Дістемелік кешені



бет86/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 12], 3. [1.7: 14].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 10], 2. [1.7: 11].

6 БАОӨЖ тақырыбы: Қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарының түрлері.


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Метафоралану жолымен жасалған сөздерді табыңыз.
а) Таудың етегінде мыңғырған мал жайылып жүр. Бәрі де тойынған Тек бергі шеттегі біреуі ғана көзге қораш көрінеді: бір жапырақ еті жоқ. Төменіректегі мойыннан аса бере, иесі де көзге шалынды; ә) Жал-жал толқын жағаға ұрып жатыр, тоқтар емес. Жар басынан қарағанда, тіпті үрейлі көрінеді екен.
2-тапсырма. Метонимия тәсілімен жасалған сөздерді көрсетіңіз.
а) Екі кесе ішкен соң демін бір-ақ алды. Аудиторияның сабаққа қатысуы көңіл қуантарлықтай. Міржақыпты үш күн оқып тауыса алмадым. Жақсы жеңгемнің қолын сағындым. Қараша шал елбелектей жүгірген қлпы келесі жотадан бір көрінді де, ізінше көзден ғайып болды.
ә) Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға (Абай).
3-тапсырма. Синекдоха жолымен жасалған сөздерді тауып, олардың буын құрамын анықтаңыздар.
а) Артымыздан келіп қол жетті,
Аз жетпеді, мол жетті (М.Өтемісұлы).
ә) Мал екеу болмай, бас екеу болмас (Мақал).
б) Көркембек – өмірінде айдар тұяғы болмаған адам.
4-тапсырма. Омонимдерді тауып, түсіндіріңіздер.
Соңғы жылдары ол арасында шежіре шығару, әр тайпаның, рудың батырларын, билерін, бақсы-балгерлерін анықтап, той өткізу, ат шаптырып, ас беру дәстүрге айналып барады. Тіпті, артта қалған өнегелі қасиетті белгілі ерлік істері болмаса да, ата, ру атына ие болған адам құрметіне жұрт жинап, жинағанда да көбінесе, өз аталастарын, руластарын баталасу да белең көрсете бастады. Мұның өзі ат-тонымызды ала қашатын рушылдық иесін аңдыта түскендей әсер қалдырады.
5-тапсырма. Төмендегі сөздердің әрқайсысының синонимін тауып, сөйлем құрап жазыңыздар.
Мөлдір, мешкей, ниеттес, осал, өжет, пысық, текті, түзу, ұнтақ, дәу, ынжық, сұлу, келбет, биік, жылдам, алыс, бұлақ, көп, ағайын, дос.
6-тапсырма. Төмендегі сөздерге қарсы мағыналы сөздер ойлап табыңдар да, сөйлем құрап жазыңыздар.
Ақ, қыс, дос, таза, жұқа, аласа, жаңа, терең, қою, берік, жіңішке, ыстық, шапшаң, оңай, асты, аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет