Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады: геологиялық; технологиялық және арнайы; экономикалық


Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы



бет17/39
Дата06.01.2022
өлшемі1,68 Mb.
#13942
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Диплом Акинген

2.2.1 Ұңғыларды пайдалану тәсілдеріндегі көрсеткіштерінің сипаттамасы
Ақінген кен орнын игеру барысында қабат қысымының түсуі немесе ұңғыманың суланып кетуінің салдарынан түптегі энергия азаяды. Сонда, ұңғыма шығымын тұрақты қылып ұстап тұру үшін, түптегі қысымды азайту керек.

Ұңғыманың суланып кетуінің барысында, сұйықтың тығыздығы көбейеді, ал ең маңыздысы, ұңғымаға келіп түсетін газдың мөлшері азаяды. Егер Ртүпқан болса, онда мұнайдан барлық газ мүлдем бөлініп шығады, ал судағы оның құрамы елеусіз аз болады. Нәтижесінде, суланудың өсуімен, қоспадағы газ мөлшері азаяды да, оның тығыздығы көбейеді. Қысым градиенті және сол бір мәнді түп қысымының өзінде, саға қысымын азайтуға әкеп соқтырады.

Ұңғыны фонтанды пайдалану

Ұңғымалардың фонтандауы әдетте қабаттың энергия қоры жоғары, жаңадан ашылған мұнай кен орындарында болады, яғни ұңғыма түптеріндегі қысым ұңғымадағы сұйықтық бағанасының гидростатикалық қысымын, сағадағы қарсы қысымдыжәне осы сұйықтықтың қозғалысымен байланысты үйкелісті өтуге кететін қысымды оту үшін қажетті мөлшерде жоғары болуы тиіс. Әрбір фонтандаушы ұңғыманың жұмысы үшін жалпы міндетті шарт келесі (13) негізгі теңдеу болып табылады.

Рс = Рг + Ртр + Ру (13)

Мұндағы Рс – ұңғыма түбіндегі қысым, Рг, Ртр, Ру – тігінен есептелген ұңғымадағы сұйықтық бағанасының гидростатикалық қысымы, СКҚ – ы үйкеліске кеткен қысым шығындары және сағадағы қарсы қысым.

Ұңғымалардың фонтандауының үш түрін ажыратады:

- газ көпіршіктері жоқ сұйықтықтың фантандауы;

- артезиандық фантандау;

- фантандауды жеңілдететін газ көпіршіктері бар сұйықтықтың фонтандануы (фонтандаудың ең көп тараған түрі );

Мұнай өндіруде артезиандық фонтандау сирек кездеседі. Ол мұнайда еріген газдың жоқтығында және ұңғымадағы газсыз сұйықтық бағанасының гидростатикалық қысымынан жоғары түптік қысым болғанда ғана болуы мүмкін. Қанығу қысымынан жоғары сағадағы қысымға байланысты бөлінбейтін сұйықтықтағы еріген газ болғанда және екі қысымнан ( газсыз сұйықтықтың гидростатикалық бағанасы және ұңғыма сағасындағы қысым ) жоғары түптік қысымда ол болмайды.

Сұйықтықтағы еркін газдың көпіршік болғандықтан сұйықтықтың тығыздығын төмендетеді, яғни мұнай сұйықтық бағанасының гидростатикалық қысымы газды сұйықтықтың фонтандауы үшін қажет ұңғыма түбі қысымынан тыл болуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет