Дипломдық жұмыстың мақсаты Арша эфир майы бар микробқа қарсы қатты сабын жасау технологиясын әзірлеу болып табылады.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталды:
Арша эфир майының денсаулыққа әкелетін пайдасын талқылау.
Арша эфир майының химиялық құрамын зерттеу;
Арша эфир майы бар микробқа қарсы қатты сабын жасау технологиясын әзірлеу
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Арша майының қасиеттерін пайдалану маусымдық респираторлық және вирустық аурулардың алдын-алуда негізделген. Бұл құрал дененің табиғи қорғанысын нығайтуға көмектеседі, қажетсіз инфекциялар жолында белсенді қалқан болады.
Дәрігерлер майдың тоникалық қабілетіне байланысты әлсіздік, бас айналу, көңіл-күйдің өзгеруі және басқа да ауру белгілерімен күресетінін айтады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы.
Арша эфир майы бар микробқа қарсы қатты сабын жасау технологиясы әзірлеу.
Аршаның таралуы
Аршаның басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы: а) көбінесе бұта түрінде өседі; б) бүрі (шишка) шырынды, сырттай қарағанда жүзімнің жидегі сияқты, білмегендер оны “жидек” деп қалады. Ашық тұқымдыларда жидек түзілмейді – “бүржидек” (шишка-ягода) деп атайды. Шын мәнінде, ол жидек емес, әрі жидекке ешқандай да қатысы жоқ, тек шартты түрде берілген атау. Қарағай, шырша, балқарағайлардың бүрлері (шишкасы) құрғақ, кебу болады, ал шыршаның бүрі жұмсақ болған соң оны “бүржидек” деп атаған. Бүрлері екінші немесе үшінші жылы жетіледі. Әрбір бүрде 1-ден 12-ге дейін тұқымы болады. Аршаның қылқан жапырақтары жас кезінде ине тәрізді болса, біртіндеп қатайып қабыршақ тәрізді болып өзгереді. Ине тәрізді қылқандары үшкір тікенекті. Қабыршақты қылқандары ұсақ, өркенге жабысып тұрады, өркенге 2-3-тен топтанып орналасады. Қылқандары бұтағында 8-10 жылға дейін түспей сақталады. Қырым, Кавказ, Орта Азия және Қиыр Шығыстың таулы аудандарында биіктігі 4-12 метрге жетеді. Қазақстанның таулы жерінде жан-жағына жайылып төселіп өсетін кәдімгі арша. Арша – екі үйлі, бір үйлісі өте сирек кездеседі. “Бүржидегі” бірінші жылы — жасыл, екінші жылы жұмсақ, көкшіл-қара немесе күрең-қызыл түсті болады. Әбден пісіп жетілген тұқымы қатты, қоңыр, бүрдің шайырлы жұмсағынан тез ажырайды, жаздың аяғы мен суық күзге дейін жерге шашылады. Тұқымдары құстар мен түрлі жануарлар арқылы таралады, себебі “бүржидегі” тәтті, шырынды. Арша жарық сүйгіш, құрғақшылыққа да, суыққа да төзімді, топырақ талғамайды. Жақсы дамыған тамырлары топырақтың терең қабатына еніп тарамдалып, 10 метрдей аумаққа жайылады. Суды еркін сіңіретіндіктен құмның үстінде, сазды жерлерге, әкті топырақта өсе береді. Аршаны теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктегі тау беткейлерінен де кездестіреміз. Арша баяу өседі, 800, 1000, 2000 жылға дейін тіршілігін жоймады. Өркені баяу өскендіктен тамырлары баяу өседі әрі мықты болады. Жапырағынан бөлінетін эфир майы ауаны зиянды микробтардан тазартады. Бүру өте хош иісті, құрамында шайыр, 40% қант, органикалық қышқылдар (алма, құмырсқа, сірке қышқылдары), өсімдік балауызы және т.б. бар.
Достарыңызбен бөлісу: |