17. Ғылым мен технология. Техника және ғылыми-техникалық прогрестің философиялық мәселелері. Сциентизм және антисциентизм. # Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нəрселердің заңдары мен қағидаларын, тəртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.
Ғылым мен технология қазіргі қоғамда, əрбір адамның өмірінде маңызды, елеулі рөл атқаратынын бəрі біледі. Жаңа ғылымның бірінші жетістігі механика заңдарының – оның ішінде бүкілəлемдік тартылыс заңының ашылуы болды. Бұл жетістіктер қоғамда таңданыс пен қуаныш туғызды.
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық жəне техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тəжірибені, кəсіби құпияны қорландырып, машық-тəсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы əрі тікелей ықпал ете алмады.
Ғылымның дамуымен жəне оның қоғамдық іс-əрекеттерге əсерінің күшеюімен екі қарама-қарсы идеология пайда болды: сциентизм жəне антисциентизм.
Сциентизм - бұл мəдениет жүйесіндегі, қоғамның идеялық өміріндегі ғылымның рөлін абсолютке айналдыруды білдіретін ұғым. Ғылыми-техникалық революция кезінде ғылымның жетістіктері мен салдары туралы мəселеге байланысты пікірталаста ерекше шиеленіс туындады. Сциентизмнің жағымсыз белгілері – ғылымның рөлі маңызды, бірақ үстем емес болатын қоғамдық өмірдің күрделі жүйелік ұйымдастырылуын ескермейді.
Антисциентизм ғылымның адам өміріндегі негізгі мəселелерін шешуде мүмкіндіктерін шектейді, соның ішінде ғылымның адам өміріне дұшпан ретінде саналу жағдайын айтсақ болады. Философия ғылымнан түбегейлі өзгеше, таза утилитарлы сипатқа ие жəне əлем мен адамның нақты мəселелерін түсінуге жете алмайтын нəрсе ретінде қарастырылады. Антисциентизм əлеуметтік-гуманитарлық білімді тек ғылыми зерттеудің объективтілік принципі қолданылмайтын сананың формасы ретінде түсіндіреді.