Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет25/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
-ғыла, -гіле, -қыла, -кіле: ұрғыла, шапқыла, соққыла, жұлқыла, тепкіле, сілкіле, ысқыла, үскіле, бұрғыла, ұңғыла;
-мала, -меле: бастырмала, бүрмеле, төкпеле, үрмеле, көтермеле, кимеле, жаймала, қыстырмала, құрмала, қимала, қумала, жұлмала, ысырмала, қырмала, термеле, сумала;
-мсыра, -мсіре: күлімсіре, жыламсыра.
Бұл қосымшаларды етістіктен етістік тудыратын сөз тудырушы жұрнақтар деп анықтауда, Ы.Мамановтың қосымшаларды жіктеуге байланысты ұсынған концепциясын басшылыққа алып, мынадай белгілерін көрсетеміз:
1) аталған жұрнақтар бірен-саран сөздерге талғап жалғанып, грамматикалық абстракция жасай алмайды;
2) түсіндірме, екі тілдік сөздіктерге енеді;
3) лексикалық бірлік саналып, реестр сөз ретінде сөздік құрамды толықтырады.
Ал жоғарыда Ы.Маманов грамматикалық қосымша ретінде көрсеткен -ңқыра, -ңкіре қосымшасы осы көрсетілген критерийлерге жауап бермейді. Әсіресе, бұл қосымша сөзжасам қосымшаларына қойылатын екінші шарт – талғап жалғану шартына сай келмейді, яғни ол грамматикалық абстракция жасайды. Кез келген етістік түбіріне -ңқыра, -ңкіре тұлғасы жалғанып жұмсала береді. “Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде” осы формамен келген етістіктер реестрлік қатарда беріліп отырған. Етістіктің қолданысына статистикалық зерттеу жүргізген ғалым С.Мырзабеков етістіктер саны сөздіктің тең жартысынан асады деп көрсетеді [128]. Яғни -ңқыра, -ңкіре формасы, сонымен қатар етіс формалары жалғанған етістіктер де сөздікте қамтылған деген сөз. Демек, -ңқыра, -ңкіре формалы етістіктерді сөздікте реестрлік қатарда беру-бермеу мәселесі шешілуі тиіс. Соңғы шыққан “Қазақ әдеби тілінің сөздігінде” -ңқыра, -ңкіре формалы сөздердің өте сирек жағдайда ғана беріліп отырғандығын байқадық [129]. Бұдан Ы.Мамановтың осы қосымшаға байланысты көтерген мәселесінің бүгінгі күні қолданысқа еніп, әлі күнге дейін маңызын жоймағандығын көруге болады. Біз, осы тақырыпта туынды етістік жасау мәселесінде әржақты қарастырылып жүрген (бұл қосымшаларға Ы.Маманов ерекше назар аударған) бірнеше жұрнақтың тілдік табиғатын сөз еттік. Туынды етістік жасайтын тұрақты қосымшаларға (ешқандай дай тудырмайтын) арнайы тоқталмадық. Ал етіс мәселесін келесі тақырыпшаларда арнайы қарастырамыз.
Ы.Мамановтың түбір етістіктер туралы көтерген мәселелерінің мынадай маңызды жақтарын атап көрсетуге болады:
1) ғалым етістіктің сатылық ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен, яғни алдымен лексикалық мағына білдіретін түбір етістіктерді, одан кейін грамматикалық мағыналы етістіктерді, соңында өзге сөз таптарының функциясын атқаратын етістіктерді атайды;
2) етістік түбіріне байланысты беріліп жүрген дәстүрлі анықтаманың қате екендігін дәлелдеді; сөйлеу кезіндегі етістік түбірімен форма жағынан бірдей болып келетін бұйрық райдың екінші жағы етістіктің түбір тұлғасы емес, жіктелу үлгісінің бір көрінісі екендігін алғаш рет атап көрсетті;
3) -ңқыра, -ңкіре қосымшасының форма тудырушылық қызметін дұрыс анықтаған;
4) -ғыла, -гіле, -қыла, -кіле, -мала, -меле, -мсыра, -мсіре қосымшаларын сөзжасам қосымшаларына жатқызуда олардың сөзге талғап жалғану сипатын негізге алған;
Ы.Маманов етістіктің жіктелу жүйесі туралы да пікір айтқан. Ғалымның айтуы бойынша, қазақ тілінде сөздердің жіктелу жүйесі тек бір ғана сөз табына тән қасиет емес, ол – есім сөздер мен етістікке бірдей құбылыс. Алайда есім сөздер мен етістіктің жіктелуі бірдей емес. Жіктік жалғаулары есім сөздердің түбіріне тікелей жалғанып жіктелетін болса, етістік негіздеріне тікелей жалғанбайды.
Ы.Маманов қазақ тіліндегі сөздердің жіктелу жүйесі екі түрде көрінетінін (1. Жіктік жалғау арқылы. 2. Тәуелдік жалғау арқылы), жіктік жалғауының өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейтінін, ал тәуелдік жалғаулары жалғанған сөзіне тек жақтық мағына үстеп қоймай, сонымен бірге заттың кімге, қай жаққа меншіктігі, тән екендігін де білдіретінін атап көрсетеді. Қазақ тіл білімінде жақ категориясын арнайы зерттеген Ж.Сәдуақасов та Ы.Маманов пікірімен үндес тәуелдік жалғауларын да жақтық мағына берудің бір жолы деп табады. “Қазақ тіліндегі есімдерге тән тәуелдену формасы мен етістіктерге тән жіктелу формасын бір-бірімен байланысты және бірлікте қарау керек. Себебі, түркологтар дәлелдеп көрсеткендей, бұл екі форманың шығу төркіні тарихи жағынан бір екендігі. Екіншіден, қазірде бұл формалардың бір-бірінен өзіне тән айырмашылық, ерекшеліктері бола тұра, ұқсастық жақтары молдығы”, – деп, автор жақ категориясының үш түрлі көрсеткіші деп – а) тәуелділік аффиксі; ә) баяндауыштық аффиксі; б) жақты да, райды да білдіретін көрсеткіштерді – атайды [130, 101-109 б.].
Сонымен қатар Ы.Маманов жіктік жалғауы арқылы жіктелетін формалардың а) өткен шақ және келер шақ көсемше формаларының, ә) есімше формаларының, сондай-ақ тәуелдік жалғауы арқылы жіктелетін етістік формалары: тұйық етістік, қалау рай, жедел өткен шақ формасы, шартты рай формасы, бұйрық рай формасы және есімше формаларының жіктелу жүйесін сызба түрінде береді.
Қысқасы, Ы.Мамановтың етістік түбіріне жіктік жалғау тікелей жалғанбай, тек «функциялық етістік» тұлғалары ғана жіктеле алады деген пікірі қазақ грамматикасында дәлелденіп, кейінгі еңбектерде айтылып жүр [52, 521 б.]. Ал төрт қалып етістіктің тікелей жіктелуі жайлы ойлары ғалымның алғашқылардың бірі болып осы етістіктердің қызметін тани білгендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет