Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Философия тарихындағы өнер мәселесі. Антикалық және христиандық орта ғасырлардағы көркем-эстетикалық әлем, Қайта өрлеу дәуіріндегі өнер философиясы



бет36/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58
Байланысты:
база

8. Философия тарихындағы өнер мәселесі. Антикалық және христиандық орта ғасырлардағы көркем-эстетикалық әлем, Қайта өрлеу дәуіріндегі өнер философиясы.
# Өнер – адам өмірі мен мəдениетінің маңызды бөлігі. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер философиясы қазіргі философиялық білімнің бір бөлігі жəне сонымен бірге өнер туралы ғылымдар жүйесіндегі ерекше пəн болып табылады. Өнер философиясы көркем шығармашылықтың талдауын жəне осы шығармашылықты түсіндіретін теориялық концепцияларды қамтиды, ол өнерді адам болмысының саласы ретінде қарастырады.Өнердің шындықтағы орны туралы мəселе өнер философиясының негізгі мəселесі болып табылады.
Антикалық әлемде ол мейірімділік пен сұлулық бірлігін жүзеге асырған идеал ретінде түсінілді. Орта ғасырларда ол тек діни сезімдерді қозғап, тәрбиелеуге және сенімнің көзі мен құралы болуға шақырды.
Қайта өрлеу дəуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Əр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты.Қайта өрлеу дəуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дəрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.
Қайта өркендеу алдыңғы антик және орта ғасыр дәуірлері эстетика идеяларының заңды жалғасы болып табылады, атап айтқанда антикалық уақытта ол табиғи әлем мен адамның біртұтас, тәжірибелік-сезімтал және ақыл-ой көзқарасын бейнелейтін түпнұсқа құбылыс болып табылады. Қайта өрлеуде жаңа дүниетанымдық парадигма қалыптасты. Ол адамды жер бетіндегі өмірде барлығын жасайды, жаратады, идеалды және нақты рухты деп қарастырады, Қайта өрлеу ортағасырлық аскетизмді жеңіп, оған көркем-әдемі формадағы өмірлік толық көріністерді береді.
9. Диалектика туралы түсінік. Диалектиканың тарихи формалары және оның баламалары.
# Диалектика- грек. диалектикэ – сұхбаттасу өнері, талас және диалог, диалегомай – сұхбаттасып тұрмын, ойлап тұрмын деген сөздерін білдіреді. Диалектика - аргументация өнері, логика ғылымы. Объективтік және субъективтік диалектика түрлері ажыратылады. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайымдауынан туындайды. Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт» , «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір – біріне қарама – қарсы жақтардан тұрады. Олар бір – бірімен әрекеттеседі. Қарама – қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.Орта ғасырларды кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П. Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған А. Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д. Бруно, Н. Коперник, Р. Декарт, Б. Спиноза, Н. Кузанский шығармашылығында дамыған.Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г. Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Гегель қайшылықты – дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан – жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.Диалектиканың тарихи түрлері Гегель диалектикасы Кузанскийдің шектілік пен шексіздіктің үйлесімділік диалектикасы Ежелгі грек Гераклит, Платон мен Аристотельдің диалектикасы Маркс диалектикасы ХХ-ХХІ ғасыр диалектикасы Жаңа гегельдік Жаңа маркстік трагедиялық негативті когерентті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет