Дістемелік кешені



бет88/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 15], 2. [1.7: 17], 3. [1.7: 18].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 6].

8 БАОӨЖ тақырыбы: Жалаң және күрделі сөздер.


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Берілген сөздердің туынды түбір екенін дәлелдеңіз, негіз сөздердің астын сызыңыздар.
Сыртқары, барша, гүлде, бажыл, көрме, төсек, ондаған, киімшең, шаруақор, екеуле, мазасыз, құмарту, еңбекқор, жұтым,сынық, қызметкер, көзсіз, текке, бүтіндей.
2-тапсырма. Төмендегі қос сөздерді түрлеріне қарай топтаңыздар және біріккен сөздердің түбірлерін анықтап, оларды қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар.
а) Жора-жолдас, некен-саяқ, бала-шаға, жігіт-желең, тоқты-торым, сүйек-саяқ, бірен-саран, азық-түлік, біреу-міреу, шай-пай, ет-мет, қора-қора, сырт-сырт, жып-жылтыр, арбаң-арбаң, селтең-селтең, тап-таза, ата-ана;
ә) Алтыбақан, аппақ, атауыз, қарақұс, ботагөз, балмұздақ, құмшекер, қолжазба, бозбала, баспасөз, көкпеңбек, қарасақал, білезік, қарлығаш, белбеу, итмұрын, қарақанат, меңдуана, аққұтан, көркемөнер.
3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдер құрамынан тіркесті күрделі сөздерді бір бөлек, аналитикалық формалы сөздерді бір бөлек және қысқарған сөздерді бір бөлек топтап жазыңыздар.
Көбі – сол СЭС-тің ашылуына шақырылған қонақтар (І.Е.). Алматыдағы демократия үйінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының басшылары жуырда ғана болған АҚШ сапарының нәтижесі бойынша баспасөз конференциясын өткізді («Өркениет»). Әзірше ТМД елдерінің басшылары бір-біріне жер жөнінде талап қойып отырған жоқ («Ана тілі»). Секіріп түскен бала тоқтамастан жүгіре берді. Шындықты бұл жолы жасыра алмады. Керуен бірте-бірте ұзап барады. Сары май қыста жегенге жақсы. Баурайында қызыл ала, сары ала, көк ала гүлдер өссе, сайында ақ қайың, тал-терек тұнып тұр.
4-тапсырма. Үзіндідегі зат есімдердің құрамы мен мағыналық түріне талдау жасаңыздар.
Жыршы да, домбырашы да тыныстап жатыр. Даланың бұл егіз шежіресі сөзімен, үнімен қырды әлдилеу үшін туған ғой. Өткеннің ойлы сырын тебетіп, қам көңілді жандардың қабағын жазғаннан артық не бар! Сол жыршыны күнімен, түнімен тыңдаса да, қызық хикаяға осы бала бір қанған емес. Ертең тағы да бірі айтып, бірі тыңдауға бойға қуат жинап жатқандай еді (Х.Е.).
5-тапсырма. Мәтіннен туынды зат есімдерді тауып, мағыналық түрін ажыратып, жіктеңіздер.
а) Бір күн болмаса, бір күнде ісім түсе ме деп, ауылға жалтаң көз болып жүретін кедей-кепшік, аз ата ендігі салмақты қыл мойнымен көтеріп жатыр. Кескілескен тайталаста, барымта-тартыста соғысқан – солар (М.Ә.).;
ә) Сонда да ол шөпсіз тақырлау жерге түскен ат тұяғының таңбасын және шеттегі Сәрсен үйінің алдындағы аттың жас таңдағанын көрді. Сәрсеннің өзі Жолмұқанмен бірге жылқыларды және басқа малдарды қайтадан түгендеуге кеткен (Шешендік сөздер).
6-тапсырма. Сөйлемдерден көптік мәнді зат есімдер мен эмоция-экспрессивті мәнді зат есімдерді және көмекші есімдерді тауып тәуелдеңіздер, септеңіздер. Олардың сөйлемде қай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.
Үлгі: Топырақ+(-ым)=топырағым + (-ның) = топырағымның; Топырақ + (-ың) = топырағың + (-ның) = топырағыңның.
Ағайын ішінен артық жанға жайлы мекен бар ма! Әрбір шашыңның ағарғаны мен түскеніне дейін уайым жеп, қиналатын сол ағайын-туыс емес пе еді? Сырт жүрген адамға соққан жел де ауыр тиетіні бар. Әуелі келіншек түсіріп, үй болғаныңда да өзгеден ерекше ықылас білдірісер жұртыңа өкпелейін дегенің бе? Ағажан, ақылым артық болғаннан көлгірсіп кетті деме, алды-артыңды ойлайтын тағы да біз – ағайының болып отырғаннан соң, сөйлеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет