Сапалық және қатыстық сын есім
Танымдылық мақсат: көрнекілік таблица арқылы оқушыларға сапалық және қатыстық сын есімдерді айыра білуге үйрету. Ол үшін сапалық сын есімнің ережесін меңгерту арқылы қатыстық сын есімнен айырмашылығын аңғарту.
I. Заттың, нәрсенің, құбылыстың тұрақты қасиеттерін білдіретін сын есім сапалық сын есім.
Ерекшелігі – шырай формасына өзгеріп отыруға, шырай категориясын жасауға бейім: жақсы, жақсырақ, жақсылау, өте жақсы, жап-жақсы; қымбат, қымбатырақ, қымбаттау, өте қымбат.
Мұндай сын есімдер өзара антонимдік қатынас жасайды: жақсы-жаман, жоғары-төмен, қымбат-арзан, кең-тар.
II. Қатыстық сын есім заттың, нәрсенің қасиетін тікелей емес, басқа заттарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге қатынасы арқылы білдіреді. Мысалы: ауылдық дәрігер, түскі тамақ, тартымды мінез. Қатыстық сын есімнің бір белгісі – зат есім, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ жалғану арқылы жасалатыны.
Сын есім түрлері
|
Мысалдар
|
1. Сапалық сын есімдер
2. Қатыстық сын есімдер
|
жақсы, жаңа, ащы, қызыл, жомарт, адал
сулы, ұйқышыл, киімшең, бітік, озық,
ауыспалы, білгіш, жинақы, тайғақ
|
Кестені түсіндіргенде қатыстық сын есім қай сөз табынан қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын оқушылардың өздеріне ойландыру арқылы менгертемін. Өнімді, өнімсіз жұрнақ қайсы екенін жақсы оқитын оқушыларды қатыстыру арқылы түсіндіремін. Сол сияқты қатыстық сын есімдердің мағыналары өздерінің жасалып
тұрған сөздерінің синонимі тәрізді болып жұмсалатынын аңғарту керек. Мысалы: күзгі бидай – күзде өсетін бидай, аспалы шам асып қоятын шам т. б.
Қорытынды
Мектепте ана тілін оқытқытудағы басты мақсат – білімді азаматтар тәрбиелеу. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқушылардың бойына ұлттық тәлім-тәрбиені қалыптастыру қажеттігі бүгінгі өмірдің талабы болып отыр. Оқушыларға сын ссімді оқыту барысында ұлттық тәрбие беруде Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәлениетін, ұлттық салт-дәстүрін меңгерту маңызды рөл атқарады. Ұлттық тәрбие арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімін, намысын, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастыру қазіргі кездегі мұғалімге жүктеліп отырылған басты талаптардың бірі. Мектептегі оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мұғалімдерге бірнеше міндеттер жүктеледі. Сын есімді оқыту барысында ең алдымен, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жалпы грамматиканы оқытумен байланысты ұлттық тәрбие мәселесі қалай қойылып, қалай шеліліп отырғанына шолу жасалады.
Сонымен, қазақ мектептерінде ұлттық тәрбие беру ісі мұғалімдерді қазақ этнопедагогикасы бойынша жүйелі даярлықтан өткізгенде ғана жүзеге асатыны анықталды. Қазақ халқының өмірінде басты рөл атқаратын киіз үйдің суретін орынды
да ұтымды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, өз халқының әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиеледік. Бүгін талаптарына сай жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға қазақ халқының қолөнерін, оның ішінде ою-өрнек өнерін тиімді меңгерту қажеттігі оқушыларға осы саладан білім деңгейін жетілдіру талап етеді. Сын есімді оқыту барысында оқушылардың өздеріне тән ескере отырып оқытуды көздедік. Жаңа тақырыпты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып оқытуды пайдаландық. Теорияны практикамен ұштастыру ұстанымын тиімді қолдандық. Оқушыларға сын есімді оқыту барысында ұлттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында ата-бабаларымыздан қалған тәрбиелік мәні зор нақыл сөздерді ұрпақтың бойына қалыптастырып, ана тілін ардақтап, асыл сөздерді бағалай білуге үйреттік. Қазақ мектептеріне сын есімді оқыту барысында ұлттық тәрбие беру – ел болашағының негізі- деп, сын есімді оқыту барысында оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені қалыптастырудың жолдарын өз деңгейінде ұсындық.
Қорыта айтқанда, мұғалім әр грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізі,басты ой түйінін ұғына алатындай болу керек.Ол үшін алдымен «Сын есім» тақырыбы,тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәнінің себебі бар.Оқушылар әрбір тақырыпшалардың мәні, тақырыпшалардағы азат жолдың мәнін аңғартып,сол әрбір азат жолдағы айтылған мәселелердің негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек.Олай болса,әрбір материалды пайдалану соның басты белгілері,яғни берілген ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр,сол тілдің құбылыстың табиғатын неден көрінетінін,басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді-осылар ашық көрсетілуі тиіс. Сын есім туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілі тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сын есім жөнінде олардың алған мағлұматтарын топтап-жинақтап, нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Сын есім бойынша анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1. қазақ тілі оқулықтарына ғана мысал келтіріп қоюменен қанағаттанбай, өз ойынан немесе«Ана тілінен»,оқыған кітаптарынан ойланып,мысал айтуын талап етеді.
2.Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де,соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе тіркестерін тапқызады.Кейде баланың өзі ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы да пікірлерін дәлелдетуді талап етуге болады.
1.Анықтама бойынша берілге ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.
2. мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.(мысалы, ІІІ – сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады).
Сондықтан, қорыта келгенде,балалардың терминдерді дұрыс айтып, анықтамаларды дәл,анық, толық тұжырымдауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды.Әрбір анықтама бойынша,олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар,грамматикалық тапсырмамен берілген мазмұндама,шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгереді деп есептеуге болады.Бірақ,сөз жоқ,бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс.Бұл ұзақ жаттығулардың,бірнеше сабақ бойынша өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.
Бұл дипломдық жұмыс сын есімді оқыту методикасын қарастырады. Қорыта айтқанда, мектепте сын есімді оқыту әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады: Сын есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде оқушылардың тереңдейді; Сын есімді оқыту тапсырмаларын қолдану арқылы мектепте қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға болады; Оқушылардың сын есімді оқыту тапсырмалары арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын жетілдіруге болады;
Қазақ тілі сабағында сын есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың педагогикалық, психологиялық негіздерін айқындау тапсырмаларды жан-жақты сапалы пайдалануға әсер етеді. Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың негізі. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі –бұл мұғалімге қазақ тілімен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасау. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білімін арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Әлем өзгереді, әлеммен бірге бізде өзгереміз сондықтан барша мұғалімдерге білімді, тәрбиелі оқушылар даярлап шығару жеткіліксіз, өз бетінше өмір сүре алатын,адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген, бүгінгі күннің талабына сай азамат тәрбиелеу міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |