Санитариялық қорғау аймағы – мал қораларының қабырғасы мен немесе олардың шарбағымен елді мекен арасындағы территорияны қамтиды. Бұл территорияның негізгі міндеті – ферманы елді мекенде болатынжұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды факторлардан сақтау болып табылады.
Зооветеринариялық арақашықтық – ол әр түрлі мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның негізгі мақсаты – әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір – біріне таратпау (шаң – тозаңды, микробтарды, газдарды және т.б.). Мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа да объектілердің өзара зооветеринариялық арақашықтығы шамамен 50-3000 м арасында уытқып отырады.
Ветеринариялық-санитариялық нысандардың орналасуына, салуға және пайдалануға қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар.
Құрылысқа араналған жер таңдау. Мал шаруашылығы ысандатын тұрғызуға арналған жерді таңдау кезінде комиссия құрады, оның құрамына: жобаға тапсырыс беруші өкілдері, жобалау ұйымының, территориалдық және жергілікті мемлекеттік мүшелер өкілдері, сонымен қатар, зооветеринариялық және санитариялы-эпидемиологиялық қызметкерлер кіреді.
Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су батпайтынболуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ауа және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек отырғызуға жарамды болуы тиіс.
Жер асты сулары 0,5м тереңдікте, су қабаттары 5м артық тереңдікте орналаксуы тиіс.
Жерге қойылатын басты талап оның топырақтық инфекциялардан таза болуы.
8.2. Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялық – санитариялық талаптар. Мал шаруашылығы нысандарын тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдаланылады. Құрылыс материалдарын келесі топтарға бөледі: Табиғи тасты материалдар. Керамикалық бұйымдар. Бейорганикалық байланыстырғыш (минералды) заттар: бетон, железобетон, т.б. Ағаштан жасалған материалдар.