Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық және діни көзқарастары.
Қазақ философиясының көрнекті өкілі Шәкәрім өз ұстазы Абай Құнанбайұлының философиялық көзқарастарын дамытты. Абайдың кеңесімен Шәкәрім ілім іздеп, шет елге сапар шегіп, европалық философиямен танысып, өзіндік ой түйеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы өз дәуірінің рухына сай терең де соны, гуманистік сипаттағы философиялық жүйе жасады Ш.Құдайбердіұлының философиялық көзқарастары осындай, адамшылық бастаманың тапталуына берілген рухани жауап, философиялық реакция болды Өмірінің соңында Шәкәрім творчествосы иррационализм мен мистицизмге бет бұруымен ерекшеленгенімен, оның философиясы анық логикаға құрылған қазақ философиясы тарихындағы алғашқы, негізді, рационалды философиялық жүйе. Адамның дүниені және өзін тану мүмкіндігіне сенімін оятқан – бостандық мұраты, адам қасиеті, құндылығы рухани климат болған Ренессанс кезеңінің гуманистік философиясын меңгергенін көреміз. XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басы аралығында ecкi дүние мен жаңа дүние арасындағы ұрыс жүріп жатқан нағыз шайқас алаңы - астрономия болды. Ортағасырлық діни ілім Жердің–Құдай рақымы түскен планета, адамның әлемдегі айрықша пұрсаттыжағдайы туралы түсінікке негізделген болатын. Ежелгі грек астрономы Аристархтың дана ойы ұмытылған еді. Николай Коперник ғылым тарихында төңкеріс жасап, геоцентристік түсінікке құрылған жасанды жүйенің тас-талқанын шығарып, гелиоцентристік теория жасады. Ғылымдағы бұл жаңа тенденция Леонардо да Винчи, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей шығармашылықтарында көрініс тапты. Шәкәрімнің антикалық философ Пифагордан бастап Демокрит, Эпикур, Сократ ілімін, платонизмді, Аристотельді оқып-білгені, дін түрлерімен қатар Ортағасырлық философиялық ойлаудың ортодоксалды емес дәстүрлерімен, неоплатондық, пантеистік бағытпен жақсы таныс болғаны айқын көрінеді. Шәкәрім Ренессанс дәуірінде пайда болған ерекше философиялық сала – табиғат философиясымен таныс болған. Шәкәрім қазақ халқының сопылық исламды зерделей отырып, әрдайым еркін болып, діни сенімнің жанкүйері болып қалмай, мәдениет жүйесіндегі салт-дәстүрді түсінуі үшін батыстықтардың зайырлы мәдениетін ұстануын қалады. Шәкәрім Құдайбердиев Қазақ әдебиеті тарихының жолын және XIX ғасырдың соңында Абайдан кейінгі исламизацияны зерттеуді аяқтайды, реалистік, гуманистік және демократиялық дәстүрлерді жаңа уақытпен біріктіріп, оларды одан әрі сенімді қолға береді.
Шәкәрімнің философиялық лирикасы оның сопылық дүниетанымында айқындалған. Шәкәрімнің өзі сопылық емес, өзін сопылық ақын деп санамаған, бірақ оның өлеңдері мен қазақ қоғамына көзқарастары сопылық интерпретациямен бейбітшілікті білдіретін.