Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Танымдық іс-әрекет формалары. Білімнің құрылымы. Сезімдік және рационалды таным



бет39/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Байланысты:
база

14. Танымдық іс-әрекет формалары. Білімнің құрылымы. Сезімдік және рационалды таным.
# Таным процесі екі жолмен жүзеге асады – сезім мүшелері арқылы жəне ақыл-ой немесе абстракциялық ойлау арқылы. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын таным – сезімдік таным немесе СЕНСУАЛИЗМ деп аталса, ақыл-ой немесе абстракциялық ойлау арқылы жүзеге асатын таным – рационалдық таным немесе РАЦИОНАЛИЗМ деп аталады.
РАЦИОНАЛИЗМ (латынша rаtіо– ақыл-ой, пайымдау деген сөз) деп аталатын басқа бағыттың өкілдері ақыл-ойлаудың таным үдірісіндегі рөлін асыра бағалап, абсолюттендіреді. Классикалық рационализмнің негізін салушы –Р. Декарт болды.Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау жəне елестету үдерістері жатады.Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей əсер ететін объективтік дүниенің заттары мен нəрселерінің жеке қасиеттері мен сапаларының бейнеленуі. Көру, есіту, иіс, дəм, тері түйсіктері – бұлар түйсіктің ең негізгі бес түрі.Түйсік нəрселердің жеке қасиеттерінің аса қарапайым сезімдік бейнесі болып табылады Түйсік нəрселердің, құбылыстардың жеке қасиеттерінің аса қарапайым сезімдік бейнесі болып табылады. Организмнің ішкі мүшелерінде болып жататын үдерістерді түйсіну – органикалық түйсікке, белгілі бір дыбыстан адамның құлағында туған тітіркену дыбыс түйсігіне, жарықтың көзге тигізген əсері жарық түйсігіне айналады.
• Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Қабылдау нəрсенің біртұтас бейнесі болып, түйсіктердің негізінде туады, бірақ ол түйсіктердің жай механикалық қосындысы емес, ол нəрседе бар сапа, қасиеттерді, белгілерді қамтитын біртұтас сезімдік бейне болып табылады. Сезімдік танымның үшінші формасы елестету деп аталады. Ол бұрын қабылданған заттар мен нəрселердің көрнекі бейнесін сезім мүшелері арқылы қайта жаңғырту үдерісі. Елестетудің физиологиялық шарты – бұрын қабылданған нəрселердің бейнесінің ізі сақталып, қажетті кезінде қайта жаңғыруы. Таным үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін бұл қызмет ес, есте сақтау деп аталады. Адамның елестетуінің бұл жоғарғы формасы шығармашылық қиял деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет