Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары



бет2/16
Дата29.05.2022
өлшемі364,24 Kb.
#35871
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………....3
1Фольклор тарихы және оның белгілері мен сипаттары
1.1 Қазақ фольклорының қалыптасу тарихы ......................................7
1.2 Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттары ..................................12
2 Фольклор және фольклортану
2.1 Қазақ фольклорының жанрлық құрамы ..................................... 15
2.2 Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты………… 19
Қорытынды………………………………………………………………….42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..............45
Қосымша ................................................................................................47

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ фольклорына арналған еңбек аз емес. Олардың ішінде таза ғылыми да, көпшілікке арналған да жұмыстар бар. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері көптеген зерттеу жұмыстары жарық көрді. Эпосқа, ертегіге, тарихи жырға, дастанға, өлеңге, жұмбаққа, ғұрыптық фольклорға, күй аңызына, балалар фольклорына арналған монографиялар, сондай-ақ фольклордың типологиясы мен поэтикасын зерделеген ұжымдық еңбектер ұлттық фольклортану ғылымын биік деңгейге көтеріп, өрісін кеңейтті.
Өнер болу үшін ең әуелі көркемдік қасиет және орындаушы мен тыңдаушы болуы керек. Қазақ қоғамында фольклор осы үш шартты түгел орындаған, тіпті, одан да кең ауқымды қамтыған. Фольклор – әрі әдебиет, әрі театр рөлін атқарды, оның шығарушылары әрі орындаушылары – жыршы мен ақындар, сондай-ақ тыңдаушылары мен көрермендері болды. Сондықтан фольклор өзіндік көркем әдіс, бейнелеу тәсілдер мен көркемдеуіш құралдар жасап, орнықтырды. Бұл процесте ол ежелден келе жатқан ұғымдар мен нанымдарды, мифтер мен басқа да ескі жанрларды пайдаланып, оларға басқа сипат дарытты, эстетикалық міндет артты. Сөйтіп, алғашқы қауымға тән мифтік сананың жемісі көркем құралға айналды, бейнелілікке және метафораға негіз болды. Осы жолда көркемдік шарттары қарапайымдылықтан күрделілікке ойысты, саналы, мақсатты қиял пайда болып, ғажайыптық сипат алды, утилитарлық функция эстетикалыққа ауысты, осының нәтижесінде фольклор поэтикасының қалыптасуы, оның кейінгі заманда әдебиетке енуі, әдеби поэтикаға негіз болуы – заңдылыққа айналды. Көркем фольклорлық жанрлар туып, қалыптасты, ертегілер, жырлар, дастандар ең алдымен эстетикалық, сейілдік, содан соң тәрбиелік, т.б. мақсат тұтты. Қазақ арасындағы толып жатқан салт-дәстүрлер мен ырым-жоралардың ыңғайында көрініс табатын алуан түрлі мазмұдық тақырыптар кейде ашық, кейде емеурін түрінде, кейде астарлы сөз түрінде аңызымен ұдайы көрініс тауып отырған. Осы орайда, қазақ арасында фольклор арқылы қоғамдық өмірді реттегіштік, адам мен адамды жарастырғыштық қасиетінің айырықша ықпалды екенін атап өткен жөн. Міне, бұл тұрғыдан келгенде де қазақтың фольклоры айрықша тарихи-рухани құбылыс ретінде зерттеп-зерделеп отырудың маңыздылығы зор.
Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттарын зерттеу нысанасы ету, тарихи тұрғыдан зерделеумен астасып жатады. Мың сан ғылыми-зерттеу еңбектерде қазақ фольклорының сан-сала қырлары арнайы қарастырылып келе жатқанын тәптіштеп тізбелесе де, қазақ фольклорының ерекшеліктерін арнайы қарастыру артық етпейтіні анық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақ фольклорының шығу тарихы және ерекшеліктерін ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, фольклор шығармаларына тән қалыптарды кең мәдени-тарихи аяда қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақ фольклорының зерттелу деңгейін сараптау;

  • Қазақ фольклорының негізгі белгілері мен сипаттарын айқындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет