Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет27/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Күрделі етістіктерді арнайы зерттеп, олардың сөз тіркестерімен, тұрақты сөз тіркестерімен, аналитикалық формалы етістіктермен өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуда Б.Қасым еңбегінің (“Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер”) маңызы зор. Бұл еңбекте күрделі етістіктер сөзжасамдық тұрғыдан жалпы күрделі сөздердің ортақ мәселелерінің аясында қарастырылып, қимыл мәнді сөздердің сөзжасамдық сипаты бар екендігі дәлелденеді. Ғалымның көрсетуінше, “күрделі сөз жасауға тек қана мағыналы сыңарлар қатысады. Күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы лексикалық мағыналы сыңарлардың мағынасынан туындайды. Содан барып күрделі сөздің тұтастығы шығады және бір бүтін тұлға болып қалыптасады [152, 41 б.].
Күрделі етістіктің сыңарлары лексикалық мағына беру үшін бір-бірімен тіркеседі, екі сыңары да лексикалық мағынаның жасалуына өз үлесін қосады [152, 44 б.]. Автор күрделі етістікке мынадай мысалдарды беріп, олардың әрқайсысына талдау жасайды. Мысалы, алып бар, кіріп шық, алып кел, алып қайт, алып қал т.б. Осындағы “алып бар” етістігінің күрделі етістік болуының себебін былайша талдап көрсетеді. “Лексикалық мағынасы – “алудың” да, “барудың” да мағынасын қамтитын біртұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғандағы “алу” қимылына да, “бару” қимылына да тең емес, олардың әрқайсысынан да кең мағына. Өйткені ол біртұтас қимыл болып түсінілетін, ұғынылатын, қабылданатын дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты. Ол күрделі қимыл екі дара қимылдың біртұтас мағынаға көшуінен қалыптасқан. “Алып бар” етістігінің күрделі қимыл мағынасы “алу” және “бару” дара қимылдарының мағыналарының бір-бірімен жымдасып, тұтасуы арқылы жасалған. Сөйтіп күрделі етістіктер бір лексикалық мағына білдіретін, ең кемі екі сыңардан жасалған, тілде жеке дербес сөздің қызметін атқаратын лексикалық тұлғалар [152, 45 б.].
Ғалым күрделі етістіктердің басқа ұқсас тілдік құбылыстардан ерекшелігін былайша көрсетеді:



Күрделі етістік

Сөз тіркесі

Тұрақты сөз тіркесі

Аналитикалық формалы етістік

еріп шықты
шешіп берді
сұрап алды
қайтып кетті
барып қайтты

наздана қарады
айқайлай сөйледі
күлдіре айтты
желдіртіп келді
сөйлескелі келді

тыйым салу
абай болу
ашық айту
сөз айту
ант беру

жей салды
есіп келеді
көре қойды
келе қалды
кете берді

Күрделі қимыл, бір ұғым, біртұтас лексикалық мағынаны білдіріп тұрған лексикалық тұлғалар.

Әр сөздің лексикалық мағынасы бар. Сөйлемде жеке мүшенің қызметін атқарады. Тілдің даяр тұлғасы емес, сөйлеу үстінде жасалатын сөздер.

Жеке сөздерден құралып, біртұтас лексикалық мағынаға көшкен сөздер. Мәндес, синонимдес сөздермен алмастыруға болады.
Сөйлемнің эмоциясын білдіреді.

Грамматикалық құбылысқа жатады. Негізгі мағына бірінші сыңарда болады, етістіктің екінші сыңары грамматикалық мағына береді.

Күрделі етістіктің құрамындағы сыңарларының лексикалық мағынаның жасалуына бірдей қатысатындығына орай, бір сөз қызметін атқарады дейді де, мынадай тұжырымға келеді: «Күрделі етістіктердің басқа ұқсас құбылыстардан ерекшелігі олардың дербес мағыналы сөздерден жасалатындығы, мағыналарының біртұтастығы, тілдің даяр тұлғасы болатындығы. Олар білдіретін ұғымы мен мағынасы, атқаратын қызметі жағынан өзара айырып қолдануға келмейтін, бірлікте жұмсалатын құрылымдар [152, 60 б.]. Бұдан біз ғалымның Н.Оралбаева ілімін жалғастырғанын, дамытқанын көреміз. Көзқарастарының ұқсастықтары олардың мақалаларында да орын алған [153].


Б.Қасым еңбегінде осы үш ұқсас құбылытың ара-жігі нақты ажыратылып көрсетілген. Күрделі етістік пен сөз тіркесінің айырмасын ашуда “күрделі етістіктер сөйлемнің бір ғана мүшесі болады, ал сөз тіркестерінің құрамындағы әрбір сөздің дербес лексикалық мағынасы бар, сөз тіркесі құрамында сөйлемде жеке мүше қызметін атқарады. Еркін тіркес сыңарларының орнын ауыстыруға, басқа бір сөзбен алмастыруға болады. Олар тілдің даяр тұлғасы емес” деп көрсетеді. Ал күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктердің айырымдарын былайша түсіндіреді: аналитикалық етістіктің екінші сыңары грамматикалық мағына береді; негізгі мағына бірінші сыңарда болады; күрделі етістік құрамындағы сыңарлар лексикалық мағынаның жасалуына бірдей қатысады, бір сөз қызметін атқарады.
Ғалымның күрделі етістіктерді зер сала зерттеп, басқа тілдік құбылыстардан ерекшелігін, айырмашылығын ашып көрсетуі тіл ғылымына қосылған өзіндік үлес деп санаймыз. Диссертацияда көрсетілген сыңарларға (күрделі сөз жасаушы элемент) түрлі сөздерді тіркестіру арқылы жасалған жаңа күрделі сөздерді әртүрлі сөздіктерге (түсіндірмелі, екі тілді т.б.) енгізсе, бұл тіл ғылымына енген тағы бір жетістік болар еді.
Қазақ тілі мамандары өз ғылыми-зерттеу жұмыстарында, оқу құралдарында тіліміздегі күрделі етістіктерді құрамына, грамматикалық мағыналарына және жасалу жолдарына қарай құранды күрделі етістік, құрама күрделі етістік, сараламалы (аналитикалық) күрделі етістік, суреттемелі күрделі етістік деп бес топқа жіктеп көрсетіп келеді [154, 137, 116] т.б.
Етістіктің морфологиялық құрылымын А.Ысқақов былайша көрсетеді:



Жалаң етістіктер

Күрделі етістіктер

Аналитикалық етістіктер

Түбір етістіктер

Туынды етістіктер

Құранды етістіктер

Жай күрделі етістік

Тұрақты тіркестер

айта сал, жаза түс, қарай көр т.б.

аш, жорт, төк т.б.

шөлде, сауық, баста т.б.

жәрдем ет, қызмет қыл т.б.

ала кет,
соға кет т.б.

опық жеді, көңілі қалды т.б [30, 226 б].




А.Ысқақов Н.Оралбаева мен Б.Қасымның күрделі етістік деп атаған тіркестерін “жай күрделі тіркес” деп атап, оны тұрақты тіркес, құранды тіркестермен бірге күрделі тіркестерге жатқызған. А.Ысқақовтың пікірінше, егер тіркестегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен парапар бола тұра (тең түскенімен), бір-бірінен жекеленбей, біртұтас лексикалық мағына (тұлға) құраса, ондай тіркес “жай күрделі тіркес” деп саналады (алып бар, алып қайт, кіріп шық, оқып бер, алып кет” т.б.). Ғалым күрделі етістік туралы төмендегідей пікір білдірген.


“Бірақ күрделі етістіктерді ажырату, саралау мәселесінде қиындықтар да жоқ емес. Ол қиындықтардың бір ұшығы етістіктің жай (еркін) тіркесімен астас болса, екінші ұшығы күрделі етістіктердің өздерін іштей жіктеп, бір-бірінен саралаумен байланысты. Мысалы, осы күнгі күрделі етістіктер әуелгі жай (еркін) тіркестерден туып өрбігені анық. Солай бола тұрса да, бұл екі категорияның саралануына тек компоненттердің ішкі лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық мазмұндары, олардың арақатынастары ғана себеп болмаса, сыртқы формаларында ерекшеленерліктей дәнекер тумаған, демек, олардың формалары әуелгі қалыптарын өзгертпей сақтап қалған. Ал компоненттердің арақатынастары жөнінде айтылатын негізгі қағидалар мыналар: егер етістік тіркестің құрамындағы компоненттердің әрқайсысы өзді-өзіне тән бастапқы лексикалық мағыналарын түгел сақтап тұрып, сөйлем ішінде алды-алдына жеке сұрауға жауап беріп, дербес мүше бола алса, ондай етістікті тіркес – еркін тіркес немесе жай синтаксистік тіркес саналады. Үйге жүгіріп кірдім – жүгіріп үйге кірдім, машинадан секіріп түстім – секіріп машинадан түстім; егер тіркестегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен тең түскенімен, бір-бірінен жекеленбей, біртұтас мағына (тұлға) құраса – ондай тіркес күрделі тіркес саналады (алып бар, алып қайт, кіріп шық, оқып бар, алып кет)” [11, 238 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет