Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021


ІІ. КАЗАКТАРДЫҢ ЖҮРГІЗГЕН САЯСАТТАРЫ



бет8/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ІІ. КАЗАКТАРДЫҢ ЖҮРГІЗГЕН САЯСАТТАРЫ


2.1 Жайық жағалауындағы және Жетісу жеріндегі қақтығыстар
Патшалық Ресейде өмір сүрген 11 казак әскерлері1 тобының ішінде Дон, Кубань, Жайық казактары аса ірі болып саналатын. Жайық казактарының әуел баста пайда болуы туралы казактардың да өз ішінде, сондай ақ Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихшыларының өз ішінде де әдемі де романтикалық аңыздар көп айтылады. Олар тіпті бұл казактарды сонау есте жоқ ерте замандарда Еділ мен Жайық аралдарында өмір сүрген ежелгі қыпшақтардың ұрпақтарымыз дегенді айтқысы келеді. Өзге бір болжамда бұлар ХІҮ ғасыдың аяғында Алтын Ордаға жасалған жорықтан соң Жайықта қалған кәдімгі қаһарлы Ақсақ Темірдің перзенттеріміз делінеді. Және бір аңыз – олар Жайықта ХІІІ- ХІҮ ғасырдан бері тұрып келеді дегенді айтады. Бұл енді тіптен ақылға сыймайды. Өйткені, бұл кезеңде Алтын Орда толық үстемдік жүргізді. Мұндай жағдайда казактардың ол жерде бейбіт өмір сүруі мүмкін еместін.
Біз орыстардың ұла-ғайыр оңтүстікке енуі Алтын Орда құлаған ХҮ ғасырдың аяғында басталды дейміз. ХҮІ ғасырдың орта тұсында орыс мемлекеті Қазан және Астрахань хандығын жаулап алады да, Ресей мен Қазақстан шекарасы Еділ мен Жайық арасында көшіп жүрген Кіші жүз қазақтары мен Ноғай Ордасы тайпаларымен шектесті. Сондықтан казактар сол жердегі бос иесіз даланы ежелден мекендеді деген уәж мүлдем жалған. Мекен ежелден жергілікті өзара туыстас қазақ және ноғай тайпаларының меншігі болатын. ХҮІ ғасырда Еділ бойында пайда болған казактар ХІҮ ғасырдан бастап осынау жерге дүркін – дүркін келіп, жергілікті халықты сауда керуендерін, қалаларды тонау мен айналысқан нонгородтықтардың дәстүрін жалғастырды. Олар өздерінің қарақшылық жорықтарында олардың орнын әлгі әрекеттерімен жалғастырған казактар мен Ресейден қашқан шаруалар басты. Бұл патшалық үкіметті жиі алаңдатты. Сондықтан бұзақы казактарға қарсы әскерилер жіберіліп отырды[40].
1577 жылы патша әскербасы Иван Мурашкин көпес керуендерін тонаумен айналысатын казактардың тобырын талқандады. Соққы жеген казактар ілгері күндерінде өмір сүрудің жолдарын іздестірді . Еділдің Самара өзені түйісетін тік жағасында казактардың үлкен кеңесі өткізілді. Белгілі атаман Ермак Тимофеевич онда: «Братцы, атаманы и казаки донские, яицкие, волжские и терские, думайте думу, братцы: на Волге нам жить – ворами слыть, а на Дону нам жить - казаками слыть , а на Яик идти – переход велик, а добычи нет» - деді[8].
Бұл қызу талқылаудан кейін казактардың Ермак бастаған бір бөлігі Оралдағы көпес Строгановқа қызмет етуге бел буды. Атаман Андрей бастаған өзге бір топ Солтүстік Кавказға аттанды. Ал атаман Прохор Рыжиченке ерген казактардың және бір шоғыры Жайыққа өтті. Сөйтіп олар Кіші жүз жеріне табан тіреп қазақ даласына патшалық отарлау саясатын сенімді жүргізушілерге айналды.
Жайық маңындағы мекен еткен қазақ және ноғай тайпалары көп ұзамай - ақ өз маңайларында қатал да қанішер жаудың пайда болғанын білді. Жайық казактарының айуандығы шексіз болатын. Олар тіпті өз жақындарына да аяушылық білдірмеді[46]. Ресейдің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің М.М. Сперанский ХІХ ғасырдың басында казактардың ұзақ жорықтар алдындағы өзгенің жемі болмасын деп өз балалары мен әйелдерін өлтіргендігін жазды. Олар сапардан бәріне ортақ болатын басқа әйелдер әкеліп отырады екен. Мұның үстіне казактар арасында өмір сүруге бөгет болмасын деген желеумен өз балаларын өлтіру дәстүрі ұзақ сақталған[7].
Казактар алғашында жергілікті халықтан таса, қамыс арасында тұрып балық, аң аулаумен шұғылданды.Олардың қатары бірте- бірте Ресейдің түрлі босқындары есебінен көбейе түсті. Күн сайын көбейген тобыр елді тонаумен, жер жаулап алумен, адамдарды тұтқындаумен шұғылданды.
1580 жылы Жайық казактары Ноғай Ордасының Сарайшық қаласына шабуыл жасаған (Ол Гурьевтің Махамбет ауданының орны). Тұтқиылдан жасалған шабуыл Ноғай князі Уруска қаланы дер кезінде қорғап қалуға мүмкіндік бермеді. Сонау Алтын Орда кезеңінен сақталған әсем де сәулетті қала Сарайшық сөйтіп жер бетінен жойылды. Қалада даланың талай ұлы айтулы ұландары жерленген бейіттер болатын. Онда Қасым ханның мавзолейі бар болатын. Казактар байлық іздеп қабірлерді талқандады, өлген адамдардың сүйегін далаға шашты[11].
Сарайшықтың талқандалуы көшпенділердің жүрегіне өшпес із салды, жаңа жаулаушыларға деген шексіз өшпенділік сезімін тұтатты.
Казактар Еділ бойымен Каспийге шықты, түркімендерге, ноғайлар мен қырым татарларына шабуыл жасады. Азиядан Ресейге жол тартқан керуендерді тонады. Соғыс казактардың басты кәсібі болды. Өзге ештеңемен де айналысқан жоқ. Бұл жағынан олардың байлықты көксеп бейбіт үндістерді талқандап, Американы жаулап алушы еуропалықтардан еш айырмасы болған жоқ.
Даладағы алғашқы жеңіске масаттанған олар енді Хиуаға ауыз салды, бірақ оларды ірі жеңіліс күтіп тұр еді.
«Фирдауси Әл Икибал» шежіресінде былай делінген: «1603 жылы маусымында атаман Нечай бастаған Жайық казактары хандық астанасы Үргенішке басып кіріп ,7 күн бойы бейбіт елді қанға бояп, мыңдаған адамды өлтірді». Казактар хан сарайын басып алып, үлкен олжамен қолға түскен тұтқындармен кері қайтады. Алайда оларды Хиуа ханы Араб Мұхамбет әскерімен Сырдарияға жеткізбей қуып жетеді. Ұрыс 2 күнге созылады. Үшінші күні казактар қашуға әрекеттенеді. Хиуалықтар оларды құтқармай 7 күнгі қамаудан соң қырғынға ұшыратады. Өзен жағасындағы жасырған 100 қаралы казакта ажал құшады. Соның ішінен тек 4 казак аман қалып, болған жайды елге жеткізеді[12].
Бірақ оған қарамастан Хиуалықтардың шексіз байлығы казактардың көзін қызықтыра берді. Олар тіпті бұл мақсат жайында өлең де шығарыпты.
Бірнеше күннен соң жаулау бағытымен казактардың 300 адамнан құрылған отряды Хиуаға жорық тартты. Атаманы- Мамай болды. Бұлар да жеңіліске ұшырайды. Атаман өзі қалмақтарға қолға түседі. Казактар далада алысып Арал теңізінің маңайын қыстап шығады. Азық – түлік таусылып аштық басталғанда айуандықтары сол , жеребе тастау арқылы бірінің етін бірі жейді. Қыс ұзаққа созылып сан жағынан азая бастаған олар аштан өлмеу үшін өз еріктерімен барып Хиуаға тұтқынға түсуге бел байлайды. Сөйтіп олардың бір бөлігі ислам дінін де қабылдайды[47].
Екі рет қатарынан сәтсіздікке ұшыраған Жайық казактары Хиуаға жорықтарын тыйғанымен, Арал мен Каспий теңіздері аралығында Еділ мен Жайық , Жем өзендері маңындағы Кіші жүз қазақтары мен ноғайларға Еділ қалмақтары мен Қарақалмақтарға ұдайы соғыс ашуын тоқтатпайды. Олардың күші мықты қару –жарақтары еді. Зеңбіректері , мылтықтары бар казактар жеңіске жиі жетті . Оның үстіне көшпенділердің салт –дәстүрлеріне қаныға түскен олар жергілікті жұрттың тілін үйрену,қазақтарша жұлдызға, ит-құс ізіне қарап бағыт белгілеу, жер- су сырларын білу арқылы дала майдандарының құпияларын меңгере түсті.
Казактардың этникалық құрамы ала – құла болды . Олардың қатарын Дон, Кубань, Терек, Украин казактары, тіпті тұтқын шведтер, немістер, финдер мен түріктер, татарлар мен қалмақтар, мордвалар мен чуваштар, башқұрттар толықтырды. Бұларға Степан Разин, Кондрат, Булавин көтерілісіне қатысып, жеңіліске ұшырап, Жайыққа казактар да келіп қосылды. 1723 жылы патшаның Жайық казактарын алған есепке түсіруі бойынша, олардың нақты әскери құрамы қатарында 3196 адам болды. Бірақ Жайық казактары өз қатарына қас дұшпандары – қазақтарды тартқан жоқ. Өйткені өздерінің олардың жерін күштеп тартып алып отырғандықтарын жақсы білді. Сондықтан оларға сенбеді[48].
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшы А. Рябинин: «Казактардың бітіспес жауы қырғыздар, яғни, қазақтар» - [7] деп жазды.
Қазақтар мен Жайық казактары арақатынасы тарихи өзара жаулық, соғыс, бірін бірі тұтқынға алу, малдарын айдап кету көріністеріне толы. Күрестер ұдайы қиян кескі жағдайда өтті. Онда жеңімпаздар да, жеңілушілер де болған жоқ. Екі жағы да аянбағандықтан жеңіс жиі алмасып отырады.
Жайықтың өне бойы қазақтарды жібермеу үшін салынған қамал бекіністерден, бекет станциялардан көрінбейтін. Бір ғана 1734 жылдың ішінде казактар 5 қамал және 18 форпост салды. Далада қазақтардың шабуылынан сақтандыратын заставалар мен разъездер де жеткілікті-тін[7].
Кейінде казактарға бұл жағынан өздерінің жеке мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жәрдем беріп, Жайық казактарының басшыларымен біріге отырып, бейбіт көшпенділерді тонаушы қазақ сұлтандары да пайда бола бастады.
Патша Михаил Феодоровичтің басқаруындағы 1613-1645 жылдарда казактар Мәскеу үкіметіне бағынып, патша қазынасынан оқ дәрі, қорғасын, қару жарақ және азық түлік алып тұрды. Оның ақысына олар Ресей мемлекетінің шекарасын қорғауға, жаңа жер жаулап алу арқылы оның территориясын кеңейтуге тиіс болды. Патша үкіметі көрсеткен адал қызметі үшін оларға жаулап алған жерлерден үлес берді, түрлі деңгейлерде жеңілдіктер жасады, салықтан босатты. Соған қарамастан казактар адалдық туралы берген анттарынан тайып, патшаның өзіне қарулы күш көрсетіп отырды.
Ақыры казактар Жайыққа таласуын қоймады. Өйткені, оның жағалауындағы жайылымдар мен ормандар, өзен көлдер тұрмысқа өте қолайлы еді.
XVII ғасырдың алғашқы жартысында патша Михаил Федорович казактарға қазақтың осынау бай мекенін мәңгі пайдалану туралы сенім қағаз берген болатын. Казактар о сенім қағазды жоғалтып алса да, заңсыз иемденуін тоқтатпады. Мұнымен Кіші жүз қазақтары ешқашан келіскен емес. Өйткені олардың ата бабасы бұл мекенді талай ғасырлардан бері иемденген, көшіп қонып жүрген[13].
XVIII ғасырдың І жартысында өмір сүрген Кіші жүз ханы Әбілхайыр: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қырғыз халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткені, мұндай жайлы жерді олар еш жерден таппайды» деп талай мәлімдеді14]. Жоңғарлармен болған азаттық соғысының батыры, Әбілхайырдың үзеңгілесі Бөгенбай Ресей үкіметінің алдына оған Жайық өзені бойымен емін еркін көшуге және Жайық казактары шабуылынан қорғау туралы шартқа қол қойды. Қазақтарға Еділ мен Жайық аралығы әсіресе, қатал қыс айларында қажет еді. Себебі, ол жерлер мал жанды аштықтан, жұттан сақтауға қолайлы болатын. 1734 жылы патша үкіметі алғаш рет қазақ+орыс арақатынасы тарихында қазақтардың Жайықтың оң жағына өз бетімен өтуіне тиым салды. Себебі, Ресей мен қазақ жерінің шекарасы санады. Оның үстіне Еділ мен Жайық аралығындағы жайлы жер орыс патшалығының Жайық казактарының иелігіндегі ретінде жарияланды. Бұл қазақ халқының тарихи құқын бұзу болып табылатын. Мұнымен қоймай, 1742 жылы 19 қазанда Орынбор губернаторы И. Неплюев қазақтардың Жайық маңына көшуі мен Жайық қалашығына тақалуына болмайтындығы жайлы Жарлық шығарды. Губернатор бұл әрекетін қазақтар мен казактардың, сондай ақ Еділ қалмақтарының арасындағы қақтығыстардың алдын алу деп түсіндірді. Бұл қазақтардың заңды ашу ызасын тудырды. Атамандар мен старшиналарға, жалпы казак әскерлеріне бұл Жарлықты бұзған жағдайда қазақтарды екінші бас көтерместей етіп жазалауға бұйрық берілді. Ал 1755 жылы осы жер дауын ушықтырмау мақсатында патша үкіметі жекелеген қазақ руларының бай манаптарына Жайық бойымен көшіп қонуға рұқсат етті. Жайықтың негізгі бөлігі бұл хұқықты иемдене алмады. Бұдан былай Жайық казактарының қазақтарды езіп жаныштаудағы ролі тек жылқы табынын айдап әкетумен шектелген жоқ, олар жергілікті жұрт адамдарын тұтқынға түсіруді де тоқтатпады. Егер қазақтар есірген казактар үстінен шағымданса, онда оларды табанастында жазалауды сол казактардың өздеріне тапсырды. Осылайша Ресей патшалығының отарлау саясаты казактар арқылы жүзеге асырыла бастады.
1756 жылы император Елизавета Жайық жағасына қазақтардың мал жаюына тыйым салу туралы, ал 1757 жылы Нарын құмының ішкі жағына өзен арқылы өтуге болмайтындығы жайлы үкім шығарды. Бұл қазақтардың мүдделеріне тым қайшы келді. Осы жарлықтарды бұзушыларды қатаң тұтқынға алып, Прибалтика мен Сібірге жер айдауға бұйрық берілді[14].
Жайық қалашығында қазақтарды «тәубаға келтіруге» 3300 дей казак жалақтап дайын отырды. XVIII ғасырдың орта тұсында Бородин, Мартынов, Мостовщиков сияқты атамандар жергілікті халықты талай қан қақсатты. Олардың малдарын айдап әкетіп отырумен шектелмей, адамдардың өзін тұтқындап, ұрып соқты, отпен күйдіріп қорлады[14].
Осындай әділетсіз шараларға төзбеген қазақтар қарсы шабуылды жиі ұйымдастырды. Мәселен, 1743 жылы көктем жаз айларында қазақтар казак бекіністеріне басып кіріп, 14 адамды өлтірді, 96 адамды тұтқынға алды. Хуторлар мен станцияларды өртеп, малдарын алып кетті. Дегенмен, бұл әрекет те жауапсыз қалған. Казактар да дамыл дамыл ауыл ауылды шабумен болды.
1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы көшіп жүрген қалмақтар Жоңғарияға кетіп қалды. Осыдан соң, қазақтар патша билеушілеріне босаған жерді иемденуге өтініш берді. Бірақ ол өтініш қанағаттандырылған жоқ. Жер тағы Жайық казактары әскерлерінің қол астына берілді. Бұдан соң, өзінен өзі түсінікті, қазақ казак арасы бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Дегенмен, кейінірек казактардың қазақтардан көмек сұрап, ымыраға келуге ниет білдірген сәттері де болды. Мәселен, Әбілхайыр хан мен оның ұлы Нұралы 1711 Бекович Черкасский отряды талқандалғаннан кейін, Хиуаға түскен Жайық казактарын босатуға жәрдемдесті. 1772 жылы Жайық казактары патша үкіметіне шабуыл жасағанда да қазақтардан көмек сұрады. Содан соң, казактар жергілікті жұрттың Жайық бойына мал жаюына кедергі жасаған жоқ. 1772 жылы казактардың жазған арада ұзақ жылдар бойы шиеленіскен қайшылықты шешіп, қазақтар Жайық казактары жағында Е.Пугачев көтерілісіне де қатысты[16].
1773 жылы 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға арнаған Манифесінде олардың жерін алып беруге уәде бере отырып: «... жер сіздердікі. Оны өз құқықтарыңыз бойынша иемдене аласыздар. Ал маған тек сіздердің көмектеріңіз керек» [49]деп жазды.
1773 жылы күзде патша горнизондары мен патшаға шын берілген казак әскерлерінің қолында тұрған Төменгі Жайық қамалдарына қазақ отрядтарының жаппай шабуылы басталды. Олар казактармен біріге отырып, Кулагин қамалын Төменгі Жайықтағы әкімшілік орталығын басып алды. Атаман Никита Бородинді дарға асты. Қазақтар сондай ақ Жайық қалашығындағы Кремльді алуға, Орынборды, Гурьев қалашығын қорғауға қатысты.
1774 жылы Орск, Сахарная, Жаманқала, Гнилов, Аноновский, Сарайчик, Каленовский, Гударинский, Харькин және басқа қамалдарды алуға қатысқан қазақ әскерлерін Досалы сұлтан, Сырым батыр, Айдар, Жолан, Елбарыс сияқты азаматтар басқарды. Олардың қарауында 6 мыңдай жауынгер болды.
Алайда, Е.И.Пугачев көтерілісі жеңіліске ұшырады. Пугачев өзі Кіші жүз қазақтарына бас сауғаламақ болғанымен, Жайық казактары Чумаков пен Ферулов сияқты сатқындар оны патша билеушілеріне ұстап берді.
Патша үкіметі Пугачев көтерілісі басылғаннан кейін, қазақтарға деген қысымды да күшейте түсті. Қазақ даласына үсті үстіне жазалаушы отраядтар жіберіп отырды. Олар мал айдап әкетуді, адамдарды тұтқындау әрекетін жалғастыра берді. 1775 жылы Екатерина патша ел санасынан Пугачев көтерілісін мүлдем өшіру мақсатымен Жайық өзенінің атын Орал деп өзгертті. Еділ мен Жайықтың ішкі мүйісіне кіруге рұқсат берді. Бірақ бұл да бейбіт жұртты бай сұлтан мен казак әскерлеріне тонату мақсатымен жасалған болатын. Мысалы, 1783 жылы казактар қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкеткен. Бұл жергілікті халықтың ашу ызасын тудырған\ үдеткен оқиғалардың бірі еді.
1783-1797 жылдар аралығында Кіші жүзде ұлттық батыр, Пугачев көтерілісіне қатысушы Байбақты руының старшыны Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық қозғалысы болды. Сырым өзінің ақыл ойымен, шешендігімен, ұрыстағы асқан ерліктерімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Ол Орал казактарымен болған бір қақтығыста атаман Чагановичті қолға түсіріп, Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бұл қазақтардың мәртебесін өсіргенімен, казактардың өшпенділігін арттыра берді. 1783 жылы желтоқсан айында Орал казактары Сырымды тұтқынға алады. Бірақ Нұралы хан 1783 жылдың мамыр айында казактарға 70 жылқы мен 350 сом ақша беріп батырды босатып алды. Сырым елге оралған соң да казактармен ұрысты тоқтатқан жоқ. Ол өз маңайына жналған 6 мыңнан астам адаммен Орал казактарын ұдайы қыспаққа алды. Десе де, Орал казактары да қарап отырған жоқ. 1790 жылы атаман Донсков бастаған казактар 225 қазақ шаңырағын ортасына түсірді. Үйлерді тонап, 150 адамды өлтірді, 52 кісіні тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкетті. Бұдан соң Сырым батыр соғыс тактикасын өзгертті. Ол партизандық әдіске көшті. Шағын шағын қолмен жер жерде шапқыншылықты үдетті. Сырым жауынгерлері казактармен қатар патшаға қызмет етуші қазақ бай сұлтандарына да маза берген жоқ. Ауыл ауылдағы кедейлер де оған көп жәрдем беріп отырды. Кекшілдерді жаудан жасырды, жазалаушыларды жиі адастырды. Сырым Датовтың бұл әрекеті 1787 жылға дейін созылды. Ол ел санасында жаужүрек батыр, қарапайым елдің жебеушісі ретінде сақталды. Ол туралы көптеген аңыздар пайда болды. Батыр қайтыс болған соң жұрт оған ұлан ғайыр ас берді. Асқа 3000 қой, 300 жылқы сойылды, 6000 шелек қымыз құйылды[50].
1801 жылы наурыз айының 11 інде І Павел император Еділ мен Орал аралығын, Нарын құмын қазақтардың мекендеуіне рұқсат берді. Ішкі Орда немесе Әбілқайырдың немересі Бөкей есімімен аталатын Бөкей Ордасы осылай пайда болды. Алайда, дербес хандықтың өмірге келуі де халықтың жағдайын жақсарта алмады. 1813 жылы Орал әскери кеңесі Кіші және Үлкен өзен аралығындағы қыстауға жайлы мекенді алып қойды. Қазақтар малды аман сақтау үшін қыстау басына 15, әрбір қой басына 50, ірі қара мен түйе басына 80 тиыннан салық төлеуге тиісті болды. Әрине, бұл салықты екінің бірі төлей алмайтын еді. Қазақтарға мұнымен қатар Орал, Қамыс, Самара көлдерінен балық аулауға тыйым салды. Орал казактарына берілген жер 7 миллион десятинаны алатын. Ол әр үйелмен басына 500 десятина жерден иемденді. Бірақ, казактар бұған да місе тұтпай, жаңа жерлер жаулап алумен болды[15].
Қазақтарды Оралдың ішкі жағына жібергенде де патша билеушілері ойларына келгенін істеп бақты. Мәселен, 1812 жылы қыста отарлау әкімшілігінің Сазанович деген шенеунігі Шеркеш руының қазақтарынан 1000 қой, 167 сиыр, 49 түйе, 9 жылқы, адайлардан 44 сиыр, 2 түйе, тағ руынан 400 қой, 5 жылқы, 4 түйе салық алды. Мұнымен де қоймай, ол 3 адамды тұтқынға түсірді. 1817 жылдың қысында да патша Топорнин еш себепсіз Табын руының биі Жоламан Тіленіш ұлын тұтқындап, темір бұғаулы арқанмен байлап, өзге қазақтарды қорқыту үшін бекеттен бекетке алып жүрген. Тіленші ұлы да бұл қорлықтан 50 қой мен 1 түйе беріп құтылған.
Бірақ ол кейінірек кек қайтару мақсатымен Кіші жүз қазақтарының ұлт азаттық көтерілісіне жетекшілік жасады.
Қазақтарды дәрменсіздікке түсірген жайлардың бірі кедейлік болатын. Жарлылық зардабынан олар казактардың шөбін шабуға, балықтарын аулап, үй жұмыстарын атқаруға мәжбүр болды. Олар аштықтан аман қалу үшін балаларын да сатты. Құжаттарға жүгінсек, 1812 жылдың желтоқсанында Бөкенбай Қаражігітұлы мұқтаждықтан өзінің 6 жасар қызы Әтікейді қаржынай Иван Замятинге 14 сомға сатқан[15]. Казактардың қазақтарды ешбір құжатсыз құлдыққа ұстаған жағдайлары да кездесіп тұрады. Олар кедей балаларын сатып алумен бірге оларды шоқындырып, казакка айналдырған[12].
1836-1847 жылдары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған Бөкей Ордасы қазақтарының Жәңгір хан мен патша үкіметінің феодалдық және отарлау саясаттарына қарсы көтерілісі бой көтерді. Көтерілісшілерге қарсы атаман Покатиловтың отряды жіберілді. Бірақ ол ештеңе тындыра алмай қайта оралды. 1837 жылы қарашада Тастөбе маңында екі аралықтың үлкен қақтығысы болды. Таңдаулы әскерлермен қамтамасыз етілген жазалаушы отряд командирі, подполковник Гекка көтерілісшілерден жеңіліс тапқандығын мәлімдейді. Қазақтар зеңбірек күшімен ғана жеңіске жетті. Қиян кескі ұрыстардың бірінде 60 адам қаза тапты. Оның ішінде Исатайдың әйелі мен ұлы бар еді. Исатайдың өзі сенімді серіктерімен бірге ұрысты жалғастыра отырып, Оралға өтті. Алайда ел үшін аянбаған әр үлкен соғыстардың бірінде казак цряднигі Богатыревтің қолынан қаза тапты.
Ұлт азаттық көтерілісі бастаған соң казактар қанауды тіпті күшейтті. Қолға түскен тұтқындар Орал түрмелерінен шығарылып Сібірге, Балтық бойына жер аударылды. Жеңілген елден 773 түйе, 510 жылқы, 1789 сиыр, 8 мыңнан астам қой алынды. Осылайша Орал казактығы патша үкіметінің бас көтеруші ұлт азаттық көтерілістерін басудағы басты тетігіне айналды. Сонда да қазақтар оңайлықпен көнбеді. 1868-1869 жылдары Орал облысының қазақтары патша әкімшіліктеріне бағынбайтындығын білдіріп, салықтан бас тартты. Сөйтіп, Шалқар, Тайпан, Өлеңті, Аққаты маңайында жиналып, тағы да бас көтерді. Хуторларды өртеді, казактардың малдарын айдап әкетті. 1869 жылдың шілде айында Жамансай тоғайында және бір шешуші шайқас болды. Өкінішке орай бұл жолы да көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бас көтерушілердің 500-і өлім жазасы мен каторгалық жұмыстарға кесілді. Қазақтардан соғыс шығындары үшін үлкен төлемақы талап етілді[48].
Бәрібір жоғарыдағы жеңіс жеңіліс көріністері қайталана берді. 1870 жылы адайлар Маңғышлақта тағы көтерілді. Тағы да оларға қарсы Орал казактарынан құралған жазалаушы отрядтар жіберілді. Найза балтамен, мылтықпен қаруланған қазақтар оларды Ақтау тауының маңында қоршап алып, жойып жіберді. Жазалаушылардың жетекшісі Рукин өзін өзі атып өлтірді...
Патша Орал казактарын қазақтардың ұлт азаттық көтерілісін басуға соңғы рет 1916 жылы пайдаланды. Казактар бұл жолы нашар қаруланған қазақтарды тез басып, жетекшілерді оңай тұтқындады.
Ең соңғы болып Қазақстанда 1867 жылы Жетісу өлкесін Ресейге қосу үшін жіберілген Сібір казак әскерлерінің негізінде құрылған отряд еді. Жетісу казактарын есепке алсақ, 50 жылға толар-толмас. Осынау азды-көпті уақыт ішінде қазақ даласының оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктерін боданға айналдыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді[5].
Орыстардың Жетісу өңіріне келе бастауы негізінен 1831 жылы Аягөз бекінісі салынып, оған Сібір әскерлерінің казактар гарнизоны орналастырылғаннан соң етек алды. Казак отрядтары жергілікті қазақтармен байланыс орнату, оларды құлшылыққа көндірудің, бақылау және тағы басқа шаралар өткізу үшін Аягөзге жиі жіберіліп тұрды. Бұл бағытта орыстар тек кана жергілікті жекелеген қазақ старшындарының ғана емес, сондай ақ осы аймаққа таласқан, Қытай мен Қоқан хандықтарының да қарсылығына тап болды. 1839 жылы жүз басы Туков өзінің 219 казактарымен және I атқылау құралымен Сыбанқұл Қанхожин сұлтанның отрядымен соғысты. Дәл осы жылы жүзбасы Портягиннің казактар тобы оны камауға алды. Орыс отряды мен қазақтар арасындағы шекара Лепсі өзені бойымен өтетін[51].
1846 жылы 23 маусымында дулат, албан, суан, шапырашты жалайыр руларының сұлтандары мен старшындары Ресейдің қол астына қарауға келісім берді. Есауыл Нюхалев құрамында 250 казак, жаяу әскері бар адамдарымен орыс қаруының күшін көрсету үшін және Ресей ықпалын күшейту мақсатында Іле өзеніне жорық жасады. 1847 жылы жүзбасы Абакумовтың 200 казактары Қапал өзенінің бойында бекініс салды, жолды бақылау үшін Қапал мен Аягөз арасында 12 бекет жасалды. Қапал бекінісіне 1848-1850 жылдары 9 Сібір казак полкі құрамынан казактар келіп, бекініс жанынан Қапал сатиницасын қалыптастырды[48].
1850 жылдың сәуірінде капитан Кутковскийдің отряды /175 казак, 50 жаяу әскар, 2 соғыс қаруы/ Қаскелең езенінің жағалауында орналасқан Таучубек Қоқан бекінісіне қарай жылжиды. Оларға қарсы қазақтардың 7 мыңдай отряды шығады. Бірақ Гутковский отряды жеңіске жетіп, қарсылық көрсеткендерді аяусыз жазалап, қазақ ауылдарын талқандап кетеді[30].
1853 жылдың жазында Қапалдан майор Перемышльскийдің экспедициялық отряды Іле өлкесіне қожалық ету үшін бекiніске қолайлы орын іздейді. Акырында оның таңдауы Үлкен және Kiші Алматы өзендері арасында жатқан алқапқа түседі. Жергілікті қазақтар іштей қарсылық білдіргенімен де, Перемышльский отрядының куатты күшінен тайсақтап, мойынсұнуға мәжбүр болды, қазақтарға жүктерін тасымалдау үшін түйемен қамтамасыз ету талабын да ырықсыз орындатты. 1854 жылы Іле бекінісі /1855 жылы Верный форты атанды / ашылды. 1855 жылдың шілдесінде осы бекініске әскери старшын Шайтановтың басшылығымен Сібір казактарының отряды келіп қосылды да, Алматы станицасының іргетасын қалады. Мұның өзі Іле өлкесіне орыстардың тұңғыш қоныстануы еді. Келесі, 1856 жыл казактардың тағы да 139 жанұясы мен Томск және Тобыл губернияларының 200 шаруа отбасылары көшіп келді. Содан кейін Талғар, Есік, Қаскелең және Шамалған өзендері бойларына да келімсектер қоныстана бастады[52].
1855-1860 жылдары жаңа өлкені иемденудің белсенді кезеңіне айналды. Жаңа бекіністер қамалдар, станицалар құрылып, байланыс жолдары салынды. Ресей казактары мен оларға ерген орыс шаруаларының арқасында қазақ жерінің аса бай, әрі құнарлы жері - Жетісу өлкесіне нық орнығып, шекара кеңейе түсті. Тек 1855 жылдың өзінде Үржар, Лепсі станицалары ашылса, Верный мен Қапал арасында да казактар көбейе түсті. 1858 жылы Талғар өзенінде Софийская /қазіргі Талғар/ станицасы пайда болып, оған казактар мен орыс шаруалары көшірілді. Осы мерзім аралығында Мадеждинская, Көксу, Сарқант, Қаскелең, Арасан, Қарабұлақ және тағы баска станицалар мен хуторлар салынды[11]. Патша үкіметі қоныс аударушыларды ынталандыру үшін казактар мен шаруаларға белгілі мөлшерде жеңілдіктер де жасады. 2 жылға әскери қызметтен босатты, 55 сом көлемінде жәрдемақы төледі, ақысыз, тегін азық-түлікпен қамтамасыз етті тағы басқа. Осының өзі-ақ жаңа жерлерге көшуге деген ынтаны туғызғаны сөзсіз еді.
Жергілікті казактар мен қазақтардың арасында дау-жанжал, қақтығыс негізінен жерді пайдалану мен арықтарға байланысты жиі болып тұрды. Әр казакка 30 десятина жер бөліп берілді, қазақтардың мал жайылымын шұрайлы жерлерін тартып алынды. Жетісу өлкесінің жергілікті түрғындары күрделі қиындықтарға тап болды. Үш іргелі мемлекет - Ресей, Қоқан, Қытайдың қысымдарына ұшыраған қазақтар мұндай жағдайға көнуге мәжбүр болды[53].
1867 жылдың 11 шiлдесінде Түркістан генерал-губернаторлары құрылып, 13 шілдеде император Александр II 9-10 Сібір казак әскерлері негізінде дербес Жетісу казак әскерлерін кұру туралы Жарғыға қол қойды. Және құрылған әскери орталықтың міндеті территорияны Ресейдің қармағына біржола көшіріп, бекіту, шекараға иелік ету, өлкөні бодан ету. Жетісу казак әскерлерінің негізгі мақсаты - бұл өлкені Ресейдің езгісіне көндіру еді.
Казактар Қытаймен шекараларды күзетті, Верныйда, Ташкентте горнизондарымен орнықты, сауда сапарларын, егіншіліктерді күзетумен айналысты[53].
Сондай-ақ, Жетісу казак әскерлері Шыңжаң мен Орта Азияға да басқыншылық жорықтарына қатысты, талай бейбіт адамдарды кырғынға ұшыратты. 1871 жылдың жазында казактар Қытай қаласы - Құлжаны жаулап алды да, онда 1883 жылға дейін тұрақтап қалды. 1873 жылы Жетісу казак әскерлері Хиуаны жаулап алуға қатысты. Бейбіт Түркімендерді жаулап алып, қырып жойды. 2000-ға жуық балаларды, әйелдерді, қарияларды аяусыз жазалап, 2700 бас малды айдап әкетті. Хиуа сапарына қатысқаны үшін және ерекше ерліктер көрсеткені үшін казактар "1873 жылғы Хиуа жорығын да ерекше көзге түскені үшін " белгiсімен наградталды. 1875-1876 жылдары Жетісу полкінің екінші жүздiгі Қоқанға қарсы жорыққа қатысты. Бір қақтығыста 700 адамды шапқылап тастады. Ендіжән мен Қоқанды жаулап алуға қатысты[54].
Міне, Патшалық Ресейдің басқыншылық соғыстары барысында Жетісу казактарының көрсеткен «ерліктері» мен «еңбектері» осындай еді. 1903 жылы патша Николай II Жетiсу казактарын «Бастауын Сібір казактарынан алған Жетісу казак әскерлеріне» 1582-1902 деген жазуы бар георгиев жалауымен наградтауы да осыдан[22].
XIX ғасырдың соңына қарай Жетісу казак әскерлері патшаның агрессиялық саясатын жүзеге асыратын әскери күш санатына жатқызылды. Бұлардың қатарын Кубань, Терек казактарының ерліктері толтырды. Казактар мен шаруалардың кулактык бөлігі басқыншылық жүйенің діңгегіне айналды. Сондықтан да Жетісу казактарына барынша ыңғайлы жағдай жасалды. Бір казакка берілетін жер 50 десятинаға дейін өсті[55].
Ал, бұл үшін жергілікті халықтың жері тартып алынды. Жетісу өлкесінде казактар мен шаруаларды көбейтудiң бiр сыры бұл жерде қазақтардың тым көптігінен патшалық Ресейдің қауіптенуінде еді. Жетіcy oблысы территориясы жағынан Франциядан үлкентін. Ал бір орысқа 6 қазақтан келетін. Сондықтан да, сегіз жыл ішінде қоныс аудару корына 3 миллион десятин жер беріліп, оның 1 миллионы 100 мың орыс қоныс аударушыларына берілді. Егep 200 жылда /1847-187 жылдары/ барлығы 14 станица мен хутор құрылса, 1906- 1913 жылдардың ішінде 229 поселке құрылды. Егep 1906 жылдың 1 қаңтарында орыс түрғындарының саны 97850 болса, 1913 жылдың 1 қаңтарында ол 211232-ге жетті, яғни бұл 115 процент өсім деген сөз. Жетісуды отарлау қорытындысы осындай. Бұл бағытта казак әскерлерінің рөлі «зор» [55] еді.
Міне, Қазақстандағы казак әскерлерінің, казактар басқыншылығының тарихы осындай. Казактар қазақ халқының тарихына үлкен зобалаңдар мен қиыншылықтар әкелді, сан жүздеген жергілікті тұрғындарды тонауда, қырып-жоюда патша үкіметінің қолшоқпары болды. Казактарды қанша ақтағанымен де, олардың жекелеген қолдаушылары табылғанымен де тарихты қайта жазып шығу, ақиқаттан ауытқыту мүмкін емес. Казактардың патшаның оның үкімін орындаудағы әскери полициялык рөлін де халык жаксы есінде сақтаған. Сондықтан да белгілі бір мақсаттар үшiн казактарга жеңілдік жасаудың қажеті жоқ.
Республиканың батыс, солтүстік, шығысында орналасқан Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу казактары Ресеймен шектесіп жатыр, оның моральдык колдауына иек артады, әсіресе экстремистік, ұлыдержавалық, шовинистік пиғылдағы орталардан қолдау күтеді. Сан жағынан орыс тілді халык көп орналасқан казактар автонолизм мен сепаратизм "ауруларының жаңғыруы үшін, Қазақстанның территориялық тұтастығын бұзу үшiн қажетті күшке белгілі дәрежеде айналып шыға келуі де әбден мүмкін. Бұрынғы Сібір казактарының «ащы жолы» бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы дағдарыс доғасына айналуына жол беруге болмайтынды. Тарих өзіне сергек қарауды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет