Сыныптағы жұмыс. Поэзия сабағы
Сабақ кіріспесі ретінде ән тындалады. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы». Өлеңге анықтама. Өлең сөзі Абай Құнанбаевтікі, әнін шығарған Т. Базарбаев. Ол Абайдың көп өлендеріне ән жазған композитор. Абайдың өзі де композитор. 2020 жылы Абайға 175 жыл толғаны айтылып, өленді тындай отырып, ішінен сын есімдер таптыртып, дәптерлеріне жазылады, өленді қара сөзге айналдырып оқып, идеясын, сөз қолданысын анықтаймыз.
Ән тындалып, жазба жұмысы аяқталғасын карточкалар беріліп, өлеңдерден сын есімді табу тапсырылады (жұптық жұмыс, яғни, екі қатар отырған балаға бірдей беріледі).
1. Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі. (Абай).
2. Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,
Түн басады салбырап. (Абай).
Өленді мәнерлеп оқып, ішінен сын есімдерді таптыру. Өлеңнің мәнін ашып, табиғаттың адам сезіміне әсер етер тамаша көрінісін көз алдымызға елестете отырып, оны суреттеудегі ақынның сөз қолданысын анықтау үшін үйден суретін салып келу тапсырылады.
3. Гүл толы кең өлкенің атырабы,
Тербелді талдың әсем жапырағы.
Кеудесі куанышқа толған өзен,
Бұлқынып арнасында жатыр әні.
Барады көк өзенмен таласып ән,
Шырқалған жасыл құрақ арасынан.
Ақ толқын аунап түсіп, дөңбекшиді
Адамның жүрегіндей аласұрған.
(А. Бақтыгереева).
5. Тауларға жалтақтама жалпақ далам,
Төсінде басқыншылар қалбақтаған.
Астында аяғымның сен тұрғанда,
Аспанның өзі де тар қалпақ маған.
(Қ. Мырзалиев).
6. Бүр жарып жаға жас талы,
Тербейді самал құрақты.
Мөп-мөлдір әсем аспаны,
Қызыл гүл жапқан қыратты.
(А. Бақтыгереева).
Өлеңді әр оқушы мәнерлеп оқып, сын есімдерді табады. Өленде жерлес ақындарымыздың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен ыстық сезімі байқалатыны, оны әдемі де әсем сын есім сөздерін қолдану арқылы жеткізгені әңгімеленеді, оқушының кемшілігі мен жетіспей жатқан жерлеріне көмек көрсетіледі. Үйге. жергілікті басқа да ақындарымыздың өлендерін жазып, сын есімді тауып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |