Дипломдық ЖҰмыс 7М011700 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»


Ақ бояу - қазақ ұғымы үшін тән сұлулығы, сыртқы пішін келбеті. 2



бет10/15
Дата24.04.2023
өлшемі60,9 Kb.
#85941
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
5- сыныпта сын есімді оқытуда

1. Ақ бояу - қазақ ұғымы үшін тән сұлулығы, сыртқы пішін келбеті.
2. Ақ сауыт деген сол болар, Ақ берен деген сол болар,
Атқанда оқ өтпесе. Тигені тұяқ серіппесе.
3. Қатты жерге қақ тұрар, Айлалы батыр алдырмас,
Қайратты ерге бақ тұрар. Айласыз батыр алдырар.
4. Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.


Екінші сабақ
Поэма сабағы (жаттығу-талдау сабағы)
Сабақтың танымдылық мақсаты: а) оқушылардың өткен сабақта сын есім туралы алған білімдерін жүйелеу; ә) мысалдар келтіру арқылы мағыналық түрлерін бір-бірінен қатесіз ажырату, өзіндік ерекшелігін тани білуге баулу; б) күнделікті сөйлеуде дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: сөйлемдерді талдау арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, байқағыштыққа, туған жерін сүйіп, құрметтей білуге үйрету.
Сабақтың барысы. 1. Өткен материалдарды еске түсіру. Үйге берілген «Малдың түсін ажырат» атты тапсырма бойынша тексеріп, бірер оқушы тақтаға жауап беруге шақырылады. Осы кезде қалған оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратамын. Алғашқы оқушы үй жаттығуын оқып талдап тұрғанда карточка алғандар жауап беруге дайындалып отырады, қалғандары құрбыларының жауаптарын тыңдап, қате-дұрысын бақылайды.
1-карточка
Заттың түрін, түсін білдіретін сын есімге мысал ойла.
2-карточка
Заттың көлемін, аумағын, салмағын білдіретін сын есімдерге мысал келтір.
3-карточка
Заттың дәмін, иісін білдіретін сын есімдерге мысал ойла.
4-карточка
Заттың сипатын, сапасын білдіретін сын есімдерге мысал келтір.


II. Дидактикалық карточкамен жұмыс.
1. Мына сөздер қандай нәрселер мен заттардың сынын білдіреді.
бойшаң… жирен…
майысқақ… алғыр…
сабырлы… ынталы…
талдырмаш… қонымды…

2. Мына сөздерді жақша ішіндегі сөздің керектісіне қойып жаз.


1. Тұңғиық, терең, шыңырау… (су, құдық)
2. Қысқа, келте, шолақ… (тон, жіп)
3. Мықты, берік, күшті… (адам, ағаш, жылқы)
4. Сирек, селдір… (шаш, кездесу)
5. Кәрі, қарт… (адам, қой)

Карточкалармен істелген жұмыстарды әр топ жетекшілері өз қатары бойынша тексеріп шығады. Артта қалушылар мен тапсырма мәнін түсінбей отырғандарға тиісті көмек көрсетіледі. Топ жетекшілерімен ақылдаса отырып баға қойылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет