1.2.Жаңа бастаушы спортшыларды даярлауды басқару кезіндегі дене дайындығы артуының жалпы сипаттамасы 30
1.3.Модельдеу 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейін арттырудың тиімді факторы ретінде 34
Тарау бойынша қорытынды 40
2-ТАРАУ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 42
2.1.2.1. Зерттеу әдістері 42
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау 42
Педагогикалық бақылаулар 42
Дене дайындығына педагогикалық бақылау сынағы 43
Педагогикалық эксперимент 44
Гір көтеру спортындағы техника мен тактиканың ерекшеліктері және жарыс қимылдарындағы дене қасиеттерінің көрінісі 47
13-15 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы 50
көрсеткіштерінің өсу динамикасы 50
Тарау бойынша қорытынды 72
Экспериментке дейінгі және кейінгі сыналушының жеке картасы және жеке профилі 86
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның аумағында және алыс шетелдерде гір көтеруді танымал ету геометриялық прогреспен таралуда. Гір көтеру спортына қызығушылық, ең алдымен, үлкен қаржылық салымды қажет етпейтіндіктен туады. Жаттығу алаңы ретінде шағын аумақты бөлме жеткілікті. Осы фактіні ескере отырып, сабақтарды ашық алаңда да, жабық жерде де, спорт залында да, әскери казармада да ұйымдастыруға болады. Гір көтеру дербес спорт түрі ретінде 1985-1988 жылдардағы Бірыңғай Бүкілодақтық спорт классификациясына енгізілген [1,2,3,4].
Гір көтерудің халықаралық аренада мойындалуының дәлелі халықаралық старттың көп елдер арасында өткізілуі. Айта кету керек, 2000 жылдардың басынан бері Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада, Шығыс Азияда және Австралияда гір көтеруден Әлем және Еуропа чемпионаттары, әлем кубогының кезеңдері өткізіле бастады.
Қазақстанда және әлемде гір көтеруді дамыту болашақ спорттық резерв ретіндегі гір көтеруші спортшылармен, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің оқу-жаттығу процесінің ең тиімді құрылымын іздеп табуға бағытталған. Бірқатар авторлар спортшының көңіл-күйіне және бапкердің интуициясына негізделген жаттығулар таңдалған спорт түрі бойынша оңтайлы нәтиже бере алмайтынын атап өтеді. Гір көтерудің спецификасын, оның ішінде оның күштік бағытын ескере отырып, гір көтерумен айналысатын жасөспірімдердің оқу-тәрбие процесінің заманауи әдістемесін құруға негіз болатын тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Өкінішке орай, гір көтеру спортында бұл тақырып бойынша зерттеулер жеткіліксіз. Тіпті, гір көтеруге жаттықтыру әдістемесіне арналған бірнеше жұмыстардың өзінде мектеп жасындағы гір көтерушілерге жаттығулардың құралдары мен әдістерін тиімді пайдалануға қатысты өте үлкен келіспеушіліктер бар.
Қазақстандегі және әлемдегі гір көтерудің осындай жаппай дамуы кезінде гір көтеруші спортшыларды дайындау практикасы мен әдістемесі белсенді дамып келеді.
Дегенмен, бапкерлер жұмысының практикалық тәжірибесін зерделеу, сауалнама нәтижелері жаттығу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, әсіресе жаңадан бастаған гір көтеруші спортшыларды қамтамасыз ету уақыт талабынан айтарлықтай артта қалғанын және елеулі әдістемелік, ұйымдастырушылық және ғылыми негіздеуге аса мұқтаж екенін көрсетеді.
Оқу-жаттығу процесінің жүйесі жаттығу сабақтарын ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа көзқарастарды қарастырылуы керек. Олар келесілерге негізделген:
- педагогтың жоғары кәсіби хабардарлығына;
- жасына және дене жүктемесінің денсаулық жағдайына сәйкестігіне;
- оқу-жаттығу процесін жаңашыл элементтермен ұйымдастыруға, әртүрлі оқу жағдайларын қолданып, қимыл-қозғалыс тапсырмаларын орындауға және оларды бақылау тәсілдерін пайдалануға;
- жағымды психо-эмоционалды фон қалыптастыру.
Бұл ретте жаттығу сабақтары мазмұнының дамудың әрбір кезеңінде қатысатын оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкестік дәрежесі ерекше маңызға ие.
Ғылымда оқу-жаттығу процесінің тиімділігін арттыру мәселелерін шешу үшін белгілі бір сұраныстар жасалды, атап айтқанда, перспективті бағыттардың бірі модельдеу, спортшыларды дайындауды тиімдірек басқаруға ықпал ететін модельдер мен модель сипаттамаларын құру болды.
Зерттеушілердің пікірінше спорттың әр алуан түрлерінде модельдік сипаттамаларды қолдану жаттығу процесін жетілдіруге кең перспективалар ашады.
Зерттеуші жаңадан бастап жүрген спортшы моделінің мазмұнында жалпы және арнайы дене дайындығы, техникалық-тактикалық шеберлік деңгейі басым деп санайды. Орталық және генетикалық факторлар арқылы анықталатын биологиялық процестен тұратын функционалдық дайындық пен дене дамуына үлкен мән беріледі.
Белгілі болғандай, модельдеу кейбір спорт түрлерінің практисында ішінара қолданыс тапты. Қазіргі уақытта бұл мәселенің өзектілігін растайтын зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен, гір көтеру спортында модельдеу сияқты бағыт әлі күнге дейін зерттелмеген, сондықтан модельдеу танымның ең қуатты заманауи әдісі екені дәлелденгенімен, ол әлі қолданылмаған және дамымаған.
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау және зерттелетін мәселенің практикалық дамуын зерттеу келесілер арасындағы қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді:
- 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығының деңгейін арттыру қажеттілігі және осы жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы бойынша жаттығу процесін әдістемелік жабдықтаудың жеткіліксіз әзірленуі;
- оқу процесін жетілдірудің қажеттілігі және модельдік сипаттамаларды пайдалана отырып, осы процесті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз дамуы.
Осы қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіру 13-15 жастағы гір көтерушілер дене дайындығының оқу-жаттығуын ұйымдастыру әдістемесін әзірлеуден тұратын зерттеу мәселесін тұжырымдауға мүмкіндік берді.
Отандық және шетелдік ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді және қолданыстағы бапкерлік практиканың тәжірибесін зерделеу және талдау біздің «Модельдік сипаттамаларды пайдалана отырып 13-15 жастағы балалардың дене дайындығы деңгейін арттыру» деген зерттеу тақырыбымызды анықтаған осы мәселе пысықталмаған деген қорытындыға әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |