Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихы (ХІХ ғ. ортасы-хх ғ. басы) Алматы 2021


Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттер



бет4/12
Дата13.03.2023
өлшемі128,08 Kb.
#73744
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан аумағындағы әскери казактардың саяси тарихын зерттеу. Жоғарыда аталған мақсатты орындау барысында зерттеу жұмысы алдына төмендегі міндеттерді қояды:

  • Казактардың шығу тарихын талдау;

  • Патшалық Ресейдің отарлау саясатындағы казактардың алатын орны мен рөлін зерделеу;

  • Жайық жағалауындағы казак әскерлерінің батыс қазақтарына көрсеткен зорлық-зомбылығын көрсету;

  • Жетісу жеріндегі қақтығыстардың зардаптарына талдау жасау;

  • Казактардың 1917-1920 жылдар аралығындағы әлеуметтік - экономикалық жағдайына талдау жасау.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында қоғам дамуының диалектикалық заңдылықтарына сүйендік. Бүгінгі таңда қалыптасқан жаңа көзқарастармен жазылған тәжірибелі зерттеуші-тарихшылардың еңбектерімен танысып, оларды өте дұрыс айтылған ғылыми теориялық тұжырымдарды да басшылыққа алуға тырыстық. Жұмысты объективтік, ғылыми, тарихи негізде зерттеуге күш салдық. Тарқатып айтар болсақ, біріншіден тарихи-жүйелілік әдісі қолданылды. Тарихи-жүйелілік әдісі арқылы зерттеу жұмысы мәселелерін жүйелі қарастыруға мүмкіндік алдық.
Екіншіден, проблемалы-хронологиялық әдісті қолдана отырып, зерттей жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндеттерін айқындауға қол жеткіздік.
Үшіншіден, құрылымдық-функциялық әдіс зерттеу жұмысындағы пайдаланылған мәліметтерді тиімді қолдануға жағдай туғызды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен , қорытындыдан тұрады.
Зерттеу жұмысы негізінен казактарға байланысты жарияланған тарихи құжаттар мен тарихшы-ғалымдардың арнаулы зерттеулері негізінде жазылған. Зерттеу жұмысында да басты назар мына мәселелерге аударылады: Бірінші бөлімде казактардың шығу тарихы мәселері қарастырылса, ал, екінші бөлімде казактардың Жайық, Жетісу өңіріндегі тонаушылық саясаттары мен салдары және казактардың 1907-1920 жылдар аралығындағы әлеуметтік экономикалық жағдайы жан-жақты зерделенеді. Қорытынды бөлімде тарауларда қамтылған мәселелерге қорытынды жасалынып, тарихи –методологиялық тұрғыда қорытынды жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет