Дістемелік кешені


Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы



бет57/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
10.4 Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы.
Дератизация - әртүрлі ауруларды тасымалдаушы болып табылатын және шаруашылықтарға үлкен зиян тигізетін кеміргіштермен күресу шараларының жиынтығы.
●Кеміргіштер 200-ден аса адамдар мен жануарлардың жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады (бруцеллез, туляремия, Ауески, Сібір жарасы, листериоз, токсоплазмоз, және т.б.). Кеміргіштердің адаммен және малмен тығыз байланыста болуы, олардың арасында барлығына ортақ қауіпті аурулардың таралу қаупі жоғары (оба, күйдіргі, және т.б.). Жалпы алғанда олар адамға 50 ден астам ауру түрлерін таратады.
1996 ж ғана әлемде обамен ауырған 1300 адам тіркелген. Бруцеллезге сау емес шаруашылықтарда кеміргіштердің зақымдануы 60% құрады, олар негізінен бактерия тасымалдаушылар. Кеміргіштер листериоздың және лептоспироздың негізгі таратушы көзі.
10-40% жағдайда олар тасымалдаушылар, ал эпизоотиялық ошақтарда олардың зақымдануы 85% жетеді.
● Дератизация профилактикалық және жою шаралары болып бөлінеді.
● Профилактикалық шараларға:
Санитариялық-техникалық шаралар жүргізу:
- құрылыс-техникалық нормаларының сақталып, кеміргіштердің ғимаратқа енуіне және індерін салуға кедергі жасау. Құрылыс жүргізгенде еден астында, төбе жабынында бос кеңістік қалдырмау;
- кеміргіштерді азықтан, судан айыру арқылы олардың көбеюіне кедергі жасау;
- азық пен суды кеміргіштерден қорғау.
- Санитариялық шаралар жүргізу (қораларды, территорияны ластамау және б.), тәртіп пен тазалықты сақтау, әсіресе ет сақтайтын және ет соятын жерлерде. Санитариялық шаралардың ең маңыздысы қалдықтарды дұрыс өңдеу (өртеу, компостау, өңдеу).
- Агротехникалық шаралар – кеміргіштердің өмірі мен көбеюіне кедергі жасайды (арамшөптерді жою, жерді дұрыс жоспарлау, уақытында егінді жинау).
10. 5. Дератизациялық әдістер мен тәсілдер
Физикалық әдіс (кеміргіштерді жалпы жоймайды).
Кеміргіштерді әртүрлі алдап ұстауға негізделген механикалық құралдар - қақпандар, буындырғыштар (кеміргіштер аз болғанда ыңғайлы), т.б. қолданылады. Бұл тәсіл қорада да әрі басқа территорияларда да жүргізіледі. Сонымен қатар механикалық әдіске кеміргіштердің інін сумен толтыру (сарышұнақтарға қарсы), жабысқақ композицияларды (конифоль және костов майы, литографиялық лак, қою сірне) және электрлік қондырғыштарды (“электродератизаторлар”) қолдану жатады. Бұл әдісті: территорияларда, қораларда кеміргіштердің бар-жоғын және дератизация шараларының тиімділігін анықтау үшінде қолданады.
Физикалық әдіс әртүрлі стационарлы және тасымалданатын ультрадыбыстық қондырғыларды немесе қорғаныс дератизациялық жүйелерді пайдаланады (алайда тиімділігі өте төмен). Үркіткіштер кеміргіштерді қорқытатын ультрадыбысты шығарады, ал дератизациялық қорғаныс жүйелері кеміргіштер жақындаған кезінде импульсті тоқпен ұрады.
Физикалық әдіс химиялық немесе биологиялық әдістермен қосылып пайдаланса оның тиімділігі жоғары.
Ең тиімді әдіс ол химиялық әдіс болып табылады. Ол улы заттарды қолдануға негізделген. Улар организмге ену жолдары арқылы өкпелік, ішектік (алдамыштық және алдамыштық емес) болып бөлінеді.
Родентицидтер негізгі екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы. Жіті әсер ететін улар, организмге бір рет енгеннен кейін, қысқа мерзім ішінде өлім тудырады (0,5-24 сағат), (неорганикалық: натрий кремнефтор, көмірқышқыл барий, сары фосфор, цинк фосфиді; органикалық синтетикалық: крысид, барий фторацетаты, монофторин және б.). Созылмалы әсер ететін улар (Кумарин тобынан: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, және б.; индадион тобынан: дифенацин, ратиндан және б.) улы алдамышта жегеннен кейін бірнеше тәуліктен кейін уландырғыш әсер етеді. Препараттардың бұл жиынтығы бүкіл әлемде шектеулі, әрі бірдей.
Родентицидтер әртүрлі түрде қолданады: ұнтақ, сұйық және суспензия, паста, шаң, газ, көпіршік және б.
Дератизациялық тәсілдер
Алдамыш тәсілі – уланған алдамыштарды қолдануға негізделген;
Тозаңдау тәсілі – кеміргіш індерін умен тозаңдаумен іске асырылады;
Улы көпіршік тәсілі – ылғалды қора жайларда жүргізіледі;
Жабысқақ заттар тәсілі – жабысқақ желім сияқты заттарды қолдану арқылы іске асады;
Газдау тәсілі – кеміргіштерді жою үшін улы газдар қолданылады.
Биологиялық әдіс кеміргіштердің табиғи жауларын (ит, мысық) және адамға қауіпсіз бактериалды культураларды қолдануға негізделген.
Бактериалды культуралар ретінде көбінесе сальмонеллалар қолданылады. Оларды ет пептон сорпасында, сүт немесе ашытқы сұйық ортасында, құрғақ және жартылай құрғақ сүйек үгінділері орталарында өсіреді. Бактерия өсінділерін азық алдамыштары ретінде қолданады.
Ауру кемірушілердің жаппай өлімімен аяқталады. Бұл бактериялардың препараттары 6-19 тәуліктен кейін 100% тышқандарды, 60-90% егеуқұйрықтарды жояды.
Аралас әдіс Кеміргіштерді жоюдың ең тиімді әдісі, себебі антикоагуляциялық әсері бар улы заттарды бактериалдық культурамен бірге қолданады. Бұл мақсатта бактериалық культуралар мен зоокумариннің қосылысы- бактокумаринді пайдаланады.
Нағыз бактериалды препараттардан бактокумариннің ерекшелігі бактериялардың қоректік орталарын сілтілі реакция жасау үшін қолданылатын сілтінің орнына зоокумариннің натрий тұзын қосады. Қолдануға дайын бактокумаринде бактерия культурасына теріс әсерін тигізбейтін 0,07-0,15% концентрациясында у болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет