Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет15/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
-Ғы, -гі қосымшасының сөзжасамдық және форма тудырушылық сипаты Ы.Маманов еңбектерінде арнайы қарастырылған. Қазақ тілінде бұл қосымша қатыстық сын есім тудырушы аффикс ретінде қаралып келді. Ол екі формада кездеседі: бірі – мезгіл мәнді сөздерге тікелей жалғанып, сын есім тудыруы (қысқы, жазғы, күзгі, көктемгі, биылғы, бүгінгі т.б.); екіншісі - -да, -де жатыс септігінен кейін жалғануы (үйдегі, даладағы, мектептегі т.б.). А.Ысқақовтың жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында осы аталған екі жағдайы да сын есім құрамында қарастырылып, бірқатарда көрсетіледі. «Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ жатыс және шығыс (сирек) септік формаларындағы есімдерге қосылып, мағыналары солардың лексикалық мазмұндарына қатысты туынды қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, ... баладағы, кітаптағы, сөйлегендегі, орталықтағы, заводтағы, цехтағы, т.б.» [11, 173 б.].
Бұл тұлға өзі жалғанған сөзіне мекендік, мезгілдік мағына береді. Ертедегі жазба ескерткіш нұсқаларында -ғы, -гі аффиксінің жатыс септігімен келген формасы түбірлерге тікелей жалғанған түріне қарағанда кеңінен қолданылған. Мысалы, «даңқы иаздақы – жазықтағы; иакадақы – жағадағы; авдакі – үйдегі; алігдегі – қолындағы; тағдаки – таудағы [62,].
-Ғы, -гі қосымшасы көбіне уақыт, кеңістік мәнінде жұмсалатын сөздерге жалғанады. Сондықтан болар, жатыс септігіндегі сөздерге жалғануға табиғи бейімділігі бар. Себебі, жатыс септігі кеңістік қатынасты білдіретін септіктердің қатарына жатады [25].
-Ғы, -гі қосымшасы жоғарыда аталған А.Ысқақов еңбегінен басқа да ғалымдар еңбектерінде негізінен сын есім тудырушы аффикс ретінде көрсетіледі. Айталық, 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматикада да осы ізбен берілген. Алайда, -ғы, -гі қосымшасының үнемі сөз жасамайтыны жайлы да пікірлер болып отырды. А.Ибатов «иолдақы, көкдакі сөздеріндегі -қы, -кі қосымшасы туынды сын есімдер тудыратын жұрнақ. Бірақ соған қарамай, бұл дәл осылай айтылуында түбір сөзге тікелей жалғанбай, түбір тұлға мен өзінің аралығына жатыс септіктің -да, -де жалғауларын қосып айту арқылы өз табиғатындағы жаңа лексикалық тұлға жасап, белгілі бір түбір сөзден екінші бір сөз тудырушы жұрнақ сипатында емес, сөздің айтылуындағы қызметімен тікелей байланысты функционалды сөз түрлендіруші қосымша морфемалардың қызметін атқарып, сол мақсатта қолданылып тұр», - деген пікір айтады [7, 35 б.].
Түркі тілдері бойынша осы қосымшаның тілдік табиғатына байланысты ой-пікірлер мынадай теориялық бағыттарға саяды.
1) -ғы, -гі қосымшасы қатыстық сын есім тудырушы аффикс;
2) қатыстық форма;
3) септік жалғауы;
4) екі функциялы.
Ы.Маманов ауылдағы, қолыңыздағы, Үсендегі сөздеріндегі -ғы, -гі қосымшасы жатыс септігіне жалғанғанда, оның сөздік мағынасын өзгертпей, тек қана грамматикалық мағына үстеп тұрғандығын былай дәлелдейді: «Біріншіден, -ғы, -гі қосымшасы жатыс септігіне жалғанғанда, оның сөздік мағынасын өзгертпейді, тек қана грамматикалық мағына үстейді. Былайша айтқанда, жатыс септігіндегі сөздер мекендік, мезгілдік мағына білдірсе, оған -ғы, -гі қосымшасы жалғанғанда, оның сөздік мағынасын да (лексикалық), грамматикалық формасының (жатыс септік) білдіретін мағыналарын да (мекендік, мезгілдік) өзгертпей, тек функциялық мағына үстейді. Яғни, синтаксистік қызметін өзгертеді. Жатыс септігіндегі сөздер сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсалса, оған -ғы, -гі морфемасы жалғанып, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Екіншіден, -ғы, -гі қосымшасы жатыс септігіндегі сөздерге түгелдей жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды. Үшіншіден, сөз тудырушы қосымша жалғанған сөз белгілі бір сөз табына тән лексикалық бүтін болып қалыптасады да, сөздік құрамға енеді. Ондай сөздер тіл білімінде туынды түбір деп аталады. Ал жатыс септігіндегі -ғы, -гі қосымшасы жалғанған сөздерді туынды түбірдің қатарына қосу тілдік фактіге бүтіндей қайшы» [3, 22 б.].
Ғалым -ғы, -гі қосымшасы түбір сөздерге жалғанғанда, сөз тудыру қызметін атқарып, сөздік құрамға енетін туынды түбір сөздер жасайды. Ал грамматикалық формаларға жалғанғанда, форма тудыру қызметінде жұмсалып, жалғанған сөзіне екінші бір грамматикалық мағына үстейтінін негізге алып, екі түрлі қызмет атқарады деген қорытынды жасайды [3, 25 б.].
Ы.Маманов жоғарыда сөз болған қосымшалардың сөзжасамдық, форма жасаушылық қызметтерін анықтауда олардың көпшілігін форма жасаушы қосымшалар қатарында көрсетсе, ал -ғы, -гі қосымшасын екі функциялы аффикс деген пікір айтады. Демек, ғалымның пікірінше, бұл қосымша түбір сөздерге жалғанғанда сөз жасаса, жатыс септігінен кейін жалғанғанда форма ғана тудырады. Бұл пікір Қ.Шаяхметовтің зерттеуінде де осындай сипат алған. Қ.Шаяхметовтің пікірінше де, -ғы, -гі қосымшасы мезгіл, мекен мәнді зат есімдер мен үстеулерге қосылып, сөз жасаушы функция орындайды, мұнысы оның бірінші функциясы. Ал ілік септігі мен жатыс септігінен соң жалғанғанда форма жасаушы қызметте болады. -Ғы, -гі аффиксін меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық форма деп анықтайды. Ғалым -нікі құранды аффикс құрамындағы -ғы, -гі тұлғасы мен -дағы, -дегі құрамындағы -ғы, -гі тұлғасын бір ғана тәуелдік жұрнақтар деп көрсетеді. «Екеуінің айырмасы семантикалық қана түрленіс шамасында. -Нікі ­ – меншіктілік, тәуелділік ұғымын иеленушімен, субъектімен тікелей байланыста білдірсе, -дағы, -дегі аффиксі сол формалық мәнді уақыт-мезгілге, мекен-орынға байланыстыра білдіреді. Меншіктілік мән кейінгіде жатыс септік жалғауы арқылы сәл бәсеңдеген, сөйтсе де, жалпы грамматикалық дәрежелері бір ыңғайда. Сондықтан -ныкі, -нікі аффиксі ­иелік-меншік формасына, -дағы, -дегі аффиксі мезгіл-меншік формасына қызмет ететін тәуелдік жұрнақтар дейміз [32, 151 б.]. Түркологияда мұндай тұжырымды Я.Г.Гулямов, С.Усманов, Ф.А.Ганиев, М.А.Хабичев сияқты ғалымдар қолдайды..
Ф.А.Ганиев септіктерді жүйелеуге арналған мақаласында жатыс септік тұлғасын екі формада көрсетеді. Бірі - -да, -де, екіншісі – дағы, -дегі. Мұны ол «местно-временной падеж» деген атаумен атайды [40, 77 б.].
Ал ғалымдардың келесі тобы бұл қосымшаны таза сөз түрлендіруші тұлға деп те таныған. Е.А.Поцелуевский былай деп жазады: «Подобным же образом и аффиксы типа -кы, -ке, -лы, -ли в тюркских языках обычно не образует новых слов, относящихся другой части речи. Но меняют синтаксическую функцию слов, сохраняющих свою категориальную принадлежность. Точно так же, оформляя конструкцию, не являющися словом, они меняют ее синтаксическую функцию [63, 30 с.].
Татар ғалымы М.З.Закиевтің анықтауынша, -ғы, -гі қосымшасының түбірге тікелей жалғануындағы қызметі де, жатыс септігінен кейін жалғануындағы қызметі де сөз түрлендіруші функция болып көрсетіледі. Ғалым оған мынадай дәлелдер келтіреді: «Следует отметить, что аффикс -қы, -ке иногда может считаться словообразовательным. Это бывает тогда, когда основа без -кы, -ке как имя существительное обычно не употребляется. Например, басынкы, күтәренке» [39, 89 с.]. Ғалым -дағы, -дегі мен -да, -де формасын жатыс септігінің екінші түрі ретінде береді.
В.Г.Гузев бұл қосымшаның түбір сөздерге жалғануындағы қызметін де, сонымен қатар -нікі мен -дағы формасын да сөз түрлендіруші функцияға жатқызады. «Важно подчеркнуть, что обсуждаемые образования, хотя и обладают в некоторых случаях способностью к лексикализацию, принадлежит к сфере словоизменения» [64, 105 с.].
Ғ.Мұсабаев -ғы, -гі аффиксі үстеу сөздерге жалғанғанда таза сөз жасаушылық емес, стилистикалық рең берушілік қана мәні болады деп жазады.
Сонымен жоғарыда айтылған пікірлерлерді саралай келгенде, -ғы, -гі қосымшасы үш түрлі формада кездесетінін байқаймыз. Бірі – түбір сөздерге жалғанатын -ғы, -гі қосымшасы, екіншісі – -нікі формасы, үшіншісі – -дағы, -дегі формасы. Бұлардың ішінде -нікі қосымшасы қазіргі қазақ тілінде тек жіңішке вариантта қолданылып, жалғаулар сияқты дауыстылар үндесіміне бағынбайды. Тәуелдік форма ретінде тұрақталған бұл тұлға қазақ тілі оқулықтарында тәуелдік категориясына арналған тарауларда айтылып кетіп отырады. Бұл қосымшаның құранды жұрнақ екендігі белгілі. Ол ілік септігі мен -ғы, -гі қосымшасынан жасалған. Әдетте, -ғы, -гі тұлғасы қатыстық сын есім тудырушы жұрнақ делінеді. Бұл жерде мынадай қайшылық бар. Тілдік заңдылық бойынша, әдетте, жалғаулар жұрнақтан кейін жалғануы керек еді. Бұл жерде, сонымен қатар, -дағы, -дегі формасында да бұл заңдылық сақталмаған. Бұдан шығатын қорытынды, -ғы, -гі тұлғасы жұрнақ па, жалғау ма, әлде шылау ма деген сұрақ туындайды. Осы айтылған тілдік факторларға байланысты түрколог-ғалым А.М.Щербак мынадай пікір айтады: «Неподчинение закону гормонии гласных свидетельствует о том, что вначале -кі был относительной частицей или союзом, выполнившим разные синтаксические функции, а затем приобрел черты словообразовательного аффикса, став показателем относительной формы имен. ...Этим объясняется возможность присоединения к нему падежных аффиксов и аффиксов множественного числа. Известно в тюркских языках лишь частицы обладают относительной свободой расположение в словоформе» [59, 65 б.]. -Ғы, -гі формасын Э.А.Грунин де шылау деп анықтайды [65, 54 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет