажын жырлау әлеуметтік ахуалдарын тебіренте толқып болашақтың ахуалынан хабар беру әртүрлі сарында болған. Соның ішінде Бұқар Жыраудан бастап осы сарын жалғасын тауып зар-заман ақындарының жырларында көрініс тапты. Сол сарынды Асан қайғыдан кейінгі Бұқар жырау жалғасын тауып былай деп жырлайды:
Бірінші тілек тілеңіз,
Ер щұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа .
Екінші тілек тілеңіз,
Алпыс басты ақ орда ардақтаған аяулың
Өзіңнен басқа бір жанға тегіннен тегін олжа болмасқа,
Үшінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жел қайысқан қол келіп,
Сонанда сасып тұрмасқа [21,203б.]. Осы айтылған сарында болашақ заманның хәлі не болмақ, осы жағдаяттарды жырау алдын-ала кемеңгер жыраудың болжап айтқандары. Зар-заман ақындары сонау Асан Қайғы Бұқар жыраудың кеңдерінен көрініс бере бастасада кейінгі XIX ғасырдың орта кезінде Истатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы (1836- 1838) және Кенесары Қасымов (1837-1847) бастаған ұлт-азаттық көтерілістен кейін зар-заман ақындары пайда бола бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында ұлт азаттық көтерілістер еліміздің әр өңірінде бола бастады. Ол көтерілістерді отарлаушы Патша үкіметі тарапынан күшпен басып жаншылып отырды. Сол уақытта халықтың арасынан жырау ақындар, көптеп елдің мұң мұқтажын жырлап күреске шыға бастайды. Олардың шығармашылығына баға берген М. Әуезов былай сипаттайды: “Бұл ақындар да ел тіршілігі мен ел ұғымына тіпті шырқап кетпейді. Бірақ елмен кейде ұғысса кейде ұғыспайды. Елді кейде мақтаса, кейде сынап, сөгеді. Кейде елмен бірге қуанса, үміт қылса, кей уақытта көптен жалғыз шығып, бөлініп алып жылайды. Өлең бұрынғыша қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси пікірі мен тілек, мақсат мұң, зар сияқты сезімдерінің басын қосып жаңадан ой негізін, салт санасын құра бастайды. Бұл уақытқа шейін болмаған әулетшілдік сарыны, азаматтық нысанасы шығады. Отарлық езгіге қарсы көтеріліске шыққан Сырым Датұлы (1787-1797), Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы (1836-1838), Касым Қасымұлы (1837-1847), Есет Көтібарұлы (1855- 1857) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856-1857) бастаған көтерліс патша үкіметі тарапынан аяусыз күшпен жанышталып басылып отырады. Сол аралықта халықтың еңсесі түсіп хал ахуалдары нашарлайды. Халықтың қайғылы көңіл-күйімен, қасіретін, патша үкіметінің басқаруына түскен тағдырын құнарлы жерлердің тартып алып, жалпы қазақ халқының басындағы ауыр халді жырларына арқау етіп, ақын жыраулар шоғырын тарих сахнасына шығарды. “Зар-заман” ағымының халық арасында есімдері жыр, толғаулары кең танымал болған ақындары Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы болып саналады. Зар заман ақындарының жырларын үш сарынға бөліп қарастыруға болады. «Зар» сарыны яғни заманға наразылық сарыны, Асанқайғыдан бастау алатын болжаулық сарын. Үшіншісі халықтың танымына негізделген Ақырзамандық сарын, одан кейін түңілу өзін-өзі жазғыру сарыны, т,б сарындар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет