Дипломдық жұмысымның тақырыбы -"Delphi ортасында Нотариустың құжат айналымын автоматтандыру"


Нотариустың қызметтерінің құқықтық негіздері мен міндеттері



бет8/14
Дата10.05.2023
өлшемі0,52 Mb.
#91511
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
1.3. Нотариустың қызметтерінің құқықтық негіздері мен міндеттері

Нотариат – бұл қазіргі кездегі мемлекеттік құқық қорғау жүйесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бірінші кезекте жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді және заңды бекіту мен заңдылығының дұрыстығын азаматтардың құқықтарымен міндеттерін тиянақтау арқылы біркелкі әрі өз уақытысында нотариалдық әрекет арқылы келешекте болатын не болып не болып қалуы ықтимал заң бұзушылықтың алдын алу.


ҚР-ғы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға , сондай-ақ ҚР
“ Нотариат” туралы заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың
Заң жүзінде бекітілген жүйесі болып табылады.
Нотариус – нотариаттың өкілеттері тұлғасы. Олар басқа мекемелерде жұмыс атқара алмайды, тек сабақ берумен және ғылыми жұмыспен айналыса алады. <Нотариус> сөзі латын тілінен аударғанда заң әріпі деген мағына береді, яғни нотариус- заңды орындаушы адам.
Нотариустер нотариаттық іс- әрекеттер жасаған кезде тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді. Нотариус өз атына және өз атынан , өз жұбайының, оның және өз туыстарының атына және олардың атынан нотариаттық іс-әрекеттер атқара алмайды.
Оның әрқашан айналысқан және айналысатын бірқатар функциясы- ол процессуалды, еш дәлелдеуді қажет етпейтін құжаттарды куәландыру. Өзінің кәсіби міндеттемелерін орындаған кезде нотариус – заңды қорғаушы функцияларды атқарады, нотариус заң қорғаушы орган қатарына жатады.
Нотариалды палата- бақылаушы орган , координалды құрылым, кәсіби одақ, бірлестік. Ең басты қызметі- жеке нотариустарға басшылық жасап, олардың қызметін үйлестіріп отырады.
1997 жылға дейін ҚР- да нотариаттық органдардың мемлекеттік жүйесі ғана – мемлекеттік нотариаттық кеңселер ғана іс жүзінде болды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқық қорғау және тұрақтандыруға ықпал етіп, азаматтық – құқық қатынастарды дамытуға нотариаттың рөлі айтарлықтай болды.Нотариустар мұндай қорғау құзіреттерінің толық көлемін азаматық-құқықтарды куәландырумен атқарады және атқарып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет