Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Балалардың дүниетанымық көзқарасын қалыптастыру» 5В10100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


 Балалардың танымдық қабілетін дамыту жолдары



бет13/15
Дата07.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#19760
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2.2.  Балалардың танымдық қабілетін дамыту жолдары

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек.

Балалардың таным мүшелерін және де шығармашылық қабілеттерін  дамыту мақсатында танымдық-шығармашылық ойындарколданудың маңызы зор.

Ойын дегенміз жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады .

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық-шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады. Танымдық-шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың таным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық-шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балаларды жан-жақты дамытуда қатып қалған әдіс-тәсіл жоқ.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыруда көбіне танымдық ойындар қолданылады. Танымдық ойындар баршамызға белгілі таным мүшелерін дамытуда, қоршаған ортаны, айналадағы дүниені таныстыруда мақсатты түрде пайдаланылады.

Танымдық шығармашылық ойындар балаларға қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының өзгерістерін, оның қалай пайда болатынын қызықты да естен шықпайтындай етіп қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғаш ойналған ойын керемет бір ғажап дүние сиақты болып көрінеді. Себебі бұл кездегі балалар өздері алғаш көрген жаңа дүниені,затты ешқашан ұмытпайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру барысында танымдық-шығармашылық ойындарды . Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырып дүние танымын наным,сенім қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.



Ғылыми көзқарас,дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді,оның құбылыстарын танып білуге мүмкіншілік береді,сонымен қоса оған обьективті баға беруге мүмкіншілік жасайды.Осының бәрі дүниетанымның қажетті қызметті: бағыттаушылық,хабарлау айқындау және бағалаушылық.

Мұндай сапасы арқылы ол көптеген көрсеткіштің маңызды шемені жүрек жарды негіздері идеялық,ғылыми және адамгершілік эстетикалық дамуын қалыптастырып,ынтасын,күресте мұқалмауын қоғамның гуманитарлық мұратын жүзеге асыру үшін күреседі.Тарихта мұндай сынбайтын,иілмейтін тұрақтылығымен белгілі адамдар бао.Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) «Бәрібір ол айналады» деген көзқарасынан қайтпаса,Поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник (1473-1543) өзінің гелиоцентристік идеясынан қуғын сүргін мен қорлауға қарамай бас тартпаған,Отан соғысының қаһарманы Д.М.Қабышевтің,Б.Момышұлының табандылығын,желтоқсанның (1986) қаһарманы Қайрат Рұсқұлбековтың ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгілі боларлық тағылымдар.Дүниетаным адам санасының арнайы түрі,оның өзін қоршаған дүниеге,яғни қоғамдық өмірге,табиғатқа,өзіне көзқарасы және сенімі. Дүниетаным деген сөздің маңызына көз жіберсек,оның адам мінездемесінде атқаратын негізгі рөлінде,оның лексикалық құрылымына көз аударсақ жеткілікті.Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным.Дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі,қоршаған ортаға оның көзқарасы,дүние және сол дүниеден оның алатын орны.Осыған орай ғылыми дүниетанымның құрылымдық құраушыларының төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді.Олар ғылым білім жүйесі,сенім,адам мұраты,дүниетану.білім шынайы дүниені бейнелейтін адам баламасының мол тәжірибесі. Білім арқылы адым табиғатының және қоғам құбылыстарының шынайы жақтарын зерттейді,түсінеді ұғынады.Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білудің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына,сеніміне айналады.сондықтан жеке адамға қаратып айтылатын ескертпе сөздерге «сенімінде ғылыми база болсын» дейтін пікір кездеседі. Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп,байымдау арқылы ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдай пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе,екіншісі адамды жаратушы Алла (Құдай) деген тұжырым жасайды мұны діни пікір дейді. Сенім терең,тиянақты ойланып қорытылған ойлардың жиынтығы.Сенім жеке адамның бойына нық орнап,қалыптасқан өмірлік ұстанымы,оның беріктігін айқындайды,мінез құлқын сипаттайды.Әр түрлі ойлардың ішінен адам сенімін тауып алу,шындықты терең танудың негізі,соны берік ұстау. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс,оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды,қалыптьасады,олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар,микроорта мен тәрбие,ақпарат құралдары және т.б. әсер етеді.Әриек әр адамның өмірге өз көзқарасы арқылы көрінеді.оның сапалығы өмірлік тәжірибесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады. Дүниетанымдылық білімін балалар дене және ақыл ой күшінің дамуына біілм дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игереді. К.Д.Ушинский «Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап балалардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетілуі,кеңеюі,толықтырылуы тиіс» деп жазады. (Соч Шт.,1948,178 с).Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны,тереңдігі оларды балаларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген.Онда балалардың жас ерекшелігі,күрделі дүниетанымдардың ұғымдары,игеру қабілеттері еске алынған. Жоғары сынып балаларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейіп, тереңдейді,табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады.Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуі,әділетті адал болуға тырысады.Жас жеткіншектердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын жеке пәндерді белгілі бір жүйемен оқулықтар мен оқу құралдары арқылы оқытатын,сол арқылы табиғат пен қоғамның даму заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншілікке ие оқу орындарының адам өмірі мен оның қалыптасуында орны бөлек. Жаратылыстану,математика ғылымдары мен танысу барысында балалар теориялық және тәжірибелік іс әрекеттің белгілі бір білім көлемін меңгереді,игереді,математика,химия,биология оқулықтарындағы теориялар мен заңдармен танысады. Мысалы,дифференциялды,интегралды есептеу теориясы,атомдық молекула ілімі, Д.И.Менделеевтің периодтық заңдарытабиғат құбылыстарының терең байланыстылығын ашады,материалдық және рухани өзара байланыс заңдылықтарын түсіндіреді,қоршаған дүниені тану заңдылықтарын материалистік тұрғыдан түсіндіруге тура келеді.Өз тәжірибемде балалардың дүниетанымдық көзқарасын,іс әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,тереңдету мақсатында тәжірибелі ұстаздардың В,Ф.Шаталовтың, М.Жанпейсованың, Ю.Верингтің, И.Дьяченконың озық әдістерін пайдалана отырып сабақтар жүргізгенде ждғары нәтижеге жетуге болатынына көз жеткіздім. Сабақтан тыс уақыта балалардың шығармашылық жұмыстарымен ғылыми тұрғыдан ізденіс зерттеулер жүргізіледі.Олардың пәнге деген қызығушылығын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып білімге ұмтылдыру.Оларға әр түрлі тапсырмалар беріледі,қосымша материалдар жинақтау,ғылыми жұмыстарды талқылау тағы басқа іс шаралар ұйымдастырылады.Мысалы: «Жас биолог», «Жас дәрігер», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Сынып лидері», «Бес кімге бұйырады?», «Жас ғалым», «Не? Қайда? Қашан?» телевикториналық ойындар жүргізіледі.Жылда 11 сынып балаларымен ҰБТ-ға дайындық,мамандық таңдау, тест сұрақтарымен жұмыстар жүргізіледі. Облыстық, Республикалық жарыстарды балалар жүлделі орындарға ие болып, қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарында грант жеңіп алып оқып жатыр.Осы тұста айта кеткім келеді, Ж.Кенжебай 2002-2003 оқу жылдары Облыстық пәндік олимпияда жүлдегері,ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы, Карл Поппер пікір сайысының ең үздік шешен шеңімпазы, «Құқықтық Қазақстан үшін» интелектуальдық шоу жеңімпазы, Л.Медетова Республикалық кіші ғылым академиясының конференциясында үшінші орын (2002ж), ал Ж.Айтулова I орынға ие болды.Қазіргі кезде бұл аталған балалар Алматы қаласында Асфандияров атындағы медециналық академиясының бесінші курс студенттері,грант иегерлері 2005 жылы Б.Медетов Облыстық пәндік олимпиядадан II орынды, 2008 жылы А.Әбілбекова I орынды жеңіп алып,Республикалық пәндік олимпиядаға қатысып мақтау қағазымен марапатталды. Мұғалім мамандығы ең ардақты,қадірлі мамандық,өйткені мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құяды, өзін қоршаған ортаны түсініп білуге, табиғаттың сырларын ұғып жұмбақтарын шешуге зердесін оятады.Мұғалім балаларға саналы тәрбие,жан-жақты білім береді,олардың дүние танымын дамытып қалыптастырады.Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді,сенімді жақтаушысы,Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу қолынан келетін қадірлі маман иесі. Адам дамуы өте күрделі процесс.Адамның бүкіл өмірі,оның ішіндегі баланың өмірі,дамудың көрсеткіші болып табылады.Ол сан алуан дене,ақыл-ой жағынан сандық және сапалық өзгерістерге ұшыраумен болады.Дене күштері өзгерістеріне сүйек және бұлшық ет жүйесінің,ішкі мүшелердің, жүйке жүйелерінің өсуі мен дамуы жатады.Психикалық өзгерістер,ең алдымен, ақыл-ойының дамуына, жеке басының қалыптасуы мен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік сапаларды алуына тікелей байланысты болып келеді.Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психологиялық (психо-физиологиялық) процестің негізінде ықпалын тигізе алады. И.П.Павловтың іліміне сүйенсек, даму дегеніміз ішкі жүйке үрдістерінің және қоршаған ортаның адамға үздіксіз сыртқы ықпалының өзара әрекеттестігі.Биологиялық тіршілік иесі ретінде, адам туа бітетін белгілі бір қасиеттердің және қоршаған ортаның ықпалы арқылы оның бойында пайда болатын өзгерістердің сапасы,осы екі әрекеттің қоспасы болып табылады.Адамның жан-жақты дамуы әлеуметтік жағдайға тәуелді екендігін XYI-XYII ет байқаған тұңғыш гуманист социал-қиялшылдар Томас Мор және Томазо Кампанелл. Т.Мор жеке адамды дамытудың негізгі жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру,оны еңбекпен ұштастыру деп «Утопия» деген еңбегінде сипаттаған. Кампанелла адам баласының дамуы,оның жарасымды қалыптасуы тәрбие арқылы ақыл-ойын,қабілетін дамытуда игілікті,қажетті жағдайлар жасау арқылы,бақытты өмір сүруіне мүмкіншілік туғызу дейді. Баланың дамуы күрделі қиыншылықтары бар процесс,оған үш негізгі фактор тұқымқуалаушылық (ішкі жағдайлар саласы),орта және тәрбие (сыртқы әсерлер саласы) ықпал жасайды.Бұл үшеуінің өзара байланысы, әсері,қарым-қатынасы,оларды қайсысы қашан жетекші болып шығатындығы өте зор ғылыми және тәжірибелік маңызы бар мәселе.Ұрпақ бойында ата-анадан биологиялық ұқсастықты тұқым қуалаушылықпен түсіндіреді.Жүйке ерекшеліктерінде кейбір ерекшеліктерінде тұқым қуалаушылыққа жатқызады, осының негізінде өмірдің өзімен қоршаған ортаның әрекеттесуі нәтижесінде жоғары нерв қызметінің белгілі бір типі (холерик,сангвеник,флегматик,меланхолик) дамиды. И.П.Павловтың іліміне сәйкес адам туған кезде толып жатқан туа біткен қасиеттерге және инстингтерге ие болып туады.Бала кейде дауыс тембірі,музыкаға,биге,математика қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшелігі тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Әлеуметтік орта жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас,олардың көп қырлы іс-әрекеттері.Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі тәрбие.Тәрбие арқылы адамның іс-әрекеттері ұйымдастырылады. Абай адам мінезін жөндеуге болмайды дегенге қарсы пікір айтқан: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам,адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген сөзінде. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады,оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады.Айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көз қарасын дамытады. Менің педагогикалық іс әрекетімдегі басты мақсатым: оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын кеңінен қолдана отырып, білімді терең және жан-жақты игерудің жолдарын,биология пәнінің ғылыми негіздерін меңгеру мәселелерін,шәкірттің ойлау қабілеттерін,шығармашылық әрекеттерін дамыту барысында жан-жақты дамыған «Адам», «Адамзат» тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет