Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года


қарақаттай көзіңе құмарлана қарадым (С. Мұқанов); Сары ағаш



Pdf көрінісі
бет99/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
қарақаттай көзіңе құмарлана қарадым (С. Мұқанов); Сары ағаш сазға 
біткен секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім (Сегіз сері); 
Қазақ танымында әйел сұлулығын гүлге, айға, күнге теңегені 
тіліміздегі: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»; «Қыз 
халықтың гүлі, Өнер сауықтың гүлі» сынды мақал-мәтелдерде жиі 
кездесіп отырады. «Қыз» ұғымы көркем мәтіндерде, поэзияда гүл, қайың 
моделімен танылады (қайың, жауқазын, қызғалдақ): Қызғалдақ – 
қыздар, қауызын ашқан көктемде; Желігіп тудың желі аймаласа, 


327 
қызқайың бетін басып қымсынады; Жауқазын жан екенсің, жасанды 
әсемдікке алданбаған т.б.
Әсемдік әлемін, қыз сұлулығын жеткізген гүлдер туралы айтқанда, 
ең алдымен, көктемнің алғашқы көркі саналатын бәйшешек гүлі еске 
түседі. Бәйшешек гүлі – қар кете салысымен іле-шала көктеп бой 
көрсететін өсімдік. Қазақы орта танымына сай қолданысындағы 
бәйшешектей құлпыру; бәйшешектей шешек ату; бәйшешегім (ұрпаққа 
қарасты айтады) деген сөздер мен сөз орамдары осыны аңғартады. 
Дәстүрлі қолөнерде гүл өрнегі тектес оюлар салуда бәйшешек бейнесі 
пайдаланылады [6]. 
Мен жұмыстан келе жатып «Үш шоқы» баурайынан бәйшешек 
көрдім. Бәйшешек! Тым әлжуаз екен, әлі гүл қауызын да жара 
қоймапты...Әйтсе де, көктем жаршысы – бәйшешектің осынау 
өмірге деген құштарлығы, әлі дегди қоймаған тоң жерден өсіп 
шығуының өзі – маған үлкен ерлік болып көрінді. Мен көктем жаршысы 
– бәйшешекті ұзақ сипаладым (Көмеков О. «Қаңтардағы бәйшешек»). 
Осы мәтінде біз бәйшешек гүлі арқылы «қайсарлық»,«мықтылық» пен 
«ерліктің» де символданатынын байқаймыз. Бұл мықтылық қазақ 
әйелінің бойынан табылатын қайсарлықты көрсететіндей. Қазақ 
халқының басынан өткен небір тарихи кезең, зұлмат-зобалаңдарда қазақ 
әйелдері де ерлерден қалыспай, қайсарлық, батырлық үлгісін көрсетіп 
отырған. Табиғаты нәзік болса да, әйелдер тек ерлік тағдыр кешеді. 
Бірақ олар жаһанға жар салып, жарияламай күнде ерлік жасайды. Ел 
басына төнген қара бұлтты ақыл-парасаты, ұстамдылығымен, 
қулығымен, кейде ерке назымен бір сәтте ыдыратып жіберетін қазақ 
әйелдерін бейнелейтін мысалдар көркем әдебиетте молынан кездеседі. 
Сонымен қатар көркем шығармалардың көпшілігінде «әсемдік» 
пен «сұлулық», жұпар иіс – «бөртегүлге» баланады.
Алматыда бөртегүл ашты бүрін, 
Жұпар исі сол гүлдің басты сыры. 
Әсем қала әдемі күйге енді, 
Алатаудан асқан күн шашты нұрын (Асылбекова Ж. «Бөртегүл 
гүлдегенде»).
1929-1997 жылдар аралығында қазақтың орталығы болған 
Алматының бар сұлулығын талай ақын жырлап, ғалымдар, жазушылар 
мен өнер адамдары білім алып, ел мәдениетіне зор үлес қосты. 
Алматының әсемдігін жазбаған, жырламаған қаламгер кем де кем 
шығар. Ақын бұл өлеңінде қаланың талай жырға арқау болған 
сұлулығының сиқырын бөртегүлдің жұпарынан іздейді.
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали сиреньді бозқараған деп атайды: 


328 
Көрдің бе бозқараған
Сирень иісі аңқиды боз даладан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет