Дипломдық ЖҰмыс «Ауыл шаруашылығындағы пиар стратегиясының дамуы» Мамандығы 6В03203 «Қоғаммен байланыс pr»


II.ТАРАУ: Жаңа әдістерге сай Ауыл шаруашылығы мәдениетін насихаттау бойынша әкімдікпен және шаруашылықтармен жұмыс



бет6/7
Дата25.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#97152
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
II.ТАРАУ: Жаңа әдістерге сай Ауыл шаруашылығы мәдениетін насихаттау бойынша әкімдікпен және шаруашылықтармен жұмыс
2.2 Ауыл шаруашылық өнімдерінің имиджін қалыптастыруға арналған жобалар мен көрмелер
Елімізде ауыл шаруашылығын өндірушілер мен әкімшіліктер бірлесіп, жыл сайын түрлі көрмелер мен жәрменкелер өткізіп келеді...
Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, соңғы кезеңдерде Жер халқының саны жыл сайын 60-80 миллион адамға ұлғайып келеді. Мәселен, 1920 жылы Жер шарындағы халық саны шамамен 1,3 миллиард адам болса, БҰҰ сарапшылары 2011 жылдың қараша айында 7 миллиардыншы Жер тұрғынының дүниеге келгенін жария еткен болатын. Болжам бойынша 2050 жылы Жер тұрғындарының саны 8-10 миллиард шамасында болуы мүмкін. Әрине, халық санының өсімі кез-келген мемлекеттің экономикалық ахуалына оң септігін тигізетіні белгілі. Дегенмен, мәселенің екінші жағы - әлемге ортақ проблема - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі төніп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы уақытта халық үшін әсіресе сапалы, қауіпсіз азық-түлікке деген сұраныс арта түсетіні белгілі. Ендеше, осы іске аграрлық әлеуеті зор Қазақстанның да белсене араласатын кезі келді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық өнімдерінен бұрын сол саламен айналысам деген жастар мен мамандардың имиджін көтеру кезек күттірмейтін мәселе. Ауыл шаруашылығының қай саласында болмасын білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі де осы саламен байланысты деуге болады. Бүгінде жұмыс таппай жүрген жанедар неге иен қалған ауыл-аймақтарға барып кәсіппен айналысқысы келмейді. Жеке кәсіпкер болудан көрі жалдамалы жұмысты қол көреді. Бұның да басты себебі бұл салаға дұрыс көз қарастың қалыптасбағандығынан. Түптеп келгенде ауыл шаруашылығынң дамуы еліміздегі әр елдімекеннің дамуы, инфрақұрлымдардың өздігінен қалыптасуына алып келеді. Ел отырған жерде түрлі тамақтану орталықтары мен көлік жөндеу, қыл қысқасы 21 ғасырдың басты жаңалығы болып, өмірімізге етене еніп келе жатқан электро автомобильдерге қызымет көрсету, жылдам қуаттау жүйесі де өз шешімін табар еді.
Халықта «Ауру - астан» деген сөз бар. Соңғы жылдары сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету аясында осы даналықтың өзектілігі де барған сайын арта түскен тәрізді. Дүкен сөрелерінде қоспаларсыз, бояусыз, ГМО-сыз, синтетикалық агрохимикаттармен уланбаған, гормондар қосылмаған таза органикалық өнімнің ығысуы да байқалады. Олардың орнын баға жағынан бәсекесі басым, алайда сапасы күмән тудыратын өнімдер басуда. Осының өзі бір жағынан халықтың азық-түлікке деген сұранысы шапшаң өсіп отырғанын білдірсе, екінші жағынан сапалы өнімнің жетіспеушілігін аңғартады емес пе?
Айта кетерлігі, Халықаралық экологиялық ауыл шаруашылық қозғалысы федерациясының мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда әлемнің 172 елі органикалық ауыл шаруашылық өнімін өндіріп келеді. 82 мемлекетте органикалық өнімдер туралы арнайы заң қабылданған. Әлемнің 11 мемлекетінде ауыл шаруашылығы жер көлемінің 10 пайыздан астамы органикалық жерлерге жатады. Органикалық ауыл шаруашылығы тауарын өндіру нарығында АҚШ жетекші мемлекет саналса, одан кейінгі орындарда Германия мен Франция тұр.
Ал 2013 жылы Қытай осы нарыққа қатысты ресми мәліметтерін алғаш рет жариялап, үздік төрттікке енген еді. Осының өзі нарықтың ауқымдана бастағанын аңғартса керек. Сонымен қатар, сарапшылар органикалық азық-түлік өнімдер нарығына сұраныс жыл сайын орта есеппен 15,5 пайызға өсіп отыратынын алға тартады. Ал 2020 жылға қарай органикалық өнімдердің жаһандық нарығы 212 млрд. долларға дейін жетеді деген де болжам баршылық. Қазірдің өзінде сарапшылар бүкіл әлемде экологиялық таза өнімге сұраныс жыл сайын орта есеппен 20-30 пайызға артып отырғанын алға тартады. Ал органикалық өнімді көп пайдаланатын мемлекеттер қатарында Еуропалық Одақ пен АҚШ, Канада секілді елдер тұр. Дегенмен, соңғы жылдары тұтыну бағытында Оңтүстік Американың біраз елдері, Африка елдерінде, Қытай, Үндістан мен Индонезияда белсенділік артып келеді. дамып отыр.
Ал мұндай жағдай ауыл шаруашылығының әлеуеті зор, аграрлық секторында органикалық өнім келешегі үлкен үміт күттіретін Қазақстанның өз мүмкіндіктерін пайдаланбауы еш қисынға сыймайтыны анық. Әрине, бұл бағытта мемлекеттік ұстанымға да соңғы кездері жан біте бастады. Мәселен, Елбасының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құру жүктелген болатын. Былтыр осы тапсырманы орындау мақсатында арнайы «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды.
Жалпы жаңа заңның мақсаты органикалық өнім өндіруді дамыту үшін жағдай жасау, табиғат ресурстарды сақтау, топырақты, суды, ауаны қоса алғанда табиғи ресурстарды басқарудың, биоәралуандылықты қолдаудың орнықты жүйелерін пайдалану болып табылады. Бұдан бөлек, тамақ өнімдерінің сапасын арттырып, экологиялық өнімге баса мән бере отырып, бәсекеге қабілетті ұлттық бренд жасауға қолдау көрсету қарастырылады. Осы арқылы басқа да дамушы елдерге қазақстандық азық-түлік өнімдерінің экспортын ұлғайту шаралары қамтылу көзделген болатын.
214 үйлесімді стандарттар, бұл 56,7 пайызды құрайды. Алдын-ала талдау нәтижерелі бойынша ауыл шаруашлығы өніміне қажет стандарттар кеміне 250 дә құрайды.[12]
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық егін шаруашылығы үшін 300 мың гектар жер пайдаланылып келеді екен. Қазақстандағы органикалық өнімдер өндіру әлеуеті өте зор екеніне қарамастан, елімізде жеке компанияларды органикалық өнім өндіру бойынша сертификаттайтын мемлекеттік жүйе қалыптаспай, кедергілер де басым болатын. Сонымен қатар, органикалық өнім өндіру саласын заңнамалық реттеудің болмауы бұғанға дейін осы нарықтың дамуына тұсау салып келген еді. Ендігі күні кедергілердің бәрі кертілді. Арнайы заң органикалық өнім өндірушілер тап болатын олқылықтарды жойып қана қоймай, халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы ескеріле отырып, органикалық өнім өндіруге талаптар қойылады. Жабайы өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін болғызбау жағдайлары да қарастырылады.
Органикалық өнімді дамыту әлеуеті тұрғысынан алғанда Қазақстанның ата-бабадан жалғасып келе жатқан дәстүрлі ауыл шаруашылығы мен географиялық оңтайлы орналасу мәселесіне де назар аударған ләзім. Шындығында, Қазақстан тағам өнімдеріне сұраныс үнемі артып отыратын Қытай, Ресей, Орта және Таяу Шығыс пен Еуропа сияқты негізгі нарықтардың ортасында орналасқан. Бұл ауқымды ауыл шаруашылығы жерлерін иемденіп отырған мемлекет үшін үлкен мүмкіндік. Соның ішінде кейінгі жылдары сарапшылар әсіресе Қытай бағытына Қазақстаннан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімін импорттауға ерекше көңіл бөліп отырғанын аңғару да қиын емес. Мәселен, ҚР Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков өткізу нарықтарын дамыту жөніндегі басым міндет - органикалық өнімдерді Қытай нарығына экспорттау екенін айтқан болатын.
Бүгінгі таңда қытайға өнім экспорттау соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау арқылы аудандар мен ауылдарды дамыту бірінші кезекте іске асырумыз тиіс жұмыс. Өйткені екі ел арасындағы сауда саттықтан ұтылмас үшін тым құрығанда екі елдің экспорты мен импорты тең пропортционал болуы тиіс. Ал бізде қытайдан импорт барда экспорт тек қазаба байлық есебінен жүзеге асырылуда. Бұлай кете беруге болмайды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын қымбаттатпау деген желеумен ет пен сүт экспорттау елімізде қиямет-қайым, тіптен жоққа тең. Егер бұл дүние жалғаса берсе қымбаттамақ түгіл, еліміздегі ауыл шаруашылығы еш уақытта дамымайды да ертеңгк азық-түлік қауіпсіздігіміздің өзі талан-таражға түсуі. Сын сағатта қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан да бүгінгі отандық шаруалардың өнімін экспорттау ертеңгі үлкен шаруашылықтардың негізін қалау деген сөз.
«Қытайда былтырғы жылы елдегі бас партияның съезінде халықты экологиялық таза, органикалық өніммен қамтамасыз ету туралы бастама көтерді. Партияның шешімі - аса маңызды міндет саналатындықтан, қазір Қытай осы бағытта Қазақстанның нарығынан өте үлкен көлемде өнімдерді жақсы бағамен сатып алуға дайын. Соның бір дәлелі - жақында ғана алғаш рет 60 вагон өсімдік майы Қазақстанның Қытайдың орталығында орналасқан Синьянь қаласына жөнелтілді. Бұнымен шектелмейді, Қытай алдағы уақытта осы бағыттағы келісімшарттарға қол қоюға мүдделілік танытып отыр», - деді А. Мамытбеков. Осыған орай, бұрынғы министр Қазақстан үшін сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда ешқандай қиындықтар тумайтынына зор сенім білдірген еді. «Қазақстанда органикалық өнім өндіру үшін қолайлы жағдай қалыптасқан. 2015 жылдың соңында біз «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылдадық. Заң бізге халықты жоғары сапалы өніммен, ал өндірушілерді әділ бағамен қамтамасыз етуге септігін тигізетін органикалық өндірісті қолдау және реттеу жүйесін құруға мүмкіндік береді», арганикалық өнімдердің қытайлық бағытын арттырудың әлеуеті туралы ҚР Сыртқы сауда палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Айтуған Омаров та жағымды пікір білдіреді. Оның айтуынша, жаһандағы халық санының үздіксіз өсуі мен әлемдегі тұтыну көлемінің артуы жағдайында Қазақстан үшін органикалық өнім саласын «екінші мұнай» деңгейіне айналдырға толық мүмкіндік бар. «Мен бизнесте жүрген әріптестеріме осы жайында ойлануға кеңес беремін. Себебі Үндістан мен Қытай халқы шапшаң өсуде. Қытай «бір отбасы бір бала» саясатынан бас тартып қана қойған жоқ, салауатты ұрпақты дамытуға да назар аударды. Оған басты мысал - Қытайдың органикалық өнім тұтынуды қолдау саясаты», - дейді Айтуған Омаров. Оның атап өтуінше, өткен жылы Қазақстаннан Қытайға жеткізілген азық-түлік тауарлары экспортының көлемі 106 млн. доллардан асқан. Ал Қытайдың шетелдерден экспорттайтын жыл сайынғы азық-түлік өнімдерінің көлемі 104 млрд. долларға жетіп отыр. Яғни, Қытай импортындағы Қазақстан экспортының үлесі небәрі 0,1 пайызды ғана құраған. Мұнан бөлек, Азия мен Таяу Шығыстың тұтыну нарығы бар. Демек, бүкіл әлемге органикалық өнімді экспортқа шығаруда қазақстандық агробизнестің мүмкіндігі өте зор деген сөз. Сондықтан да, Сыртқы сауда палатасының өкілі А.Омаров қазақстандық кәсіпкерлер тарихи тұрғыда сауда-саттық қарым-қатынасы жолға қойылған көрші елдердің нарығына назар аударуы керектігін, қазақстандық компаниялар шығаратын сапалы, таза өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін артыруға әбден болатынын алға тартады.Қызыметкердің білігі шексіз немесе мәңгілік емес. Шегіне жеткен басшы ауқымды мәселе шешумен емес, ұсақ-түйекпен қол астындағылардың киімі мен үстел үстіндегі затына тисумен айналысады. [15]
Бәсекелестік демекші, Қазақстанда өндірілген органикалық өнім сапасына келсек, сарапшылар бұл бағыттағы отандық өнімді кез-келген Еуропаның брендімен теңестіруге болатынын да айтады. Мәселен, «Жасыл экономика үшін және G-GLOBAL-ды дамыту» коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекованың сөзіне қарағанда, осыдан біраз бұрын Астанадан 40 шақырым жерде орналасқан көкөніс өсіретін фитодиодты жылыжай мен күн биовегитаридің мүмкіндіктері зерттелген. Халықтық «жасыл» технологиялар академиясы жанынан құрылған сынақ алаңында органикалық өнім өсіру үшін құрамында химиялық заттар мен нитраттары жоқ және табиғи жолмен өңделген көң пайдаланылған. «Бұл шағын жылыжайдан бизнес жасау туралы ойламаған едік. Алайда, бұндай қадам жасауға біздің серіктесіміз, шетелдік ірі сауда желісі ұсыныс жасады. Олардың мәліметіне қарағанда, сатып алынатын кейбір өнімдер қымбат, бұл өз кезегінде тұтынушыларға да ауыртпалық түсіреді. Ал шетелдік сауда желісі Қазақстаннан өндірілетін көкөністер мен өзге де өнімдерді тұтынушыға қолайлы бағамен сатуға мән бермек», - деді С. Рахымбекова. Оның сөзіне қарағанда, аталған сауда желісімен экологиялық таза органикалық өнім дайындау туралы келісім жасалып, әлгі компания сонымен қатар серіктестер өнімінің сапасы бойынша зертханалық нақтылау шараларын да өз мойнына алып отыр. «Біздің өнім барлық талаптарға сай болады. Тіпті, зертханалық зерттеу нәтижелері сапа жағынан жоғары қорытынды көрсетіп отыр. Қазақстандық өнім мен Франциядан жеткізілетін өнімдердің сапасын тексеріп, қазақстандық өнімнің құрамы кейбір дәрумендерге бай екендігі анықталды», Англия мен Шотландияның ауыл шаруашлығы жанар жағар маймен агрегаттық минималды шығынмен барлық процесстердің жоғары механизациясын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жердің көп ауданы көпірлік технологияға ие жоғары жер өңдеу мәдениетін сипатталады. [13]
Дегенмен, сарапшы органикалық өнімді ынталандыру үшін әлі де бірқатар шаралар атқарылу қажеттігін алға тартады. Мәселен, оның айтуынша, Қазақстанда органикалық өнімді растайтын арнайы зертханасы жоқ. Соның салдарынан Қазақстанда органикалық өнім өндіретін шаруашылықтар зертханалық нақтылауды Германияға, Түркияға өнім сынамаларын жіберу арқылы алып келеді. Бұл зертханалар астық сапасымен қатар, топырақ тазалығын және басқа да көрсеткіштерді тексереді. «Әлемдегі ірі астық экспорттаушы мемлекет ретінде Қазақстан органикалық өнім бойынша зертханалық тексерулерді өз ішінде жүзеге асыратын болуы керек», - дейді ол.
Қазақстанның жайлауы мен жайылымы мал шаруашылығын, дархан даласы егін шаруашылығын дамытуға да аса қолайлы. Бұл үшін жерден көп өнім алудың соңына түсіп, оны улаудың да, химиялық қоспалармен бүлдірудің да еш қажеті жоқ. Қоспасыз таза өнім - Қазақстанның басты ерекшелігі. Ең ақыр аяғы Қазақстан өзінің әлемдік аренадағы органикалық, экологиялық таза тағам өндіретін ел ретінде имиджін құру керек. Қазірдің өзінде бұған мол мүмкіндік бар. Өйткені, Ресейде, Араб Әмірліктерінде және Қытайда Қазақстан эко-німдерімен танымал бола бастады. Бұл іс ары қарай жалғасын тапса, оған мемлекеттік деңгейде мән берілсе игі. Сонымен қатар, экологиялық таза, қоспасыз органикалық өнімді ішкі нарықта да қолдап, халық саулығы үшін де, экономика үшін де өз нарығымызды осындай өніммен толтырып алсақ. Бұл ретте елімізде азық-түліктің 70 пайызы импорттан екенін де естен шығармағанымыз ләзім ғой.
70 пайыз өнімсді импорттау деген Қазақстан секілді ұшан теңіз жері мен табиғаты бар ел үшін үлкен масқара. Сонымен қатар үлкен қауіп-қатер мен шығын. Тіптен бүгінгі таңда ірі қалалар мен аудан орталықтарында туындап отырған баспана мәселесі мен кептеліс тағысын тағы мәселелердің бастауы да осы дүниенің кеселі. Егер манағы импортталған 70 пайызды өз елімізде өндіретін болса қаншама ауыл мен аудан халқы урбандалуға ұшырамай, өз тұрғылықты жерінде қала берер еді. Бұдан барып бүгінде туындаған мәселердің көбі өздігінен шешілер еді. Бүгін да ауыл шаруашылығы дамыған мемілекеттерден неше атасынан бері мирас болып келе жатқан шаруа қожалықтары бар. Оларға берілетін сыйлықта, сонымен қатар базар нарқында олар өндірген өнім әлде қайда қымбат, неге? Өйткені бай тарих дегеніміз мол тәжірибе. Сол үшінде ауыл шаруалары белгілі бір өнім өндіргенде оның сапасын яғни қаншама атасынан жалғасқан әулеттің атаө-абыройын еш уақытта бәске тікпейді. Міне бізге де сондай пиар қоттарды қолдануымыз, әр аудан мен ауылдың өз брендін, тарихын жасауымыз тиіс. Бүгінде әлемде қалыптасқан бірендттердің тарихын көрсететін небір кинолар мен шығармалар бар, біздің елде неге сондай болмасқа. Сондай болған жағдайда бүгінде үлкен мәселеге айналған ауылдардың жоғалуы мен қала халқының тығыздығы артып келеді деген сынды мәселелермен бетпе-бет келмес едік қой. Сонымен қатар бүгінде шегаралық аймақтардағы ауылдардың бос қалғандығы туралы да түрлі мәселелер көтерілуде, неше ата-бабасынан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келген ағайынның қалаға, кептелісі мол, экологиясы былыққа толы алып шаһарларға ағылуының сыры неде. Осының бәріне кінәлі жұмыссыздық пен ауылдағы ифроқұрлымның жолдың, судың, газдың болмауынан. Жирма бірінші ғасырдың адамы ретінде бұндай адами игіліктерден құр қалғысы келмеген ауыл тұрғындарын түсінуге болады. Ал бір-ақ, бұл дүние жалғаса берсе не болмақ. Әдет те түрлі фермалар жұмысын жолға қою үшін оған жұмыс күші керек, бұрын Кеңес өкіметі кезінде әр ауылдың өз фермасы болды. Ауыл халқы содан нәпақасын тапты. Енді сонда ауыл шаруашылығы да бахталық жұмысқа айналып кетпек пе? Міне ойланатын мәселе. Баяғыдай әр ауылда сүт, ет фермаларын салуға не кедергі? Осы мәселерді шешпейінше бізде орта тап қалыптаса ма, ал қалыптасбаса, дамуымыз мүмкін бе?
«Шағын фермер субсидияға немесе қаржыландыруға қол жеткізе алмайды, бірақ ол бизнеспен айналысады. Оларда ірі кәсіпорындардағыдай артықшылықтар жоқ».
«Бұл Ет одағы субсидиядан бас тартты деген хабарлама, ол Ауыл шаруашылығы министрлігінен келеді... Енді мемлекет аналық поло сатып алуға ақша бөледі.
«Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы ауыл шаруашылығы саласының локомативіне айналып келеді. Соңғы 3 жылда бақша дақылдарының жыл сайынғы жиналуы 1 млн. тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарының 87℅ біздің өңірде орналасқан. Облыс республика бойынша мақта көлемінің 100℅, жүзім мен бақша дақылдары көлемінің 70℅ құрайды», - деді ОҚО-ның әкімі Ж.Түймебаев «AgriTek Shymkent’2016» V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу салтанатында.
Халықаралық шарада Қазақстаннан бөлек, Ресей, Түркия, Германия, Испания, Ұлыбритания сынды шетелдік компаниялар келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, шараға қатысып жатқан 50-ден астам компания өкілдері ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге кеңінен таныстырды.
Бүгінгі таңда ұйымдастырлылып жатқан іс-шаралар мен көрмелер ертеңгі ірі шаруашылықтар мен қожалықтардың негізін қалау деген сөз. Егер расымен де мемілекет шаруалардың өнімін қабылдайтын функттер мен арнайы бағаны енгізетін болса шаруалар делдал дар мен алып сатарлардан зардап шекпес еді. Сонымен қатар осындай жүйенің арқасында ұрылардан да толық құтылуға мүмкіндік болар еді. Жирма бірінші ғасырда мал ұрлығынан ұүтылалмай отыруымыздың басты себебі де осы жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылық өнімдерін алып сатуда арнайы, тиімді жүйенің болмауы. Бұлда бір еліміздегі кенделеп жатқан жұмыс. Бүгінде қаладағы ағайынға ет жеткізіп беріп жүрген не бір кәсіпкердер бар солардың өнімін тиісті стандартқа түсіріп логотвімен сапа белгісін берер болсақ. Одан ұқтылмас едік. Онда ауыл халқы да жаппай қалаға ағылмас еді. Ақша бар жерде әр нәрсенің сапалы болатыны да белгілі ғой. Онда ауыл хыалқы да заман игііктерінен құр қалмас еді. Бүгінде адам өмірінің сапасы тұрмысыен есептелетін болса, ауыл аймақта өмір сүретін елдің тұрмыс ана ғұрлым төмен екені, сол себептен де қалаға ағылып жатқаны жасырын емес.
Жалпы, өңірдің ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне тоқталсақ. Биыл аймақтағы өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда бау-бақша дақылдарының егіс алаңы 49 мың га-ға ұлғайып, 59 мың га құрады. Яғни, көкөністер көлемі 27 мың гектарға көбейіп, 40,4 мың га болды. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің егістік алаңы 30 мың га жетті.Биылғы маусымда жиналған жеміс-жидек дақылдарының түсімділігі 85,0 ц/га болса, жүзім 100 ц/га құрады. Тоннаға шақсақ, жалпы жиналған жеміс-жидек көлемі 126 мың тонна, ал жүзім - 63 мың.тн құрады.
Агроөнеркәсіп кешені мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме 11 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша мемлекеттік органдар өздерінің атқарған жұмыстарын халыққа жеткізіп, кез-келген ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуде.
Агроғылым, тенденциялар, инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ үздік сауыншылар байқауы, асыл тұқымды мал тұқымының аукционы және 200 келі алманың таратылуы – осының барлығы Орталық Азияда ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі – KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінің бір бөлігі болды.
Астанада 12-14 қазан аралығында 20-дан астам елдің сала мамандары және 300 компания өкілдерінің басын қосқан шара өтті.
Қазақстанға аграрийлер, ғалымдар, бизнесмендер, шенеуніктер, сарапшылар, инвесторлар, импорттаушылар мен экспорттаушылар келді. Олардың барлығы серіктестерді, одан әрі транзакциялар үшін байланыстарды, жаңа шешімдер мен технологияларды, құралдарды, идеяларды және ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеді.
Бүгінгі таңда елімізде ауыл шаруашылығы түбегейлі дамымай жатыр десек артық айтқандық болар. Кеңес одағына қарағанда әлде қайда даму егін шаруашылғында көрініс беруде. Басты себеп бүгінде цифрлы технологиялар мен жұмыс істейтін апараттар мен жаңа төзімді тұқымдардыңп пайда болуы. Сонымен қатар түрліше суды үнемдейтін суару қондырғыларының ойлап табылуы да бұл салаға серпін әкелді.
Олар агроөнеркәсіптік кешен ел халқының жартысына жуығы үшін негізгі табыс көзіне айналғанын және оған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, оларды өңдеуге және сақтауға маманданғанын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өндіріс құралдарымен өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігін баса айтты.
«KazAgro/KazFarm көрмелерінің мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді көрсету және Қазақстанның барлық фермерлерін бірегей алаңға біріктіру. Бұл біз үшін өте маңызды оқиға. Көрмелер өткізу игі дәстүрге айналғаны қуантады», – деді министр.
Құрылғаннан бері көрмені 13-ші рет ExpoGroup компаниясы ұйымдастырып отыр. «Биыл көрмені 20 мыңнан астам адам тамашалады. Айта кетерлігі, біз агроғылымға үлкен мән беріп, отандық ғалымдарға қолдау көрсетіп, олардың ауыл шаруашылығы саласындағы әзірлемелерін жариялап жатырмыз. Олардың жұмысы қай кезде де көлеңкеде қалып қояды, біз олардың жұмыстарын жандандырып отырмыз. Сонымен қатар, биыл серіктестеріміз – ауылшаруашылық тауар өндірушілері дәстүрлі түрде ауқымды стендтерді ұсынып, мәмілелер жасап, жаңа тұтынушыларды тапты. Олардың барлығы келесі жылы көрмеге қатысатындарын растады», – деді ұйымның директоры Шолпан Қожабаева.
Көрмені талқылаудың негізгі бағыты – отандық агроғылымды дамыту. Бүгінде Қазақстанда, әр өңірде дерлік ғылыми өңдеумен, жаңа технологияларды енгізумен, селекциямен айналысатын тәжірибе станциялары мен ғылыми-зерттеу институттары бар. Көрме барысында ғалымдар үшін өз жұмыстарының бірегей нәтижелерімен бөлісу, сондай-ақ шетелдік әріптестердің тәжірибесімен танысу маңызды болды. Осы мақсатта «Агротрендтер – топырақ құнарлығын сақтау, органикалық егіншілік, климатқа қолайлы өндіріс» атты конференция ұйымдастырылды.
Отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен қазақ жерін үнемді пайдалану, құнарын жойып алмауға қатысты көптеген жобалар іске асырылуда. Бір кездері бейберекет жыртылып, шықсын, шықпасын себілген жерлер талдау жасалмаған топырақтардың зардабын әлі тартып келе жатқан аймақтар бар. Бүгінде заман өзгерді өзіне тән айырыөқта жаңа технологиялары мен басқаша әдіс тәсілдер ойлап табылды. Жерді де күтіп пайдаланбасақ бейне палигон сияқты болып кетуі бірақ сәт.
Қазақстан мен Германия сарапшылары ауыл шаруашылығында ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті, оның ішінде су ресурстарын басқаруға, өсімдіктерді кешенді қорғау мен қоректендіруге, органикалық егіншілікке тұрақты ауыл шаруашылығы жүйесіндегі блок ретінде баса назар аударылды.
Тұқым шаруашылығындағы ғылым мен бизнестің ынтымақтастығына арналған тағы бір конференция «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды. Баяндамашылар мемлекеттік және жеке саланың ғалымдары болды.
Олар «Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясаты», «Тұқым нарығындағы ағымдағы жағдай және тенденциялар», «Қазақстандағы тұқым шаруашылығы, сорт сынау және тұқым сапасына сараптама», сондай-ақ «Тұқым шаруашылығының ғарыштық мониторингі» тақырыптарын қозғады. Сонымен қатар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мәселелері қаралды.
Мал өсірушілер, ветеринарлар және мал шаруашылығы саласының инвесторлары үшін басқа да маңызды талқылаулар өтті. Ең маңызды жиындардың бірі – Қазақстан өсімдік өсірушілерінің ІІ слеті. Оған қатысу үшін еліміздің барлық өңірінен жетекші сала мамандары жиналды. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды. Іс-шара барысында өсімдік шаруашылығындағы жаңа технологиялар көрсетіліп, спикерлердің саланың маңызды мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды, сонымен қатар еліміздің үздік және озық өсімдік шаруашылығындағы шаруашылықтарын марапаттау рәсімі өтті. Өсімдік шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жеңімпаздарға «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.
2022 жылдың жаңалықтарының бірі – AgroStream компаниясы әзірлеген агрономдарға арналған AgroMap мобильді қосымшасы. AgroMap агрономның жұмысын жеңілдету және ақпаратты өңдеуге көмектесу үшін жасалған. AgroMap-пен барлық ақпаратты өрістер бойынша топтастыруға, егін картасын жасауға, қауіптерді анықтауға, фотосуреттер мен тексеру парақтарын түсіруге, қауіптер каталогын құрастыруға, ауа райы карталарын көрсетуге және т.б. жасауға болады.
Жұртшылықты таң қалдырғаны сиырларды өздігінен сауа алатын робот болды. Сиырларға қолайлы жағдай жасап, өнімділікті арттыруға арналған «Dairy Robot R9500» сауын роботының тұсаукесері өтті. Өлшемдері ықшам болғандықтан, жүйе жаңа құрылыс кезінде де, ескі сүт фермасын қайта құру кезінде де кәсіпорындардың инфрақұрылымына біріктірілуі мүмкін.
Сонымен қатар келушілерге жаңа жүк көліктері мен техникалар, мамандандырылған шетелдік қондырғылар, Қазақстандағы алғашқы ауыл шаруашылығы техникасының ішкі нарығы және т.б. көрсетілді.Амиран Frisien компаниясымен 3 жылдық келісім-шартқа отырды, ол қазірдің өзінде Ресейде сиыр басынан 30 литрден жоғары сүт өнімділігін алуға негізделген ұқсас жобаны жүзеге асырды (соңғы бес жылда). Шарт бойынша әр сиырдан кемінде 30 литр сүт алу көзделген, бұл шаруашылық бойынша тәулігіне 24 тонна немесе жылына 8760 тонна сүтті құрайды. Ол үшін «Фризьен» серіктестігі үш жыл бойы барлық агротехникалық жұмыстарды тікелей қадағалап, ҚазҰАУ-мен тығыз қарым-қатынаста болып, кадрларды оқытса, екі фризиен маманы жылына 365 күн фермада болады.

Frisien компаниясының талабымен ҚазҰАУ-дың 12 үздік түлегі іріктеліп, Ресей, Канада, Германия және Голландияға оқуға жіберілді.



Еуропадағы шаруа қожалықтарының инвесторының жеке зерттеуінен кейін ол бір сиырға 30 литр өнімділік өте қиын міндет екенін және оған аз ғана шаруа қожалықтары қол жеткізетінін байқады, өйткені адам факторы өте маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде Америка мен Канаданың ірі шаруашылықтары (бірнеше мың бас) компьютерлендірудің жоғары дәрежесіне және табындарды басқару адам факторының қатысуынсыз жүзеге асырылады, сондықтан 30 литр және одан да көп сүт өндіру қарапайым фактор болып табылады. Amiran Agro жобасында дәл осындай американдық Boumatic технологиясы таңдалды, ол толық автоматтандыруды және табындарды басқаруды қамтамасыз етеді, мұнда адам факторы 99% алынып тасталынған екен.[22]
2010 жылдан бері әзірге тек Алматы қаласын қамтамасыз етіп отырған заводттың жоғарыда айтылғандай мәселелері бар. Сол мәселелер шешілісімен ғана завод өз аясын кеңейтуді жоспарлай алады. Алдағы уақытта бұл мәселе жөнінде жұмыстар жасалуда. Оңтүстік Астана тұрғындарының сүйікті өнімі болған отандық Амиран, ләйім әлемдік деңгедегі алпауыт болғай.Өткізілген барлық конференциялармен қатар, әртүрлі өндірістік компаниялардың көрмесі де өткенін айта кеткен жөн. Бизнес-қауымдастық өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, серіктестер іздеп, мәмілелер жасады. Көрмелер барысында келіссөздер нәтижесінде 100-ден астам әртүрлі келісімдер, мәмілелер, меморандумдар мен келісім-шарттар жасалды.
Биылғы ең үлкен стендтердің бірін Қостанай агромеханикалық зауытының ресми дилері Kamz Agro ұсынды. Кәсіпорын өкілдері көрме кезінде 26 миллион теңгенің өнімін өткізіп үлгерді.
«Біз бұл көрмеге екінші жыл қатысып отырмыз, өткен жылы жалға алу алаңы шамамен 100 шаршы метрді құрады. Биыл – 720 шаршы метр. Халық Қазақстанда машина жасау барын көрсін. Беларусь, Испания, Түркия және басқа елдердің зауыттарымен ынтымақтасамыз. Осы көрме аясында біз 26 млн теңгеге екі дана техника саттық. Бір сатып алушы Ақмола облысының Ақкөл ауылынан болса, екінші сатып алушы – Оралдан», – деді Kamz Agro директорының орынбасары Қуанышбек Әбдірахманов.[18]
Көрмеге ұсынылған компаниялардың бірі – 1953 жылдан бері ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын шығаратын ірі американдық өндіруші Massey Ferguson. CanAgro 2016 жылы Қазақстандағы дистрибьютор болды. CanAgro маркетологы Руслан Жоламанов көрме барысында мамандардың қандай нәтижелерге қол жеткізгенін айтып берді.
«Біздің компания нарықта 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта біз Massey Ferguson брендін ұсынамыз. Біздің компания көрмеге құрылған күннен бастап жыл сайын қатысып келеді. Тапсырыс берушілер көп, бағаның қымбаттауына қарамастан, құрал-жабдық алуға қызығушылық танытқандар бар.Бүгінгі таңда, ғылымның дамуы ауыл шаруашылығына да көптеген игіліктер мен жаңа технологияларды алып келді. Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығына арналған жаңа технологиялардың көрмесі өтіп келеді. Тіптен бүгінгі таңда малдың ауруы мен жасын анықтайты несесе буаз немесе буаз еместігін анықтайтын құрылғылар пайда болды. Осындай құрылғылардың алдын шаруа қожалықтары өз пайдасына жарата бастады. Жаңа технология шаруаның мал сапасы мен буазне буаз еместігін анықтауының арқасында шаруашылық жоспарын құрып, мал басын есептеуіне көптеген мүмкіндіктер алып келді.
Бізде қазірдің өзінде жабдықты сатып алу туралы алдын ала ниеттілер тіркелді, біз сатып алып, келісім-шарт жасастық», – деді ол. Көрме аясында ауыл шаруашылығы саласының тенденцияларын талқылаудан басқа, арнайы техникалар мен конференциялар көрсетілді, түрлі байқаулар, жиындар және басқа да интерактивті іс-шаралар өткізілді.
KazAgro/KazFarm көрмелерінің тарихында тұңғыш рет 2022 жылы қой мен ешкі тұқымдық материалдары бойынша аукцион өтті. Көрмеде «элита» класындағы асыл тұқымды қошқарлар, Еділбай, Гэмпшир, Дорпер, Қаракөл, Саанен сүтті тұқымдары уақ малдар ұсынылды. Тұқымды криоконсервациялау IMV (Франция) технологиясы бойынша зертханада жүргізіледі.
Слоттардың бірінде қазақстандық тележүргізуші және медиаменеджер Ләйлә Сұлтанқызы жеңіске жетті. Ол Гэмпшир тұқымының асыл тұқымды қошқарының биоматериалының (тұқымының) бір дозасын жеңіп алды.
Жаппай болмасада шетелдік ғалымдардың қолынан шығарылған асыл қой тұқымдары мен ешкі тұқымдары ел малшыларының қолына тиуде. Бұл тұқымдардың басты артықшылығы мол ет беруі мен қатар етінің бір ет бір май болып әлемдік стандарқа жауап бере алатындығында. Сонымен қатар басым көпшілігінің екіз табу қабілетінің болып, өсімтал келетіндігінде. Кезінде Кеңес кезінде қолдан ұрықтандыру біршама дамып, соның арқасындағы әр аймақта сан алуан тұқымдар тез таралған еді. Бұл жұмыстар ел тәуелсіздігін алғанда сапалы кадрлар мен құрал-жабдықтың жетіспеуінен, лабораториялар мен зертханалардың болмауынан біраз уақыт тоқтап қалды. Енді енді ғана бұл сала дамып келе жатыр. Қолдан ұрықтаудың көптеген табиғи ұрықтаудан артықшылықтары мен тиімділіктері бар. Мәселен табиғи ұрықтану жағдайында түрлі жұқпалы ауырулар жұғып кетуі немесе малдың ұрықтанбай қалып шаруаның бір жылғы еңбегі жоқ болуы мүмкін болса, қолдан ұрықтау да ондай келеңсіздіктер болмайды. Сонымен қатар асыл қошқарды немесе аталықты шаруашылығына апарған шаруа оны дұрыс күте алмаа не мал сол жердің климатына үйрене алмаса қаншама шығынға ұшырауы мүмкін. Ал мұз ұрық, арнай азотты термыста сақталатындықтан оны тасымалдау мен малды ұрықтау, әлде қайда ас шығын жұмсалатын жұмыс. Канададан жоғары сапалы сүттің көп мөлшерін алу үшін 780 голштейн-фриз сиыры сатып алынды. Ол Голландияда өсірілді және әлемдегі ең танымал сүтті мал тұқымы болып табылады. Мұндай сиыр біздің дәстүрлі тұқымдарға қарағанда сүтті үш есе көп береді. Сиыр қораларының құрылысын американдық технология бойынша Boumatic компаниясы жүргізген. Әрбір сиырға жайлы орын беруге ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстанда алғаш рет австриялық Bauer компаниясының көң өңдейтін реакторы орнатылды, нәтижесінде өңделген көң бірнеше рет төсек-орын ретінде пайдаланылады, бұл сиырлардың мастит сияқты жұқпалы ауруларының ықтималдығын күрт төмендете, тұяқ аурулары және т.б. және осы әдістің арқасында сиырлар демалатын жәшіктер таза болып, емшек инфекцияның ықтимал көзімен байланыста болмайды.



Реактордан кейін өңделген көң бірден органикалық тыңайтқыш ретінде егістік алқабына шығарылуы және егістікке шығар алдында лагудада 180 күн сақталмауы өте маңызды. Сондай-ақ, көңнің сұйық және қатты фракцияларын бөлу нәтижесінде бөлінген сұйықтық егістіктерге тасымалданған кезде өсімдіктердің тамырларына жақсы еніп, жақсы өсуді қамтамасыз етеді, бұл өнімділіктің кемінде 50% -ға өсуіне әкеледі. .
Еуропада және басқа да дамыған елдерде жоғары өнім дәл органикалық тыңайтқыштарды көбірек қолдану арқылы алынатыны белгілі. Кәсіпорын органикалық тыңайтқыштарды пайдалануды ұдайы арттырып, химиялық тыңайтқыштарды пайдалануды азайтуды жоспарлап отыр, ал құймасыз жырту жердің құнарлылығын арттыруға, эрозияға жол бермеуге және егістіктер айналасында жоғары экологиялық жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Шаруа қожалығындағы жұмыс тұрақты болуды талап ететіндіктен, барлық қызметкерлер жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл қазіргі заманғы рамалық үйлер, олардың ең маңызды артықшылығытамаша энергия үнемдеу өнімділігі. Бұл артықшылық, ең алдымен, оқшаулау жүйесінің арқасында қамтамасыз етіледі. Әдетте, жылу оқшаулау үшін кварцтан немесе базальт талшығынан жасалған минералды жүн қолданылады. 150 мм жылу оқшаулағыш қабаты жыл бойы жайлы өмір сүруді қамтамасыз етеді. Сыртта оқшаулағыш қабат қаптама материалымен жабылған.
Мұндай биоматериалдың бағасы жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өту маңызды. Сондықтан сатып алушылар сатып алудан ақша таба алады. Биоматериалды 100 жылға дейін сақтауға болады. Сауда-саттық кезінде ең жоғары баға 1 млн теңгеге жетті.
Тұқымның дозасын қарапайым фермерлер де, белгілі қазақстандықтар блогерлер – Сырым Итқұлов, Өркен Кенжебек, Данияр Қалдыбаев және басқалар жеңіп алды.
Көрме аясында «Үздік сауыншы» байқауы өтті, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алды. Басекелестердiң тәжiрибесi, жынысы сияқты мәселелер манызды болған жоқ. Ұйымдастырушыларды таң қалдырғаны, байқауға қатысушылардың 80%-ы ер адамдар болды. Шарт бойынша қатысушылар 2 минут ішінде ең көп сүтті саууы керек еді. Жүлде – ауылшаруашылық өнімдерінің бір букеті және 25 келі ұн.
Бүгінгі таңда елімізде өткізіліп жатқан көрмелер мен арнай іс шараларға баға бере алмаймыз. Дегенмен әлемде атқарылып жатқан, әсіресе ауыл шаруашлыығы арқылы азаматтарын тамақтандырып, қалтасын қампитып отырған елдердегі іс-шаралармен еліміздегі іс-шараларды салыстыруға да келмейті. Біздің жеріміз ұшан теңіз. Елімізде жылына қаншама ауылдар жойыуда, басты себебеп ауыл шаруашлыығының дұрыс насихатталмауы мен жұмыстың жүйелі жолға қойылмауынан. Ауылдағы ағайынның бір айтатыны жұмыстың жоқтығы. Түптеп келгендегі ауылдағы әкімшілік органдар мен мектеп сынды мемілекеттік мекемелер мемілекеттің есебінен күн көреді. Әрине көргені де дұрыс. Ал бірақ, ауыл халқы сол мектептер мен ауырухана сынды жерлерде жұмыс істеу арқылы ғана күнін көрсе бұл қаншалықты тиімді. Бүгінде қалт-құлт етіп күнін көріп отырған ауылдардың, ауыл халқының басым бөлігі зейнеткерлер мен ауылдағы мектеп пен ауырухана пункті т.б мекемелерде жұмысы бар адамдар. Егер ауылда өз жанын өзі бағып, мемілнекетке салық төлеуге қабілетті тұлғалар азайып кетсе, ол ауыл мемілекеттің экономикасына қып-қызыл шығын деген сөз. Оның үстіне сапасыз білім алған, ем алған азаматтардың обалы кімге? Бізге ауыл керек болатын болса, ауылдағы ауыл шаруашылығн дамытуымыз керек. кез-келген аудан мен ауыл өз жанын өзі бағып, балқып-шалқып күн көре алатындай деңгейге апаруымыз тиіс. Оған не кедергі, бізден жер көлемі кішкентай һәм құнарлылығы мен табиғы жағдайлары әлде қайда тиімсіз елдердің өзі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, экспорттайтын держабаға айналып отыр. Неге шетелдердегі сияқты біздің әр ауданда өз өндірісі өз брендті болмасқа. Әр аудан неге өз брандтімен мақтанбайды. Өткен күнмен өмір сүруді қашан қоямыз. Демек бізде жер бар, жұмыс күші бар тек ұйымдастыру жетіспейді. Әр ауылдың өз бренті мен шығаратын өнімі болса ауыл қалқы боспас еді ғой. Бүгінгідей мемілекттің басты мәселесі баспана мен урбандалуға қарсы күрес болмас еді. Демек бүгінгі ауылдағы шаруашылықтардың жұмысын реттеу, бүгінгі қоғамдағы жоқшылық пен баспана мәселесінің, тіптен қаладағы кептеліс мәселесінің де шешімі болуы мүмкін. Әр ауылда шаруашлықтардың дамуы, шағын қалалардың дамуына алып келеді. Тіптен біз секлді жері кең мемілекет үшін шағын қалалардың дамуы өте керемет дүние. Шағын қалалардың дамуының арқасында біз азаматтарымызды бүгінгіден әлде қайда жақсы тұрмыс кешірте алар ек. Қала қалқы пайдаланатын игіліктер мен жол, су, газ қатарлы имфрақұрлымдарға да айтарлықтай өзнгеріс енер еді. Бүгінде жаһан қалқы жасыл экономикаға бет бұоып экологиялық таза өнімдерді тұтынуға көшті. Тіптен жанар жағармаймен жүретін көліктерден жаппай бас тартып жатыр. Ал біздің елге электор мовилдерді кіргізу үшін, көлік иедері емін еркін Қазақстанның мына басынан, ана басына бару үшін әр 100 шақырым сайын қуаттау станциялары салыну керек. ал бұл деген мемілекет үшін үлкен шығын. Ал емізде көптеген шағын қалалар дамыр болса, олардағы өндіріс орындары мен шаруалардан түскен салықтан сол аудандардың вюжеті пайда болса неткен керемет болар еді. Тіптен әр аудан өзіне қарасты имфроқұрлым кешендерін қалыпқа келтіріп ала алатын болса, жол, су, газ сапасы бүгінгіден әлде қайда жоғары болатыны даусыз еді. Түптеп келгенде бүгінді дамыған елдердегі ортақ дүние, тұтастан елдің әр түрлі штаттар мен бөліктерден тұрып, өз виюжеттерінің болуы емес пе. Бізде әр ауданның мақтанатын тарихынан басқа несі бар. Өндірістің өзі тек қазба байлық табылған аймақтарда ғана бар. Егер бұлай кете берсек күннің күнінде үлкен қиындықтарға тап боламыз. Бүгінде қалада пайда болған үй мәселесі мен жұмыссыздық, қылмыс еш қайдан келген жоқ. Шалғайдағы дамымай қалған аудан мен ауылдан келген азаматтар қаланың жоспарына кері нұқсан келтіріп жатқаны да жасырын емес. Ал егер әр аудан өз бетінше дамыр болса, жақсы жерден ел көшеме. Тіптен ауыл шаруашылық өнімдері тиісті деңгейде дамыр болса қаржы бр жерде басқа салаларда, ойын сауықта өзінен өзі дамып кетер еді.

Қорытынды


«Ұйықтап жатқан халықтар жоғалады немесе құл болып оянады». «Ештеңе өндірмейтін,тек қана тұтынатын ұлттар алдымен өзінің қадір-қасиетін жоғалтады,содан кейін бостандықтықтарын жоғалтады және нәтижесінде болашақтарын жоғалтады ...» деген түрік көсемі Кемаль Ататүріктің қанатты сөзінің мән мағынасы қай елге болсын қатысты. Бүгінгі таңда экономикамыздың шикізат экспорттаумен толығып отырғаны жасырын емес. Түптеп келгенде қазба байлықты сату деген сөз, басқа елдің валютасын алу дегенге саяды. Сол арқылы қайтадан елге өнім импорттау.
Құдайға шүкір,жер жетерлік! Бүгінгі таңда ғалымдардың есебінде қазақ жерінің 70 пайызы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге толықтай жарамды. Кезінде Алаш қайраткерлерінің де ауыл шаруашылығына қатысты танымдық әдебиеттерді шығаруы бекерден-бекер болмаса керек. Түптеп келгенде ауыл шаруашылығынң дамуы, бірінші кезекте кез-келген мемілекеттің экономикалық және саяси қауіпсіздігінің кепілі. Сонымен қатар қазақ сынды табиғатпен етене жақын өмір сүріп, жер төсін емген халықтың мәдениеті мен әдет-құрпы, ділі осы шаруашылық негізінде қалыптасқан деп айта аламыз. Бай тіліміздің де ең шырайлы, ең тазасы осы мал шаруашылығына тікелей байланысты екені айдан анық. Бүгінгі жалпы әлемдік жаһандану процесі үдеп тұрған тұста, тілімізді өлтірмейміз десек, ата кәсіптен алшақтамауымыз керек. Не дегенмен тіліміздің 70 пайызға жуық сөзінің материялдық болмысы, түп төркіні осы мал шаруашылығынан шыққан. Демек бұл сала біз үшін табыстың ғана көзі емес керек болса руханияттың да көзі. Біз отырықшы ел болмадық. Сол себептен де ата-бабамен байланысымыз осы ата кәсіп арқылы өрбімек. Сол себептен де ауыл шаруашылығын, әсіресе жылқы мен қой шаруашылығын дамытуымыз тиіс.
Ауыл шаруашылығын дамытудың тағы бір маңызы – экономика. Еліміздің орналасқан жері, ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға өте қолайлы. Сонымен қатар, химиялық және гендік жетілдіру енгізілмеген таза табиғи малды, көне тұқымдарды молайта алсақ – таза өнім экспорттайтын бірден - бір ел болар едік. Қазақстанның екі алпауыт көршімен, соның ішінде Қытаймен көрші екенін ескергеніміз абзал. Қазба байлықтың түбі сарқылары немесе табиғатқа кері әсері болары белгілі, сол себептен де еліміздің жер –су рессурстарын тиімді пайдаланып елімізде ауыл шаруашылығын дамыту, уақыт күттірмейтін мәселе.
Бүгінгі таңада елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінбей жатыр десек артық айтқандық. Дегенмен де, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен экспорттау, әуелі өзіміздің ішкі сұранысты өзін қанағаттандырудың өзі қиын болып отыр. Жай шылықта «аграрлы» елмиіз деп ұрандағанымыз бен, бұл әзірге жүреге аспай отыр. Тіптен өзімізге керек ет пен сүт өнімдерінің өзін шетелден импорттауға мәжбүрміз. Бүгінде әлемдік брендттердің елімізде жұмыс істеп жатқаны да рас. Дегенмен бұл да біздің елдігімізге сын болып тұр. Мәселен сүт өнімдерін өндіретін «Амиран» сынды ірі көомпаниялардың заты қазақтікі болғаны мен пайданың басым бөлігі шетелге кетіп жатыр. Демек қазақ қазба байлықтан ғана емес қыз қысқасы өзінің ата кәсібі мал шаруашылығынан да елге есе жіберіп келеді. Ол ол ма. Шетелдік бренттер ішкі сұранысты қанағаттандырса жұбаныш қой, өкінішке орай шетелдік ірі компанияларды қазақ елінің ікшкі сұранысы мен тұтынатын ет, сүт өнімдерін қөанағаттандыра алмай отыр. Басты себеп сүт өнімдері : қаймақ, юогурт, ірімшік, сүзбе қатарлы өнімдерді даярлауға керек сүттің жетіспеуі. Яғни шикізаттың жоқтығы. Ауылдағы ағайынның бірнеше бас малы керек шикізатты өнідіріп бере алмайды бір, өндіріп берген күннің өзінде нәсілсіз, құнарлылығы төмен сүт өндіріске жарамсыз. Демек еліміздегі ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға да кедергілер жетерлік. Тіптеп келгенде, еліміздегі тері түкке жарамсыз, игерілмей жатыр деп мәселе көтереміз. Анығы, бүгінгі таңда бір теріден тілу арқылы бірнеше есе өнім алынуы тиіс, сонда ғана тері өндіріс пен тасымалдау шығынын өтейді. Ал еліміздегі мал терісі жұқа және өндіріске жарамсыз. Түптеп келгенде мал емдеуге қолданып жүрген шприцдердің – инесінің өзі мал дерісін бүлдіріп, өңдеу кезінде теріні тұтастай өңдеуге мүмкіндік бермейді. Ал ауылдағы ағайынның аз наулақ малды асылдандыра алмай отырғаны, мал асылдандыруға берілген қолдау қаржыларды алудың қиындықтары өз алдына. Демек еліміздегі ауыл шаруашылықты дамытамын дейді екенбіз, еліміздегі малды асылдандыру мен өнім жинауды ұйымдастыру кезек күттірмейтін мәселе. Кезінде Алаш қайраткерлері қазаққа арнап оқулықтар шығарып, баспасөз ұйымдастырғанда осы ауыл шаруашылық мәселесі назардан тыс қалмаған. Өйткені осынау қалықтың, мынандай жер көлемі мен бұған дейін қалыптасқан ділі ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттайтын үлкен держабаға айналатынына сенген, қазақ елінің болашағын сол тараптан көрген деген сөз. Бүгінгі таңда әлемдік стандардарға еліміздегі малдың жетпіз пайызы кірмейді. Өзіміздегі мал тұқымдары мен түрлеріне әлем көзімен қарар болсақ шығын есебінде деп толық айта аламыз. Мәселен ірі қара малды бағып қағуға кететін шығынды ақтау үшін ірі қара мал жылына екі рет бұзаулауы немесе малдан алынған төл өте өсімтал болуы керек. тіпті болмаған жағдайда тәулігіне 30-40 летр сүт беретін болса ғана өзін бағып-қағуға жұмсаған шаруаның еңбегін ақтап, шаруаға пайда алып келе алады. Ал бүгінгі таңда еліміздегі жабайы мал тұқымында не сүт, не ет, не терінің пайдасы болмай тұрғандығңы шындық. Ал тіптен сүт болғаны мен де оның майлылығы мен құнары әлде қайда төмен. Оны өңдеуге, тасымалдауға жұмсаған шығынды ақтамайды. Бейне еліміздегі мұнай мен Арабияда сорылған мұнай сияқты дүние. Ал әлемдік асыл тұқымды мал елімізде өспейді дейін десек, асыл малды әкеліп өсіріп, өзіміздің бидайымызды өзімізге қуырып отырған шетелдік компанияларды көргенде қалай ғана ішің ашымайды. Ресіми деректер мен ақпараттарға жүгінер болсақ отандық ғалымдарымыз әлемнің ғаымдарынан кенде емес , қазақ жерінде бәрі де керемет. Ал шындық басқанша. Еліміздегі ауыл шаруашылық өнімдерін көтеру үшін ең әуелі өнімнің сапасы артуы тиіс. Осы орайда мынандай ұсыныс айтқым келеді:

  1. Еліміздегі фермерлердің басым бөлігі, ауылдағы ағайын. Сол себептен барлық ауылдарда мал асылдандыру функттерін құру. Сонымен қатар еліміздегі шетелдік алпауыттар (аграрлық саладағы) ауылдағы малды асылдандыруға шарт қою.сол арқылы ауылдағы малдаң асылдануы жағдай жасау.

  2. Сонымен қатар, елімізге шетелден келіп жатқан ет, сүт өндіруші компанияларға ауыл өнімдерін қабылдауға міндет қою. Олардың өндіріс орындарын еліміздегі ауылдар мен фермерлердің орналасуына қарай салу. Сол арқылы ауылдағы ағайынның дүниесі делдалдар мен алып сатарлардың қолында рәсуа болмас еді.

  3. Ауыл шаруашылық мамандайрын дайындайтын ЖОО –нан заман талабына сай жаңа мамандықтар ашу, оларға жағдай жасау арқылы қабілетті балаларды сол салаға қарай тарту.

  4. Ауыл шаруаларының статуысын көтеру. Бүгінде агралы елдерде түрлі жәрменкелер мен ұйымдардың марапттары бар. Сонымен қатар пәленше атасынан бері жалғасып келе жатқан бренд деген сынды айырықша статустарда бар. Ондай өнімдер сауда нарқынды әлде қайда қымбат тұрады. Сол дүние біздің елге енбейінше ауыл шаруашылығы тек бір сәттік, мемілекеттен берілген қолдауларды басып қалудың, жеңіл ақша табудың құралы ғана болып қала бермек.

  5. Елімізде өндірілген өнімдердің имиджін қалыптастыру. Елімізде мал мен өсімдіктерге берілетін арнайы химиялық дәрілерге шектеу қою. нарықтан ысыру. Сол арқылы, елімізде тек табиғи өнім өндіріледі деген имидж қалыптастыру.

  6. Еліміздегі ірі ауыл шаруашылығын өнімдерін өндірушілерге шетелдік көрмелерге қатысуға, байланыс орнатуға мүмкіндік жасау.

  7. Ірі жер иеленушілер мен ірі кәсіпорындарға, ауылдағы имфроқұрлым мен ауыл шаруашылығын тамытуға қолдау жасауды міндеттеу. Сол арқылы ауылдағы бірен саран мал ұстап отырған ағайынды үлкен бәсекелестікке қабілетін арттыру.

  8. Ауылдар мен аймақтарға жастарды тарту, кәсіпкер есебінде жастарға үлкен жеңлідіктер мен несиелер беру. Сонымен қатар енді енді кәсіп бастаймын деген жастардан көптеген шарттарды алып тастау: кепіл, жарна, шаруашылықтың құжаттарын сұрамау.

  9. Шетелдегі жаңа технологияны шаруашылығына енгізген шаруаларға қолдау жасау, аудан атынан бренд өндіріп, дайын өнім дайындаған шаруаларға арнайы құрмет көрсету.

  10. Жыл сайын бітіретін жас түлектердің арасында ауыл шаруашылығын ұйымдастырам деген жастарды бөлек оқыту. Оқу бітгеннен соң жер мен керекті қаражат беру арқылы қолдау.

  11. Елімізде шетелдік стандарттар мен жұмыс істейтін мал ұрықтайтын һәм сұрыптайтын лабораториялар мен зертханалар ашу, оларды субцидиялау арқылы көрсететін қызыметін арзандату

Бүгінгі таңда өзекті болып тұрған осы мәселелер дер едім. Бұрын ата-бабасы мал мен тап қазақ секілді айналыспаған елдер, бүгінде бізге ауыл шаруашылық өнімдерін сатып отыр. Бұл біз үшін үлкен мәселе. Ауыл шаруашылық қазақ үшін тек экономика немесе азық-түлік қана емес түптеп келгенде салт-дәстүр, руханият екені айтпасада түсінікті. Бүгінде әлемдегі машина жасау мен каджеттер өндірісінде әлемнің көш басында тұрған кәрістер үшін күріш қаншалық қастері, қаншалық қымбат болса. Қазақ үшінде ауыл шаруашылғы соншалықты қымбат. Жаңа технологиялар мен көлік өндірісі жақсы дамып кеткен оңтүстік Корея үшін күріш өсіретін алқаптар ұстау, екбекке жарамды кәріс азаматтарын сол салаға қарай жіберу, барып тұрған шығын. Біріншіден жері онсыз да тар. Оның үстіне еңбек күшін сол салаға қарай жіберу, шабыттандырып, түрлі сыйлықтар мен қолдау беру де эеономикаға жүк. Оданда күрішті шет елден экспорттай салған теөрт-бес есеге арзан. Бірақ кәріс қалқының таным-түсінігі мен неше мың жылдық жиған дәжірибесі, тілдік лекскомының 70 пайызы осы күріште жатыр. Демек күріш жоқ болса, бірнеше буын ауысқаннан соң, кәріс ұлты да өз болмысынан алыстай бастайды деген сөз. Міне қазақ та осы мәселеге бас қатыруы тиіс. Қазақтың да жиған тергені, түптеп келгенде сан жылдық ауыз әдебиеті мен фолкулерін кейінгі ұрпақ түсіну үшін ауыл-шаруашылығымен айналысуымыз керек. сонымен қатар сөз басында айта кеткендей ауыл шаруашылығы ешқашан сұранысын жоғалтпайтын һәм белгілі бір заңдылықтарды сақтаған жағдай да еш уақытта табиғатқа зиянын келтірмейтін шаруашылық. Бүгінде ауыл дихандары мен малшылардың статусын көтеру туралы мәселе жиі айтылып келеді. Дегенмен жүйелі атқарылып жатқан дүние жоқтың қасы. Дамыған мемілекеттердің барлығында дерлік, неше мың жылдық тарихы бар брендттер бар. Сол бренттердің логативінің өзі иесіне қаншама табыс алып келіп отыр. Қазаққа неге сол дүниені қолға алмасқа. Қазақ ондайдан алыс қалық емес. Керек болса өткен тәжірибесінде басқа ұлттардан алды да да. Қазақтың кенже баласын қара шаңыраққа алып қалып, басқа балаларын отау шығаратыны – басқа халықтың көбінде кезікпейді. Міне іркелі шаруашылықтар құра алар болсақ, сол шаруашылықтың атын, имиджін құндылық есебінде қалыптастыра алсақ, ұтылмас ек. Ешкімге жем болмас ек. Елімізге енді-енді келіп жатқан пиар мен дас пиар мамандарының алдында тұрған дүние де осы дүниелер деп санаймын. Кешегі қазақ романына бәйге жариялаған Маман сынды байлар өз заманында жүйірік жылқы мен өзіндік қой, жылқы тұқымдарымен аты шықты. Елдің бәрі тапсанып Маман әулетін сол арқылы таныды. Еліміздің шығысындағы баспай қой тұқымының өзі, кезіндегі Баспай байдың атын айшықтап, не бір зобалаңдардан аман келе жатқан жоқ па. Бүгінде сол байлар қайда. Иә бүгінде де өз шаруашылығын ғылымен ұштастырып, ұлттың келешегі үшін қызымет етіп, қазақтың имиджіне жұмыс істеп жүрген байлар бар. Мәселен Бауыржан Оспаныптың өзі жылықы тұқымының шикідей етін жеуге болатын түрін шығарып, сұрыптауға үлкен үлес қосып жүр. Тіптен сол кісінің еңбегінің арқасында Жапония, Қазақстанды сапалы жылы еті арқлып танып жатқаны қашан. Міне осы сындай байларды қолдау, дәріптеу жетіспей жатыр. Еліміздегі байлар мен мал тұқымын шығарып жүрген азаматтарды дәріптер болсақ, шынайы қолдар болсақ, көптеген дүниелер өзгерер еді. Сонымен қатар бүгінгі таңда қазақ елі не қалалық мәдениетте не далалық мәдениетте емес, жаңа болмыс қалыптастырып жатқан ұлт. Бүгінде қазақы нақыштағы ою-өрнекті қоқыс шелектері мен көше орнықтарына жабыстыра бергеннен қазақи қала үлгісін жасай алмаймыз. Еліміздегі қалаларда мемілекеттік мекемелерден басқа тарихын айтып, құндылығы сөйлейтін бірде бір дүкен, бірде бір өндіріс орыны жоқ. Бұл шаруашылық пәленше деген атамнан бері келе жатыр, ол ксі қазақ қоғамы үшін осындай іргелі іс атқарған кісі деп мақтанып отырған шаруа жоқ. Демек құндылық, дұрыс көзқарас жоқ. Ал одан барып сапалы ма сапасыз ба бәрі бір деген шолақ түсінік қалыптасатыны белгілі. Міне осы себептен де ауыл шаруашылығына жаңа көзқарас алып келетін, басқа қырынан алып шығатын кез келді. Ойлап қараңызшы іргесін қалауға алдыңы буын бірнеше атағһңыз өмірін арнаған шарушылықтың өнімін аздаған ақшаға қызығып сапасыз қылып шығарасыз ба? Ол сізге деген тұтынушылар мен шаруашылықтың қанша жылдық еңбегін жоққа шығарар еді. Әрине сіз шаруашылықтың имиджі мен абыройы үшін өл-тіріл сапалы өнім шығаруға тырысасыз. Зиян шексеңізде еш уақытта принцптен таймайсыз. Неге? Өйткені сіз жасап отырған дүние тұтас бір әулеттің тарихы мен неше жылдық жетістігінен тұрады. Түптеп келгенде дамып кеткен Оңтүстік Кореияның өзі, ең алғашында ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдаудан бастаған. Оның дәлелі бүгінгі өзімізге етене таныс LG мен Samsunk қатарлы каджеттер мен тұрмыстық техника өндіретін компаниялардың түбі күріш өсіру үшін құрылған шаруашылықтар. Бірнеше туысқан әулеттің бірігіп құрған компаниялары. Ол олма көрші қытайдың өзі бастапқыда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру арқылы экономикасын қалыптастырғанын білеміз. Бүгінде қандай алпауыт болып отыр. Демек ауыл шаруашылығы мен айналысу, бүгінгі күннің экономикасы ғана емес, ертеңгі болашақ деуге де болады. Кезінде Алаш қайраткердері де бұл мәселеге ат ұүсті қарамаған, атадан балаға жалғасып келе жатқан ауыл шаруашылығының ғылыми негізін енгізуді көздеген. Оған дәлел 1924 жылдары «Күншығыс» баспасынан шыққан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына қатысты оқулықтар.
«Күншығыс» баспасынан шыққан, алғашқы ауыл шаруашылығына қатысты қазақша оқулықтар:

Авторы

Аударған

Кітаптың аты

Шыққан жылы

Көлемі

Бағасы

Тиражы

Зубрилин А.А.

Мәметұлы Ахмет



«Өсімдіктер һәм олардың өмірлері»

1924 ж

48 бет




4000

Иванов Я.Н

Мырзалыұлы Ғ

«Қазақстанға керек плугтар (соқалар)»

1927 жыл

88 бет




4000

А. А. Бессер

Ахмет Мамытұлы

«Егін өсіру жолы»

1924 жыл

80 бет




5000

Семенов А




«Қой терісі тон ісі»

1929 жыл

64 бет




3000

Андрианов

Назаралин

«Күзгі балық аулау маусымы»

1931 жыл

40 бет

15 т

25000

Елпатьевский Д.Б.

Байдалыұлы

«Жазық жерде қой өсіру»

1932 жыл

62 бет

40 т

8000

Иванұлы Даль

Ахметұлы Ел

«Қойдың терісі»

1926 жыл

30 бет

14 т

6000

Юсуфович

Ыбыраш

«Тары»




20 бет

12 т




-

Мамытұлы Ахмет

«Құрғақшылыққа қарсы шаралар»

1924 ж




17 т

4000

( Кесте, Ұлттық кітапхана сайтындағы мәліметтер бойынша жасалды)
Демек Алаш қайраткерлері де қазақ елінің болашағы міне осы ауыл шаруашылығынада екенін білген ғой жарықтықтар. Сол себептен де ауыл шаруашылығына қатысты жазылған оқулықтар мен ғылым еңбектерді аударып таратқан. Бүгінде электорнды басылымдар мен ғаламтор дамыған заман. Десе де ауыл шаруашылығына қатысты барлық ақпаратты бере алатын бірде бір арнайы сайттың не платформаның болмағандығы қынжылтады. Барлық ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдардың басын қосатын реми басылымның керек екені даусыз. Еліміздегі өнімдердің имиджін жасау үшінде әр бір өндірушіні таза бәсекеге салу үшін де сондай жалпы мойындайтын арнай ақпарат көзінің болғандығы дұрыс-ақ.
Сонымен қатар жаңа технологиялардың игілігін де қазақ шаруалары көре алмай жүр. Оған еліміздің кей аймақтарындағы ғаламтор мен сымсыз байланыстың нашарлығы себеп. Бүгінде әлем үйде отырып ақ өскіннің сапасы мен топырақтың ылғал көрсеткішін, агрегаттардың жұмысын бақылап отыр. Ал бізде, бұндай игілікьерге тек шетелдік ірі шаруашылықтар мен аз ғана моноплоия қол жеткізуде. Осы сияқты кішігірім түйткілдер шешілер болса, еліміздің ауыл шаруашылғы жылдам дамыр еді. Бұл деген сөз еліміздің экономикасы мен ел азаматтарының дастарханы да өзгеріске ұшырайды деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет