Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ


Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі туралы



бет24/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
2.2 Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі туралы

Етістік – грамматикалық категорияға бай күрделі сөз таптарының бірі. Грамматикалық сипаты сан салалы, түрлену тұлғалары әр алуан етістіктер морфологиялық түрлену жүйесімен сөйлемде басқа сөз таптарымен байланысқа түсіп, белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруы жағынан да сөз таптарының басқа түрлерінен ерекшеленеді.


Етістік сөйлеу кезінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қатынасқа түсе алмайды, сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды. Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі ретінде етістік өзіне тән белгілі мағына білдіре алатын, қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағына білдіретін форма түрлену жүйесінің негізіндегі категория көрсеткіштерінің бірлігінен тұрады [112, 4-20].
Қазақ тіл білімінде етістік категорияларарын түрлі қасиетіне байланысты бірнеше топқа бөлу тәжірибесі бар. Педучилищеге арналған оқулықта етістікті лексика-семантикалық категориялар (көсемше, есімше, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктер, етістер) және грамматикалық категориялар (рай, шақ) деп екі топқа бөледі [113].
Жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралында етістік формаларының жүйесі мынадай грамматикалық категориялар ыңғайында қаралып жүр: 1) етістік негізі; 2) қимыл атауы категориясы; 3) салттылық және сабақтылық категориясы; 4) етіс категориясы; 5) болымдылық және болымсыздық категориясы; 6) амалдың өту сипаты категориясы; 7) есімшелер категориясы; 8) көсемшелер категориясы; 9) рай категориясы; 10) шақ категориясы; 11) жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы [8, 274].
Ы.Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді, модификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын жатқызады. Сөйтіп, етістіктерді төмендегідей сатылап көрсетеді: “Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары” [72, 3-5].
Қазақ тіл білімінде етістік категориялары туралы пікір әр жақты екендігі байқалады. Мәселен, Ы.Маманов функциялық етістік тұлғаларына жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы жаққа бөлініп жіктелетін тұйық етістік, көсемше, есімше, шартты рай түрлерін жатқызса, С.Исаев Ы.Мамановтың “функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктердің рай, шақ формалары пайда болады” деген пікірімен келіспей, “рай, шақ мағыналары етістіктің жіктелу тұлғасы (жіктік жалғаулары емес), арнайы формалары немесе есімше, көсемше формалары арқылы беріледі, ал жіктелуі – жақ категориясының көрсеткіші” деп түйіндейді [112, 8-9].
С.Исаев қазақ тіліндегі етістік категорияларын үш топқа жіктейді:
1) лексика-грамматикалық категориялар (салт, сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік немесе көрініс категориялары);
2) таза грамматикалық категориялар (рай, шақ, жақ немесе жіктеу категориялары;
3) жеке грамматикалық категория бола алмайтын, бірақ басқа таза грамматикалық категория (шақ категориясы) жасауға негіз болатын ерекше формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік).
Етістік Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ.Жұбанов [114], С.Аманжолов [115], І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың “Грамматикаларында” [116] етістік бөлімі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше формалары үзілмей берілумен бірге, кейбір толықтырулар мен лингвистикалық атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге әбден болады.
Етістікке жалпы сипаттама беріп, алғаш мақала жазған зерттеушілердің бірі Ә.Дайырбеков етістік категориясын толық ашпаса да, тұйық рай мен көсемше формалары туралы біраз мәлімет береді [117].
Ы.Мамановтың етістіктерді төмендегіше жіктегендігін айқындап көрсетсек:
Негізгі етістік



а) Түбір етістіктер

ә) Модификациялық етістіктер

  1. негізгі түбір

  2. туынды түбір

  3. кіріккен түбір

  4. қос түбір

  5. тіркесті түбір

  1. етістер

  2. күшейтпелі етістік

  3. күрделі етістіктер

Функциялық етістік





Қимыл есім

Қимыл сын

Қимыл үстеу

  1. тұйық етістік

  2. -ғы тұлғалы қимыл есім

  3. с тұлғалы қимыл есім

  1. өткен шақ есімше

  2. болжалды есімше

  3. дағдылы есімше

  4. ниет есімше

  5. осы шақ есімше

өткен шақ көсемше
келер шақ көсемше
шартты рай формасы
мақсатты көсемше

Қазақ тіліндегі түбір етістіктерді Ы.Е.Маманов өз еңбектерінде сыртқы тұлғасы, жасалу жолына қарай беске бөледі. 1. Негізгі түбір; 2. Туынды түбір; 3. Кіріккен түбір; 4. Қос түбір; 5. Тіркесті түбір.


Ғалым түбір сөздерге байланысты пікірінде қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздерді сол күйінде лексикологияның да, морфологияның да, синтаксистің де объектісі бола алатынын, ал орыс тіліндегі түбір сөздің (корень) дербес сөз емес, сөз мұқылы екенін, “мужской род” формасындағы зат есімдер ғана өзгермейтінін айтады.
Ғалымның етістік түбіріне байланысты айтқан ой-пікірлері күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір пікірлерге, өзгеше қырынан үңіліп, тереңірек зерттеуге көмегін тигізеді.
Етістіктер етістіктің грамматикалық категорияларының барлық формаларына негіз болды. Олар жеке грамматикалық элементтерге бөлінбейді. Және көбіне бір буынды болады да, екі не үш буынды болып келуі сирек кездеседі.
Зерттеушілер арасында етістік түбірінің семантикалық, грамматикалық өзгеруіне байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Қазақ тілі оқулықтарында, етістікке байланысты жазылған ғылыми зерттеулерде етістік түбірі туралы жаңсақ пікірлер кездеседі. Айталық, оқулықтар мен зерттеулерде етістіктің түбірі бұйрық райдың екінші жағы болып анықталады. Басқалай айтқанда, етістіктің түбіріне тікелей бұйыру тән болып, ол бұйрық райдың екінші жағы болып анықталады. Бұл теория қазақ тіліндегі түбір етістіктердің барлығында үнемі бұйрықтық мағына болады, ол актуалданбай-ақ яғни сөйлеу актісіне түспей-ақ, жеке тұрып бұйрықтық мағынаны білдіріп тұрады дегенге саяды. Етістік түбіріне берілген бұл анықтама қазақ тілі оқулықтарында ұзақ уақыт бойы қолданылып келді. Әлі күнге дейін мектеп оқулықтары мен жоғарғы оқу орындарына арналған қазақ тілі оқулықтарында осындай анықтамалар кездесіп қалады. Қазақ тілінің тілдік жүйесіне әбден орнығып, тұрақталып қалған бұл теорияның ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес екендігі Ы.Маманов еңбектерінде айтылады. Ғалым етістік түбіріне байланысты айтылған аталған анықтаманың қате екендігін былайша дәлелдейді: “Етістікке байланысты бір жаңсақ, қате пікір – оның түбір тұлғасының ерекшелігі. Оқулықтар мен зерттеулерде етістіктің түбірі бұйрық райдың екенші жағы деп анықталады. Етістіктің түбіріне тікелей бұйыру тән болып, ол бұйрық райдың екенші жағының формасы саналады. Ал, дұрысында, бұйрық райдың жекеше ІІ жақ формасында тұрған етістіктің бәрі бірдей түбір бола бермейді: (сен) кел, оқы дегендерді түбір деп танысақ, (сен) келтірме, оқы-т-қыз-ба дегендерді түбір деп тануға еш болмайды.
Екіншіден, бұйрықтық мағына (ІІ жақ) түбірге тән грамматикалық мағына болса, осы тұлғаның үстіне қосылған түрлену формаларында да жұмсалғанда бұйрықтық мағына сақтала беру керек болады, бірақ қимылдық мағына сақталады да, бұйрықтық, жекеше екінші жақтық мағына сақталмайды: кел-ген-мін, оқы-са-ңыз т.б. дегенде ешбір бұйрықтық мағына жоқ, ал кел, оқы деген түбір (бұйрық райдың екінші жағы емес) білдіретін қимыл, әрекет және салттылық, сабақтылық мағыналары сақталған. Демек, бұл қасиет ІІ жақтағы бұйрықтық мағына түбірдің емес, етістіктің арнайы түрлену жүйесінің бір көрінісі болып табылатын грамматикалық формасы білдіретін таза грамматикалық мағына [72, 94-95].
Сондай-ақ көрнекті ғалым Ы.Мамановтың етістік туралы айтқан тағы бір тың пікірі етістіктің (қалып етістіктерінен басқа) тікелей жіктелмеуімен байланысты. «Етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы нәтижесінде қалыптасып, туады, жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенмен, сол күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондықтан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды» [72, 65 б.].
Етістіктен басқа сөз таптары, мысалы, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөйлемде түрленбей-ақ қолданыла береді. Олар әртүрлі сөздермен тіркесіп, сол күйінде белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсала алады. Ал етістік сөйлемде тек түрленіп яғни қандай да бір грамматикалық формада тұрып қана қолданысқа түседі. Яғни ол жіктеліп қана жұмсалады. Ал сөйлеу кезіндегі етістік түбірімен форма жағынан бірдей болып келетін бұйрық райдың екінші жағы етістіктің түбір тұлғасы емес, жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Айталық, «Тыңда дала Жамбылды» тәрізді сөйлемдегі тыңда деген етістіктің (туынды) түбірі тыңда екені белгілі, бірақ бұл екі тыңда (сөйлемдегі тыңда мен оның түбірі тыңда) бір емес. Бұл сөйлемде етістік түбір тұлғасында емес, бұйрық райдың жекеше, анайы, 2-жақ тұлғасында (сен тыңда) жұмсалған. Ал етістіктің түбіріне тән, бірінші лексикалық мағына – нақтылы тыңдау қимылы, екінші соның негізінде қалыптасқан абстракциялануы, жалпылануы негізінде пайда болған жалпы грамматикалық мағынасы – жалпы қимылды білдіру мағынасы сөздің лексикалық мағынасы өзгеріп кетпей, яғни басқа бір жаңа сөз жасалмай, сол сөзге неше түрлі грамматикалық тұлғалар жалғанып, соның нәтижесінде оларға сәйкес грамматикалық мағыналар үстелсе де, сақталып отырады. Мысалы, тыңдасам, тыңдатқызбайды т.б. сөз бен сөз тұлғаларында жалпы тыңдау қимылы сақталған да, керісінше бұйрықтық, екінші жақтық, анайылық мағына жоқ. Сондай-ақ тыңда деген түбірге бұйрықтық, 2-жақтық мағына тән десек, онда тыңдатқызба, тыңдаңқырама тәрізділерді де етістіктің түбір тұлғасы деп тануға мәжбүр боламыз, өйткені бұлар да осы қолданысындағы мағынасы жағынан етістіктің бұйрықтық, 2-жақтық, жекеше, анайы түрімен сәйкес келеді, сен тыңдатқызба, сен тыңдаңқырама. Ал бұлардың түбір емес екендігі өзінен-өзі түсінікті [118].
Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті білдіреді және ол етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы.
Сонымен етістік қазіргі кезде түбір тұлғада жіктеліп барып қолданылады, тікелей жіктелмейді (қалып етістіктерін қоспағанда).
Етістік түбірінің бұйрық райдың 2-жағы емес, ол екеуінің екі нәрсе екенін дәлелдейтін тағы бір дәлел – бұйрық райдың 2-жағының көне формасының -ың, -ің тұлғасында болуы. Ы.Маманов, С.Исаев еңбектерінде көрсетілгендей, кейбір түркі тілдерінде сен кел, сен ал дегендегі етістіктер алың, келің сияқты болып сақталып қалған. Тек -ың, -ің, -ң формасы ғана емес, 2-жақ бұйрық рай мағынасын басқа да тұлғалар (бар-ғыл, бар-ғын) беріп отырған. Қазақ тілінің сөйлеу тілінде бұлардың кездесіп қалуы тектен-тек емес [118, 76-79].
Етістіктің бұйрық рай, 2-жағын ежелгі дәуір әдебиетіндегі тарихи жырлардан кездестіруге болады. Мысалы, «Тоныкөк» жырында (УІІІ) мынадай жолдар бар: Білге Тонукук
Анығ ол, өзі ол-аңлап,
Сү йорулум …унамаң!
Аудармасы: Өзі айлакер, өзі пайымды
Әскермен аттанамыз (десе) құптама (119, 34).
Диуани хикметте: Ай йер уа көк? Ашықлардин хазыр қылың
Отлуғ аһ чықар болса хазир болың
Көкке бақып на ра тартса туруң.
Аудармасы: Ей, жер мен көк, ғашықтардан сақ болыңдар.
Отты аһы шығатын болса, әзір тұрыңдар
Көкке қарап дабыл қақса, қорқып тұрыңдар (119, 114).

Сәйф Сараидың


Гүлстан би –т түркиде: Шығыр
Ұғлан айтты: “Ей, еренлер, йат черіге от ұруң!
Иа, барып, гаурат құмашын киіп, үйде отырың!
Аудармасы: Өлең
Сонда жігіт былай деді:
Ей, ерлерім, дұшпанды отқа ораңдар,
Иә, болмаса, жаулықты басыңа сал да, үйде отыр (119, 272).
Міне, осы мысалдардан көріп отырғанымыздай, етістіктің 2-жақ бұйрық рай тұлғасы отырың, тұрың, болың болып жіктеледі. Ерте дәуір әдебиетттерінде кездесетін бұйрық райлы етістіктің тағы бір тұлғасына төмендегі мысалдар дәлел бола алады:
Қырық жігіт, жорға мініп, торқа кидің.
Мен көрген қызық істің бәрін көрдің.
Қайраты менен асқан жан бар ма екен,
Бар болса, іркілместен айтып бергін (120).
және
Бар-дағы осы сөзді айтып келгін,
Қарамай жауабына қайтып келгін.
Көңілім көтерілсін оны есітіп,
Кернеймен майдан күйін тартып келгін (120, 98).
Немесе
Көңілі бүтін қалайықтан қаштым минә.
Қайда көрсең, көңілі сынық мәрһәд болғыл.
Мен-меншіл қалайықтан қаштым мәнә
Мұстафадай елді кезіп жетімді көзле,
Дүниеқор нәжішләрден әбден тазала (121, 110).
Бұл берілген мысалдардағы етістік формаларының қолданысынан бұйрық райдың етістіктің түбірінен бөлек тұлға екенін, грамматикалық түрленудің бір көрінісі екенін байқауға болады.
Белгілі түрколог ғалым Н.А.Баскаков “Каракалпакский язык” еңбегінде етістіктің бұйрық райы туралы былай деп жазады: “В современном языке повелительное форма 2-го лица единственного числа совподает с “чистой” основой глагола, но и эта форма, повидимому, является результатом позднейшего стяжения (сокращения) полных именных форм, аффиксы словообразования в которых ныне стерлись. Так, полные формы повелительного наклонения 2-го лица единственного числа на -гъыл, -гил, -къыл, -кил, -гъын, -гин, -къын, -кин сохранились в некоторых древних языках, в языке Ходжи – Ахмеда Ясауи и сохранились так и в новых языках, например, в новоуйгурском “келгин (приди)”, баргъын (отправляйся)” [122, 161с.].
С.Исаев Ы.Мамановтың түбір етістік туралы тұжырымдарына сүйене отырып, етістік тұлғаларының жүйесін, оның грамматикалық сипаттарын түсіну үшін, етістіктің сөйлемде қолданылу ерекшеліктеріне назар аударып, етістік түбірінің мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:
«Біріншіден, етістік түбір тұлғасында тұрып қолданылмайды. Етістіктің бұйрық рай (2-жақ анайы) және қалып етістіктерінің 3-жақта (ол отыр, тұр, жүр тәрізді) қолданылуы түбір тұлғамен барабар деп түсіну өрескел қате екенін естен шығаруға болмайды.
Екіншіден, етістік тек жіктеліп барып немесе кейде тұлғалы тұйық етістік (қимыл атауы), анықтауыштық қатынаста есімше, адвербиалдық мәнде көсемше түрлерінде ғана қолданыла алады: оқу үшін келді, оқыған бала, айтар сөз, беретін жауап, дауыстап оқыды, жүре сөйлесті, оқығалы келді т.б.
Үшіншіден, етістік түбірлері отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері мен бұйрық рай тұлғасын есептемегенде тікелей жіктелмейді» [28, 153б.].
А.Хасенова, С.Исаев еңбектерінде осы тілдік қағидаға бағынбайтын қалып етістіктерінің тікелей жіктеле алуының себебі тарихи тұрғыдан ашылып көрсетілген. «Қалып етістіктерінің (отыр, тұр, жатыр, жүр) тікелей жіктеле алуының сыры ерекше, бұлар тарихи жағынан негізгі түбірлер емес, отыр – ол тұрыр, тұр – тұрыр, жатыр – жатұрыр, жүр – жүрүр дегеннен қалыптасқан да, қосымшалар түбірге сіңісіп кетсе де, не түсіп қалса да олардың грамматикалық сипаты (жіктелу қасиеті) сақталып қалған. Бұл етістіктердің осы қасиеті олардың 3-жақта ол отыр, ол тұр, ол жатыр, ол жүр болып, ұқсас тұлғалық түрде қолданылуынан да көрінеді және тікелей осы шақ көрсеткіші болуы да соған байланысты [123, 73 б.], [28, 158б.].
Қысқасы, етістік категориясының жіктелу жүйесінің 2-жақ жекеше формасы түбір етістікпен омоформалық сипатта келеді. Яғни форма жағынан сәйкес келеді, түбір етістік түбір күйінде қолданылмайды, тікелей басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды және тікелей жіктелмейді, тек рай, шақ (есімше, көсемше) тұлғаларын үстеп барып қана жіктеле алады. Олай болса, қазақ тілі грамматикаларында 2-жақ, жекеше бұйрық рай сөздің түбірі болып көрсетіледі. Парадигмалық қатардың мүшесі, категориялық грамматикалық мағына білдіретін, сөйлеу кезінде туатын форманы түбір тұлғамен бір деп тану мүлдем қате. 2-жақ бұйрық рай формасы жекеше тұлғада тұрғанда нөлдік формада тұрады. Осы тұрғыдан алғанда етістік түбірі мен нөлдік формадағы бұйрық рай формасы тұлғалық жағынан бірдей, яғни омоним болғандықтан, олар күні бүгінге дейін екеуі бір болып қарастырылып келді. Тіл мен сөйлеу бірліктері ажыратылып көрсетілмеді. Айталық, кел деген етістік сөйлеу актісіне түспей тұрып, сөздік құрамда қимылды білдіретін сөз ретінде танылса, ол сөйлеу процесінде қолданылғанда қандай да бір тілдік ортада жұмсала келе, аяқталған ойды білдіріп, етістіктің грамматикалық формаларымен түрленеді. Ол жіктелгенде бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрінде ешбір қосымшасыз бұйрықтық мағынаны білдіріп тұрады. Бұл оның парадигмалық жүйедегі грамматикалық мағынасы. Ол грамматикалық мағына нөлдік форма арқылы берілген. С.Исаевтың еңбектерінде етістік түбірі сөздің түбірі мен нөлдік формадағы сөздің айырым белгілеріне байланысты талдауға түскен. “Оқулықтарда етістіктің түбірі бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрі немесе зат есімнің атау септік формасы деп көрсетіледі. Ал шындығында “кел” деген мен “Сен мұнда кел” дегендегі “кел” бірдей емес. Біз, әдетте, сыртқы тұлғасында айырма болмаған соң, бір деп үйреніп кеткенбіз. Біріншісі (жеке түбір тұлғада тұрған “кел”) қимылды ғана білдіреді, екіншісі (Сен мұнда кел” деген сөйлемде) сол мағынаның үстіне тыңдаушы жаққа қаратылып бұйырыла айтылу мағынасы үстелген. Нөлдік тұлға сырт қарағанда түбір тұлғамен сәйкес келгенмен, сөз түбірінің барлығы жеке-жеке грамматикалық нөлдік форма бола бермейді, ол тек грамматикалық форма жасауға негіз болады. Грамматикалық нөлдік форма болу үшін ол тұлға түбір күйдегіден өзгеше грамматикалық мағына білдіріп, белгілі бір топтағы түрлену жүйесінің бір түрі болып саналып, сөйлеу процесінде белгілі бір тұрақты өзіне тән қызмет атқаруға тиісті” [28, 44-45б.]. Нөлдік тұлғаның тілдік ерекшеліктері осы біздің алдыңғы тақырыптарымызда сөз болғандықтан көп тоқталмаймыз.
Сонымен түбір етістікке берілген анықтамалардағы жаңсақ пікір деп танылған Ы.Маманов тұжырымдарын негізге ала отырып, “Етістіктің түбірі мен бұйрық рай 2-жақ жекеше формасы өзара сәйкес келеді” деп тұжырымдаймыз. Мұндай анықтама түркологиялық еңбектерде де осылай берілген. Айталық, “Основа глагола всегда совпадает со 2-м л. ед. ч. повелительного наклонения” [22, 245с.].
Етістік түбіріне қатысты тағы бір көңіл аударарлық нәрсе – туынды түбір (туынды етістік, туынды сөз) мәселесі. Ы.Маманов өз зерттеулерін морфологияның өзекті әрі қиын мәселелерін қарастыруға арнағандығы байқалады. Оның 1973 жылы жарық көрген “Лекциялар курсында” қосымшаларды жіктеу, кейбір қосымшалардың (даулы болып танылып жүрген) сөзжасам мен форма тудыруға қатысы тілдік жүйе, заңдылықтар тұрғысынан қарастырылып, тың пікірлер айтылған. Сонымен қатар ғалымның 1966 жылы шыққан “Етістік” еңбегінде етістік сөз табының лексика-грамматикалық ерекшеліктері жан-жақты зерттелген болатын. Ғалым мұнда етістіктің сөзжасамдық қосымшаларына байланысты мәселе көтеріп, әр жақты қарастырылып жүрген яғни бірде етістіктің сөз тудырушы қосымшасы, бірде форма тудырушы болып анықталып жүрген жұрнақтардың сөзжасам мен формажасамға қатысын көрсеткен.
Етістік сөз табына қатысты қазақ тіл білімінде әлі де бір шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – етістіктің көрініс (вид) категориясының формалары ретінде көрсетіліп жүрген бір топ қосымшалардың тілдік сипатымен байланысты. Аталған категорияға жатқызылып жүрген -қыла, -кіле, -ғыла, -гіле; -мала, -меле; -ымсыра, -імсіре тәрізді жұрнақтар туралы әртүрлі пікір айтылған.
Осы категорияны арнайы зерттеген И.Ұйықбаев -ғыла, -гіле, -қыла, -кіле, -мала, -міле, -стір, -стыр, -мсыра, -мсіре жұрнақтарын грамматикалық қосымшалар деп анықтайды [124].
Кейінгі еңбектерде бұл қосымшалар етістіктен етістік тудыратын өнімсіз жұрнақтарға жатқызылады [125, 30].
А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында -қыла, -мала, -ыңқыра, -ымсыра қосымшалары грамматикалық құбылыс ретінде амалдың өту сипаты категориясына жатқызылады[11, 289-290б.].
А.Хасенова “Қазіргі қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер” деп аталатын ғылыми зерттеуінде етіс пен “вид” категориясын туынды түбір етістіктер қатарында көрсетеді. Түбір етістіктерді басқа сөз таптарынан жасалған туынды түбір етістіктер және етістіктерден жасалған туынды түбір етістіктер деп бөліп етіс пен “вид” категориясы туралы: “Өздері қосылған түбірдің мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермегенмен де, оларға үстеме мағына беріп, лексикалық қызмет атқарумен бірге, сөйлемдегі сөздерді өзара байланыстыруда белгілі мәні болатын аффикстер де бар. Лексикалық және грамматикалық қызмет атқаратын аффикстердің бұл тобына, негізінде етіс категориясы мен вид мағыналарын беретін аффикстер жатады”, – дейді [108, 13 б.].
Б.Құлмағамбетова туынды етістік жасайтын жұрнақтардың құрамы, қалыптасуы, шығу тарихын қарастыра келе, аталған жұрнақтарды етістік жасайтын қосымшалар қатарына қосады [126, 53-60].
Түрколог ғалым Н.А.Баскаков “вид” категориясын семантикалық категория деп анықтаған. “Категория вида собой объективную характеристику действия с точки зрения характера самого процесса действия или состояния, протекающего в пространстве и времени. Категория вида является категорией семантической, а потому и все видовые формы глагола относятся к системе лексического словообразования” [122, 352 с.].
Татар ғалымы Юлдашев “Система словообразование и спряжения глагола в башкирском языке” деп аталатын еңбегінде: “выяснились лексические признаки всех видовых образований, следовательно, все возможное на материале башкирского языка аргументация, позволяющая рассматривать видовые образования как лексические. Как показал анализ материала, все видовые образования представляют собой преобразования лексического значения основы. Поэтому вопрос о грамматических признаках видов был снят”, – деп аталған қосымшаларды әрі сөзжасамдық әрі грамматикалық сипаты бар лексика-семантикалық категория деп анықтаған [127, 9с.]. Бұдан етістік категориясын зерттеген ғалымдардың көпшілігінің етістіктің етіс, болымсыз етістік, “вид” категориларын лексика-грамматикалық категория деп анықтағаны байқалады.
Өзбек тілінің зерттеушісі С.Усманов қосымшаларды жіктеуде ең алдымен сөзжасам және форма тудырушы аффикстер деп жіктеп, форма тудырушы қосымшаларды өз ішінде модалдық мағына тудыратын форма тудырушылар және сөз түрлендіруші қосымшаларға жіктейді. Ал форма тудырушы аффикстерді лексика-грамматикалық форма тудырушылар және функционалды-грамматикалық форма тудырушыларға бөліп, -ғыла, гіле, -ңқыра, -ңкіре қосымшаларын лексика-грамматикалық формалар қатарына жатқызады [24, 72с.].
Ы.Маманов -ыңқыра, -іңкіре қосымшасын грамматикалық тұлға ретінде өзі жасалған бастапқы тұлғамен қатар өмір сүреді дейді. Етістік түбіріне жалғанатын -ғыла, -гіле, -қыла, -кіле, -мала, -меле, -мсыра, -мсіре, -стыр, -стір жұрнақтарын сөз тударушы жұрнақтарға жатқызады. Біздің ойымызша, ғалым аталған жұрнақтарды сөзжасам қосымшаларына жатқызуда сөзжасам қосымшаларына қойылатын екінші критерий – талғап жалғану шартын ұстанған. Яғни бұл жұрнақтар жалғанған сөзінің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертіп, жаңа мағыналы сөз жасамағынмен, олар барлық түбір етістіктерге жаппай жалғанбайды. Осы жағынан алғанда олар сөзжасам қосымшаларына қойылатын екінші критерийге жауап бере алады. Алайда бұл мәселе осымен толық шешімін тапты дей алмаймыз.
Бұл қосымшаларды И.Ұйықбаев, А.Ысқақов т.б. ғалымдар сөз түрлендіретін форма ретінде таныса, Б.Құлмағамбетова, С.Хасанов, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.Шалабаева, Ы.Мамановтар сөз тудырушы жұрнақтар ретінде анықтайды.
Біз жоғарыда аталған қосымшалардан -стыр, -стір формасын етіс жұрнағы деп алып, қалған тұлғаларды туынды етістік жасайтын қосымшалар ретінде қарастырамыз. Жоғарыдағы -ғыла, -гіле, -қыла, -кіле, -мала, -меле, -мсыра, -мсіре жұрнақтары етістік түбірлеріне жалғанып, мынадай туынды етістік жасайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет